Просмотр содержимого документа
«Біріктіру түрлері»
Лекция: Біріктіру түрлері.
208-суретте арбаның доңғалағы мен осінен және доңғалақты осьтен шығармайтын мұрындықтан тұратын ежелгі қосылыстардың бірі көрсетілген.
Техникалық дамуына байланысты детальдардың қарапайым қосылыстары жетіле түсті. Енді олар көптеген механизмдерде пайдаланылады.
208- сурет. Ар баның доңға лағы мен осінің қарапайым қосылуы.
Әр түрлі машиналардың механизмдерінде қайталап кездесе беретін қосылыстарды типтік қосылыстар деп атайды. Олар станоктарды, автоматтық линияларды және т.б. жасағанда қолданылады.
Типтік қосылыстарды қолданғанда машиналарды конструкциялау және оларды жасап шығару ісі көп жеңілдейді. Сызуда детальдардың типтік қосылыстарының кескіндерін жиі кездестіруге тура келеді. Олардың кейбіреулері 209-суретте көрсетілген.
31.1. Детальдардың қосылыстарының түрлері. Детальдардың қосылыстары ажырайтын және ажырамайтын болып бөлінеді.
Ажырайтын қосылыстарға оны құрастырып тұрған детальдарды бүлдірмей ажыратуға болатын қосылыстар жатады. Ажырамайтын қосылыстарды детальдарды бүлдірмей ажыратуға болмайды.
209-сурет. Детальдардың әр түрлі қосылуы.
Техникада детальдарды мынадай негізгі қосылыстары қолданылады (209-сурет): болттық, шпильдік, шпондық, тойтарып шегелеу, штрифтік, пісіру, винттік қосылыстар. 209-суреттегі кескіндерге зер қарап шығыңдар. Бір бағанға ажырамайтын қосылыстардың аттарын, екіншісіне ажырайтын қосылыстардың аттарын тізіп жазыңдар. Қосылыстардың аттарының соңына көрсеткіш-стрелкаларында белгіленген әріптерді жақшаға алып жазыңдар.
Егер сендер қандай қосылыстардың ажырайтынын, ал қандайының ажырамайтынын дұрыс анықтасаңдар, онда ажырайтын қосылыстардың аттарынан кейін жақшаға алынып жазылған әріптерден «дұрыс» деген сөзді құрастыруға болады.
30.2. Стандарт детальдар. Бірқатар детальдар мен қосылыстардың өлшемдері мен пішіндерін таңдап алуға шек қойылған. Бұйымдардың әр түрлі типтері үлгі-стандарттың белгілі бір санына келіп саяды.
Бұйымдардың немесе жалпы машина құрылысы үшін, міндеті бар жеке конструктив элементтерінің (бекіткіш детальдардың, тескіштердің, кескіштердің және басқалардың) конструкциялары стандартпен анықталған. Бұл оларды арнаулы кәсіпорындарда жасап шығаруға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде еңбек өнімділігі артады әрі бұйымның құны төмендейді.
Стандартталған детальдар мен қосылыстардың сызбаларын құрастыруға және оларды оқуға оңай болатыны, оларды кескіндеу ережелері стандарт бойынша анықтайды. Бұл ережелерге бірқатар ықшамдаулар еніп отыр.
30.3. Өзара алмастыру. Стандарттау ісі детальдардың өзара алмастырылуына мүмкіндік туғызады. Мемлекеттік стандарттарда ең үлкен және ең кіші шектік өлшемдерді анықтауда пайдаланылатын таблицалар болады. Берілген өлшемнің осы шамалар аралығында ауытқуы мүмкін. Сондықтан стандартқа сәйкес детальдар бірін-бірі алмастыра алады. Көпшілік және ірі сериялы өндірісті ұйымдастыру осыған негізделген.
Мысалы, автомашина бұзылып, бірнеше винт пен гайка істен шығып, клапандары тозды делік. Оқасы жоқ. Бұл детальдар стандартталған. Оларды магазиннен сатып алуға болады. Олар істен шыққан детальдарды толық алмастырады.
1826 жылдың өзінде-ақ Туланың мылтық жасап шығаратын заводында өзара алмастырылудың қаншалықты пайдаға түсетіндігі демонстрациялап көрсетілген. Қоймада іріктелген кез келген 30 мылтық алынып, олар бөлшектеніп, детальдары араластырылады. Сонан соң мылтықтар қайтадан құрастырылады. Олар мүлтіксіз істеген.
Біздің заманымызда өндірісті автоматтандыру мен ЭВМ ді (элкетрондық есептеу машиналары) пайдалану жағдайында бұйымдардың өзара алмастырылуына қажетті дәлдік өте жоғарғы дәрежеге жетті.
210-сурет. Стерженьдегі бұранда кескіні:
а – көрнекі (d – сыртқы диаметр), р – адымы; б – шартты.
Практикалық жұмыс:
Конспект.