СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Білім еліне саяхаттау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жыл бойы өткен сабақтарды қорытындылап сұрап шығу.

Просмотр содержимого документа
«"Білім еліне саяхаттау"»



Келісілді _______________

№ 71 «Мөлдір» балабақшасының

Әдіскер м.а: Таскараева Л.С

«25» сәуір2019 жыл







«Сыйқырлы дыбыстар»




«Құлпынай» ересектер тобы













Тәрбиеші: Ташметова И.С





Астана, 2019жыл


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы:"Құлпынай" ересектер тобы

Күні: 15.04.2019ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сауат ашу, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, орыс тілі, ағылшын тілі, тілтұмар

Тақырыбы: «Білім еліне саяхат»

Мақсаты:

Білімділігі: Балалардың ой өрісін кеңейту, оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, берілген тапсырмаларды ынтамен дұрыс орындауға үйрету.

Дамытушылығы: Берілген тапсырмалар арқылы білімдерін кеңейту.

Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелігі: Бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Топтық жұмыс арқылы өз ойларын еркін айтуға жетелеу.

Әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері, сұрақ-жауап, дамытушы ойындар, сергіту жаттығулары.

Қажетті көрнекіліктер: слайд, әріптер, сөздер, үлестірмелі материалдар.

Шаттық шеңбері

Үлкенге де «Сіз», кішіге де «Сіз»

Құрметпенен сіздерге сәлем бердік біз.

Біздің ұранымыз 1,2,3

Топтың іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

Жарайсыңдар балалар, бүгінгі күніміз өте жақсы болсын. Кәне орындарыңа отыра қойыңдар. Бүгін бізде сауат ашу, тіл дамыту, көркем әдебиет, тілтұмар, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен қорытынды ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.


Жұмбақ жасыру

Естілмеген құлаққа, естілмейді бірақ та ол не? (дыбыс)

- дыбыстар нешеге бөлінуші еді? (2)

- қандай болып бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)

- дауысты дыбыстар нешеу оны қандай түспен белгілейміз (14 қызыл)

- дауыссыз дыбыстар саны нешеу оны қандай түспен белгілейміз? (26 көк)

- дыбыс дегеніміз не? (дыбыстарды айтамыз, құлағымызбен естиміз)

- әріп дегеніміз не? (жазамыз, көзімізбен көреміз)

- сөздер қалай құралады? (сөздер әріптерден)

- ал сөйлемнеденқұралады? (сөздерден)

- қазақтілінденешеәріп бар? (42)


Тапсырма

Берілгенсөздерденжуанжауыстыдыбыстардыжәнежіңішкедауыстыдыбыстардытабады.


«Белсенді әріптер» ойыны

Әртопқабір-бірәріпберіледі. Топтарсоләріптенбасталатыннемесесоләрпі бар 5 сөзайтады.


** Сергітусәті «Көңілдікүн»


** «Шапалақташапалақ» ойыны

Қала

Үйрек

Жаңғақ

Қарындаш

Отан

Сағат


Балалар, біз тілтұмар сабағын жыл көлемінде оқып шықтық қой. Олай болса Ы дауысты дыбысына және С дауыссыз дыбысына мінездеме берейікші.

Ы – дыбысы (Жанерке, Райхан, Жантөре, Ажар)

1. Бұл – дауысты дыбыс. Себебі,бұл дыбысты айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай ауа еркін шығады.

2. Тілдің қатысына қарай – тіл арты немесе жуан дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді .

3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай – қысаң дауысты дыбыс .Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады.

4. Ерін мен езудің қатысына қарай – езулік дауысты дыбыс .Себебі, бұл дыбысты айтқанда ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады.

С – дыбысы (Айзере Ж, Роза, Ұлағат, Қаныш)

1. Бұл – дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.

2. Үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң дауыссыз. Себебі, бұл дыбыс тек салдырдан тұрады.

3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай ызың дауыссыз. Себебі, бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып, ауа сүзіліп шығады.

Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай тіс дауыссызы.


Балалар біз Ы дыбысын өткенде қандай мақал жаттап едік.

«Ырыс алды – ынтымақ»

Ендеше ынтымақ сөзіне сөзсазындық талдау жасайықшы.

«Ынтымақ» сөзіне сөз сазындық талдау жасау:

1.Ынтымақ бұл – сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай-жуан буынды сөз. Себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыстылар жуан дауыстылар.

2.Бұл сөз: ын-ты-мақ болып үш буынға бөлінеді. Себебі, сөздің құрамында үш дауысты дыбыс бар. Ын буыны тұйық буын.Себебі, буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.Ты- буыны ашық буын.Себебі, буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұр.

Мақ буыны бітеу буын.Себебі дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.

3.Бұл сөз ын-ты-мақ болып екі жағдайда тасымалданады.Себебі сөз үш буыннан тұр немесе сөз буын жігіне сәйкес тасымалданған.

4. Бұл сөзде екпін мақ буындағы а дауысты дыбысына түсіп тұр.

5. Сөзде буын үндестігі жоқ. Себебі түбір сөз.

6.Сөзде дыбыс үндестігі жоқ. Себебі түбір сөз.


(Орыс тілі мен ағылшын пәні мұғалімдері келеді)


Тәрбиеші: Жарайсындар балалар, бүгін біз сендермен бірге көптеген тапсырмалар орындадық, жыл бойы өткен сабақтарды есімізге түсірдік. Барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге.