Ұйымдастырушылық ізденіс | Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешесіңдер ме? Жұмбақ: Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы Қыста қардан туатын, Тауып көрші сен оны (Аққала) Дұрыс, жарайсыңдар, балалар! Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, бұл суретте не бейнеленген? Аққала қандай геометриялық пішіндерден құралған екен? Дұрыс! Ал, аққаланы неден жасаймыз? Жылдың қай мезгілінде жасаймыз? Дұрыс! Аққаланың түсі қандай екен? Жарайсыңдар, балалар! Сендер аққала туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Бүгін біз сурет сабағында аққаланың суретін саламыз. Бірақ күндегідей қарындаштармен емес, жаңа тәсілмен саламыз. Ол үшін мен сендерге қағаз беремін, бәріміз бірге осы қағаздарды алақанымызға салып умаждайық. Мен сендерге аққала салынған беттерді таратып беремін, ал сендер осы умаждалған қағаздарды бояуға малып, аққаланы бояйсыңдар. Сергіту сәті: Жарайсыңдар, балалар! Енді орындарыңа отырыңдар, бояған суреттеріңді көрейік. Кімнің суреті ең әдемі болды екен? (Балалар суреттерін көрсетеді, тәрбиеші жұмыстарын бір – біне көрсетіп, балаларды мадақтайды) | иа Аққала! Аққала бейнеленген. Дөңгелектерден! Қыста қардан жасап ойнаймыз! Ақ (Балалар тапсырманы орындауға кіріседі) Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Су болады қолғаптар. |