Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Гүл және жеміс
Сабақтың мақсаты: өсімдіктің тұқым арқылы көбеюі туралы түсініктерін тереңдету. Гүл және жеміс
Көрнекілігі: үрмебұршақ, бұршақ, өсімдіктердің тұқымдары, мақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезені: Балалардың көңіл-күйін смайлик арқылы білу.
Психологиялық дайындық.
Жаңа сабаққа дайындық.
Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырыптарды еске түсіру.
Балаларға: Сурақ ?
Көптеген өсімдіктер неден өседі? (тұқымнан)
Тұқым қандай болады? (әртүрлі болады) ұсақ,ірі,қатты, жұмсақ болады. Тұқымның түсі мен пішініде әртүрлі болады.
Адамның көмегісіз өсе беретін өсімдіктер болама? (болады) Олардың тұқымы жел,су және жануарлар арқылы тарайды. (Бақ бақ пен көктеректің тұқымдары аздап жел соқса болды ұша береді.)
Оқушыларды үш топқа бөлінеді.
Тамыр. Сабақ. Жапырақ.
Тамыр – дегеніміз не?
Сабақ – дегеніміз не?
Сабақ – өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі
Көректі заттар тамырдан сабаққа,жапыраққа гүлге және жеміске барады.
Сабақтар әлтүрлі болады.
Жапырақ – дегеніміз не?
Жапырпақ – сабақ пен бұтақта орналасқан.
Өсімдік жапырақ арқылы тыныс алады.
Жапырақ көмір қышқыл газын жұтады да, оттегін бөліп шығарады. Өсімдік ауаны тазартады.
Слайд: Өсімдік мүшелері
Тұқым, тамыр,сабақ,жапырақтар, ..... ГҮЛ Жеміс
Бүгінгі біздің танысатын тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар?
Кітаппен жұмыс.
Өсімдік тіршілігінде гүлдің қандай маңызы бар? Деген сұраққа жауап іздейік.
ГҮЛ – өсімдіктің жемісі мен тұқымы өсетін бөлігі.
АЛ жеміс қайдан пайда болады?
Гүл ашылғаннан кейін оның күлтелері түседі. Гүлдің орнына ЖЕМІС пайда болады.
Жеміс пісіп – жетіледі, оның ішінде тұқым піседі.
Жеміс – тұқымды қалай сақтайды?
Тұқымды үсуден, құрғап кетуден, зақымданудан сақтайды.
Тұқым – жаңа өсімдіктердің өсуіне негіз болады.
Жер астында сақталатын тұқымдар болама екен?
20-30, тіпті 100 жылға дейін сақталатын тұқымдар болады.
ЖЕМІС қандай болып екіге бөлінеді?
Шырынды және құрғақ болады.
СЛАЙД Көкеністер Жемістер
Шырындар, құрғақ
Шарты: мұғалім қарбыз, алма, үрмебұршақ, қияр, күнбағыстың тұқымдарының суретін немесе өздерін көрсетеді. Оқушылар тұқымдардың қандай жеміс,көкөніс,дәнді дақылдың тұқымы екенін анықтайды.
Оқулықпен жұмыс.
1. Практикалық жұмыс.
Үстел үстіне кішірек ыдыс қойылады. Оның түбіне сулы мақта, ал оның үстіне үрмебұршақ немесе бұршақтың тұқымы салынады.
Оқушыларға тапсырма: тұқымнан үш күннен кейін тамырдың қалай пайда болатынын бақыла. Оны топыраққа отырғызып, одан әрі бақылауыңды жалғастыр.
2. Мәтінді оку.
3. Өсімдіктің тұқым арқылы көбеюін көрсететін сызба құрастыру.
Тұқым — тамыр - сабақ - жапырақ — гүл - жеміс.
4. Сұрақтарға жауап беру.
- Шырынды жемістерді ата. Оларды неге шырынды жем істер деп атайды?
