СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ас - адамның арқауы.

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңартылған баңдарлама бойынша қазақ тілінен сабақ жоспары.

Просмотр содержимого документа
«Ас - адамның арқауы.»

СЫНЫП: 5

Қатысқан оқушылар саны:


Сабақтың тақырыбы:


Ас- адамның арқауы


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Тақырыптың аясында қазақша жай сөйлемдер құрау арқылы жаңа сөздерді меңгереді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Мәтіннің табиғатын,жасалу жолын,байланысуын,сөйлемнен айырмашылығын меңгереді

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша пайдалы не зиянды тағамдар, жартылай дайын тағамдар туралы ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде жартылай дайын тағамдарды сипаттайды, оның пайдалы, зиянды жақтарын түсіндіреді.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы Сөйлесімге келеді.

Тілдік құзіреттілік

Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Көз – адамның айнасы

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал !

Күлім қағып қолымды

1,2,3 деп соғайық

Қарап тұран көршіме

Қолымды мен бұлғайын

Жылы-жылы жүзбенен

Маңдайынан сипайын

Жылы-жылы сөзбенен

Жүрегімді сыйлайын

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бір қысайын

Амандасып өзіңмен

Құшақтап бір алайын

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшілік- терді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақ- тарға жауап береді.

Жаңа білім

10 минут






Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында оқулықтағы

1-тапсырманы орындатады. «Сатып алайық» ойы- нын ұйымдастырады. 4—4-тен топ құрғызады. Әр топқа бір сатушы тағайындайды, ал қалғандары сатып алушы болады.

Ә) Ой шақыру сұрақтарын қояды:

— Балалар, сендер қандай тағамдарды ұнатасыңдар? Жартылай дайын өнімдер дегеніміз не? Оның адам ағзасы үшін пайдасы бар ма?

Ортасы

10 минут








Ас-адамның арқауы

Асыңыз дәмді болсын!

Сөздік


Тамақ - еда, пища өсімдік -растение

Ағза -организм сұйық май –растительное масло

Ақуыз -белок құрам - состав

көмірсутек -углеводород тәулік -сутки

қамтамасыз ету –обеспечить


1 . Мәтінді түсініп оқып, мазмұндап беріңдер.


Ас-адамның арқауы


Адам әр уақытта тамақ ішпей тұрмайды. Ол алуан түрлі болады.Тамақ арқылы ағза қажетті мөлшерде ақуызбен, маймен, көмірсутегімен, минералды заттармен, дәрумендермен, сумен қамтамасыз етіледі. Әдетте тауық жұмыртқасы, ірімшік пен сүзбе таза ақуыздан тұрады. Ет пен балықта да ақуыз көп болады. Майлар да әртүрлі болады.Өсімдіктен алынатын сұйық майлар да аз емес. Қант пен крахмалда, ботқада, нанда, картопта, жеміс жидектердің құрамында көмірсутек көп бола-ды.Адамға тәулік сайын күніне жүз грамм ақуыз, сексен бес грамм май, төрт жүз грамм көмірсутек қажет.

2

. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңдер.


1.Тамақтану арқылы адам өз ағзасын немен қамтамасыз етеді?

2.Қандай тамақтар таза ақуыздан тұрады?

3.Көмірсутек қандай тамақтардың құрамында көп кездеседі?

4.Адамға тәулік сайын қанша ақуыз,май,көмірсутек қажет?

. Суреттегі тамақтардың түрлерін атап, олармен сөз тіркестерін құрастырыңдар.


. Мәтінді пайдалана отырып «Азық –түлік дүкенінде» тақырыбына диалог құрастырыңдар.


Қос сөздер

Екі түбірдің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады.Мысалы: азық-түлік,қант-шай, ет-мет, көрші-көлем, киім-кешек т.б.

Қос сөздер

Қосарлама қос сөздер Қайталама қос сөздер


Қос сөздердің жасалу жолдары

1.Бір сөздің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан: айта-айта, көре-көре, бара-бара,төбе-төбе т.б.

2.Буындардың қосарлануынан:ап-ащы, кіп-кішкене, тіп-тік т.б.

3.Бір дыбыстың өзгеруінен: ет-мет, тарс-тұрс, кісі-місі т.б.

4.Мағынас жағынан жақын немесе қарама-қарсы сөздерден: аспай-саспай, жатса-тұрса, талан-тараж т.б.

