СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Біз өсіп жатқан ел"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп: «№3 жалпы білім беру орта мектебі» КММ – сі         Мерзiмі: 17.04.2018 ж

Тақырып: «Біз өмір сүріп жатқан ел»

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік,қамқорлық,сыйластық

Мұғалім: Джолова М.А

Сынып: 2 «З»

Сабақтың мақсаты:Атамекен ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және  табиғат,махаббат адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Атамекен табиғаты туралы түсінік беру;
  • Табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;
  • Туған жердің табиғатын аялауға ,сүюге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН. (Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Сабақ барысын талдау:

Просмотр содержимого документа
«"Біз өсіп жатқан ел"»

Әңгiмелеу

  • Атамекен деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

  • Сенің атамекенің несімен көрікті?

  • Табиғаттың қандай құбылысы ұнайды?

Дәйексөз.

Ынтымақ түбі- береке.

Халық даналығы

  • Дәйексөздің мәнін ашу;

  • Дәптерге жазып алу;

Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма

Суретке қарап, «Тату доспыз бәріміз» тақырыбында әңгіме құрастырыңдар. «Халықтар достығы» эмблемасының суретін салыңдар.

Үй тапсырмасы.

«Біз бәріміз бірдейміз» әңгімесін оқып келу

Соңғы тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар.

Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.

«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!