СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Арман жарқын болашақ бейнесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп №10

Мерзімі:16.05.2018

Мұғалімі:Ходжаева Дина 

Сыныбы:11

Тақырыбы:Арман жарқын болашақ бейнесі

 

Просмотр содержимого документа
«Арман жарқын болашақ бейнесі»


Тексерілді:_______________________



Мектеп№10

Мұғалімі:Ходжаева Д

Сыныбы:11

Сабақтың тақырыбы : Арман-жарқын болашақ бейнесі    

Құндылық : Ақиқат

Қасиеттер :Сүйіспеншілік,жауапкершілік

Сабақтың мақсаты: «Арман» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Арман-  ның мәні,жету жол туралы өзіндік пікірін қалыптастыру.

Міндеттері :— оқушылардың арманға жету жолында мақсаткерліктің маңызды орын алатындығы туралы білімдерін нығайту;
— арманға жету жолындағы әрбір істі оқушыларға сүйіспеншілікпен жасауға тәрбиелеу;
— арманды жүзеге асыру барысында оқушыларды өз ортасымен байланыста болуға жетелеу

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты топқа бөлу. 1- топ. Арман. 2 –топ. Мақсат Тыныштық сәті. Балалар, бүгін біздер «АРМАН» атты аралға сапар шегетін боламыз. Ол үшін көзімізді жұмып, терең тыныстап дем аламыз. 1,2,3,4,5. Сынып терезесі арқылы соққан сиқырлы самал бізді ақ көгершінге айналдырып, арманға жетелейтін періште біз армандаған әсем де сиқырлы әлемге жетелей жөнелді. Ол аралда мәңгілік жаз. Көз  қуантар түрлі жұпар шашқан гүлдер. Гүлдердің күлте жапырақтарында би билеген әдемі көбелектер, сайраған құстардың әсем даусы. Жарқыраған күн сәулесі. Бұл аралда ойыңа не мақсат алсаң болды, сол сәтте қол жеткізіп, арманыңа қадам санап жақындай түсесің. Бұл аралдың иесі  «Арман періштесі» тек қана жаны пәк мөлдір, таза, кіршіксіз аппақ адамдарға құшағын жаяды. Сондықтан күнделікті күйбің тірлікті ойлауға мүмкіндік бермейді.

  • ББұл арал – қиялыңның жүзеге асып, армандар орындалатын Арал.
    Міне, барлығымызды «Арман періштесі» қабыл алып құшағын жайды. Олай болса, ең әуелі арман дегеніміз не соған жауап іздеп көрелік. Жаймен көзімізді ашамыз.
    Үй тапсырмасын тексеру.  М.Шахановтың «Арман» атты өлеңі

                     1 топ

Ақын бұл шығарманы неге «Арман» деп атаған? Қай кейіпкер қандай арманға қол созды? Ақын сөзін пайдаланып, мына диаграмма арқылы арманшыл кейіпкерлерімізге мінездеме берейік.

Осы армандарға қарияның берген бағасы қандай ?

        2-топ

Саған осы шығарманың қай кейіпкері ұнады?

Ақын екі кейіпкерді қалай бағалап тұр?

Дойыл неге ұнамады? Ол да білімге құштар емес пе еді?

Әбу еліне қандай пайда келтірді ?

  Топтастыру стратегиясы

Әбу арманы


Дойыл арманы                            

 

 Сұрақтар:

 

а)  Адамға өз арманын жүзеге асыру үшін қандай құндылықтар қажет деп ойлайсыздар ?

ә) Армансыз адам бола ма ?

б)  Қойған мақсатқа қалай жетуге болады деп ойлайсыздар ?

в)  Мақсатқа жетуде адамның өзгелердің алдындағы міндеттері мен парыздары кедергі бола ала ма ?

