СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 18.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өсіп келе жатқан ұрпақ арасындағы өзін-өзі өлтіру мәселесі

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өсіп келе жатқан ұрпақ арасындағы өзін-өзі өлтіру мәселесі

Просмотр содержимого документа
«Өсіп келе жатқан ұрпақ арасындағы өзін-өзі өлтіру мәселесі»

Өсіп келе жатқан ұрпақ арасындағы өзін-өзі өлтіру проблемалары


Өзін-өзі өлтірушілердің арасында 4-5 пайызы жастары 20-ға жетпеген жастардың ішінен кездеседі, және де бұл бет бұрыс шет елдерде сонымен бірге біздің елде де көп кездеседі. Статистикаға сүйенетін болсақ, жыл сайын 3000 жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау фактілерін келтіреді. Жеткіншектердің арасындағы өз-өзіне қол жұмсау 14-17 жас шамасында көп. Бұл жаста жасөспірімді өз-өзіне қол жұмсауға не итереді?


Жеткіншектік және қыз-бозбалалық шақтың психологиялық ерекшеліктері


Жеткіншектік және қыз-бозбалалық шақ қарапайым шақ емес және неше түрлі қарама-қайшылыққа толы кезең, ата-аналардың көбісін алаңдатаын, уайымға берілдіретін күрделі шақ. Аса көп алаңдататыны: мектепте де отбасында да агрессияның көтеріңкілігі, дау-дамайдың жоғарылылығы, эмоциялық тұрақсыздық, ашықтан ашық наразылық, ата-ананың қамқорлығын қабылдамаушылығы, ұялшақтық және қыз-бозбалалық максимализм. Жеткіншектің мінез-құлқындағы өзгерістер себебін түсіну үшін, оның психологиялық механизмін білу керек. Ата-аналар өзберінің балалары жеткіншек жасқа (11-15) жеткен уақытта күрделі, тіпті кей жағдайда неше түрлі қайшылықтарға кездесетінін түсінулері қажет.

Бұл шақ жас ерекшелігінің өзгерістері және дағдарыстарымен сипатталады. Жеткіншектер өздерін отбасының, сыныптың, қоғамның тең құқықты мүшесі, тұлға ретінде сезіне бастайды. Бұл жастардың осы шақтағы аса маңызды психологиялық ерекшеліктері. Жеткіншектер бұл шақта өздерін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде сезінумен бірге болашақтағы ересек өмірге жоспарлар құра бастайды. Бұл жоспарлары көбінесе тәжірибелері жоқтықтан нақты емес, көмескі болып келеді, шалалық пен балалық аңғалдықты аңғартады. Бірақ та олар жеткіншек үшін өте маңызды, оған ересек адамдардың араласуын жақтырмайды, қызғанады, себебі олар осы қиялмен өмір сүреді. Ата-аналар мен ұстаздар, тіпті балалар үшін маңызды адамдар, жеткіншектердің осы ерекшеліктерін ескермей, ой-пікірлеріне құлақ аспай, олардың қиялдар әлеміне беталды араласуы арқылы, жасөспірімдердің өздеріне деген сенімі мен араларындағы қарым-қатынасын жожағлтып алады. Жеткіншектік жас дағдарысы, баланың қоғамға енердегі кедергілерді жеңуімен аяқталады. (Бұл жолдастарымен және ата-аналарымен қарым-қатынас дағдарыстары, өзіндік сана-сезім дағдарысы – адам өзіндік даралық сезімін иелене бастауы). Бұл жаста бала ересектер қатарына да жатпайды, бірақ та бала болғысы да келмейді. Сондықтан да жеткіншекке ересек адамның тығыз байлынысы мен терең өзара түсіністігі аса қажет. Бұл жас төмендегідей жыныстық жетілуімен психикиалық есеюімен сипатталады:

- жоғары деңгейдегі сезімталдығы;

- жылауықтық (әсіресе қыз балаларда);

- ой-қиялы мен іс-әрекеттеріндегі қарама-қайшылық;

- мінез-құлқындағы бүлікшілдік.

Сонымен қатар жеткіншек шақта тұқым қуалаған немесе жүре пайда болған психикалық аурулары да қозып немесе пайда болуы да мүмкін (эпилепсия, шизофрение, мінездің психопаттық сипаты және т.б.).

Суицидалды әрекет жасарда көбінесе оның алдын ала дайындықяғни, бейімделу қабілеттерінің төмендеуімен сипатталатын сәті байқалады (бұл мынандай жағдай болуы мүмкін: үлгірмеушілік, қызығушылығының төмендеуі, қарым-қатынасының шектелуі, эмоционалдық тұрақсыздық және т.б.). Бұл кездері өзіндік суицидалды ойлардың қалыптасуы, яғни, төмендегі сөздер арқылы хабарлауы: «мұндай өмір жалықтырды», «ұйықтап кетіп оянбай қалсам ғой», өмірде кездесетін проблемалар мен өлімге деген қызығушылық және т.б. пайда болуы.

Суицидалды актіге итермелеудің тікелей түрткісі дай-дамайдың пайда болуы. Дау-дамай дегеніміз, белгілі бір адамға маңызды, құнды ұстанымына әсер етуші жағымсыз жоспарланған әрекет, күйзеліс тудыратын жағдай. Бұл мүмкін жақын адамының өлімі, бөлінбеген махаббат, жауапсыз махаббат және т.б. болуы. Өзінің олқылығын сезінгендегі ойлардан, өзін-өзі кінәләудан, кез келген сөз оған жазғыру сияқты елес беретіндей көріністерден пайда болған күйзелістен қалыптасатыны жиі кездеседі. Дау-дамайдың жиі пайда болуына, созылмалы, ұзақтан келе жатқан күйзелістік жағдайларға немесе аяқ астынан болған дағдарысқа жауап ретіндегі әлеуметтік-психологиялық дезадаптация кезеңі болып табылады. Суицид қаупі туатын жеткіншектерде жалғыздықты, еш көмек күтпеушілікті қайғырушылық, эгоцентрлік көрінісінің тереңдеуі, басқаның қуанышы мен қайғысына деген ортақтасушылықтың төмендеуі жиі кездесетіндігі орын алатындығы белгіленген. Рухани құндылықтың «кесілуі» жеткіншекті басқаларға қарағанда үйреншіксіз жағдайларға әкеп тірейді, ал олар үшін бұл жағдай күйзеліске, жоғары деңгейдегі жүктілікті талап ететіндей болып қабылданады. Сондықтан да кез келген микроконфликт суицидалды көріністің орындалуына дайындық ретінде арандату болып табылады.

