| Пәні:Әдебиеттік оқу | Уақыты: 12.05. 2017ж | Кабинет №7 | Мұғалімі:Есенова Ляиля |
| Сабақтың атауы: | Ат пен есек мысалы. |
| Сілтеме: | Алматы «Атамұра»2015ж . АКТ |
| Жабдығы: | Суретті кестелер,стикер,постер,фломастер,перфокарталар,бағалау парақшалары. |
| Жалпы мақсаты: | 1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену 2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау 3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО |
| Нәтежесі: | 1.Жаңа теориялық ақпарат беру. 2.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру; 3.Өз ойларын дәлелдей білу,сыни тұрғыдан ойлана біледі. |
| Әдіс-тәсілдері: | Топпен,ұжыммен жұмыс, «Шелектегі идея» «Ыстық орындық» «Өрмекшінің торы»СТО |
| Тапсырмалар: | Сарамандық жұмыс,постерге сурет салып,оны қорғайды. |
| Психологиялық ахуал: | Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. |
| Үй тапс.сұрау: | а)Үй тапс, сұрау.ә) «Көпір» әдісі арқылы қорыту. |
| Жаңа сабақ: | |
| « Есек пен бұлбұл» мысылымен таныстыру Топпен жұмыс. І топ: Мысалды рольдерге бөліп оқиды. ІІ топ: Есек туралы не білеміз ІІІ топ: Есектің қандай пайдасы бар Шығармашылық жұмыс Бұлбұл туралы не білеміз? | Балалар жауабы тыңдалады. Оқулықтан: 1.Өлеңді мәнерлеп оқыу 2.Өлең мазмұнын ашады. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Жұмыстарын постер қорғау арқылы көрсетті.. |
| Кері байланыс: | Стикерлер арқылы. «Екі жұлдыз,бір тілек» |
| Рефлексия: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ат, есек деген жануарларды көргенің бар ма? Олар қадай жануарлар? Адамға қандай пайдасы бар?
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Орыс халқының мысалшы жазушысы Иван Крыловтың «Ат пен есек» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқып көрелік. Есек атқа қандай өтініш айтады? Ат өзінің істеген қылығына неге өкінді? Мысалдан қандай ой түюге болады?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Өлеңнен Есектің сөзін тауып, мазмұнына сәйкес ырғақпен оқы. 2. Шығарманың мысалға жататынын дәлелде. (Мысал дегеніміз не? Есіңе түсір.). 3. Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады. Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады?
ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта не жайлы өттік? Ат пен Есек қандай адамдардың рөлінде деп ойлайсың? Біздің арамызда осындай адамдар болуы мүмкін бе? | Кедергілер: 1.Жауаптардың қысқа болуы. 2.Оқушылардың өз ойын жете жеткізе алмауы. Болашақта жақсартамын: 1.Жаңа сабаққа бағытталған тапсырмаларды деңгейлеріне қарай бағыттау; 2.Вербалды құралдар қолдану арқылы,тақырыпты ашуға бейімдеу. |
| Үйге тапсырма: мәнерлеп оқып келу. | Кунделіктеріне жазады. |
| Бағалау: | Балаларды бағалау парақшалары арқылы топ басшысы бағалайды. |