СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бауда әлде, бақшада"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

 

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Сөйлеуді дамыту

 Өтпелі тақырып: «Балабақша»

Тақырыбы: "Бауда әлде,  бақшада"

Мақсаты:

Тәрбиелік: балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, балабақшаға, туған тілге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: балалардың ойлау, еске түсіру қабілеттерін  және тілдерін дамыту.

Оқыту: толық, дұрыс жауап беру, 2-3 сөзден сөйлем құра білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету, әңгімелеу, түсіндіру, ойын технологиясы

Ресусртармен қамтамасыз ету: Суреттер

Көрнекіліктер, қажетті құралдар:«Балабақша» сызбасы,   слайд – суреттер.

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе, міне мен

Доспың енді сенімен.

Негізгі бөлім:

- Мынау ненің суреті?

- Дұрыс, балалар біз бүгін балабақша туралы келген қонақтарымызға айтып береміз?

- Балалар, біздің балабақша қалай аталады?

 

Балалар "Балабақша" сызбасы бойынша  әңгіме құрып береді.

Таңертең балабақшаға келгенде не дейміз?

Ең бірінші не істейміз?

Жаттығуды қалай жасаймыз, көрсетіп көрейік.

Бір, екі, үш – біз жинаймыз күш.

Бір, екі, үш – біз жинаймыз күш.

Таңғы жаттығу жасадық, содан кейін не істейміз балабақшада?

Жақсы, мына суреттен керек заттарды тауып көріңдер.

 

 

Таңғы ас іштік, күшіміз көп енді не істейміз?

Сабақ оқу үшін бізге не керек?

 

Көңілдерін тақтаға аударады.

Осы қарындаш, қаламмен жұмыс істеуге не бізге көмекетеседі?

Ендеше осы саусақтарымызды жаттықтыратын бір өлең айтып көрейік.

Сергіту сәті:  Әке саусақ,әке саусақ сен қайда?

          Мен мында, мен мында қал қалай?

Жарайсыңдар балалар, ал сабақ оқып болған сон, қайда шығамыз?

Балалар, серуенде не істейміз?

Жақсы, ойнауға не керек?

Суреттен керек заттарды көрсетуді сұрайды.

Әрі қарай сызба бойынша суретті көрсетеді, балалардың жауабын күтеді.

Міне балалар балабақшадағы күн де аяқталуға жақын. Сендерге кешке кім келеді?

Үйге кеткенде не дейміз?

Дидактикалық ойын : « Бір сөзбен ата»

Тәрбиеші балаларға сөздерді  айтып береді, олар бір сөзбен атап отырады.

"Балалар, сендер қонақтарымызды  балабақшадағы күн тәртібімен қысқаша таныстырып өттіңдер.

Тәрбиеші: Ал енді осы сүйікті балабақшамыз туралы  ән айтайық.

ІІІ. Қорытынды:

Тапсырмаларды дұрыс орындаған балаларды мақтау, мақтау мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«Бауда әлде, бақшада"»

Сурет. Тақырыбы: Сүйікті қылқалам

Сабақтың мақсаты: Балаларды қарындаш, қылқалам, қағазды маңызымен таныстыру. Сурет салуға ынта-ықыласын, қызығушылығын тудыру. Қылқаламды дұрыс ұстап, палитраны пайдалана білуге, яғни қылқаламды бояуға батыру, қағаз бетіне сүйкей жағу тәсілдерін үйрету. Сызықтар мен сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру.

Қажетті құралдар: бояулар, қылқалам, палитра, қағаздар, су, сүлгі, қылқалам қоятын тұғырлар.

Сабақтың барысы: Тәрбиеші сабақты қылқалам жанында әңгімелеуден бастайды.

