| -Балалар мен қазір сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер жауабын шешіп, көріңдер. Мектептің жүрегі Білімнің тірегі \ мұғалім\ Сауықтырар сырқатты Жылы үнмен үн қатты \ дәрігер\ Тікті әсем киімді Дүкенге әкеп ілінді \ тігінші\ Зымыранды ерттеген Ай жұлдызды зерттеген\ ғарышкер\ Тәртіп заңды сақтайды Ел сенімін ақтайды \ полиция қызметкері\ -Осы аталғандардың бәрін бірауыз сөзбен не деп атауға болады? -Мамандықтар. -Бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы мамандықтар деп аталады. Мамандық дегеніміз адамның еңбек қызметінің түрі.Мамандық таңдау мектеп қабырғасынан басталады. Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсан әрқалан Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та бар қалан Деп Абай атамыз айтпақшы өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті бір кәсіп иесі болу әр баланың арманы.Мамандықтың барлығы жақсы, қажет. Суретпен жұмыс. Балалар тақтадағы мамандық иелерін атап, олардың қызметін айтады. -Ал енді осы мамандықтарды игеру үшін көп оқып, жақсы білім алу керек. Дидактикалық ойын «Сөйлеп тұрған кім?» -Балалар біз қазір қандай маман иесі сөйлеп тұрғанын анықтаймыз. -Балмұздақ сатамын!Балмұздақ! \сатушы\ -Жүріңіз қай жерге апарып тастайын? \жүргізуші\ -Қай жеріңіз ауырып тұр? Ыстығыңызды өлшейін.\дәрігер\ -Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін? \шаштараз\ -Бүгінгі сабақта балалар мамандықтар туралы әңгімелейміз. \мұғалім\ Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық Қолды белге қояйық Бір отырып, бір тұрып Біз шынығып алайық Әліппе дәптермен жұмыс Суреттегі мамандық иелері туралы әңгімелеу -Мұнайшы мұнай қазба байлықтарымыздың бңр мұнайды өндіруші. -Археолог көне мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған қазба жұмыстарын жүргізеді. Ойын «Кім жылдам?» Үстел үстіне жиналған құралдардын мамандық иелеріне қажетті құралдарды тауып жинақтау Ортаға 2 оқушы шығып құралдарды жинайды. -Балалар мамандықтар тек ауылда немесе қалада ғана болатын түрлері болады.Мысалы: ауылда қойшы, сауыншы,тракторшы,диқаншы,мал дәрігері Қала: инженер, мәнерлеп сырғанаушы, ұшқыш Сәйкестендіру тесті: «Бұл мамандықпен қай жерде жұмыс жасайды?» І топ ауыл мамандықтарын ауылдың суретінің тұсына ауыл мамандықтарын сызып қосады. ІІ топ қала мамандықтарын қаланың суретінің тұсына сызып қосады. Балалар өздері өлең, тақпақтарын айтады | Балалар жұмбақтың шешуін табады Мұғалім Дәрігер Тігінші Ғарышкер Полиция қызметкері Зейін қойып мұқият тыңдап, мамандықтар туралы мәлімет алады. Тақтадағы суреттерді атап олардың қызметін айтады \дәрігер, мұғалім, шаштарыз, тракторшы, тігінші\ Ойынға белсен қатысады. Орындарынан тұрып, қимыл қозғалыс жасайды Ортаға оқушы шығып қажетті құралдарды табады Қала мен ауыл мамандықтарын ажыратады. |