Тәрбиедегі ақаулық, физикалық жазалаудың басымдылығы, балада эмоциялық тұрақсыздықтың дамуына, эмоциялық реактив деңгейінің жоғарлауына әкелетіндігі жиі кездеседі. Ата-аналардың қаталдығы немесе авторитарлығы, шектен тыс қамқорлығына байланысты тәрбиедегі сиықсыздық, балаларда әдеттегі қиындықтарға немесе барлық жағымсыз әрекетке төтеп беруде қайшылықтар тудырып жатады.

Жеткіншектерде өлімге негізделмеген, манипулиятивті суицидалған әрекет жасау жиі бақыланады. Балалық-жеткіншектік жастағы суициденттерде сипатталатын «өздерінің өліміне деген айналасындағылардың реакциясының куәгерлеріне немесе екінші рет туылатындығына үмітке» ұмтылуы болып келеді.

Жас суициденттердің басым көпшілігінде, жекелік мүмкіншіліктеріне сәйкес келмейтін, талаптану деңгейінің жоғарлауына байланысты анықталған айқын көрінетін эгоцентризм немесе өзімшілдік екендігі байқалады. Қандай да бір себептермен баланы рухани және эмоциялық тепе-теңдікпен қамтамасыз ете алмаған отбасы, оның суицидалды мінез-құлығының көрініс беруіне ең маңызды факторы болып табылатындығын атап өткен жөн. Балалар мен жеткіншектердің арасындағы суицидтің 92 пайызына дейін, отбасындағы келеңсіз жағдайларға байланысты туындайды.

Асоциалды мінез-құлықтыққа, жоғары деңгейдегі агрессиялыққа бейім, әртүрлі дисгармониялық даму түрлеріндегі балалар мен жеткіншектерде суицидттік қаупі бар. Ар-намысының мықтылығымен ерекшеленетін, сүйіспеншілік пен достық сезімдерінің идеалдығымен өмір сүретін жеткіншектерде де суицидтік қаупінің жоғарылығы кездесіп жатады. Нақтылықты «кітап» жүзінде түсінетін жеткіншектер ақиқат өмірмен беттескенде стрестік күйге түсіп жататындығы жиі кездеседі.

18-22 жастағы қыз-бозбала шағының суициалды оқиғалардың талдауында, 70 пайызы жай-күйінің басыңқылығы, тұйықтық, оқшаулануға ұмтылудан, ал 30 пайызы керісінше – ұстаусыз көңілділік пен белсенділіктен. Осындай оқиғалардың бұрыннан болған әрекетінің өліммен аяқталуы қырық пайызды құрайды.

Суицидтік пиғылдың қалыптасуына себепкер сыртқы факторларға жататындар:

  • «қажетті» психикалық және невротикалық ауытқушылықтардың пайда болуына алғы шарт болатындай және де, өзін-өзі өлтіруге де желеу болып келетін әлеуметтік жағдайсыздық.

Суицидтік пиғылдың қалыптасуына себепкер ішкі факторларға жататындар:

- толымсыздық кешені (ауыр аурулар, ата-анасының қалай болса солай қарым-қатынасы, нақты және жалған сәтсіздіктер, көріксіздік және т.б., адамнан тым жоғары деңгейдегі орнын толтырушылықты талап етушіліктің түпсанадан қысып шығарылуы; депрессия).

Суицидтік пиғылды қалыптастыратын ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен адам есеңгіреп қалады – терең жан сілкінісіне душар болады. Оның кесірінен адамда стресстік жағдай, жағымсыз эмоция гаммасы дами бастайды, психологиялық қорғаныспен өмірлік қиындықтарға қарсы тұру қабілеті төмендейді.

Сонымен, өзін-өзі өлтірудің негізгі себебі адамның әлеуметтік-психологиялық дезадаптациясы болып келеді. Өмірлік жағдаяттардың нақты қолайсыз тоғысуынан немесе олардың шешілмейтін мәселе ретінде субъективтің түйіндеуінен дамиды.

Суицидологияда психологиялық дағдарыс, дау-дамайға ұшыраған жағдайдағы адамның әлеуметтік-психологиялық дезадаптациясының негізгі көрінісінің бірі ретінде қаралады. Дағдарыстық жағдай қарқынды жағымсыз эмоциямен, алаңдаушылықпен және үреймен, депрессивті жағдай тіпті адамның берекесінің кетуіне дейінгі әрекеттермен сипатталады. Мұндай жағдайлар үшін психологиялық жарақат алған жағдайларға немесе маңызды оқиғаларға «қадалып» қалуы, өзінің дәрменсіздігін немесе қауқарсыздығы жөнінде қайғыруы, жалғыздық сезімі, өзіне, өзекті мәселелеріне және болашағына деген пессимистік баға беруі, өз күші мен мүмкіншіліктеріне сенбеуі сипат алады. Өте қатты дағдарысты жағдайларда көбінесе психологиялық өзгерістерден басқа да соматикалық бұзылыстар да кездеседі: көңіл-күйдің нашарлауы, дене күшінің бейсалдығы, әлсіздік, асқазан-шек жолдарының ауруларының, жүрек қан-тамыр кеселінің қозуы мен пайда болуы және т.б.

Психологиялық дағдарысты жағдайлардың дамуының көбірек кездесетін екі түрлі типтік айрмашылығы:

  1. Дау-дамайлық эмоциялық қысымының жоғырылауымен, жағымсыз эмоциялардың жинақталуымен және суицидиалды әрекетінің ықтималдығының күшеюімен психологиялық дағдарыстың қарқыны бірте-бірте үдейді.

