СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Бұл менің досым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:«Бұл - менің досым».

Мақсаты: Өз досы туралы  қысқаша әңгімелей білу.

Міндеттер:

Білімділік:Сөздерді орынды қолдана алу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушы: Диалог түрінде сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиеленуші: Балаларды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«"Бұл менің досым"»

Ұймдастырылған оқу қызметінің картасы

Топ: Дайындық.

Білім беру саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Қазақ тілі.

Тақырыбы:«Бұл - менің досым».

Мақсаты: Өз досы туралы қысқаша әңгімелей білу.

Міндеттер:

Білімділік:Сөздерді орынды қолдана алу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушы: Диалог түрінде сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиеленуші: Балаларды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс : дос, менің досым, досымның аты ..., ол алты жаста

Көп тілді компанет: дос - friend

Құралдар: суреттер, Лэпбук, мнемокесте, деңгейлік карточкалар, ӘД

Әдіс-тәсілдер:қайталау, әңгімелеу, сөздік жұмысы, деңгейлік жұмыс, сөйлем құрастыру.


Мотивациялық қозғаушылқ:


І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

-Сенің атың кім? -Менің атым- Света.

-Сен неше жастасың? -Мен алты жастамын.

-Тәрбиешінің аты кім? -Тәрбиешінің аты – Галина Владимировна.


Ой тастау әдісі.

-Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, кімнің қандай досы бар? –деп сұрау.

Балалардың жауаптарын тыңдап, бүгінгі тақырыбымыз достық туралы екенін айту.


ІІ.Ұйымдастырушылық ізденістік.

Жаңа тақырып.

1.Әңгімелеу: -Кім айтады, дос қандай болу керек? (балалардың жауаптары)

Дұрыс, «дос деген» сенімді, адал болу керек, -деп толықтыру.

2.Сөздік жұмысы.

Мақсаты: жаңа сөздерді меңгерту.

Жаңа сөздерді аудиотаспадан тыңдатып, бірнеше рет қайталатқызу.

дос, менің досым, досымның аты ..., ол алты жаста, дос friend

3. Фонетикалық жаттығу.

Д/о: «Дыбыстарды тап, сана, дыбыста»

Мақсаты: Дыбыстау, санау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Суретке назар аударып, қатысты дыбыстарды табады, санайды, дыбыстайды. Сөздерді табады.

4. Сергіту сәті: Менің қалым тамаша, Сіздікі де тамаша!

Сенің қалың жақсы ма? Оның қалы жақсы ма?

Барлығы да тамаша!

5.Жеке жұмыс (Лэпбук)

Балалар білім деңгейлеріне қарай тапсырмаларды орындайды.

* «Сөзді аяқта»

До....., менің до...., сенің до....

* «Неше буын»

* «Ребусты шеш»

Д О С

6. Тіл дамыту. Сөйлем құрастыру (мнемокесте)

Мақсаты: Өз досы туралы қысқаша әңгімелей білу.

(Мнемокестеге сүйеніп, сөйлем құрастырады)

-Менің досым бар. Оның аты – Кирилл. Ол алты жаста.

ІІІ. Рефлексиялық – түзетушілік.

Қорытындылау:

«Сұхбат» ойыны.

Мақсаты: диалог түрінде сөйлей білу қабілеттерін дамыту.

Жүргізуші бала балаларға сұрақ қойып, жауаптарын алады.

-Сенің досың бар ма?

-Менің досым бар.

-Оның аты кім?

-Оның аты .....


«Бағдаршам» әдісімен сабақты қорытындылау.

Мадақтау. Қоштасу.