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтан- дыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орында- тады.

3. Тілдік бағдар. Тасымалды меңгертеді.

4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тап- сырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтан- дыру үшін 6-тапсырманы орындатады.

Б) Айтылым. Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қа- лыптастыру үшін 7-тапсырманы орындатады.

В) Айтылым. Жазылым. 8-тапсырманы орындата- ды.

5. Сергіту сәті. «Жартылай дайын өнімдер» тақырыбы бойынша коллаж жасатады.

Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Тірек сөздерді пайдаланып, «Біз салат жасадық» тақырыбында шағын мәтін жазады.

Айтылым. Сөзжұмбақты шешеді.

Тасымалды меңгереді.

Тыңдалым.

Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды, сұраққа жауап береді.

Жазылым.

Сөздерді буынға бөліп жазады, көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жалғайды.

Айтылым. Тілдесім. «Дүкенде» тақырыбында диалог құрастырады.

Айтылым. Жазылым. «Айшықты сөз» ойынының шартын орындайды.

Коллаж жасайды.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді


Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу


Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

- Жаңа сөздер.

 -мәнерлеп оқу, сөздікке жазғызу

 -қазақ тілінің төл дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтуға үйрету

 Ардақты адал ас – бесценный, почитаемый продукт

 одан аттамас – не перешагнет через него

 қол жумай оны ұстамас– не возьмет не помыв руки

 асыл дәм – прекрасный вкус

 жасынан – с детства

 береке кетер асыңнан – благополучие уйдет со стола

 өмірдің алтын арқауы – главное в жизни

 қиқымы – крошки хлеба

 шашпаңдар – не бросайте

 Тапсырма:

 1.Нан сөзін септеңдер

 2.Нанды, өмірдің, балалар, дастарханнан, оқушы сөздерінің түбірін анықтаңдар

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.

«Оймоншақ» ойынын ұйымдастырады.

Ойынның шартын орындайды.

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Жағдаяттық тапсырманы орындайды.






Бағалау


5 минут











Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс

Үйге тапсырма: Бүгінгі күннің қалай өткені жайлы күнделікке өз ой-пікірлерін жазып келу.


(МК) Кері байланыс «Бір +, бір - »

Сабақ барысында сәтті шыққан 1 кезең, сәтсіз шыққан 1 кезеңді айту.


Өз-өзін бағалау

Бұлтқа өзіңе баға қой немесе сөзбен








































































Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 5Б

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:


Ең үлкен байлық

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Сөйлесім әрекетінің негізінде оқушыларға тақырып аясында толық ақпарат бере беруге үйренеді

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): байлық түрлері туралы ақпарат береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша байлық түрлерін сипаттайды, жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра алады, сұхбаттасады, шағын мәтін құрайды.

Тілдік құзіреттілік

Рухани, зарлау, күш-қуат, айырбастау

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу.

Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктер- ді анықтайды, түзетеді, бағалайды.Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут-





1-топ: бақыт

2-топ: қуаныш

3-топ: шаттық


Тренинг жазылған парақшалар

Жаңа білім

10 минут







Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «байлық» ұғымына қатысты ассоциа- грамма

Ел аузынан жиналған әңгіммемен таныстыру

Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.
— Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, — деп зарлауын қоймапты.
Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді.
— Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.
— Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?
— Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатып берер едің? – деп сұрайды қарт.
-Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, — көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.
— Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?
— Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, — дейді жігіт.
— Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың.
Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.

Оқулық. Кеспе мәтіндер.


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

https://www.youtube.com/watch?v=O7Lg63vLt2Y.

Ортасы

10 минут













«Броундық қозғалыс» Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1, 3-тапсырманы орындатады.

Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындата- ды.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тап- сырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5, 10-тапсырманы орындатады.

Б) Оқылым Айтылым. Оқулықтағы 7, 8-тапсырманы орындатады.

4. Сергіту сәті. «Оймоншақ» ойынын ұйымдастырады. Топқа бөледі.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 12-тап- сырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру 13, 15-тапсырманы орындатады.


