3 сынып
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Батыр Бауыржан. Мәлік Ғабдуллин.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды М. Ғабдуллиннің «Батыр Бауыржан» тари хи әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.Ел тарихы туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын сүюге, батыр ағалардың еңбегін бағалауға., құрметтеуге тәрбиелеу. Ерлікке, батырлыққа, ел тарихын білу және қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Суреттер. Б. Момышұлының портреті.
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Әңгімені мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Оқушыларды М. Ғабдуллиннің «Батыр Бауыржан» тари хи әңгімесімен таныстыру.
Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
«Жазушылар» топтамасы. Б. Момышұлы туралы мәлімет.
Б.МОМЫШҰЛЫ – 100 жаста.
ҰОС туралы мәлімет беру.
Соғыстағы қазақ елінің батырларының қайталанбас ерліктерінен мағлұмат беру.
Қаламыздағы Б.Момышұлының есткерткіші туралы әңгімелеу
Қандай батырларды білесіңдер?
Біздің батыр ағалар
.
Оқулықпен жұмыс.
Әңгімені мәнерлеп оқу.
Оқушыларға әр бөлімді тізбектей оқыта отырып түсіндіру.
Сергіту сәті.
Сөздік жұмыс. Оқушыларға таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1941 жылы қандай оқиға болды?
Полк командирі командирлерді не үшін жиған екен?
Бауыржан жігіттерге не айтты?
Мәтінде аты аталған тарихи адамдар:Исатай, Абай, Шоқан
1. Мәтін ішінде кездескен мақалдарды тауып, дәптеріңе жазып ал.
а) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
ә) Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді
б) Ел намысы ─ ер амысы
2. Мәтіндегі Бауыржан Момышұлының сөздерін тауып, мәнерлеп оқы. Өз
сөзіңмен әңгімелеп көр.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.