СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Аппликация конспект

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект

Аппликация

Тақырыбы: Айгерімге арналған түрлі түсті моншақтар

 

Просмотр содержимого документа
«Аппликация конспект»


Екінші кіші «Жұлдызша» тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: Аппликация

Өтпелі тақырып: «Қош келдің, Алтын күз!»

Тақырыбы: «Айгерімге арналған түрлі түсті моншақтар»

Мақсаты:

Тәрбиелік: ұсақ элементтерді дөңгелектерді алмастырып, орналастырып желімдеуді үйрету.

Дамытушылық: қылқаламға желімді ұқыпты жағп алу, кленканың үстінде пішіндерге жағу және сулықпен қолдану іскерліктерін дамыту.

Оқыту: шығармашылық қиялын дамыту.

Билингвальдық компонент: моншақ -бусы, дөңгелек- круг.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелесу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: ойыншықтар,Айгерім қуыршақ, түрлі түсті дөңгелек қағаздар, желім, ақ қағаз.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалармен амандасу.

Сәлеметсіздер ме, балалар?

Шаттық шеңбері:

Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ егер шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Сол жақтағы балаға,

Оң жақтағы балаға.

Шапалақта, шапалақ,

Шапалақта, шапалақ.

2.Негізгі бөлім:

Тосын сәт: Қонаққа Айгерім қуыршағы келеді. Балалармен амандасады?

Айгерім қуыршақ: Сәлеметсіздер ме, балалар? Қалдарыңыз қалай?

Мен кеше өзіме ұнайтын моншағымды үзіп алдым енді не істесем болады? Сендерден көмек сұрап келдім?

Балалар Қуыршаққа көмектесеміз бе?

Моншақты неден жасасақ болады?

Дұрыс айтасыңдар, түрлі түсті дөңгелектерден жасайық. Бізде қызыл, сары, көк, жасыл, түстер бар екен. Осы дөңгелектерді түстері бойынша тізбектеп, дөңгелетіп жапсырамыз.

Билингвальдық компонент: моншақ -бусы, дөңгелек- круг.

Жұмыс орнына апарып, қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Қауіпсіздік ережесі:

  • Желіммен жұмыс жасағанда, желім ді ауызға жақындатпаймыз.

  • Достарымызға кедергі жасамаймыз.

Құралдармен таныстыру. Жұмыстың орындалу ретін түсіндіру.
Түрлі түсті дқңгелектерге желімді ұқыпты жағып жіпке тізіп кезекпен жапсырамыз.

Балалар шаршадыңдар ма?

Ендеше сергіту сәтін жасайық

Сергіту сәті:

Балақан ай балақан

Кәне қайсы алақан

Саусақтарың әйбат

Былай былай ойнат

Дидактикалық ойын: «Ойыншықтар» ойыны

Геометриялық пішіндерді көлеміне, түсіне қарай жинатқызу.

Айгерім қуыршақ:

Балалар сендерге үлкен рақмет. Маған өте әдемі моншақ жасап бердіңдер. Мен Анама көрсетейін. Сау болыңдар!

3.Қорытынды:

Бүгін бізге кім қонаққа келді?

Біз не жасап бердік?

Неден жасадық моншақты?

Моншақтың пішіні қандай болды?

Қандай түсті дөңгелектер?