СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бақыт құшағынды

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

 -оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік беру.

 

Міндеттері:

Білімділігі:

-оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рахаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру.

Тәрбиелілігі:   

-оқушылардың рухани-адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

      Сабақ барысы:

  1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)

 

Просмотр содержимого документа
«Бақыт құшағынды»

Өзін-өзі тану сабақ жоспары


Сағат саны:

Мерзiм:




8




Оқушы саны:




Мектеп: №152 гимназия

Тақырып: Бақыт құшағында

Құндылық : Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Махаббат, сүйспеншілік.

Мұғалiм: Сынып: 7

Сабақтың мақсаты:

-оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік беру.


Міндеттері:

Білімділігі:

-оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рахаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру.

Тәрбиелілігі:

-оқушылардың рухани-адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)

Тыныштық сәті :

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар: (құралдар,

мәліметтер)

6 мин.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру (эссе)

Сабақ барысын талқылау:

9 мин.

3.Дәйексөз:

  • Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің –бірі жалпыға бірдей жақсылық тілеу

І.Есенберлин


7 мин.

4.Әңгімелеу(сұхбат):

1.Бақытты болу дегенімізді қалай түсінесіңдер?
2. Өмірдегі ең қуынышты сәттің мәні неде?
3. Бақытқа жетуі үшін адам не істеуі керек?

  • Сонымен, бақыт дегеніміз- алға қойған мақсатың мен көксеген арманыңның орындалуы.



10 мин.

5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс: ( сахналау)

1-тапсырма.(Мағынаны тауып жазыңдар)

  1. Бақыт қонды-…

  2. Бақыт құшағында-…

  3. Бақыт таңы атты-…

  4. Бақытқа бөленді-…

  5. Бақыты жанды-…



4 мин.

6.Топпен ән айту.

Бақыт деген

М.Мақатаев

Бақыт деген – сенің бала күндерің, Бақытсыз – ақ бақытты боа жүргенің. Бақытың да, басқасын да білмеуің, Бақытсыз – ақ ойнағаның күлгенің. Бақыт жайлы менің мынау білгенім, Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң. Бақытты сол – тәрік етіп түндерің Бақыт іздеп азаптанса, кімде – кім.



4 мин.

7.Үй тапсырмасы.

«Бақытты адамның көйлегі» мәтінін оқып мазмұнын айту


2 мин.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет!!!



3 мин.








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!