СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Бізге қуыршақтар келді"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Бізге қуыршақтар келді" тех карта

Просмотр содержимого документа
«"Бізге қуыршақтар келді"»


Жұлдыз» ІІ кіш тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 02.11.2016ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Бізге қуыршақтар келді»

Мақсаты: Түрлі қуыршақтар туралы қысқа сипаттау мәтінін(әңгімесін) құрастыруға үйретуді жалғастыру.Заттардың белгілерін атауға үйрету. (үлкен,кішкентай қуыршақ, әдемі, сәнді көйлек , жағасы ақ). Артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.Бір-біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: №9 үлестірмелі материал (қолында ойыншықтары бар балалардың суреті).

Қостілділік компонент:әдемі-красивый, көйлек-платье.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз,қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз. (М.Жаманбалинов)

Шаттық шеңберге тұрады,қимылмен көрсетеді.






Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Балаларға қонаққа Шолпан және оның інісі Қанат келеді. сурет бойынша жұмыс :

-Қараңдаршы, қандай әдемі, беті-қолы тап-таза. Шолпан қандай көйлек киіп алыпты?

-Шолпанның көйлегі қандай?

-Қанат үстіне қандай жейде киіп алыпты?


Қостілділік компонент:әдемі- красивый, көйлек- платье.


-Балалар, Қанат пен Шолпан сендермен «Мынау не?» ойынын ойнағысы келеді.

Топтағы ойыншықтарды, оның ішінде оюды көрсетіп:

-Мынау не?

-Бұл аю. Бұл үлкен пүліштен жасалған үлкен аю. Пүліш- жұмсақ мата. Өзі тап-таза. мойынында қызыл таспасы бар.

-Ал мынау –кішкентай аюдың баласы қонжық.

Қоңыр түсті. Бірнеше баланы шақырып, аюды қолдарына беріп ұстатады. Қуыршақ ұл баланы көрсетіп:

Бұл баланың аты-Қанат. Кішкентай Қанаттың да сендермен ойнағысы келеді. Ол машинамен ойнағанды жақсы көреді,- дейді

- Балалар бұл не?

-Қандай машина?

-Түсі қандай?

-Мынау не?

-Ал мынау ше? (Дөңгелегін көрсетеді)

-Машинаға кімді отырғызайық?

-Кім жүргізуші болады?

-Дұрыс Қанат болсын.

-Бәрін отырғыздыңдар ма?Онда жүрейік,- деп педагог өзі машина сияқты «дөөөт-дөөт» деп уілдейді, балалар да қосылып, «дөөөт-дөөт» дейді.Соңынана машинаны үстелдің үтінен алады да: «алысқа кеттік», деп, ойынды аяқтайды.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді. (Т.Бердияров)

9 үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Балаларға Қанаттың машинасы мен Шолпанның қонжығын қатты ұнағанын айтып,енді өздеріне де тура сондай машинаны қонжықты бояп алуларын ұсынады.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті ойыншықтары туралы және олардың не себепті ұнайтынын сұрау.

Қуыршақтармен сәлемдеседі, танысады.



-Әдемі.

-Сәнді, жағасы ақ, көк көйлек.

Әдемі-краивый, көлек –платье сөздерін қайтайды.






Сұрақтарға жауап береді.



Балалар аюды ұстап, оның таза, мойыныныда қызыл таспасы бар екенін, оның баласы қонжық екенін біледі.



-Машина.

-Үлкен машина.

-Түсі қызыл.

-Рулі.

-Дөңгелегі.

-Қуыршақтарды отырғызайық.














Қимылын көрсетеді.





Балалар көрсетілген үлгі бойынша түрлі-түсті қарындашпен бояйды.


Рефлексиялық-

түзетушілік

Балалар ойыннан алған әсерлерін сұрақ-жауап арқылы білімдерін бекітіп, оқу іс-әрекетін қортындылау.






Балалардың жауабы.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: заттардың белгілерін атау (үлкен,кішкентай,әдемі, сәнді) тәрізді тапсырмаларды;

Игерді: ойыншықтарды сипаттау арқылы мәтін туралы ұғымды;

Меңгерді: ойыншықтарды сипаттау кезінде жаңа сөздерді.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!