СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бидай себу оқу қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізі күні:22.05.20ж

Тәрбиеші:Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану

Тақырыбы: Бидай себу

Мақсаты:

Тәрбиелік: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға, өсімдіктерге күтім жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өсімдіктерге қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру.Өсімдіктерге үлкендерше бірлесіп күтім жасауға үйрету.

Оқыту: Балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыру. Бидай себу жұмыстары туралы

Просмотр содержимого документа
«Бидай себу оқу қызметі»



Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізі күні:22.05.20ж

Тәрбиеші:Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану

Тақырыбы: Бидай себу

Мақсаты:

Тәрбиелік: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға, өсімдіктерге күтім жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өсімдіктерге қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру.Өсімдіктерге үлкендерше бірлесіп күтім жасауға үйрету.

Оқыту: Балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыру. Бидай себу жұмыстары туралы түсінік беру.

Педагогикалық технологиялар: Түсіндір, көрсету,сұрақ-жауап

Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер

Ұйымдастырған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең:

Шаттық шеңбері:

Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Бүгінгі Оқу іс –әрекетіміз «сурет салу» деп аталады.

Тақырыбымыз: «Тоқаш нан». 

Балалар менің қолымда не тұр?

Бұның аты қалай аталады?

Балалар нан қамырдан жасалады.

Қамырдан тағы не жасауға болады ?

Жарайсыңдар,балалар!


2.Негізгі бөлімі:

Тосын сәт:

Балалар тыңдаршы біздің есікті біреу қағып тұрған сияқты.

Бұл кім болды екен?

Бауырсақ топқа кіреді. 

– Сәлеметсіздер ме,балалар! Мен бауырсақпын. Балалар  сендер мені жеп көрдіңдер ме? Бауырсақтың дәмі қандай,пішіні қандай,түсі қандай болады? -Тәтті, домалақ, сары.

Бауырсақты кім пісіреді балалар? -Анамыз, әжеміз.

Нан ең үлкен ас саналады. Нан туралы көптеген мақал – мәтелдер бар. Соның бірін біз жаттап алайық:

Ас атасы –нан. Нан туралы қазақтың тыйым сөздері бар.(Сурет көрсету арқылы түсіндіру.)

Тыйым салған сөздер:

*Балалар нанды басуға болмайды.

*Лақтыруға болмайды.

*Бір қолмен нанды үзуге болмайды

*Нанды тәтті, ащы деп айыруға болмайды

Бұл сөздерді балалар әркез есте сақтауымыз керек.  

Балалар біз бүгін тоқаштың суретін саламыз.

Алдымыздағы құрал- жабдықтармен танысайық: ақ қағаз, бояулар, су құйырлған ыдыс, қылқалам, сүрткіш.

Балалар қылқаламмен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек. Олар:

-қылқаламды ауызға салмау;

-қылқаламды сілкілемеу;

-Достарымызға кедергі жасамау, т.б.

Жұмыстың ретін көрсетіп, түсіндіру.

Сергіту сәті:

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Балалар сергіп қалдыңдар ма? Жарайсыңдар балалар! 

Дидақтикалық ойын: Кім тоқашты көп жинайды?

Мақсаты: ойын арқылы балаларды бір –бірімен тез тіл табысуға үйрету, әдепті болуға баулу.

Шарты: дастарханда тұрған тоқаштарды балалар кедергілерден өту арқылы өз тәрелкегеріне жинау.

3.Қорытынды: Бізге қонаққа кім келді?

Біз ненің суретін салдық?

Қандай құрал- жабдықтар пайдаландық?