  2. Аяқ астынан психикалық жарақаттан шықан, кенеттен болған дағдарысты жағдай, психоэмоциялық қысым, адамның берекесін кетіретін кезең, мінез-құлықтағы өзгеріс алғашқы сағаттарда және оқиға болғаннан соңғы бір тәулікте айқын білінеді.

Осы екі вариантта да эмоционалды қатты күйзеліс кезінде, дағдарысты жайдың даму барысында оқиғаны, қаза немесе дау-дамайды тұлғалық интеллектуалды қайта өңдеу, жан күйзелісінің қосымша үдемелі түрінде оқиғаның мәнін түсінуге тырысу болып өтеді. Адамның суицидалды бағыты мен суицидқа қарсы факторларының арасында күрделі ішкі тұлғалық «күрес» болады. Осы сәтте адамға ең керегі достық, жан дүниені түсінушілік, сүйеніш болар әрекет өте қажет.

Төтеннен болған дағдарысты сәтте психологиялық жағдайдың 4 түрлі тізбектелген кезеңі жеке дара бөлінеді:

- психожарақат, яғни «психикалық сандырақ (шок)» кезеңі (бірнеше сағаттан бастап 2-3 тәулікке дейін созылады).

- адамның берекесінің кету кезеңі (бір тәуліктен екі аптаға дейін созылады). Бұл фаза қиын-қыстау кезең болып есептеледі, егерде одан кейін сауығыу үрдісі (болған оқиға бой ұрып, соңғы жайға көндігу) болса, немесе болған жарақатқа және стресстік бұзылысқа бой ұрып оның ары қарай дамуына мүмкіндік берілсе.

- «қабылдау» кезеңі, яғни қазаға көндігу (бірнеше аптаға созылады).

- қалпына келу кезеңі (бірнеше аптадан бірнеше айларға созылады).

Психологиялық дағдарыс, адам құрылымында тез өзгерістерге (жағымды жағымсыз) мүмкіндік пен жағдай жасайтындығын атап өткен жөн. Дағдарысқа түскен адамға, оған маңызды адамдар жағынан уақытында көмек ұйымдастырылса, дағдарысты күйден жағымды арнаға (90 %-ке дейін) өтуге мүмкіндік бар, психожарақатқа жағымды түрде қарауға болады, өмірге оңтайлы факторларға басымырақ көзқараспен қарау, оптимизм пайда болады.

Суицидті іс-әрекеті көрінетін қауіпті топты психологиялық тест көмегімен анықтауға болады ма деген сұрақ туындайды.

Егер жеткіншектер арасында суицидті топты кімдерден құрастыруға болады деп айтатын болсақ, онда барлығы деп сенімді түрде жауап беруге болады: себебі жасөспірім психикасы оны суицид көрінісін беретін әрекеттерге жақындататындай қасиеттерден құралады. Өкінішке орай, бүгінгі күндері «потенциалды суициденттерді» 100 пайыз анықтайтын тесттер немесе сұрақнамалар жоқтың қасы. Мектеп психологтарына баланың өмірлік перспективасын анықтауға «Аяқталмаған сөйлемдер тестін», алаңдаушылық деңгейін анықтауға Спилберг-Ханин тестін пайдалануды ұсынамыз.

Өзіне қол жұмсауға дайындық белгілеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

1. Өз істерін реттеу – құнды заттарын тарату, байлап, түю. Адам қалай болса солай болуы мүмкін, бір сәтте барлығын ретке келтіре бастайды. Соңғы дайындықтарды жасай бастайды.

2. Қоштасу. Өмірінің әр кезінде көмектескен адамдарға алғыс айтуы мүмкін.

3. Сыртқы қанағанттанушылық – энергияның құйылуы. Өзіне қол жұмсау туралы жоспары толық жасалынса, ол туралы енді ойланбайды, шамадан тыс энергия пайда болады. Күш-қуат көбею жағдайы терең депрессияға қарағанда аса қауіпті болуы мүмкін.

4. Жазбаша түрде (хатта, күнделікте, жазған).

5. Сөзбен көрсету немесе қорқыту.

6. Жоғарыда көрсетілген белгілердің орындалуына себеп болған жақын адамынан айырылу. Үйінен айырылу.

7. Ұйқысыздық.

Өзіне қол жұмсаудың мүмкін болатын мотивтері

Көмек іздеу - өзіне қол жұмсауды ойлайтындардың көбісі өлгілері келмейді. Өзін-өзі өлтіруді олар бірнәрсені алу үшін құрал ретінде пайдаланады (мысалы, өзіне назар аудару, сүйіспеншілік, махаббат, проблемалардан құтылу, үмітсіздік сезімінен арылу).

Үмітсіздік - өмір мәнсіз, болашаққа үміт артуға болмайды. Өмірді жақсартуда өзгерістер енгізуге еш үміттің жоқтығы.

Проблеманың көптігі – барлық проблемалардың шешілмейтіндей көрінетіндігі соншалықты, оларды бір-бірлеп шешуге ойды шоғырландыруға мүмкіндіктің жоқтығы.

Басқа адамға қатер төндіріп, жанын ауыртуға әрекет жасау – «Олар әлі өкінеді». Кейде адам, өз-өзіне қол жұмсау арқылы ол өзімен проблемаларын алып кетіп, отбасына жеңілдік жасаймын деп ойлайды.

Батылдығы мен күшін көрсету – тек батыл және күшті адам ғана өз-өзіне қол жұмсауға қабілетті деген ұғым қалыптасқан.


Тұлғаның суицидке қарсы факторлары


Тұлғаның суицидке қарсы факторы – бұл жағымды өмірлік ұстанымдардың қалыптасуы, өмірлік позиция, жекелік факторлар кешені және адамның психологиялық ерекшеліктері, сонымен қатар суицидке икемделуге кедергі келтіретін жан дүниесінің күйзелісі.