Денсаулық туралы мақал – мәтел “Дене шынықтырумен шұғылдансаң еш ауруға да пысқырып қарамайсың” Кімнің сөзі? Әбуғали Ибн Сина Анар шырынын қандай ауруларға ем ретінде пайдаланады? Ішек құртына,тұмау,күйік,іш құрылысы ауруларына пайдаланады,Ішек құртына, тұмау,күйік,іш құрылысы ауруларына пайдаланады Анар ағашының биіктігі қанша? 3-5 метр Анар жемісінің құрамын ата? 80-90% су,8-12% қант,0,5-5 % түрлі қышқылдар,3-4 % өмірсу,С,В дәрумендері бар Анар шырыны медицинада қандай аурулар үшін дәрі ретінде қолданады?Анар шырынын және жемісінің қабығын медицина асқазанның жұмысы бұзылғанда, ішек құртына қарсы дәрі ретінде қолданады. жасырын сөзді тап Өнерлінің өрісі кең Денсаулық туралы өлең жолдарын жатқа айт Пісірілген алмұртты қандай ауруларға ем үшін пайдаланады? Қатты жөтелгенде, деміккенде ем ретінде қолданады Емдік мақсатта алмұрттың жапырақтарын пайдалана ала ма? Иә Кептірілген алмұртты қандай аурулар үшін пайдаланады? Қызба ауруы кезінде, бүйректегі тасты шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады Алмұрттың құрамындағы антибиотикті ата. Арбутин Өнерлінің өрісі кең “Би” – аурумен күресудің ең тиімді құралы Адамдарда болатын аурудың 99%-ы неден болады? Тамақтанбаудан


Айтылым. «Байлық деген не?» тақыры бында өз ойын айтады.

Тыңдалым.

Оқылым. Мәтінді тыңдайды, рөлге бөліп оқиды.

Жазылым. Мәтіндегі қара қаріппен жазылған сөздерді сөздік дәптеріне жазады, екі кейіпкердің мінездерін сипаттайды.

Оқылым Айтылым. Сөйлем бөліктерін сәйкестендіріп оқиды, сөйлемдердің рет санын белгілейді, ақпараттың дұрыстығын тексереді.

Әр топтағы оқушылар кезек-кезекпен бір сөйлем айтып, мәтін құрайды.

Айтылым. «Қарлы кесек» ойынының шартын орындайды.

Жазылым. Синквейн құрайды, сөйлемдерді көшіріп жазады


«Пкірлер» парағы әдісі, сұрақтар жазылған парақшалар,қалам.



Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты оқу материалдары, А4 парағы, маркерлер, плакат, кестелер, суреттер, смайликтер.

Сергіту сәті

2 минут

«Қызыл гүлім-ай» биі

Би билейді

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Топтық жұмыс. «Аквариум» тәсілі бойынша сахналық көрініс (11-тапсырма) дайындауларын сұрайды.

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 14-тапсырманы орында- тады. «Ассонанс» ойынын ұйымдастырады

Мәтін мазмұны бойынша сахналық көрініс дайындайды.

Әр жұптағы оқушылар «Денсаулық — ең үлкен байлық» тақырыбында бірнеше сөйлем құрайды. Үш минуттың ішінде қай жұп көп және мағыналы сөйлем құраса, сол жұп жеңімпаз болады.



Карточкада жазылған терминдер



Бағалау


5 минут











Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.


Оқушының аты-жөні

«Стикер

дегі диалог» әдісі

«Пкірлер» парағы әдісі

«Броундық қозғалыс»

«Карточкадағы терминдер» әдісі

Балл






































Рефлексия парағы

Сабақтағы жетістіктерім

Оның себептері

Сабақтағы жетістіктерім

Оның себептері








Бағалау парақшасы













Қағаз қиындылары.

Сынып: 6

Сабақ тақырыбы: Үштілдік – заман талабы.

Сабақтың мақсаты:

- білімділік:  Қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру 

- дамытушылық:  Сөздік қорын, сөйлеу қабілеттерін дамыту. 

- тәрбиелік: Оқушыларда тілге деген құрметті бойларыңа сіңіруге тәрбиелеу.

2. Сабақ типі:Жаңа білімді меңгерту сабағы, өткенді қайталау.

3. Оқушылардың жұмыс формасы: түсіндіру, іздендіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, дәлелдеу.

  1. Қажетті техникалық жабдығы:

  2. Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар: оқулық, суреттер, дидактикалық материалдар 

I. Ұйымдастыру кезеңі және сабақ басталуы

  • сәлемдесу;

  • түгендеу;

  • сөйлесу;

Кезекші, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мотивациялық

Шаттық шеңбері
- Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата - ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.

Оқушылар бір-біріне тілектер тілейді.

