СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Биология сабағында қолданылатын әдіс тәсілдер

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тиімді әдәс-тәсілдер-сапалы сабақ кепілі. Әдістер арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру

Просмотр содержимого документа
«Биология сабағында қолданылатын әдіс тәсілдер»































Кіріспе сөз

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай,келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың,болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім    беру-бүгінгі күннің басты талабы.

Тиімді әдіс- тәсілдер- сапалы сабақ кепілі.Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім.

Биология - бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан  орта буында өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамыта отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.

Қорытындылай келе, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.



«Серпілген сауал» әдісі.

(ЖЖ) Ой қозғау. Оқушыларға доп лақтыра отырып өткен тақырыптар бойынша сұраққа жауап аламыз. Оқушыларды қызыл, сары, жасыл фишкалармен бағалау. пен сабақтың мақсаттары, жетістік критерийлері тұжырымдалады


«Құпия зат» әдісі

Оқушыларға затты көрсетіңіз. Олардан оның не екенін жəне сабақпен қалай  байланысқанын анықтауды сұраңыз.м: Бұл не?- Берілген затты пайдалана отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап көріңдер (оқушылардың жауаптары тыңдалады)- Ондай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Адам қаңқасының құрылысы. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі»



«Галерияға саяхат» әдісі

Алдымен оқулықтағы мәтінді оқу және бейнебаян көрсету арқылы постер құру және таныстыру. Қабырғаға дайындалған постер ілінеді.Топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, постерлерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, постерлеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды.



«А,В,С» әдісі

Тақырыпқа сай мәтін ұсынылды.А тобы- сұрақ қояды. Втобы- жауап береді. С тобы – айтқан жауаптарды бақылайды, салыстыра отырып толықтырады.1-тап.Мәтінді оқып, сүйектердің байланысу типтерімен танысады.Дескриптор:- байланысу типтерін ажыратады -сүйектің буынмен байланысу шетінің ерекшелігін анықтайды.2-тап. Мәтінді оқып, «518» әдісі арқылы 8мин ішінде 5 оқушы 1 сөйлемнен айтып шығады.



«Дана үкі» әдісі

Бұл әдіс арқылы 4 критерийі бойынша сипаттайды: 1)мәлімет, ауызша баяндау 2)иллюстрация 3)болашақта маңызды болатын бір мәлімет 4) талқылауға болатын бір мәселе. Ауызша мәліметті нақты айтып беру керек.



«Зейінге шолу» әдісі

Тақтаға жаңа тақырыптың терминдері мен сөз тіркестері ілінеді: қозғалмалы, қозғалмайтын, жартылай қозғалатын, сүйек жігі, еңбек, үлкен еңбек және т.б. Терминдерге анықтама беріліп болған соң тақтадан алынып тасталынады, оқушылар есте сақтау арқылы терминдерді қайта орнына қойады.



Шындық/Жалған (True/False) әдісі

Оқушылар берілген сөйлемдерден шындық пен жалған ақпаратты анықтайды. Шындық болса екі қолын жоғарыға көтереді, жалған болса екі қолы бел тұсында оң жаққа иіледі, білмейтін ақпарат болса басын шайқайды.



«ДЖИГСО» әдісі

Оқушыларға жаңа ақпаратты өздігінен меңгерту үшін  қолдануға болады..Тақырып үш бөлікке бөлінеді,оқушылар тақырыптың маманы ретінде сарапшылар тобында зерделеп,талдап,бастапқы тобына қайтып,білгендерін өз тобының мүшелеріне үйретеді.Мұнда алдымен жеке,сосын жұппен,кейін шағын топта бөліктер бойынша түсіндіреді,түсінгенін бөліседі.



«Есте сақтау картасы» әдісі



Бұл әдістің ерекшелігі топтағыоқушылардың визуальды, есте сақтау қабілеттерін дамытады.Әр топқа берілген сурет, сөздер, терминдер,символдары бар А4 форматын әр топтың оқушыларын жеке-жеке шақыру арқылы 1-секунт көрсетеді. Оқушы не көргенін тобындағы А4 форматына түсіріп отырады. Барлық топ осылай қайталап шығады. Мұғалім дұрыс картаны оқушылардың қолына береді. І-топ-ІІ топтың, ІІ- топ-ІІІ топтың, ІІІ-топ-І топтың жұмыстарын тексеріп бағалайды.



«Теріп жаз. Талда» әдісі



Сүйектің қасиеттерін, құрамын теріп жазып және соған негіздей отырып анықтама беред. Тақырып бойынша айтылған мәліметтерге сүйене отырып фактілер мен дәледемелер келтіріп айтады.