Бұған төменгілер жатады:

- сіз үшін маңызды туыстарыңыз бен жақындарыңызға эмоционалды жақындық сезім;

- қарыз сезімдердің, міндеттіліктің айқын білінуі;

- өзінің денсаулығы жағдайына деген назар аударуы, өзіне дене жарақатын түсіруден қорқу;

- қоғамның пікіріне есеп беру және айналасындағылардың айыптауынан, өзін-өзі өлтірудің масқарашылығы туралы көріністен қашу және мінез-құлықтың суицидалды моделін қабылдамау;

- өмірлік, шығармашылық, отбасылық және де басқа жоспарлардың, ниеттердің болуы;

- рухани, адамгершілік және ойлауда эстетикалық критерийлердің болуы;

  • Психологиялық икемділік және бейімделушілік, жеке жағымсыз қайғырудың орнын толықтыра алу, психикалық қысымды түсіру әдістерін қолдану.

  • Өмірге деген қызығушылығын білдіру.

  • Туысқандарын, жақын адамдарын жақсы көрушілік, олармен қарым-қатынасының мәнділік деңгейі.

  • Діндарлық және өзін-өзі өлтірудің күнә екендігінен қорқу деңгейі.

  • Өзінің өмірлік болашағы мен жуық арадағы келешегін жоспарлау.

  • Суицидтен соңғы өзінің сырт пішінінің жағымсыз кескіні.

Суицидке қарсы бағдарды қалыптастыру үшін жасалуы тиіс:

  • баламен үнемі қарым-қатынас жасау, оны өзінің жеке ойымен жалғыз қалдырмау;

  • оның өзінің күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімділігін туғызу;

  • оптимизм мен үмітке сенгізу;

  • тілектестікті білдіру, жылулық пен түсінушілікті туғызу;

  • баланың мінез-құлқына бақылау жасау, оның құрдастарымен қарым-қатынастарын талдау.

Адамда, соның ішінде жеткіншекте суицидке қарсы, өмірге орайлы жасампаздық факторлары көп болып, өзіне деген ішкі сенімділігі мен «психологиялық қорғанысы» мықты болса, соншалықты оның суицидке қарсы кедергілері де ьерік болады.


Суицидті болдырмаудың алдын алу жұмыстарының кезеңдері:


  1. Диагностикалық: суицидті мінез-құлықтық (жоғары алаңдаушылық, күйзеліске қарсы тұра алмаушылық, жоғары эгоцентризм (тек өзінің көзқарасы тұрғысынан қараушылық), өзіндік бағасының тұрақсыздығы, байланысқа бейімсіздік, әлеуметтік жәрдемді сезінудің төменділігі, ауыртпалық жағдайларды жеңуден қашу стратегиясы және т.б.) қалыптасуына әсер етуге көмектесетін жеке бас ерекшеліктерінің диагностикасын өзіне қосады, сонымен баланың отбасындағы күйі туралы, отбасылық өзара қарым-қатынастың сипаты туралы, отбасы құрамы, оның әуестенетін нәрселереі мен қабілеттері жөнінде, оның достары немесе мүмкін болған референтті () топтар туралы ақпараттар алу.

  2. Психосексуалды даму, тұлғааралық қарым-қатынастың мәдениеті, қарым-қатынас технологиясы, стрессті жағдайлардың жеңу тәсілдері, дау-дамайлық салаларындағы жеткіншектің құзіретінің кеңеюін көрсететін ақпараттық-ағарту кезеңі.

  3. Өз-өзімен жұмыс жасауда машықтануын дамытуы мен қалыптастыруын қосушы, мінез-құлық формасы мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін түзету элементтері бар әртүрлі психологиялық тренингтер.


Әлеуметтік-психологиялық тренинг


Әлеуметтік-психологиялық тренинг топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделіп психологиялық әсер беруіне себепкер болады. Қарым-қатынастың арнайы ұйымдастырылған бұл түрін жүргізу барысында, тұлғаның даму мәселелерін шешу, коммуникативті дағдылардың қалыптасуына, психологиялық көмек пен қолдау көрсетуге, коррекциялауға, таптауырынды алып тастауға мүмкіндік туғызады және қатысушылар жеке проблемаларын шеше алады. Сонымен қатар, жеткіншектер ішкі ұстанымдарының орнын ауыстыра алады, білімдері көтеріледі, өзіне және айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасына позитивті тәжірибе пайда болады, басқа да қатынас саласында компетенттілігі артады. Сабақ уақытында, әрбір жеткіншек назарға, қамқорлыққа бөленеді, адамдарға деген шынайы қызығушылығы артады, оларға көмектесуге тырысады және де өздеріне басқалардың көмегін ала алады. Ол әртүрлі қарым-қатынас стиліне белсенді қатыса алады, оның өзіне онша таныс емес коммуникативті дағдылары мен жасай алушылық қасиеттерін үйренуге және дағдылануға мүмкіндік алады, соның өзінде психологиялық комфорт пен қауіпсіздікті сезіне алады. Ең бастысы, мұндай сабақтар – тұлғаны қоғамдағы толыққанды, белсенді өмірге қарқынды (интенсивті) дайындау. Психологиялық топтық тренингтің кілттік идеясы, тұлғаның дамуын, оның шектелулері мен комплекстерін алып тастау жолымен дамытуға ұмтылуына көмек, жекелік потенциалдан босату; өзгерісті әлемде адамдық «МЕНнің» трансформациясының, өзгерісінің идеясы.

Тренингтің спецификалық чертасы болып табылады:

- топтық жұмыстың бірқатар принциптерін қадағалау;

- топ қатысушыларының өзін-өзі дамытуда психологиялық көмекке мақсаттау;

- аз да көп те болса да тұрақты топтың болуы;

- анықталған кеңістікті ұжым;

- топ қатысушыларының араларындағы өзара қарым-қатынасына акцент;

- топ жұмысының белсенді әдістерін қолдану;

- субъективті сезімдер мен эмойияларды объективтеу;

- қарым-қатынаста бостандық және еркіндік атмосферасы.