3 мин

ІII. Сабақ мақсаты мен міндеттерін қою

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту



IV. Үй тапсырмасы

Үйге берілген тапсырманы, сұрап бағалаймын.

Оқушылар үй тапсырмасын орындайды.

Асықтың көмегімен 3 топқа бөлу

V. Негізгі білім көкейтестігі

Қанатты сөздер:
• «Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ».
Ш. Айтматов
• «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды ұмыту».
Б. Момышұлы
• «Тіл - ұлттың жан дүниесі»
Л. Толстой

Оқушылар өз пікірлерімен бөліседі.

VІ. Жаңа материалды оқу.



Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы– Үштілдік – заман талабы.

Мұғалім сөзі:

Тіл - халықтың жаны, сәні (Язык - душа народа). Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық тіл, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.


1-тапсырма. Мәтінді оқып түсінігімізді айтамыз,аударамыз, сұрақ дайындаймыз
Біздің Отанымыз Қазақстан. Қазақстан өте бай ел. Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі. Бұл туралы «Тілдер туралы» заңда жазылған. Біз 22 қыркүйекте Тілдер күні мересін тойлаймыз. Біз мектепте қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін оқимыз. Қазақта «Жеті жұрттың тілін біл» деген мақал бар. Көп тіл білетін адамды-полиглот дейді. 


2-тапсырма: Бүгін сабақта «Полиглот» ойының ойнаймыз. Сіздерге қазақша, орысша, ағылшынша сұрақтар қойылады, сідер жауап бересіздер. Кім көп сұраққа дұрыс жауап берсе, сол «Полиглот» деп есептеледі. 
орысша қазақша ағылшынша 
Молоко- 
Река- 
Работа- 
Семья- 
Природа- 
Дом- 
Мороженое- 
Школа- 
Зима- 


Аламан бәйге
1. «Қазақ хрестоматиясының» авторы Ы. Алтынсарин
2. Autumn қай мезгіл? Күз (оутум)
3. Автор романа - эпопеи «Путь Абая». М. Ауэзов
4. «Екінші» сөзі ағылшынша қалай? Second.
5. Кому? Чему? Қай падеждің сұрақтары? Дательный

6. Қазақ әліппесінде неше әріп бар? 42
7. «Бородино» өлеңінің авторы Лермонтов М. Ю
8. Автор поэмы «Евгений Онегин» Пушкин
9. Қазақ тілінде неше септік бар? Жеті.



Сергіту кезеңі:



Тапсырма: Балалар тіл - халықтың байлығы, қазынасы. Тілді таза ұстап, қастерлеп, құрметтеуіміз керек. Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгерейік. Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмытылу - уақыт талабы.

VIІ. Қорытынды

Үштілді білу керек пе?

Үштілді білудің пайдасы неде?

Үштілді білу не үшін білу керек?

Сұрақтарға жауап береді.



Тапсырма, етік, сағат, тіл, дәптер, мақал, терезе, кітап, қалам, мұғалім, оқушы, теледидар, гүл, тау, қала, әріп, мәтін, көз, ағаш. 
Сөздермен сөйлемдер құрастырыңдар

VIІІ. Үй тапсырмасы

Мақал-мәтелдерді жаттау.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады.

IX. Сабақ бағаларын жариялау

Сабақта жұмыс жасаған оқушыларға тиісті бағасы қойылады.

X. Рефлексия

және сабақты ұйымдастырылған түрде аяқтау

Не білдік?

Не үйрендік


Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Сөйлесе білу де өнер.

Сабақтың мақсаты: Балалардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

  • Сөзді түсіне білу, сөйлесу дағдыларын қалыптастыру.

  • Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

  • Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар , Ш. Әбілтаевтің «Бір ауыз сөз» әні жазылған үн таспа.

Шаттық шеңбері

— Балалар, сендердің бүгінгі күндеріңе сәттілік тілей отырып, сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.

-Балалар, шаттық шеңберіне қатысқандарыңа рахмет.

Әңгімелесу

  • Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сөйлесе білу де өнер»

Бүгін біз сендермен «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы айтатын боламыз.

Қазір әңгімелесу әдісі бойынша өз пікірлерімізді білдірейік.

  • Бейтаныс адамдармен жолыққанда сөзді қалай бастап, қалай аяқтаған жөн деп ойлайсыңдар?

  • Адамдармен қалай тез тіл табысуға болады?