«SWOT-талдау»әдісі .

1 тапсырма.Салыстыру.2 тапсырмаМодельдеу.Оқушыларға жіп, А4,қайшы,т.б. беріледі.Соларды құрастыру арқылы екбасты,үшбасты бұлшықет түрлерін ажыратып ,қажу себептерін сипаттайды.



«FILA» әдісі

Мәтін беріледі.Сол мәтін негізінде кесте толтырылады.Кесте 3 бағаннан тұрады.1.Мәтін ішінен түйінді түйінді сөздерді жазады.2.Мәтіннің негізгі идеясын сипаттайтын сызба құрастырады.3.Мәтін бойынша сұрақтар ұсынады.



«Буриме» әдісі

Берілген ұқсастықтарға өлең жолдарын құрастыру. Тақтаға өзараұйқасқан бірнеше сөзді тігінен жазамын. Әр оқушы ұйқастарды қолданып, бір шумақ өлең жазу керек.Ең сәтті шыққан өлең шумақтары сыныпта оқылады



«Төрт сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылардың жұмыс жасау деңгейлерін бағалау үшін мынадай тапсырмаларды орындайды. Пікір. Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірін бір сөйлеммен келтіру керек.Дәлел. Келтірген өзіндік пікірін бір сөйлеммен дәлелдеп шығу керек.Мысал. Келтірген өзіндік пікірді тағы да бір негіздеуі үшін бір сөйлеммен мысал келтіруі керек.Қорытынды.Өзіндік пікірді соңғы рет пысықтап, қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру керек. 



«Карусель» әдісі

Бұл әдісті оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұсынылады..Мысалы: «Тыныс алу, қанайналым,эндокринді бездер , асқорыту т.с.с. жүйелері тақырыбында 8-сынып оқушыларын 4 топқа бөліп, А-3 плакатын таратып, әр плакаттың шетіне топ мүшелері тапсырма жазады. Топтар түрлі маркерлермен берілген сұрақтарға жауап беріп ауысады, егер жауаппенкеліссе белгі қояды, келіспесе толықтырады. Осылай әр топ тапсырмаларды орындап айналып шығу керек. Бұл әдістің нәтижесінде оқушылардың көру және есте сақтау, ойлау қабілеті шыңдалады.



«Дәліз» әдісі

Бұл әдісті өткен тақырыптарды қайталау кезінде немесе бекіту сәтінде пайдалану өте тиімді. Оқушылар бір- біріне қарап тұрады, тарау немесе тақырып бойынша оқушылар сабаққа байланысты мәлімет айтып отырады. Бірінің айтқанын бірі қайталамауын ескертіп отыру керек.



«Сұраққа жылдам жауап» әдісі

Тақырыпты терең түсіну және оқушылардың назарын сабаққа аударып,ой-өрісін дамыту мақсатында төмен дәрежелі сұрақтарға толық жауап алу мақсатында қолданамын.Мысалы, «Нүркен, Аркеннің жауабы дұрыс деп ойлайсың ба?»
«Болат,Розаның жауабын қалай толықтыруға болады?»
«Еркебұлан, айтылған барлық жауаптарды қалай біріктіруге болады?»деген сияқты.
«Сюжеттік кесте»
Оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергенін бақылау үшін сұрақтарға сәйкес төрт сөзден тұратын сөйлем құруды тапсырыңыз.
«Сұрақты тауып ал» бірнеше сөйлем бір сұрақтың жауабы болады.

«Стикердегі диалог» әдісі

Бұл – үй тапсырмасын тексеруге, қорытынды сынақ немесе қарапайым ереже сұрауға таптырмас әдіс. Өйткені бұл әдісті қолданған кезде оқушы оқылған сұрақтың жауабын білуі тиіс . Сонымен қатар бұл әдіс оқушыны тез ойлануға, есте сақтау қабілетін дамытып,шапшаңдыққа үйретеді. Себебі, қағазда жазылған сұрақ басқа, жауап та басқа. Осы жерде оқушының шапшаңдығын, аңғарымпаздығын тануға болады. Сонымен қатар, бұл әдіс сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын орнатуға да мүмкіндік береді. Оқушылар өз сұрағының жауабын естуге тырысады және өзіндегі жауаптың сұрағын тыңдауы тиіс. Осы жерде сынып оқушыларының арасында сыйластық қалыптасып,бір- бірінің сөзін тыңдауға бейімделе бастайды.












































































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!