- Құрғақ жемістерді ата. Оларды неге құрғақ жемістер деп атайды?
- Жемістердің тұқымдары қандай болады? (Ұсақ, ірі, жұмсақ және қатты).
- Өсімдіктер қалай көбейеді
Бейне көрініс «Али мен айя»
Сергіту сәті: Ән айтамыз «Дәрумендер»
Дәптермен жұмыс. Шағын әңгіме жазу.
Тақыраптары Гүлдер, Жемістер, Өсімдіксіз өмір. Гүл мен жемтерсіз өмір қандай болады
Балалар біз мынау слайтты көріп, сезінейік. Ойымызды жыйнақтап жазамыз.
Авторлық орындық. Оқу
Тест:
Өсімдік өсу үшін нелер қажет?
Өсімдік өсу үшін жарық, жылу, ауа, су керек.
Тұқым қандай болады? Тұқым ұсақ, ірі, жұмсақ және қатты болып келеді.
Тамыр – өсімдіктің қай бөлігі? Тамыр – өсімдіктің жерасты бөлігі.
Қоректік заттар тамыр арқылы қандай мүшелерге барады?
Сабаққа, жапыраққа гүлге және жеміске барады.
Жапырақ қандай қызмет атқарады?көмір қышқыл газын жұтады да, оттегін бөліп шығарады. Өсімдік ауаны тазартып, адамның таза ауамен тыныс алуына жағдай жасайды.
Өсімдікке гүл не үшін керек? Гүл – өсімдіктің жемісі мен тұқымы өсетін бөлігі. Гүлдің орнына жеміс пайда болады. Жеміс пісіп – жетілгенде оның ішінде тұқым піседі.
Жемістер қандай болады? Жемістер шырынды және құрғақ болады.
Жинаған балдарын тексереді.
Кіріспе бөлімде жұмбақтар шешіледі.
Жұмбақтар
Біреуін бердім,
Онын тердім.
(Тұқым)
Аласа терек
Күлтеленген жалына,
Үнаса керек,
Моншақ таққан малына.
(Тары)
Жүзін орап гүлменен,
Күнге қарап телмірер.
Тіспен шағып,
Тілменен
Дәмін татқан ел білер.
(Күнбағыс)
- Тұқым деп нені айтамыз?
- Тұкым арқылы не істейді?
- Өсімдіктер тұқым арқылы қалай көбейеді?
Сабақты қорытындылау.
- Өсімдік тұқымнан қалай көбейеді?
- Өсімдіктің көбеюіне нелер және кім көмектеседі?
Үйге тапсырма беру.
1. «Жануарлардың көмегі» деген тақырыппен өсімдіктердің көбеюіне жануарлардың үлесі туралы әңгіме құрастырып келу.
2. Өсімдіктің тұқымнан дамуын бақылауды жалғастыру.
Өсімдік өсу үшін нелер қажет?
Өсімдік өсу үшін жарық, жылу, ауа, су керек.
Тұқым қандай болады?
Тұқым ұсақ, ірі, жұмсақ және қатты болып келеді.
Тамыр – өсімдіктің қай бөлігі? Тамыр – өсімдіктің жерасты бөлігі.
Қоректік заттар тамыр арқылы қандай мүшелерге барады?
Сабаққа, жапыраққа гүлге және жеміске барады.
Жапырақ қандай қызмет атқарады?
көмір қышқыл газын жұтады да, оттегін бөліп шығарады. Өсімдік ауаны тазартып, адамның таза ауамен тыныс алуына жағдай жасайды.
Өсімдікке гүл не үшін керек?
Гүл – өсімдіктің жемісі мен тұқымы өсетін бөлігі. Гүлдің орнына жеміс пайда болады. Жеміс пісіп – жетілгенде оның ішінде тұқым піседі.
Жемістер қандай болады? Жемістер шырынды және құрғақ болады.