СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ "Өсімдік - тірі ағза"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Ауылға келген мұғалім.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға мәтінді түсініп оқуға үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойын, қиялын дамыту. Мәнерлеп оқу арқылы оқушылардың тілін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды  ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

4.Түзете дамытушылық: Оқушыларды есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Болжамдап отырған нәтиже: Мәтінді түсініп оқиды.

 

Сабақтың жоспары:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Түгелдеу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

« Адам болам десеңіз» шығарманы сұрау.

ІІІ Жаңа сабақ

1 Мұғалімнің түсіндірмесі

2 Оқулықпен жұмыс

3 Сергіту сәті

4 Дәптермен жұмыс.

5. Қол жаттығуы

ІҮ Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау

Стр «Б.Ү.Ү.»

Бағалау

 

Ү Үйге тапсырма беру.

«Ауылға келген мұғалім» мәнерлеп  өлеңді оқу.

 

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Түгелдеу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

1.«Адам болам десеңіз» мәнерлеп оқыту .

2.Сұрақ-жауап

а) Абай кім?

ә) Ол қайда туған?

б) Ол халыққа қандай қызмет жасаған?

в) Ақын балаларды неге шақырды?

ІІІ Жаңа сабақ

1 Мұғалімнің түсіндірмесі

- Балалар бүгін біз М. Жұмабаевтың шығармаларының бірімен танысамыз

- Мағжан Жұмабаев та ақын-жазушы..

- Ол балаларға арнап көптеген өлеңдер жазды.

- Оның шығармалары оқуға білім алуға шақырады.

2 Оқулықпен жұмыс

Шығарманы  оқу.

«Ауылға келген мұғалім»

Мәтінде мағжанның әкесі өз ауылында мектеп ашу туралы жазылған

Мағжан оқуға барар алдында атасының батасын алады.

Сұрақ-жауап

а) Мағжан ауылына келген кім?

ә) Оны баланың ата-анасы қалай қарсы алды?

б) Мағжанның оқуға ынтасы қандай істерінен көрінеді?

в) Мектепке түскеннен кейін Мағжан қандай алады?

г) Мағжан қандай тілдерді үйренеді?

3 Сергіту сәті

Ұзын құлақ сүр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

4 Дәптермен жұмыс.

Оқу- білім туралы мақал-мәтел жазу.

1.Оқу инемен құдық қазғандай.

2.Мектеп-кеме,

Білім теңіз.

3.

5. Қол жаттығуы

Қолдың саусақтарын екі жағынан білезік буындарынан айналдар саусақтарды алға-артқа және оңға-солға қарат.

 

ІҮ Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау

1.Стр «Б.Ү.Ү.»

Не білдік?

Не үйрендік?

Не үйренгіміз келеді?

2.Бағалау

Ү Үйге тапсырма беру.

«Ауылға келген мұғалім» шығарманы түсініп оқу

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Өсімдік - тірі ағза"»

Абай – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы.Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Абай жас шағында Семей қаласындағы мұсылманша медреседе оқыды. Бұл жылдары ол араб, парсы, шағатай тілдерін тез меңгерді, Шығыс классиктері Сағди, Науаи, Низами, Физули, Хафиздің, т. б. шығармаларымен танысты. Сонымен қатар ол орыс мектебіне де барып жүреді. Өзінің ерекше қабілеттілігі және зейін қойып, зор ықыласпен үйренуі арқасында Абай орыс тілін де игереді. Алайда, әкесі Құнанбай оны енді өзінің жанында ұстап, бірте-бірте ел билеу ісіне араластырмақ ниетпен ауылға қайтарып алады. Ендігі жерде Абай ел арасындағы әр түрлі ру таласы, жер дауы, жесір дауы секілді істерге араласып, қолында күші бар топтардың әділетсіздігін көріп, әр түрлі топ өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін үнемі байқап жүреді. Олардың істеген істеріндегі, күнделікті қылықтарындағы мағынасыздықты, бітпейтін талас-тартыстың, өнімсіз әуресарсаңмен күн өткізушіліктің ел басына үлкенауыртпалық түсіріп отырғанын терең түсіне бастайды. Абай осылай қоғам өмірі жайлы көп толғанып, көп ойланып жүріп, халық мүддесі үшін, адалдық, адамгершілік үшін күресуге ұмтылады, қалай күресудің жолын іздейді. Абайдың кейінгі, кемелденген шағында Шығыс ойшылдарының философия, теология, логика, тарих жөніндегі еңбектерін терең зерттегендігін, түркі поэзиясымен қатар араб, парсы поэзиясына қызығуы арта түскенін оның шығармаларынан да байқауға болады. Жылдар өте Абайдың Батыс Европа елдерінің қоғамдық-философиялық жетістіктеріне, француз, ағылшын, неміс ағартушыларының шығармаларына деген ынта-ықыласы арта түседі. Ол өзінің шығармашылық ізденістерінде Пушкин, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Лев Толстой сияқты көркем сез шеберлері мен ойшылдарының өнегесінен тағылым ала білді. Гете, Байрон, Шиллер сияқты Батыс Европа ақындары да Абайдың назарын аударады.

Абай өзінің өлеңдерін бала кезінен жаза бастады. Бірақ ол ақын ретінде алғаш рет XIX ғасырдың 80-жылдарының орта кезінен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан «Жаз» («Жаздыкүн шілде болғанда...») деген өлеңін жариялаған болатын. Абай — «Ескендір», «Масғүд», «Әзім әңгімесі» поэмалары мен этикалық-философиялық еңбегі «Қара сөздерді» жазды. Ақынның 1890-1898 жылдар аралығында жазылған «Қара сөздерінде» XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының болмысы зерделенді.

Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың жаппай кедейленіп, қайыршылық халге түсе бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, жергілікті болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі болды. Ол өзінің өлеңдерінде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды өлтіре сынады.

Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты

«Адам адамнан тек білімі мен ақыл-ойы арқылы ғана озады», – деген екен. Ұлы ойшылдың осы бір даналық сөзі әлі күнге өз мәнін жоғалтқан жоқ. Білім – әрбір азаматтың әлеуметтік хал-ахуалының жақсаруының, мемлекетіміздің жан-жақты дамуының кепілі. Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы – мұғалім. «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы… Мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім», – деген А.Байтұрсынұлы. Осы орайда «Мұғалім тұлғасын қалай сипаттауға болады?» деген сұрақ туандайды. Теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген, үнемі кәсіби шеберлігін шыңдауға ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Абай - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі өкілі. Абай өлеңдерінің әдебиетімізде алатын орны ерекше. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы өкілдерімен жақын араласуы Абайдың прогрестік жолына үлкен әсер еткен. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тілінде шебер сөйлете білді. Абай өмірінің ерекшелігін біз Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан оқып біле аламыз.