Ұ,М Актуалдау үшін оқушыларға сұрақ ретінде тапсырмалар ұсыну.Ауызша орындату. Дәреже түріне келтіріңдер: Өрнектің мәні оң және теріс сан болатынын анықтаңдар: Есептеңіз: (3*2)2-3*22 0,125*105 Ө Математикалық диктант: 1. t жылда неше ай бар? 2. n сағатта неше минут бар? 3. Қабырғалары a және b болатын тіктөртбұрыштың ауданы 4.Бесінші дәрежелі x пен төртінші дәрежелі y – тің көбейтіндісі 5.Қабырғасы с болатын текшенің көлемі Балалар өз жауаптарын тақтадағы жазылып тұрған өрнектер ішінен сәйкесін тауып, тексереді. Тақтада: 1000, 50, 5, x 4 , 12 t, 2 x 2 ·3 x 3, 60 n, 3 ав, с2, 2, 60 n , ав, п r 2, а 2в, х 5 у 4, 25 авс (– 0,2) в, 2 х2 ·3х3. Оқушылар біз нені қайталадық. Қалай ойлайсындар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы неге байланысты? М Мұғалім сабақ тақырыбын айтады. Сабақтың мақсатын айтып, оқушылармен бірге бағалау критерийлерін құрады. Жаңа тақырыпты ашу: . Тақырыбымыз: Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану. Презентация арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру. Бүтін өрнектердің ішіндегі ең қарапайымы – көбейту амалын пайдаланып, сандардан, әріптерден және олардың дәрежелерінен құрастырылған өрнек. Мысалы: 2а ; abc; 0,2bc ; -5ab .Мұндай өрнектерді бірмүше деп атайды. болады.Мысалы: 2а2 ; а2(-3b2); 4a2b3c. 4a2b3c бірмүшесіндегі сандық көбейткіш 4-коэффициент деп, ал a2 ; b3 ;c әріп көбейткіштер деп аталады. Бір ғана саннан немесе бір ғана әріптен тұратын өрнек те бірмүше болады.Мысалы: 5; а; х; ; - бірмүшелер. Анықтама: Сандар мен әріптерден көбейту амалы арқылы құрастырылған бүтін өрнекті бірмүше деп атайды. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолданып 2b3(-3)bc2 бірмүшені ықшамдайық : 2b3(-3)bc2= 2 (-3)b3bc2 = -6b4c2 . Біз 2b3(-3)bc2 бірмүшені тек бір ғана сандық көбейткіш ,ал қалғандары әр түрлі әріп негіздегі дәрежелер түріне келтірдік. Мұндай бірмүшені стандарт түрдегі бірмүше деп атайды. Кез келген бірмүшені стандарт түрде жазуға болады. Стандарт түрдегі бірмүшенің сандық көбейткішін бірмүшенің коэффициенті деп атайды. 8a2bc3 бірмүшесінде барлық әріптер дәреже көрсеткіштерінің қосындысы (2+1+3)=6-ға тең.Бұл қосындыны (6-ны ) 8a2bc3 бірмүшесінің дәрежесі деп атайды.Егер бірмүшеде әріп көбейткіш жоқ болса, онда оның дәреже көрсеткіші нөлге тең деп саналады. Бірмүшелерді көбейткенде және дәрежеге шығарғанда негіздері бірдей дәрежелерді көбейту мен дәрежеге шығару ережесін қолданамыз. Мысалы: 1) -5a2bc мен 4a2b4 бірмүшелерін көбейту үшін сандық көбейткіштерді және негіздері бірдей дәрежелерді жеке-жеке топтастырамыз -5a2bc∙4a2b4=(-5∙4)(a2∙a2)(b∙b4)c =-20a4b5c 2) –х2у , 4х3у2 және -5ху бірмүшелердің көбейтіндісін анықтайық: –х2у ∙ 4х3у2 ∙ (-5ху)= -1∙4∙ (-5) (x2x3x)(yy2y)=20x6y4 Бірмүшені дәрежеге шығарғанда көбейтіндіні және дәрежеге шығару ережелерін қолданып, шыққан өрнекті ықшамдайды: Мысалы: 1) (-2a2b )3= (-2)3 (a2)3 b3= -8a6b3 2) (-x3y2)4= (-1)4(x3)4 (y2)4= x12y8 Кері байланыс. Оқушыларға сұрақтар қою: 1.Санды өрнек,яғни жай ғана сан бірмүше болады ма? 2.Бірмүшелерді көбейту амалын орындағанда қандай ережелерді қолданамыз? 3.Ұқсас бірмүшелер дегеніміз қандай бірмүшелер болуы мүмкін? Ұқсас бірмүшелерге мысал келтіру. Қорытынды жасаңыз. Типтік есептер шығару: № 171, 172(тақ), 174 дидактикалық материал Дифференциация есептер: 20.15, 20.19. Бағалау: 1.Дәреженің қасиетін біледі. 2.Бірмүшені стандарт түрге келтіре алады. 3.Бірмүшеге амалдар қолданады. Бағалау: 1.Дәреженің қасиетін біледі. 2.Өрнектерді ықшамдайды және сәйкестендіреді. 3.Бірмүшеге амалда қолданады. |