Тренингтік топтың жалпы мақсаты:

- топ қатысушыларының психологиялық проблемаларын зерттеу және олардың шешіміне көмек көрсету;

- субъективті өзін сезінуді және психикалық денсаулықты жақсарту;

- адамдармен қарым-қатынастың үйлесімдірілек болуы үшін тұлғааралық өзара әсерінің тиімді әдістері мен механизмдерін, психологиялық заңдылықтарын зерттеу;

- ішкі және мінез-құлықтық өзгерістер негізінде эмоционалдық бұзылулардың алдын алу немесе түзету үшін қатысушылардың өзіндік санасын дамыту;

- тұлғалық өсу, шығармашылық потенциалдың жұмсалуы, өмірлік қызметтің тиімді деңгейіне жетуге және бақыт пен жетістіктерді сезіну процесстеріне әсер ету.

Топ қатысушыларының саны төрт адамнан кем, 15-тен артық болмауы керек. Ең дұрысы қатысушылар саны он екі болғаны жөн. Қатысушылардың мұндай санды құрауының тиімділігі, әрбір қатысушы әрқайсысымен өзара қарым-қатынаста бола алуында, ұйымдастырушылыққа мүмкіндік алады: он екі екіге, үшке, төртке бөлінеді, яғни, топпен жұмыс жасау барысында әртүрлі топшаға бөлінуге әбден мүмкіндік бар.

Топ жұмысының басында, жүргізуші сабақтың қортындысында қандай білім алып шығатындықтары туралы ақпарат береді. Содан соң топтағы жұмыс барысының принциптерімен таныстырады:

1. «Қазір және осы жерде» - бұл принцип, қатысушылардың дәл осы кездегі сезімдерінің, нақты жағдайға байланысты өтетін процесстерінің, дәл осы сәтте пайда болған ой-пікірлерінің талдануы. Кейбір айтылатын жағдайлар болмаса, өткен шақ пен болашаққа проекция жасауға тиым салынады.

2. Шынайылық және ашықтық. Қатысушыларды не қызықтырады, не толғандырады солардың барлығын шынайы түрде айтылса, сезімдерін ашық, ештеңені бүкпестен білдірсе, топ мүшелері жалпы жұмыс жасау барысында жақсы жетістіктерге жетеді.

3. «МЕН» принципі. Қатысушылардың негізгі назарын өзін-өзі тануға, өзін-өзі талдауға және рефлекция процесстеріне шоғылдырғандары жөн. Нақты адамның сезімдері мен ойларын басқа адамның жауапкершілігіне жүктеп қоятындай, «біз есептейміз...», «біздің пікіріміз басқаша...» деген аморфты «біз» сөзін қолдануға тиым салынады.

4. Белсенділік. Психологиялық тренинг оқыту мен дамудың белсенді әдісіне жататындықтан, тренингтегі болып жатқан жағдайлардың барлығына қатысушылардың белсенді түрде қатысуы міндетті болып есептеледі.

5. Конфиденциальность. Нақты қатысушыға байланысты, топта айтылғандардың барлығы топтың ішінде қалуы шарт – психологиялық қауіпсіздік пен адамның ішкі сырын өзінің ашуына атмосфера тудыратын жағдай ретіндегі табиғи этикалық талап.

Тренингтік топ өз қалауы бойынша нормалар мен ережелерді енгізе алады.


Тренингтік сабақтардың құрылымы


Әр сабақ бес негізгі бөліктерден тұрады:

І. Сәлемдесу.

ІІ. Сергіту. Топ қатысушыларының белсенділік көрсетуіне, қысым түсірмей, мейірімділікті білдіретін атмосфераны тудырушы, топты біріктірушілікті жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік беретін жаттығуларды қосады.

ІІІ. Сабақтың негізгі мазмұны. Тренингтің басты мақсатын орындатуға көмектесетін тапсырмалар мен жаттығулар, рөлдік ойындар жиыны.

IV. Сабақтың рефлекциясы. Әр сабақтың соңында, қатысушылар өздерінің сезімдерімен, әсерлерімен алмасуға, пікірлерін айтып, өз жетістіктерімен бөлісуге уақыт қалдыру қажет.

V. Қоштасу.

Қатысушының жасаған әр жаттығуы талдаумен аяқталады. Талдауда, қатысушыда кездесетін қиындықтарға, күйзелістерге, сезімдерге аса назар аударылады.

Тренингтегі сәлемдесуді, сабақтың рефлексиясы мен қоштасуды топтық дәстүрде бекіту қажет.



Тренингтік сабақтарды өткізудегі практикалық психологтар, әлеуметтік қызметкерлер мен педагогтарға кеңестер


Тренингті жеткіншектермен сыныптан тыс жұмыстар ретінде жүргізуге де болады. Бағдарлама 2 сағат көлемінде, 10-12 сабақпен есептеліп жасалған. Қажет болған жағдайда, топтың даму үрдісі барысында бағдарламаға коррективкалар енгізуге болады. Қатысушылар саны 15-тен көп болмауы керек.

Тренинг өтетін орын. Сабақтан сабаққа өткен уақытта қайталанбайтын шығармашылық атмосфера сақталу үшін, осы тренинг өткізуде бөлек бөлме бөлінгені аса маңызды. Тренинг барысында қатысушылар шығармашылыққа толы атмосферада ешқандай да алдын ала дайындықсыз жұмысын жалғастыруға жақсы көмек болар еді.

