СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақтың жоспары

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ертегіге әдеби талдау жасай отырып, мазмұнын түсіну. Қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын ояту.  Ауызекі сөйлеуге дағдыландыру. Ертегі мазмұны арқылы оқушыларды достыққа, адамгершілікке, жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақтың жоспары»

Пән: қазақ әдебиеті Астана қ. №14 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні: Капанова М.Е. Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы:

Мақта қыз бен мысық

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:


1. Ертегіге әдеби талдау жасай отырып, мазмұнын түсіну. 2. Қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын ояту. Сөздік қорларын молайту. Ауызекі сөйлеуге дағдыландыру.3. Ертегі мазмұны арқылы оқушыларды достыққа, адамгершілікке, жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:- топқа бөліну, сөздікпен жұмыс істеу, аудару.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: сөздікпен жұмыс істеу, сұрақтарға жауап беру, жоспар құру.

Кейбір оқушылар орындай алады: әңгіме құра білу.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): мәтін арқылы дұрыс ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлемдер арқылы ертегіні сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): ертегі аясында өз бетімен сипаттама мәтін құрайды, өз ойын қорғауға әрекет ету, қазақ әдебиетін үйренудегі жетістіктерін айтады.

Оқыту әдістері:

Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен жүрекке» тренингі, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы, сергіту жаттығуы.


Жоспар

Жоспар. уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ. басы

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді. Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жағымды сөздер жазады.

Суреттер















Ортасы





Сергіту сәті: 2 минут































Соңы




Бағалау


Үйге тапсырма:

Үй жұмысын сұрау: Түлкі мен ешкі туралы сөйлеу. Сөздік.Сұрақтарға жауап беру: халық ауыз әдебиеті қалай тараған? Ертегілердің қандай түрлері бар?

Кіріспе сөз: Қай халықтың болсын ауыз әдебиеті бар. Қазақ халқы ауыз әдебиеті шығармаларына бай. Халық ауыз әдебиеті халықтың ауызша шығарып, ауызша сақтаған мұрасы. Шығарманың мазмұны халықтың есінде сақталған.Сөйтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.Қазақ халқының тұрмысы, тарихы, сенімі халық ауыз әдебиетінде көрініс тапқан.

1.Сөздік жұмысы. Жаңа сөздер:

Мейіз, тауып алады, жеп қояды, қатық, құйрық, кесу, төлеу, жапырақ, шөлдеп тұр, сағыз, табақ, тары, дән,тауық,дүкенші, тышқан, жұмыртқа.

Сөздерді сөздік дәптеріне аудармасын жазады. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

2.Ертегіге әдеби талдау жасап үйрету. Мәтінді оқушылар рөлге бөлініп, кезектесіп оқиды. (әдеби талдау жасап үйрену барысында орыс әдебиетімен салыстырылып отырады, сонда оқушы талдауды тез меңгереді.)

Шығарма жанры: ертегі.

Шығарманың авторы: халық.

Шығарманың аты: «Мақта қыз бен мысық».

Тақырыбы: Достық

Идеясы: Достықты қадірлеу. Досыңа жамандық ойлама. Татулық-табылмас бақыт.

Ертегінің басталуы: Мақта қыз бен мысықтың дос болуы.

Ертедегі шиеленістер:1.Мақта қыздың мейіз тауып алып, мысықты шақыруы; 2.Мысық пен Мақта қыздың реніші; 3.Мысықтың қыздан құрығын сұрауы; 4.Мақта қыздың жауабы;....

5.Ертегінің шешімі (соңы)

Оң қолымда бес саусақ....

Шығармашылық жұмыс. Ертегі мазмұны бойынша «Қатені тап» ойының ойнаймыз. Ойын шарты: 3 топқа өз қалауларың бойынша бөлінесіңдер. Әр топ өз тапсырмасын алады. Тапсырманы орындауға 10 минут уақыт беріледі.

1-топ тапсырмасы: ертегінің кез келген үзіндісін сурет арқылы беру. Суретте міндетті түрде 1-2 қате болуы керек.

2-топ тапсырмасы: ертегіден бір үзіндіні шашыраңқы сөздер ретінде жасау керек.

3-топ тапсырмасы: ертегі мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру қажет. Сұрақтарда 1-2 қате болуы қажет.

Тапсырмалар жазылып болған соң топтар бір бірімен тапсырмаларымен алмасады. Олар бір-бірінің қателерін тауып, түзету жасайды. Түзетулерді арнайы параққа жазуға болады.


Топтың №

Тапсырмасы

Қателері

Тексерген топ





Ауызекі сөйлеу.1.Ой қозғау! «Қолда немесе қарсы шық» стратегиясы бойынша: Қалай ойлайсың: Мақта қыздың істегені дұрыс па? Әлде мысықтың сүтті төгуі дұрыс па?

Келесі күтілетін ықтимал жауаптар:

-Мақта қыздың әрекеті дұрыс емес. Ол досын ренжітті.

-Мақта қыздың әрекеті дұрыс деп ойлаймын. Мысықты шақырғанда өзі келмеді ғой.

-Мысықтың өзі кінәлі. Тышқан болмаса, ол құрығын ала алмас еді.

-Екеуі де кінәлі. Достар бір-бірін ренжітпеу керек, т.б.

Қорытындылау. Нақыл сөздер. Аз жұмысты көпсінсең, көп жұмысқа тап боласың. Ал автор (халық) не айтпақ болды, яғни идеясы не деп ойлайсыңдар? (Достық туралы, досыңа жамандық ойлама, «Адам досымен, ағаш тамырымен мықты»).

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. «Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма: 1.«Адал дос қандай болады?» деген тақырыбына сұхбат құрыңдар. 2.«Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқу.

Сөздік

Интерактивті тақта, слайдтар,



Әдістемелік құрал,



дидактикалық материалдар.























Топтың №

Тапсырмасы

Қателері

Тексерген топ










Топтың №

Тапсырмасы

Қателері

Тексерген топ









Топтың №

Тапсырмасы

Қателері

Тексерген топ












1-топ тапсырмасы: ертегінің кез келген үзіндісін сурет арқылы беру. Суретте міндетті түрде 1-2 қате болуы керек.



2-топ тапсырмасы: ертегіден бір үзіндіні шашыраңқы сөздер ретінде жасау керек.



3-топ тапсырмасы: ертегі мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру қажет. Сұрақтарда 1-2 қате болуы қажет.