Мотивациялық-қозғаушылық Ұйымдастыру-іздестіру | -Балалар көзімізді бір сәтке, жұмып құстарды елестетейікте, ұнтаспадан құстардыңдауысы естіледі, көзімізді ашайық. -Балалар біз ұнтаспадан ненің дауысын естідік? -Балалар назарларынды мына суреттерге аударайықшы. Тақтада дала құстары және жылы жаққа ұшатын құстардың суреттері ілініп тұр. Дала құстары : торғай, қарға, сауысқан. Жыл құстары: қарлығаш, аққу, қараторғай. Балалар бүгінгі іс-әрекетімізде дала және жылы жаққа ұшатын құстар туралы әңгімелесеміз. Дала құстары ағаш түбіндегі құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Ағаштың жайқалып жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына көмектеседі. Құстарға сол себепті қамқорлық көрсетіп ұя жасап, жем беруіміз керек. -Олай болса, екі орталыққа бөліне қояйық. Бірінші орталық:Көркем әдебиет бойынша тапсырмалар. Тірек-сызбалар арқылы сөйлемдер құрастыру. Мақсаты: 3-6 сөзден құралатын сөйлемдер құрастыру. Сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық, Кәне қанат жазайық Қарлығаш боп ұшайық Ұшып-ұшып алайық Орнымызға қонайық. | Балалар бір-бірімен құшақтасады. -Сәлеметсіздер ме қонақтар, қош келдіңіз бәрініз. -Құстардың дауысын естідік Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Құстарды атауымен атау. Орталыққа бөлінеді. -Әдемі қоңыр түсті торғай ұшты. -Бір үлкен тырна ағашта отыр. -Кішкентай қарлығаш. -Құстардың ұясын бұзбау. -Біз құстарға жем бердік. -Ағашта ұя тұр. -Қарға қара түсті. -Мен торғайды жақсы көремін. Өз бетінше жұмыс жасау. Сергіту сәтінің сөздерін қайталап, қимыл-қозғалысын жасап қайталайды. | | |
Рефлексивті-түзетушілік | -Балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не жайлы айттық? -Мен Асаналиға киндер сыйлағым келеді, себебі ол сабаққа жақсы қатысты. -Ал сен Асанали кімге киндерді сыйлағын келеді? | Балалардың жауабы. Мен Темірханға, өйткені ол менің досым. | | |