- Балалар, ерте кездегі адамдар сурет салуды бастағанда олардың қолында ештеңе жоқ және өздері де икемсіз болыпты. Олар бейнелерді саз балшықтан немесе тастан қашап жасайтын болған. Алғашқыда олардың құралдары саусақтары болса, одан кейін таяқшаны, шөптерді пайдаланған. Адамдарға қылқаламды жасауға ой туғызған құстың қауырсыны болды. Қазір де кейбір халық шеберлері өрнек салуға қаздың қауырсынын пайдаланады. Ертедегі қылқалам пайда болғанда оның сыртқы пішіні онша әдемі болмады, Таяқшаға жылқының қылын байлап алып, сурет салуға пайдаланды. Дегенмен де бұл да қылқалам деп есептелді. Тәрбиеші көркем сөз оқиды. "Қарындаш". Н.Айтов.

Қызыл-жасыл, қарасын,

Қолға кезек аласың.

Қарындашпен әр түрлі,

Алуан сурет саласың.

Қарындаштың көмегі,

Міне, қандай көп еді.

Ұштай біл де, ұстам біл,

Түрлі өрнек төгеді.

Шығарманың мазмұны жайында балалардан сұрау. Әңгімелесу Қарындаш деген сөзді өзі түркі тілінде "қара", "таш" (тас) деген мағынаны білдіреді екен. Бұрынғы кезде сендердің қолдарыңдағыдай қарындаштар болмаған. Оқушылар бормен немесе қорғасынмен жазған, ал суретшілер күміс таяқшалармен сурет салған. Оған теріден түтікшелер жасаған, олар желініп қалғанда таяқшаны ұштап отырған.

Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,

Қарсақ басқан ізі қисық-қисық,

Өзі жансыз, жандының күшіменен,

Борайды ат үстінде желдей есіп. (қарындаш)

Түрлі түсті қарындаштарды жасау үшін алуан түрлі түс беретін қоспалар (пигменттер) пайдаланылады екен. Бояулар туралы әңгімелеу.

Ерте, ерте, ертеде - көп мың жылдар бұрын жер бетінде алғашқы адамдар өмір сүрген, олар бірде қолдарына саз балшықты алып, оған салуға болатынын байқап көрген. Бұрынғы кездегі тасқа, жерге салынған суреттерде суретшілер осындай материалдарды пайдаланған. Мұндай саз балшықтардың және есімдіктерді бірнеше түс беретінін білген соң бұрынғы кездегі "әскерлер" өздерінін беттеріне және денесіне осында бояулармен сурет салып алатын болған. Кейін келе әйелдер мұнда бояуларды әдемілікке, косметикалық құрал ретінде пайдаланатын болды.

Акварель бояу - бұл суда жақсы еритін бояу. Ол мөлдір жәй қағазға жақсы жұғады. Акварель бояуларды дайындағанда оларды құрамына бал да қосатын болған. Оларды "балды" бояу деп атаған. Ал гуашь бояулардың негізгі құрамы - бор, оған пигменттер қосылған.

Технологиялық деректер:

1. Қылқаламмен жұмыс істеудің негізгі ережелерін түсіндіру.

а) қылқаламды суда қалдыруға болмайды;

э) сурет салып болған соң қылқаламды жуып, тазалап қою керек;

б) қылқаламды орнына қойғанда қылы бар жағын жоғарыға қаратып орналастыру керек;

2. "жағыс" және "сызықтар" ұғымдары туралы түсінік беру. Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Тапсырма: Балалар өз еріктері бойынша шағын топтарға бөлініп, "Жаз" тақырыбына сурет салады. Бір топ қарындашпен, екінші топ бояуларды пайдаланып, жұмыс жасауларына болады.























































































































Ортаңғы «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 03.09.2018ж

Тәрбиеші: Аушамина Г.З

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Балабақша»

Тақырыбы: "Бауда әлде, бақшада"

Мақсаты:

Тәрбиелік: балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, балабақшаға, туған тілге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: балалардың ойлау, еске түсіру қабілеттерін және тілдерін дамыту.

Оқыту: толық, дұрыс жауап беру, 2-3 сөзден сөйлем құра білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету, әңгімелеу, түсіндіру, ойын технологиясы

Ресусртармен қамтамасыз ету: Суреттер

Көрнекіліктер, қажетті құралдар:«Балабақша» сызбасы, слайд – суреттер.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе, міне мен

Доспың енді сенімен.

Негізгі бөлім:

- Мынау ненің суреті?

- Дұрыс, балалар біз бүгін балабақша туралы келген қонақтарымызға айтып береміз?

- Балалар, біздің балабақша қалай аталады?


Балалар "Балабақша" сызбасы бойынша әңгіме құрып береді.

Таңертең балабақшаға келгенде не дейміз?

Ең бірінші не істейміз?

Жаттығуды қалай жасаймыз, көрсетіп көрейік.

Бір, екі, үш – біз жинаймыз күш.

Бір, екі, үш – біз жинаймыз күш.

Таңғы жаттығу жасадық, содан кейін не істейміз балабақшада?

Жақсы, мына суреттен керек заттарды тауып көріңдер.



Таңғы ас іштік, күшіміз көп енді не істейміз?

Сабақ оқу үшін бізге не керек?


Көңілдерін тақтаға аударады.

Осы қарындаш, қаламмен жұмыс істеуге не бізге көмекетеседі?

Ендеше осы саусақтарымызды жаттықтыратын бір өлең айтып көрейік.

Сергіту сәті: Әке саусақ,әке саусақ сен қайда?

Мен мында, мен мында қал қалай?

Жарайсыңдар балалар, ал сабақ оқып болған сон, қайда шығамыз?

Балалар, серуенде не істейміз?

Жақсы, ойнауға не керек?

Суреттен керек заттарды көрсетуді сұрайды.

Әрі қарай сызба бойынша суретті көрсетеді, балалардың жауабын күтеді.

Міне балалар балабақшадағы күн де аяқталуға жақын. Сендерге кешке кім келеді?

Үйге кеткенде не дейміз?

Дидактикалық ойын : « Бір сөзбен ата»

Тәрбиеші балаларға сөздерді айтып береді, олар бір сөзбен атап отырады.

"Балалар, сендер қонақтарымызды балабақшадағы күн тәртібімен қысқаша таныстырып өттіңдер.

Тәрбиеші: Ал енді осы сүйікті балабақшамыз туралы ән айтайық.

ІІІ. Қорытынды:

Тапсырмаларды дұрыс орындаған балаларды мақтау, мақтау мадақтау.












































Ортаңғы «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 03.09.2018ж

Тәрбиеші: Аушамина Г.З

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Балабақша»

Тақырыбы: Кітап

Мақсаттары:

Тәрбиешілік: Еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тындырымды іс істеуге тәрбиелеу .

Дамытушылық: шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту;
Оқыту: .Бейнеден бірдей бірнеше модульдік (элементтер) бөлшектер жасауды үйрету.

Педагогикалық технологиялар: сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету, ойын технологиясы

Ресусртармен қамтамасыз ету: Суреттер

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: суреттер,

Билингвалдық компонент: кітап-книга

Сөздік жұмыс:  кітап, мұғалім, ермексаз.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші балаларды «Күлімде күн» атты шаттық шеңберге тұрғызады

Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын,
Қырдың қызыл гүліндей
Қолдарына ту алсын

ІІ. Негізгі бөлім:

-Тәрбиеші балалардың зейінін өзіне аударып, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде ермексазбен балаларға кітап жасайтынын айтып түсіндіру.

Мына суретке назар аударайықшы.

-Балалар не істеп отыр?

-Оның қолындағы не?

-Мұғалімнің алдында не тұр?

-Балалар сендер білім алып, үлкен азамат болуларың үшін кітаптың маңызы зор. Түрлі кітаптар оқып, білімімізді шыңдай аламыз.

Балалар біз бүгін сендермен кітапты ермексаз арқылы мүсіндейміз. Ермексазды қолданар алдында қауіпсіздік ережесін ұстау керек.

Қауіпсіздік ережесі:

Ермексазды ауызыңа салма.

Жұмыс істеу кезінде ермексаз бөліктерін жерге түсірме,еденге жабысып қалады.

Киіміңді таза ұста.

Жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін арнайы тақтайша қолдану.

Жұмыс соңында қолыңды жу немесе дымқыл шүберекпен сүрт.

Енді біз сендермен түрлі-түсті кітаптар істейміз. Кітапты істеу үшін ермексазды алып, алақанымызбен жайпақтаймыз. Сосын ермексазды шаршы пішінге ұқсатып, пішінге келтіреміз.

Мүсіндеу кезінде керек жерінде жеке бөліктерін созып,саусақтардың ұшымен пішініне келтіреміз.

Орыс тілінде кітап-книга деп айтылады. Кәне бәріміз қайталайық.

Сұрақтар:

1. Үйімізде кітаптар бар ма?

2. Кітаптар неден жасалады?

3. Қандай пішінге ұқсайды?

4. Үйде кім сендерге кітап оқып береді?

Хормен айтады (Қайталау)

Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын
Қырдың қызыл гүліндей
Қолдарына ту алсын 

ІІІ. Қорытынды:

Балалардың жұмыстарын қадағалап, бақылау, көмектесу, мадақтау.

Әр баланың істеген жұмысын көрмеге қою













































Ортаңғы « Қызғалдақ » тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 05.09.2018ж

Тәрбиеші: АушаминаГ.З

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Балабақша»

Тақырыбы: Білім күні- Бірінші қыркүйек

Мақсаттары:

Тәрбиешілік: мейірімділік пен имандылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: балаларға бірінші қыркүйек білім күні екенін айтып, білімнің қажеттілігу туралы әңгімелесу

Оқыту: Ойларын нақты, жылдам айтуға, тілді жаттықтыру

жаттығуларын есте сақтауға үйрету

Педагогикалық технологиялар: сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету, ойын технологиясы

Ресусртармен қамтамасыз ету: Суреттер

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: суреттер,

Билингвалдық компонент: мектеп-школ, дәптер-тетрадь, кітап-книга

Сөздік жұмыс: Кітап, дәптер, мектеп, балабақша.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың үясы. (Мектеп)

Ұшымен қазық торкөзді жазық

Үстіне өттім асыл сөз жазып. (Дәптер)

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалар Бірінші қыркүйек – білім күні. Қыркүйек айында балалар мектепке барады, балабақшаға барады. Сабақ оқиды. Ол үшін кітап-дәптерлер, қалам-қарындаштар сатып алады.

А. Хамзаұлының «Оқу құралдары хикаясы» ертегісімен таныстыру, әңгімелету.

- Жанатбек биыл қайда барады?

- Анасы ұлына қандай оқу құралдарын сатып әперді?

- Жанатбек дәптерді қалай былғады?

- Қалам, дәптерлер неге ренжісті?

- Атасы немересін қайда апарды?

- Мұғалім Жанатбекке не берді?

- Жанатбек кітаптарды қайда салды?

- Кітап достарына қандай ақыл айтты?

- Кітаптың айтқаны дұрыс па?

Сендер қалай ойлайсыңдар, Жанатбектің жасаған қылығы дұрыс па?

«Бірлік болмай, тірлік болмас» - жоғары дауыс .

Сергіту сәті: Біз мектепке барамыз,

Қолға қалам аламыз.

Кітапты да оқимыз,

Суретті де саламыз. Дидактикалық ойын: «Қай зат артық?»

Ойынның шарты: Үстел үстіне оқу құралдары мен ойыншықтар араластырылып қойылады. Сөмкеге оқу құралдарын жинап, артық заттардың атын атау керек.

Тыныштық сәті: Баяу ойналатын музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. «Көз алдымызға мектепті елестетіп көрейік. Қоңырау үні, сөмке көтерген балалар, парталар, тақталар, кітаптар. Не деген керемет!»

Парта үстінде оқу құралдары жатыр.

.

Жұмбақтың шешуін тап.

Алты қырлы, алты сырлы. (Қалам)

Жазу жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған. (Бор)

Болашақта, Мектепте оқыған сендерге ұнай ма?

- Оқу құралдарын қалай ұстау керек?

- Сабақты жақсы оқитын баланы қалай атайды?

Білімдерін пысықтайды

Қорытынды:

Балаларды мақтау, мадақтау. Жақсы қатысқан балаларды атап өту. Ескертулер айту.