Қош келдің, алтын күз!
Жүр-ші: - Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар, қонақтар, ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп, қуанышпен қарсы алайық. Ендеше біздің балалармен дайындаған « Алтын күз» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
(Музыка ырғағымен балалар залға кіреді.)
Инсар: Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам,
Дариядай шалқар күз.
Нұрсерік: Мерейлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз.
Эльмира: Күз де келді, күз келді,
Күдерін жаз үзгенді.
Күз де келді, күз келді
Көкте бұлттар жүз енді.
Абдумалік: Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Күз тартады атырап.
« Алтын күз» әні.
Жүр-ші: Біздің елге келіпті ғой, Алтын күз,
Жомарттығын бақыладық бәріміз.
Балалар айтыңдаршы,
Күз айларын тезірек?
Балалар: - Қыркүйек, қазан, қараша.
Алтынай:Қыркүйек айы болғанда
Қоңырау үні соғылды,
Күміс күйі төгілді.
Білуге талппынған
Балалар жиылды.
Мадина:Қазан айы болғанда
Қамбаға астық толғанда
Сары даланы сәндетіп
Думандатам әндетіп
Сезім: Қараша айы мен болам.
Бар өмірдің белесі
Адамзатқа бақ берген
Он екі айдың төресі
Жүр-ші: Жарайсыңдар қонақтар, балалар. Күздің мерекелік күндерін тамаша жеткіздіңдер, енді төрге шығып мерекеміздің қонағы болыңдар, төрлетіңдер.
Жүр-ші: Жапқандай жапырағы іздерді,
Қуантып байлығымен ізгі елді.
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы, сары алтын күз келді.
(Ішке сары киім киген түрлі түсті жапырақтар тағынған алтын күз келді.)
Алтын күз: Амансыңдар ма, балалар!
Ерінбестен еңбек етіп келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін.
Мен,мырза күз, ынтымақты еліңе,
Берекелі ырыс болып енетін.
Жүр-ші: Қош келдің, Алтын күз. Өзіңмен бірге береке- байлық, тоқшылық ала келдің. Оған біз өте қуаныштымын. Саған арнап ағылшынша өлең айтамыз тамашалаңыз.
Нұрсерік, Ернұр тақпақ «Ағылшынша өлең»
Алтын күз: -Балалар, мен сендерге өзімнің көкөністерімді ала келдім. Қане, көкөністер ортаға шыға қойыңдар.
Жүр-ші: Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, картоп, қияр, пияз,
Қып- қызыл піскен қызанақ,
Қырыққабатқа қарашы!
Көкөністер бір кезде
Жиыла қалып дауласты.
Сценка «Көкөністер дауы.»
Сәбіз: Кім бар сәбіз шырынын
Амирхан: Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Жүр-ші: Ызаланған қызылша қып- қызыл болып кетіпті.
Қызылша: Мен де бір сөз айтайын,
Амина: Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды,
Винегретте үстелде.
Қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда?
Алихан: Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана!
Қияр: Дәмім тілді үйірген
Рустам: Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Қызанақ: Піскен кезде қызанақ,
Жасмина: Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
Картоп: Мен ұлшақ картоппын
Ернұр: Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!
Пияз: Боламын мен демдеуіш,
Аңсар: Барлық- барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Асқабақ: Жиналып қаппыз бәріміз,
Жансая:Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Жүр-ші: Бос айтысты қойыңдар, дауласуды тоқтатыңтар.
Алтын күз: Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы,
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!
Хоровод: «Уражайная» би.
Ойын: «Көкөністер жинау»
Жүр-ші: Алтын күз, енді балалардың тақпақтарын тамашала.
Чингиз: Алақай-ау, алақай!
Шаттанады балақай.
Жер берді жемісті,
Қоңырқай күз келіпті.
.
Аружан: Сары жапырақ төгілген
Тоғайды да көрдім мен.
Енді сары бояумен
Күз суретін салам мен
Мұхамед:Сау-сау етіп жапырақ,
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып, атырап,
Көкте құстар тізілді.
«Ласковая осень» әні.
Жүр-ші: Алтын күз балалардың сізге арнаған тақпақтары таусылар емес.
Айдар: Ой, алақай, тамаша,
Шашау шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап.
Ералы: Сап- сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
Амина: Күзде жауын, бұлт тұман,
Сары жапырақ жауады.
Сары құйын ұйытқыған
Сапырады ауаны.
Сезім: Жаңбыр жауып басылды
Күннің көзі ашылды.
Айналаның бәріне
Шуақ сәуле шашылды.
«Жау жаңбыр » әні.
Би: «Қолшатырмен»
Алтын күз: - Ал, балалар, мен сендерге өте ризамын, мен туралы жаттаған тақпақтарыңды, әсем әндеріңді, билеген билеріңді де көріп мәз болдым. Рақмет сендерге, енді сендермен қоштасатын кез келді, бірақ менің сендерге әкелген сыйлықтарым бар, оны топқа барған соң бөлісіп жейсіңдер. Сау болыңдар, келесі жылы көріскенше.(кетеді)
Жүр-ші: Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі күз мерекесіне арналған
«Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтағалы отырмыз. Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйлаған сыйы әрбір отбасының ақ дастарқанынан арылмасын. Еліміз аман болып, заманымыз тыныш болсын.
Ертеңгілігімізді « Достық» атты әнімен аяқтайық.