 Дәйексөз. «Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға».     М.Шаханов

  • ММұғалім сыйы. «Бала арманы»
        Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі оқушыларға «Кім боламын?» тақырыбына үйден шығарма жазуды тапсырған еді. Нұртайды да осы сұрақ көптен мазалап жүрген. Сондықтан, бұл шығарманы ол 6 сағат бойы өзінің кім болатынын елестете отырып, жазды. Ол өзінің жеке қожалығының орны қай жерде, қанша гектар көлемінде болатынын көз алдында елестеткен күйде қағазға түсіріп, жоспарын да құрды. Ол жерде қандай құрылыс ғимараттар болатынын да суреттеді. Ертеңгі күні, 10 беттен астам шығармасынан шабыттанған көңілмен Нұртай мұғаліміне апарып берді. Бір-екі күн өткен соң, мұғалім оның шығармасын өзіне қайтарды. Қараса, сеп-семіз «2»-лік бағасы тұр, ал оның соңында «Сабақ біткесін, қал» деп жазылған. Сабақтан кейін сауатты мұғаліммен әңгімелескен кезде, мұғалімнің айтқан сөздері оның үстіне қайнаған су құйып жібергендей болды. «Мұндай арманның сен сияқты бала үшін орындалуы мүмкін емес. Мұндай қожалықтың иесі болу үшін сенің көп ақшаң жоқ. Сен кедейсің ғой, сондықтан дәл өзің таңдағандай арманыңның орындалуына мүмкіндіктер жоқ. Үйге бар да, шынайы арманың туралы жазып кел, бағаңды түзетемін» — деп жібереді.
    Үйде бала әкесінен ақыл сұрайды. Әкесі тыңдап алып, өз ойын айтты: «Бұл істе мен саған ақыл айта алмаймын. Бұл сенің шешімің, сенің арманың болу керек» — дейді. Нұртай көпке дейін әкесінің айтқан сөзін ойлады. Бір аптадан соң шығармасын мүлде өзгертпей мұғалімге қайта әкеліп: «Апай, қойыңыз маған «екіні», бірақ менің арманым өзіммен бірге қалады» деді.
    Жылдар өтеді. Нұртай ересек болды. Оның бұл күнде 10 гектар жерінде 100 шаршы метр үйі мен мал қоралары және төрт түлік мал мен бірнеше үй құстарының түрлері бар. Ал сол мектеп кезіндегі шығармасы әлі күнге дейін пештің үстінде жатыр.
    Бірақ ең қызығы, сол шығарманы жаздырып, тексерген , бүгінде қартайған мұғалімі 30 шақты оқушыларымен келіп, Нұртайдың жерінде бір апта демалды. Кетейін деп жатқанда, мұғалімі Нұртайға: «Балам, мен мұғалім болғанда балалардың армандарын ұрлаған екенмін. Мен балалардың армандарын түсінбей жасаған әрекеттеріме өкінемін. Бірақ, сен өз арманыңды қорғай білгенің үшін өте ризамын» — деп, қоштасты.
       Сұрақтар:
    а) Неліктен Нұртай өзінің шығармасын жақсы баға алу үшін өзгертпеді?
    ә) Мұғалім өзінің қандай қатесін түсінді?
    б) Нұртайдың арманының орындалуына оның қандай қасиеттері көмектесті?

   Жаңа ақпарат:   Мұғалім сөзі:.

Біз күн сайын « Нағыз өмір» туралы армандаймыз. Егер терең ойлайтын болсақ адамға шындығында арман керек ақ, ол бізге бағыт, күш-қуат береді, үмітімізді жалғап отырады. «Арманы адамзат игілігіне бағытталған адамда ұлы даналық бар,» — дейді француз жазушысы А. Франс. Ендеше адам тек жеке басының қамын ойламай, болашағын, өз ортасымен, елімен байланыста армандайтын болса ел азаматы болғаны.Арман  алға жетелейтін жарық жұлдыз, адам адал еңбек етіп, қиындыққа мойымай, қажырлылық танытқанда ғана өз мұратына жетеді, яғни арманы жүзеге асады. Әйтпесе, арман қиялға айналып, келешектің қамы болмай ақиқат өмірден алыс, тек ойлап қана ұғатын адам санасындағы әлемге айналады. Арман адам игілігіне бағышталуы керек.

  • ШШығармашылық жұмыс.Топпен жұмыс. «Арманым-асыл мұратым» тақырыбына жоба құрау. /мақсат,әрекет,құрал,уақыт,нәтиже/.

