СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Батыр Бауыржан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Батыр атамыз Бауыржан Момыш?лына арнал?ан саба?

Просмотр содержимого документа
«"Батыр Бауыржан"»

Күні: Класы: Тақырыбы: Батыр Бауыржан.
Мақсаты:
1)Ұлы Отан соғысы жылдарында қолына қару алып, елінің азаттығы үшін шайқасқан жауынгер – жазушысы ерлігін паш ету; Оқушыларға батыр жазушы тұлғасын таныту,олардың ерлік рухтарын үлгі ету.2) Өз ойларын , пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге төселдіру. Жүйелі сөйлей білуге үйрету.3). Отанды сүюге, қайраттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Батыр Бауыржан мұғалім соғысқа қатысқан күшті жазушы
- Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр.
- Ол – жазушы.
а). Мұғалімнің кіріспе сөзі: 1941 – 45 жылдары Ұлы Отан соғысы болғанын білеміз.Сол соғыстың біткеніне биыл 65 жыл толайын деп отыр. Бүгінгі тақырыбымыз « Батыр Бауыржан » мәтінінде Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы туралы айтылады. Ол Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр.
Сол кездегі Отанымыздың жүрегі – Мәскеуді жаудан азат еткен жауынгерлердің бірі. Ол Жамбыл облысы, Жуалы ауданында туған. Соғысқа қатысып, соғыс біткесін де Мәскеуде қалып, әскери академияда болашақ офицерлерге дәріс берген. Бейбіт өміріміздің келешек ұрпақтарына арнап, жазған көптеген кітаптары бар. Ол қазақша да, орысша да жазатын жазушы.
Міне, алдарыңда батырдың жазған « Артымызда Мәскеу», « Қанмен жазылған кітап », « Наша семья », « Психология войны » деген кітаптары тұр. Мына кітап А.Бектің «Арпалысы» Бауыржанның майданда көрсеткен ерліктері туралы жазылған. Ал мына екі кітап батырдың баласы Бақытжанның « Восхождение к отцу » деген, әкесі туралы жазған кітабы болса, « Шуақты күндер » деген повесті - келіні Зейнеп Ахметова жазған.
« Ой толғаныс »
а). Ерлік, батырлық туралы мақал – мәтелдер, айту үшін сайыс ұйымдастырайық
1. Батыр бір өледі, 1. Батыр туса - ел ырысы,
Қорқақ мың өледі. Жаңбыр жауса жер ырысы.
2. Болат қайнауда шынығады, 2. Батыр – елдің сәулеті.
Батыр майданда шынығады, Бал құрақ – көлдің сәулеті.
3. Отан үшін отқа түс – күймейсің, 3. Алыс жол атты сынайды,
Арың үшін алыссаң - өлмейсің. Ауыр жол ерді сынайды.
Биылғы жылы 9 мамырда соғыстың біткеніне неше жыл толады? (71жыл) .
Батыр атам Бауыржан Батыр деп ел мақтаған
Баласы бар Бақытжан. Мақтанышым Бауыржан
Атасынан аумаған Москваны қорғаған
Немересінің аты – Ержан Бастығы боп Бауыржан.
- Ол ерекше патриот, халық үшін жанын аямаған қазақтың батыры, сендер мына кітаптарда Бауыржанның жасаған ерліктері жайлы өскесін оқисыңдар.
Қазір Бауыржанның туған ауылына Бауыржан Момышұлының аты берілген.