Жүргізушіге кеңес. Жүргізушіге, нақты бір мазмұнға бағыт алумен қатар (ақпараттарды беру, белгілі бір дағдыларды дамыту), тренинг үдерісіне де (топ қатысушыларының арасындағы қарым-қатынас динамикасы) бағдар жасағаны дұрыс. Сонымен қатар, жүргізуші топтық жұмыстың этикалық ережелерін де білгені абзал және оны үнемі ұстанғаны жөн, себебі топтағы жұмыс, жеткіншектің тұлға болып қалыптасуына қатты әсер етеді. Әсіресе бұл тренингтің соңында тарап кетпейтін топтарға арналған (мысалы, мектеп базасына бағдарланған топ). Мұндай топтардағы жетекшінің жіберген кішкене де болса қателігі, алдағы уақытта олардың қатысушыларына кәдімгідей кері әсерін тигізуі мүмкін. Жүргізушінің, топтық жұмыстың ең негізгі принциптерін есінде ұстағаны жөн:

  • балаларға топ жұмыстары жөнінде толық ақпараттар беру: оның мақсаты, жоспарланған жұмыстардың мәселелері, қатысушыларға қойылатын талаптар. Топта нендей жағдай болатындығын да айту қажет. Әр қатысушы тренингке өз ерікімен қатысуға келісімін бергені жөн.

  • Конфиденциальность. Топтағы нақты бір қатысушыға байланысты айтылғандардың барлығы сыртқа айтылмауы керек. Тек қана ерекше жағдайда ғана жүргізуші ақпаратты сыртқа шығара алады (баланың немесе топтың басқа да қатысушыларының жетістігін (благополучие) сақтау мақсатында).

  • Өз еркімен принципі. Топ мүшелері кейбір жаттығуларға қатыспауына да болады және жетекші олардың мүдделеріне сәйкес әрекет жасап, топтың оған қысым жасауынан қорғауы қажет. Сонымен қоса, кез келген қатысушы алдын ала жетекшіні және топ мүшелерін де өз шешімі туралы ескерте отырып, топтан шығуына құқықты.

  • Топ қатысушыларын психологиялық және физикалық қауіпсіздігімен қамтамасыздандыру. Топта денелік және вербалді агрессия болмауы керек. Жетекші топ қатысушыларының барлығына қауіпсіздік кепілдігі болуы қажет. Басынан бастап, қатысушылардың келісімімен, өз сезімдерін ашық айту туралы ереже енгізулері қажет, бірақ та мінез-құлықтарына баға беруден немесе бір-біріне жағымсыз нәрселерді айтып салудан аулақ болғандары жөн.

Қатысушыларды бұл ақпараттармен таңдау барысында таныстыру керек. Бұл топ жұмысының ережесін қабылдау үшін негіз болып табылады.

Топ жұмысының тиімділігі мен слаженность, жетекшінің нұсқауды нақ, екі ойлы емес, топ қатысушыларының барлығына түсінікті болатындай бере алғандығына байланысты. Әсіресе, егер бір қатысушы жұпсыз қалған жағдайда немесе жаттығу жетекшінің тікелей бақылауын қажет етпеген сәтте, оның жағынан басқару керек болмаған кезде жүргізуші кейбір жаттығуларға қатысуына болады.


Әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы


1 сабақ

Мақсаты:

- қатысушыларды тренинг бағдарламасымен таныстыру;

- қатысушыларды бір-бірімен таныстыру;

- топтық жұмыстың ережелерін қабылдау;

- жалпы психологиялық настройды жақсарту;

- тренинг қатысушыларының психологиялық раскрепощение.

Сабақ жетекшінің сәлемдесуімен, оның тренинг бағдарламасы, мақсаты, ең бірінші қатысушыларға айтылатын нәрсе, олардың тренингтен не күтетіндіктері туралы ой бөлісуден, не үйреніп, не білгісі келетіндіктері жөнінде әңгіме қозғаудан басталады. Бұл тренерге, қатысушылардың талаптарына сәйкес бағдарламаға корректировка жасауына көмектеседі, содан соң қатысушыларға топ жұмысының ережесін, принциптерін жасап, жетілдіру ұсынылады. Талаптар тақтаға немесе ватманға жазылып, көрнекті жерде тренинг біткенше сақталады.

Танысу

Жаттығу «Қарлы түйнек»

Мақсаты: топтың барлық қатысушыларының есімдерін естеріне сақтау және эмоционалдық қысымын түсіру.

Жетекші қатысушыларға сағат тілінің қозғалысы бойынша есімдерін атауды ұсынады, бірінші қатысушы өзінің есімін айтады, екінші ең алдымен бірінші қатысушының есімін, сосын өзінің есімін атайды, үшінші алдындағы қатысушылардың есімдерін, содан соң өзінің есімін атайды және т.б. Ең соңғы қатысушыға қиынырақ соғады, реті келсе жетекші барлық қатысушының есімдерін еш қатесіз қайталауы қажет.


Сергіту.

Жаттығу «Үрленген қуыршақ»

Мақсаты: қатысушылардың қысылушылық қысымын жеңу, бұлшық етті босаңдатуға жаттығу.

Нұсқау. қазір біз үрлемелі қуыршаққа айнаалмыз, бізден ауа шығарылған, яғни басыңызды еңкейтіңіз, қолдарыңызды төмен түсіріңіз, бүкіл денеңізді босаңдатыңыз. Мен қазір үрлеуіш құралының қызметін атқаратын боламын және «пщ, пщ, пщ» сияқты дыбыс шығара отырып, дөңгелекті толытрып жатқан адамның жұмысын еске түсіретін қимылдар жасаймын. Ал сіздер осы уақытта, әрбір ауа жіберуде ауамен толығасыз және денеңізді түзете бастайсыз, қолдарыңызды жоғары көтеріп, барлық бұлшық еттеріңізге қысым түсіресіз. Барлығы тұрып, бұлшық еттеріне қысым түсіргеннен соң, жүргізуші былай дейді: мен қазір тығынды аламын, барлық қуыршақтар ауа шығатын сияқты дыбысты шығарады да орындықтарға отырады, денелерін босаңдатады.


Сабақтың негізгі мазмұны

Жаттығу «Өзара презентациялар»

Мақсаты: бірін-бірі жақынырақ білуге көмектесу, презентация уақытында уақытты есептеу қабілетін жетілдіреді, серіктес туралы айтылған ақпараттарды қысқа да нұсқа жеткізуге, басқа адамның жан дүниесіне «еніп, сезінуге», жетпеген ақпараттарды жете ойлауға мүмкіндік береді.