  • Жақындарың мен достарың сені түсіне ме?

  • Өзіңді ешкім түсінбеген жағдайда қалай сезінесің?

  • Адами қарым қатынастағы игі әрекеттердің бірі – тіл табысу және өзара түсінісу болып табылады.

Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға тырысу керек. Кикілжің кезінде қандай шиеленіскен жағдай болса да, ашуға, эмоцияға біріліп іс әрекет жасамау керек.

Ал егер кикілжің бола қалса, тіл табысудың басты кілті – кешірім сұрау.

Адамдардың бір бірімен тіл табысуы, түсінісуі, ортақ шешімге келуі, оларды қуанышқа бөлейді.

Тіл табысу – өркениетті қатынастардың жемісі, мәдениеттіліктің көрсеткіші.

Сондықтан деңгейі биік адамдық қатынастарды қалыптастыра білейік.

Тапсырма топтық жұмыс

1 тапсырма Керекті жалғаумен толықтыр

2 тапсырма Диалогты толықтыр

3 тапсырма сөйлемді күрделендір

Тапсырма

  • «Сәлем – сөздің анасы» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сәлемдесу кезінде адамдардың бір біріне деген ықыластары қалай өзгереді?

  • Адами қарым-қатынастағы ең басты әдептілік – бұл сәлемдесу болып табылады. Қазақ халқынды сәлемдесудің түрлері көп.

Ол:

  1. Бір -бірінің саулығын сұрасу

  2. Өздерінің аман-есен кездесіп тұрғанына қуаныш білдіру\

  3. Ниеттері ақ, адал екенін сездіру.

Мысалы: «Сәлеметсіз бе?» деген бір ауыз сөздің өзінде үлкен мән, мағына жатыр.                                                Мұнда, «Мен сені аман – есен көріп тұрғаныма қуаныштымын. Пейілің ақ, жүзің жарқын болсын. Мен сені сыйлаймын, сені де сыйластық танытады деп білемін.Өз басым саған саулық, амандық, бақыт тілеймін» деген ойларды меңзейді.

Сәлемдескен кезде орнынан тұрып, ізет білдіру  — сыпайылықтың белгісі.

 

Сын тұрғысынан ойлау элементін пайдалану арқылы синквейн( бес тармақ ) жазайық.

  1. Зат есім ( 1сөз)

  2. Сын есім ( 2сөз)

  3. Етістік (3сөз)

  4. Сөз тіркесі ( 4 сөзден тұратын сөйлем )

  5. Негізгі түйін сөз ( 1сөз )

 

  1. Сөз

  2. Әділ, өтірік

  3. Өлтіреді, жігерлендіреді, қанаттандырады

  4. Сөз өмірдің ұлы қаруы. (В.Г. Короленко)

  5. Өмір

 

  1. Сөз

  2. Қасиетті,мағыналы

  3. Қуаттандырады, ойландырады, тәрбиелейді

  4. Өтірік сөз өрге баспайды. (мақал)

  5. Өтірік

 

  1. Сөз

  2. Есті, киелі

  3. Шабыттандырады, қуантады, ренжітеді

  4. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді.

  5. Сүйсіндіреді

 

Бекіту: Ыстық орындық



Рефлексия

Қазір мен сендерге гүлдер таратып беремін, сол гүлдерге дұрыс сөйлеу ережелерін жазыңдар.

Оқушылар дұрыс сөйлеу ережелерін гүлдерге жазып,тақтадағы жүрекке жапсырады.

  • Орыс жазушысы Л.Н. Толстой

«Құнды сөз құнарлы ойдан шығады» деген екен.

Сондықтан дұрыс сөйлеп, құнды сөз айта білейік.


  • Бүгінгі сабақтан не ой түйдіңдер,не үйрендіңдер?

  • Үйге тапсырма

«Сөз құдіреті» туралы эссе жазыңдар.

  • Ал мен сендерді жүректен жүрекке айдары бойынша шеңберге шақырамын. Бір- бірімізге жақсы сөз жақсы тілек айтайық.

  • Рахмет балалар!

«Жүректен шыққан сөз, жүрекке жетеді», «жақсы сөз жарым ырыс» — дейді халқымыз.

Сабаққа қатысқан оқушыларды баңалаймын

Сондықтан жақсы сөз ғана айтайық балалар.  Бүгінгі сабағымыз аяқталды.

САУ БОЛЫҢДАР.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!