СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Бір уыс мақта"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әңгіменің мазмұнын ашып түсіндіру,әңгімелеу арқылы ойын,қиялын дамыту

Просмотр содержимого документа
«"Бір уыс мақта"»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Бір уыс мақта» (әңгіме).

Мақсаты: әңгіменің мазаұнын ашып түсіндіру;әңгімелеу арқылы ойын,қиялын дамыту;әңгіме жанрларын ажыратып,қимыл іс-әрекет арқылы сахналау;еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер,қажетті құралдар: анасы мен қызының,мақтаны алып ұшып бара жатқан торғайдың суреттері,жұмыс дәптері,түрлі түсті қарындаштар,слайд.

Сөздік жұмыс: күн өтпей жатып,шапан.

Билингвальды компонент: мақта-вата,ана-мама,торғай-воробей.

Оқу іс-әрекеті-

нің-кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру-

шылық-

ізденістік

Педагог жұмбақ жасырады:

Өзі аппақ қардай,

Жұмсақтығы мамықтай.

-Мақта туралы Ыбрай Алтынсарин атамыздың «Бір уыс мақта» деген қызықты әңгімесімен танысамыз.

Әңгімені мәнерлеп оқып береді.

Сөздік жұмыс

Күн өтпей жатып деген сөздің мағынасы-бір күннің ішінде болған оқиғаны білдіреді.

Шапан-адамның сырт киімі.

-Кішкентай қыз не істеп отырды?


-Анасы қызына қандай ақыл айтты?


-Қыз мақтаның қалған қиқымын қайда лақтырды?


-Оны не алып кетті?


-Анасы оған не айтты?


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Торғай болып ұшайық,

Бір отырып,бір тұрып,

Жақсы сергіп қалайық.

Балалар жұмбақты шешеді,Жауабы:мақта


Әңгімені тыңдайды.





Күн өтпей жатып сөзінің мағынасын қайталайды.

-Әкесінің шапанын жамап отырды.

-Анасы қызына кез келген заттың қажет болатыны туралы түсіндіреді.

-Қыз мақтаның қалған қиқымын терезеден сыртқа тастады.

-Оны бір торғай тұмсығымен тістеп алып кетті

-Ол мақтаны торғай ұясына төсеп,балапандарына мамық етеді.

Рефлексиялық-

түзетушілік

-Құс мақтаны не үшін алып кетті?

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: анасы тігін тіккенде,үй жұмысына көмектеседі.

Түсінеді: бір уыс мақтаның да пайдасы бар екенін түсінеді.

Қолданады: кез келген заттың керегі болатындығын біледі.