СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ "Құрғақ-дымқыл"

Нажмите, чтобы узнать подробности

таным

жаратылыстану

Құрғақ - дымқыл

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Құрғақ-дымқыл"»

Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Құрғақ - дымқыл»

Мақсаты:

1)Білімділік:Балалардың құмның қасиетімен таныстыруды жалғастыру.

2)Дамытушылық:Ұсақ қол моторикасын дамыту

3)Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Әдіс-тәсілі: көрсету,түсіндіру, әңгімелесу, үлгі, сұрақ-жауап,қорытынды,мадақтау

Көрнекіліктер: Құмда ойнайтын ойыншықтардың суреті

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Ынталандыру кезеңі

-Балалар,тыңдаңдаршы,біреу бізге есік қағып тұрған сияқты?! Қазір көрейін.

Балалар,бұл не?

Қане, барлығымыз амандасамыз

-Қоян маған өзіне дос іздеп жүргенін айтты. Балалар қоянға көмектесеміз бе?

Бүгін біздің сабағымыз қызықты өтеді, өйткені біз құммен жұмыс істейміз.





Қоян

Балалар амандасады


Иә



Негізгі бөлім

Әңгімелесу


Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде ауа-райындағы өзгерістер қандай болады?

Балалар,тақтаға қараңдаршы,бұл ненің суреті?

Дұрыс. Балалар қазір біз сендермен құммен тәжірибе жүргіземіз. (Балаларға құмның қасиеттерін айту).

Мына ыдыста құрғақ құм. Құрғақ құм шашылады. Мына ыдыстағы құмға су құйса, құм дымқыл болады. Дымқыл құммен қоянға достар жасап берейік.

-Көктем!

-Күн жылынады. Адамдар жылы киімдерін шешеді, жеңіл киінеді!

Құмда ойнайтын ойыншықтар






Сергіту сәті


Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы қыллы қарлармен

Ытқып-ытқып секірді


Бірге қайталап, қозғалыстарды орындайды.

Дидактикалық ойын «Қоянның ізін тап»

Балаларға аңдардың іздері көрсетеді, балалар қонның ізін тауып алу керек.

Ойынды қызыға ойнап,барлығы белсене қатысады.


Қорытынды


-Балалар менің қайтатын уақытым болды,сау болыңдар!

-Бүгін бізге қонаққа не келді?

-Сабақта нені үйрендік?

-Сабақ сендерге ұнады ма?

Балалар қоштасады.

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: құмның қасиетін білу

Меңгеруі: құрғақ-дымқылдыы ажырату

Қорытынды: