Сабақтың негізделген оқу мақсаттары: | Білімділік: оқушылар бейнелеуіш сөздер жайлы мәлімет алады Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттері артады, сөйлеу шеберліктері жетілдіріледі. Тәрбиелік: бірін-бірі сыйлайды, ұжым болып жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. |
Ұйымдастыру 8 минут | Оқушылармен амандасу Сәлеметсіңдер ме, балалар! (оқушылардың жауабы) Жақсы, орнымызға отырмай тұрып, шеңбер құрайық. Сыныпта кім кезекші? (оқушы жауабы) Психологиялық дайындық Әрбір адам ? Туысым ,досым ,жұрағат. Әрбір сабақ ? Үйрену , ұғу, ұлағат . Әрбір сабақ ? Тірлік , тірек , адамдық. Әрбір сөзім ? Шындық , бірлік , адалдық . Үй тапсырмасын тексеру | Оқулық |
Ортасы 27 минут | Табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер бейнелеуіш сөздер деп аталады. Мысалы, Шам жалп етіп сөнді. Ол жулығын жалп еткізіп, артына жалт қарады. Берілген мысалдардағы жалп етіп сөзі шамның лезде, жылдам сөнгенін, желп сөзі бірден, тез тоқтау нәтижесінде болған көріністі сипаттап, жалт шапшаң бұрылып қараған қимылды бейнелеп білдіріп тұр. 313-жаттығу. Еліктеуіш сөздерді бір бөлек, бейнелеуіш сөздерді бір бөлек теріп жазыңдар, мағынасын түсіндіріңдер 1.Оған жалт етіп қарамай тұра алған жоқ. Сейіт күтпеген сөзге селк етті. Жігіт денесі шымыр етті. «Сейіт» деген дауысқа селк етіп, жалт қарады. Гуілдеген сөз біздің жаңа құрылған кішкентай отауымыздың түңлігін желп-желп етеді. 2.Жаяу-жалпы сан-сапалақ жұрт та тапыр-тұпыр етіп, ұбап-шұбақ ағылып жатады. Аяғында гүрс-гүрс еткен керзі етігі бар. Таңдайын тақ-тақ еткізеді. 3.Алатадың Жамбыл жырлап өткен Майтөбе жайлауындағы оймақтай бұл тепсеңді айнала қайнар бұлақтар бұрқ-бұрқ атылып, аспанға шапшып ағып жатады. Абыр-дабыры көп. 314-жаттығу. Төмендегі еліктеу сөздердің сыңарларын тауып жазыңдар, мағыналарындағы өзгерістерді түсіндіріңдер. Сықыр-..., тақ- ..., шыж - ..., сақ - ..., мыж - ..., еңк-..., күңк-..., қарқ - ..., жалт-..., лып-..., кірш-..., жылт-.., бұрқ-..., гүрс-..., тарс-..., бүлк-..., ыңқ-.., Гу-.., жарқ-..., сарт-..., ду-... 315-жаттығу. Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамы Суретке қарап, бейнелеуіш сөздерді қатыстырып, үш сөйлем құраңдар   | Графикалық материал |