  • ААрманға жету үшін мақсат қою керек. Мақсатың орындалу үшін өмірге маңызы бар әрекеттер жасау керек. Ал мақсатты әрекеттер-жарқын болашақтың кепілі екені ақиқат. Адам бойындағы ізгі ниет,болашақтан кұтер үміт,алға қойған мақсат арқылы арманына жете алады.

  • «Мен басқаның көзімен болашақта» тренингі 

 Достар, жүрек тұсымызда отырған адаммен жұптасайық. Ол адамның алақанына өз алақаныңды қойып, жанарына тура қара. Алдыңда отырған жанның жақсы қасиеттерін есіңе түсір. Енді көзіңді жұмып, досыңның болашақтағы бейнесін көз алдыңа елестет. Досыңның болашақтағы өмірі қандай, қызметі, мінезі, жеткен жетістіктерін бағала. Енді көзімізді ашып, елестеткен қиялымызды ақ парақ бетіне түсіреміз немесе айтамыз

Арман деген көп белес-Біріне шықсаң, бірі бар.Топпен ән айту « Өміріңе немқұрайлы қарама !»Таңдап алған қағаздардан бүгінгі сабақты белгілі бейне арқылы түйіндеу.Мысалы : 1.Қызыл,сары түсті таңдап алған оқушылар қызғалдақ гүлін жасайды.Гүлді жасап болған соң,өздерінің асқақ арманы «Ұстаздардан алған біліміміз бен тәрбиеміздің арқасында көздің жауын алатын,жерге, ерге көрік беретін,жұпар иісімен бойыңды сергітетін,жұпар иісімен бойыңды сергітетін ал қызыл гүл секілді «Отанымызды сүйетін патриот ұлы мен қызы болу.»Көк, сары түсті таңдаған оқушылар: Тудың бейнесін жасау.Бұл түсті таңдаған себебіміз көк, сары түс өздеріңіз білетіндей Қазақстан туын бейнелейді.Біздің асқақ арманымыз «Ұстаздардың еңбектерін ақтап, егемен еліміздің дамыған 50 елдің қатарында болуы үшін тілімізді ,дінімізді құрметтей отырып,жақсы білім алып,еліміздің туын биікке көтеруге ат салысу»3.Көк, сары түсті таңдаған оқушылар суда жүзіп бара жатқан желкенді қайықтың суретін жасайды.Біздің асқақ арманымыз «Мектеп-кеме,білім-теңіз» біз балалардың білім алуына бағыт беруші желкенбіз.Яғни болашақта шығармашылықпен жұмыс істей алатын, педагогикалық қызметтің барлық келеңді келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген ,кез-келген педагогикалық жағдаяттарды өзінің білімділігі ,парасаттылығы,ақылдылығы,мәдениеті,іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын,педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңа формациядаға мұғалім болу.

  1. Көк, ақ түс .Мұғалім.Ол қыран құсты бейнелейді.Менің арманым: «Мен жыл сайын өз түлектерімді мектеп қабырғасынан ұшырып,олардың асқақ армандарына жетіп,әлемнің білім кеңістігінде самғауларыңа тілектеспін.»

  2. Үй тапсырмасы.
    Н.Келімбетов «Үмітімді үзгім келмейді» — оқулық 51б. Баяндау.
    8. Сабақтан менің түйгенім. Рефлексия. / стикерге өз ойларын жазу./

«Бағалау ағашы» өзінің алатын орнын көрсетіп бояу
 

  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қосылады.

Бүгінгі біздің «Арман»тақырыбындағы сабағымыз өз мәресіне де жетіп қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын. .«Ақ желкен арман, шақырар алдан, үміттің жібі үзілмес» деп ақын жырлағандай, армандай біліңіздер, арманға жету жолында қанаттарың талмасын, үміттерің алға жетелесін. Бұл жолда сенімдерің өздеріңе серік болсын.Дәйексөзде айтылған:

Мәңгi лаулап жану үшiн ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшiн ғаламда,

Үлкен болып қалу үшiн ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға!  -деп, МұхтарШаханов ағамыз жырлағандай,

көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан – жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасайық, ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.

 

  • а

  • .




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!