Просмотр содержимого документа
«Бала үшін тәрбиенің маңызы»
Бала үшін тәрбиенің маңызы
«Тәрбие» бұл сөздің мәнін бәріміз түсінеміз. Ал тәрбиелі бала тәрбиелеу бәріміздің қолымыздан келер ме екен?
Әр ата-ана өз баласын саналы да, инабатты болып өскенін қалайды. Әр баланың болашақта жақсы адам болып өсуі, осы тәрбиеден басталады. Мына бір жанталасқан жаңа заманда балаларымызға дұрыс көңіл бөлеміз бе? Ия баламыз қатардан қалмасын деп жақсы киім, жаңа техника (сотка, ноутбук) әпереміз. Бұл жеткіліктіме?
Әрине денсаулығын ойлаймыз ауырып қалмаса екен деп, ең жақсы деген үйірмелерге қатыстырамыз. Ал тәрбие ше? Жұмыс, жұмыс, жұмыс деп жүріп балаға көңіл бөліп, тәлім-тәрбие алып жүрміз бе? Тәрбие- жүрек нәрі, жүрек- жылуы. Мына дамыған заманда өте ақылды бала оқытып шығаруымыз мүмкін, бірақ тәрбиелі емес. Кейбір жақсы тұратын отбасылар да не ішем, не кием, демейді. Өкінішке орай кейбір сондай отбасының балалары үйден қашып немесе өз-өздеріне қол жұмсап жатады. Сол кезде ойланасың не жетпейді екен деп????
Тәрбие бесіктен басталады деген емес пе атам қазақ. Балалар үйдегі еркеліктен кейін балабақшаның тәртібі мен тәрбиесіне көнгісі келмейді. Кейбір аналарымыз өкінішке орай бұл мәселені түсіне бермейді. Әр отбасы шағын бір мемлекет. Әр отбасының - өз заңы, өз тәртібі бар. Сол сияқты мектепке дейінгі мекемелердің де өз ішкі заңы, өз тәртібі бар. Балабақшада таңғы жаттығудан бастап, қолын дұрыс жууға, қасықты дұрыс ұстауға, үстелдің басында дұрыс отыруға, киімін дұрыс киюге, бүктеуге үйретеміз. Әрине мұның бәрі қарапайым нәрселер. Сол қарапайымнан басталады гой. Құрметті ата-аналар мектепке дейінгі мекеме тәрбие беретін бірден бір бұлақ көзі. Ертегілерден жақсы мен жаманды үйренеді, ұйымшылдыққа, бірлікке, үйренеді. Балабақшаға балалар жаңа ғана тамырын жарып шыққан нәзік гүл сияқты. Балабақшада тәлім-тәрбие алып, бойларын тік ұстап мектепке кетеді. Ата-ана сіз болып, біз болып баланың тәрбиесіне көңіл бөлейік. Тәлімді, инабатты бала тәрбиелеу біздің қолымызда......