Барлық қатысушылар жұп-жұпқа бөлінеді, бір-біріне онша таныс емес қатысушылар жұптасқаны жөн. Тапсырма беріледі: 3 минуттың көлемінде өзіңіз туралы айтыңыз (жасы, немен айналысасыз, отбасы, бұл жерге не ала келді, өміріңіздегі ең қызық оқиғаңыз...). Содан соң серіктесіңізбен алмасасыз. Енді презентация уақыты басталады: қатысушылардың бірі өзінің серіктесінің арт жағында тұрып, оның иығына қолын қоя отырып, серіктесінің атынан, өзінің естігенін әңгімелейді.

Сабақтың рефлексиясы.

Әңгіме түрінде, сабақты толық талдау күйінде өткізіледі. Жетекші қатысушыларға олардың көңіл-күйлерінің қандай екендігі туралы, қалай сезінетіндіктері жөнінде, қазіргі кездегі талаптары және т.б. сұрақтар береді.


Қоштасу.

Жаттығу «Энергетикалық босаңдық»

Барлық қатысушылар қолдарымен ұстана отырып (сол қолының алақаны жоғары қарай қойылған – қабылдаушы, оң алақаны төмен - беруші) шеңбер құрады, көздерін жұмып, энергия (1-2 минут) өзінің төңірегінде жүр деп елестетуі керек.


2 сабақ

Күн мақстаы:

  • топтың бірігуіне арналған жаттығулар;

  • топтың потенциалды көшбасшыларын айқындау;

  • жалпы психологиялық настройды жақсарту;

  • тренинг қатысушыларының психологиялық раскрепощение;

  • тренинг қатысушыларының әрі қарай танысуы.

Сәлемдесу. Дәстүр бойынша.

Сергіту.

Жаттығу «Үшінші артық»

Қатысушылар жұп-жұпқа бөлінеді де беттерін ортаға беріп, жалпы шеңдер құрып тұрады. Қашатын және оны қуатын қатысушылар таңдалады. Шеңберді қиып өтуга болмайды. Қашатын адам бір жұптың алдына келіп тұра қалады, қашатын адамның рөлі, жұптың сырттында тұрған қатысушыға тиеді. Үшінші артық.


Сабақтың негізгі мазмұны

Жаттығу «Менің өмірім»

Мақсаты: топ қатысушыларымен тереңірек танысу, есімдерін еске түсіру, жаттығу топтағы сенімділік атмосферасын қалыптастыруға көмектеседі.

Материалдары: әрбір қатысушыға бір парақ қағаздан, маркер, қарындаш, қалам, скотч қажет болады.

Нұсқау: әр қатысушыға парақ пен маркер таратылады, ол параққа өз есімін жазады және өз өмірін бейнелейді (қатысушылар өмірлерінің қай мезгілін және қандай күйде, сурет күйінде салады ма әлде өзіне бір маңызды кезеңдерін сөздермен жазады ма, немесе стрелка немесе төмпешік сияқты жолдармен бейнелей ме т.б. өздері біледі). Суретке 5-10 минут бөлінеді. Содан соң өзінің жасаған жұмысын презентациялау басталады. Ең дұрысы жүргізушіден бастаған жөн, бұл барлық қатысушылардың ашылуына көмектеседі.

Жаттығудың рефлексиясы: Өмірден бірнеше жағдайлар келтірілуі мүмкін. Пессимисті көңіл-күйлі жағдайда болған сәтті, қайғы, зорлық-зомбылық, өмірден түңілу және т.б. болған кезеңдерді назардан тыс қалдырмауға кеңес беріледі. Өмірлік жағдайдың өзгеруіне және эмоционалды қолдау көрсетуді топпен қосылып жасаған дұрыс. Жүргізуші бұл жаттығуда адекватты психологиялық әдістерді қолдануына болады (Гешталь-терапия, мінез-құлықты психотерапия, позитивті психотерапия, НЛБ).


Эмоционалдық қысымды алып тастауға психотехникалық ойын.

«Атомдар мен молекула» ойыны

Жүргізуші: қазір барлығымыз жеңіл ғана бүрісіп түйін сияқты кейіпті келтіреміз. Сіз – бейберекет қозғалыстағы жалғыз атомдарсыз. Менің бұйрығым бойынша молекула құрасыздар. Мысалы, «үш» командасы бойынша әр молекулада үш-үштен атом болып бірігесіздер. Кім де кім еш молекулаға енбей қалса, ол ойыннан шығады. Әр түрлі сандар аталады, бірақ та 4-5-тен аспауы қажет.

Сабақтың рефлексиясы. Дәстүр бойынша.

Қоштасу. Дәстүр бойынша.


3 сабақ

Күннің мақсаты:

  • ата-анамен болған пробелмаларды конструктивті әдістермен шешу;

  • жалпы психологиялық настройды жақсарту;

  • тренинг қатысушыларының психологиялық ашылуы;

Сәлемдесу.

Сергіту.

Жаттығу «Ұжымдық есептесу»

Мақсаты: өзара әсерге және бірігіп жұмыс жасауға настроиться.

Нұсқау: Кімнен кейін кім және кімнің бастайтынын бір-бірімен алдын ала келіспей-ақ онға дейін санау керек. Ол үшін тек қана бастарын төмен түсіру керек. Жаттығуды қайта бастау керек, егер де бір санды бірнеше адам бір мезгілде бірдей айтса.


Сабақтың негізгі мазмұны


«Менің отбасым» жаттығуы

Қатысушылар шеңбер бойынша отырады, әрқайсысында бір-бір парақ пен қалам беріледі.

Нұсқау: Парақтарыңызды екіге бөлуіңізді және төмендегі сөйлемдердің жалғасын жазуларыңызды сұраймын:

    1. Мен өз отбасымды жақсы көремін, себебі...

    2. Менің отбасымда маған ұнамайтыны..., себебі...

