СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ: "Гүлдер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет салу

Тақырыбы: Гүлдер

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: "Гүлдер"»

Күні:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет салу

Тақырыбы: «Гүлдер» қайталау

Мақсаты: 1.Білімділік: Дөңгелек пішіндерді салуға жаттықтыру, дағдыларын қалыптастыру2.Дамытушылық:Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3.Тәрбиелік:Тазалыққа,ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсілі: көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап,үлгі,қорытындылау,мадақтау

Көрнекіліктер: Түрлі-түсті гүлдердің суреттері

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Ынталандыру кезеңі

-Балалар,біреу есік қағып тұрған сияқты? Байқап көрейікші.

Балалар,қараңдаршы, бізге қонаққа не келген екен?

Кәне, қарсы алып, амандасайық


-Қуыршақ!

-Балалар барлығы амандасады




Негізгі бөлім

Әңгімелесу


Жарайсыңдар, балалар!

Қуыршақ саған не болды? Неге көңіл-күйің жоқ?

Қ:Менде әдемі гүлдер болған еді. Соларды сіңіліме сыйлайын деп едім. Бірақ гүлдерді жоғалтып алдым. Енді не істеймін?

Сәуле қуыршақ,сен уайымдама. Біздің балалар саған көмектеседі.

Балалар, бүгін біз сабақта гүлдермен танысып,олардың суретін салып үйренеміз.

Тақтаға қараңдаршы. Не көріп тұрсыңдар? Олардың түстері қандай? Дұрыс. Балалар,қуыршақ Сәулеге біздің көмегіміз керек екен,оған көмектесеміз бе?

Бүгін мен сендерге осындай әдемі гүлдердің суретін салуды үйретемін. Үстел үстіне ақ қағаз қоямыз. Ақ қағаз үстіндегі дайын тұрған гүлдердің суреттерін әр түрлі түстермен бояймыз.

Екінші топ құрастыру орталығына гүлдерді құрастырамыз.








-Гүлдер!

-Қызыл,сары,ақ!

-Ия,көмектесеміз!

Сергіту сәті

1-2-3-4

Біз мысықты үйреттік

Гүлдермен ойнамай

Ән тақпақ үйренгендей

Бірге қайталап, қозғалыстарды орындайды.


Дидактикалық ойын

«Түсі қандай?» дидактикалық ойыны.

Балаларға түрлі-түсті гүлдерді көрсетіп, түстерін сұрау.


Түстерін ажыратып атайды.

Сөздік жұмыс

Әдемі, гүлдер

Балалар сөздерді бірнеше рет қайталайды


Қорытынды


Біздің сабағымызға қонаққа не келді?

Сабақта нені үйрендік?

Сабақ сендерге ұнады ма?

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс:Ақ қағаз беріндегі суретті бояй білу

Меңгеруі: Түстерін,қасиеттерін ажырата білу.

Қорытынды: