СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Армысың, әз Наурыз!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Наурыз мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатының әдістемелік әзірлемесі

Просмотр содержимого документа
««Армысың, әз Наурыз!»»


АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Гуманитарлық колледж



«Бекітемін»

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

________Н.Махметова






Тақырыбы: «Армысың, әз Наурыз!»










Дайындаған: Қ.Қойбағарова














Астана 2016 жыл



Мақсаты: Студенттерге Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, “Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық  тағамдар .

1-жүргізуші:
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды! 
Мал біткеннің бал татыған уызы, 
Қуат болып қанымызға тарайды. 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
«Аман ба» деп мал жаның? 
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. 

2-жүргізуші:

- Құрметті студенттер, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! 
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 
Ақ мол болсын! 
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің! 

Студенттер биі

1-жүргізуші. 
Жаңа жыл, кел, төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс-құт,
Болсын елде тыныштық.
Құтты болсын Наруыз той,
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн мен түні теңелді,
Жер шуаққа кенелді. 







Наурыз:

Көкпеңбек дала, туымдай аспан көгілдір,
Көк кілем төсеп, көк койлек киген өңір дүр,
Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп,
Жадырап қалар көңілді күндей көңіл бір.
Кел Наурызға, пейілін көр қазақтың,
Бұл күн біле білгенге ғажап тым!
Ақ ұсынған ақ шәлілі әжелер,
Наурыз күн-біле білгенге ғажап тым!

2 –жүргізуші:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп, 
Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік. (Әжелер шығып шашу шашады)

Наруызды арнайы безендірілген үстелдің төріне отырғызады.

Ән: Наурыз

1-жүргізуші:
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын.
Қазақ атты үлкен-кіші балдырған.

2-жүргізуші: Бүгін, Ұлыстың ұлы күнінде кішкентай Нұрсая қызымыздың тұсауын кесеміз. Үлкен-кішіміз жолы ашық болсын деп ақ батамызды берейік.

Наурыз: Менің сендерге қоятын сұрақтарым бар еді. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді.


1-жүргізуші.

Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен балалар,
Сол себептен (сіздерге қоятын сұрақтар бар).



2-ші жүргізуші:
Сұрақтар
1) Наурыз көже қалай жасалады?
 (7 немесе 9  тағам түрі)
2) Наурызша деген қандай мағына береді?
(Наруыз айында жұп-жұқа қиықша қырбық жауған қар
3) Сүттен жасалатын тағамдарды атаңыз?
(құрт, ірімшік, қатық,қаймақ т.б)
4) Наурыз айында бірінші өсетін  өсімдік? (бәйшешек)


1-ші жүргізуші:

тапсырмалар:
1) Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)
2) Жыл басының алғашқы сүті қалай аталады?(уыз)
3) Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?  (Жауабы:  21 наурыз)
 4) Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)
5) Наурызнама – деген не?(шат – шадыман, ойын-сауық )
 6) Ұлттық ойындарды ата? (алтыбақан,ауыдарспақ, қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек,тоғазқұмалақ)

2-жүргізуші: Уа халқым!Қазір өздеріңізге ақ батасын беріп, өнегелі өсиеттерін айту үшін көпті көрген үлкен аталарымыз келіп отыр. Аталарымызға сөз кезегін беріп, ақ баталарын алайық.

1-ші ата:  Сұрасаң бата берейін,
                Үстем болсын мерейің!
                Ықыласпен қол жайсаң,
                Ақ тілекті төгейін,
                Дастарханың мол болсын,
                Абыройың зор болсын!


2-ші ата: Өрендерің ер болсын,
                      Көре алмаған бағыңды,
                      Сындыра алмаған сағыңды
                      Бетін басып жер болсын!

3-ші ата:      Жарылқаудың қамын ет!
                      Ізет, абырой, бақ-дәулет
                      Қызыр қарап, бақ қонып 
                      Жақсылық үшін қызмет ет!

1-жүргізуші: Берген баталарыңыз қабыл болсын!


Наурыз: Алатаудай болсадағы асыл тас.
                Кімнен сатып ала аласың салтыңды?

Қайран елім,білсейші осы нарқыңды,

               

Ұлттық дастархан мәзірі 
2-жүргізуші:
                        Наурыз шаттық әніміз, 
                       Салтанатты сәніміз.
                       Ән салып жас-кәріміз.
                       Би билейміз бәріміз.

Студенттер биі.
1-жүргізуші: 
                     Наурыз құтты болсын, 
                     Дендеріміз сау мықты болсын!
                     Наурыз тойы келе берсін,
                     Барлық халық бақытты бола берсін!
                     Еліміздің несібесі көп болсын.
                     Халқымыз көбейіп тоқ болсын!
                     Қош сау болыңыздар халайық, 
                     Көріскенше күн жарық болсын!

Қорытынды: Ұлыстың ұлы күні Наурыз бәріңізге құт-береке әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!-дей отырып,бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.