Содан соң қатысушылар қағаздарын қолдарына ұстап, бөлмеде жүреді, үндемей ғана бір-бірінің қағаздарында жазылғандарды оқиды. Бір-бірімен дауыстап сөйлесуге немесе шетте тұруға болмайды. Барлығы бір-бірінің жазғандарымен танысқан соң, парақтар тақтаға немесе қабырғаға ілініп қойылады. Талдауға кірісеміз:

- Сіздің проблемаларыңыз сияқты проблемасы бар адаммен кездескен уақытта қандай сезімде болдыңыз?

- Туындаған проблемадағы сіздің жеке қатынасыңыз нендей?

- Проблеманы қалай шешуге болады екен?

- Проблемадан құтылған уақыттыңызда не өзгерер еді?

- Проблеасыз адамды кездестірген сәтте не сезіндіңіз?

- Берілген сөйлемнің жалғасын жазған сәтте қиындықтар сезіндіңіз бе?

Жаттығу «Ортақ тіл»

Топ үшке бөлінеді.

Нұсқау: қазіргі сәтте ата-анамыздан басқа ешкім де бізге қатты әсер ете алмайды. Сен анаңмен немесе әкеңмен бірнеше сағат бойы бір түкке тұрғысыз мәселені талдай аласыздар, мысалы, туылған күніңді қай жерде атап өту туралы, бірақ та қарама-қарсы жақтың айтқан аргументтерін тіпті түсінбек түгілі ести алмайтындай дәрежеде боласыздар. Бірақ та бәрі де өз орнына келе қалуы үшін, дауыс ырғағы немесе көзқарасты сәл өзгерту жеткілікті екен. Қазір біз рөлдік ойынды өткіземіз. Кім әке, кімнің ана, кімнің бала болатындығын анықтап алыңыздар. Сіздер қарым-қатынастың шектеулі мүмкіндіктерінде боласыздар: анасы – көрмейді, әкесі – естімейді, ұлы/қызы –қозғалмайды. Сіздер баланың туылған күнін қайда, қашан, нендей жағдайда, қандай шектеуліктермен өткізу керектігін ақылдасып, келісесіздер. Қатысушылардың әрқайсысында өздерінің сұраулары бар: әкесі туылған күннің уақыты кішкене ауыстырылса және үйде аталып өтсе екен дейді; анасы – үйде, уақытында өткізуді; баласы – дискотекада достарымен өткізуді қалайды.

Қатысушылардың әрқайсысы өз рөлдерін фантазиялары мен әртістік қабілеттерін қоса орындайды және шектелулермен санасады. Отбасылық процесске 5-7 минут қажет. Содан соң алынған қорытынды талданады, кім ата-аналарымен келісе алды, неге, кім келісе алмады, неге. Осыған ұқсас сіздің отбасыңызда қалай өтеді?

Жаттығу «Жақтырмаушылық пен ризашылық шеңбері»

Қатысушылар екі шеңбер құрады: сыртқы (қатысушылар беттерін ортаға қарап тұрады) және ішкі (беттерін сыртқа қаратады). Бір-біріне қарама-қарсы тұрған жұп құрылуы керек.

Нұсқау: Жаттығу екі сатыдан тұрады, ішкі шеңберде тұрғандар ата-ана рөлін атқарады және «балаларының» (сыртқы шеңбер) айтқан көңілі толмаған сөздерін тыңдайды, ата-аналарының көздері байлаулы. Балалары өздерінің көңілдері толмаған нәрселерін қарсыласына айтады, менің берген белгім бойынша оңға қарай екі адамға жылжиды, әрі қарай жалғастырады. Барлығы шеңбер бойынша жүріп өткеннен соң, орындарымен ауысады, ата-анасы - бала, бала – ата-ана рөлін атқарады, өз проблемаларын айта бастайды, әрі қарай барлығы жоғарыда жүргізілгендей.

Көңілі толмағандықты барлық қатысушы айтып болғаннан соң, жаттығудың екінші сатысы басталады. Қатысушылар енді ата-аналарына өздерінің алғыстарын айта бастайды, ата-аналарының көздері байлаулы болғаны шарт.

Рефлексия. Көңіліңіз толмаған сөздер мен ризашылығыңызды білдірген уақытта қандай сезімде болдыңыз?


ИСПОЛЬЗОВАННАЯ ЛИТЕРАТУРА


  1. Амбрумова А.Г., Тихоненко В.А. Диагностика суицидального поведения: Методические рекомендации. М., 1980

  2. Дюркгейм Э. Самоубийство//Суицид. Хрестоматия по суицидологи. Киев, 1996

  3. Вачков И.В. Основы технологии группового тренинга. Психотехники: Учебное пособие. – 2 изд., перераб. и доп. – М. Издательство «Ось-89» - 2000

  4. Козлов Н.И. Лучшие психологические игры и упражнения. Екатеринбург, 1995

  5. Кон И.С. Психология ранней юности. М.: Просвещение, 1989

  6. Кэдьюсон Х., Шефер Ч. Практикум по игровой психотерапии. Спб.: Просвещение, 1991

  7. Лидерс А.Г. Психологический тренинг с подростками. М., 2001

  8. Общение и личностный рост. Сборник учебно-методических пособий для практических психологов, педагогов, воспитателей, родителей (составитель Такташева Е.К.). Барнаул: Издательство АКИПКРО, 1994

  9. Райс Ф. Психология подросткового и юношеского возраста. Спб., 2000

  10. Рождественский Н.А. Как понять подростка. М.: Роспедагентство, 1995

  11. Рудестам К. Групповая психотерапия. Психокоррекционные группы: теория и практика. М.: Прогресс, 1993

  12. Спиркин А.Г. Сознание и самосознание. М.: Издательство политической литературы, 1972

  13. Цзен Н.В., Пахомов Ю.В. Психотренинг: игры и упражнения. М.: Физкультура и спорт, 1988





15




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Поделитесь с друзьями
ВКонтактеОдноклассникиTwitterМой МирLiveJournalGoogle PlusЯндекс