СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қазақтың ұлттық киімін әшекейлеу»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қазақтың ұлттық киімін әшекейлеу»

Просмотр содержимого документа
««Қазақтың ұлттық киімін әшекейлеу»»

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімін әшекейлеу»



Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақтың сәндік қолданбалы өнері жайында түсінік беру; қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек түрлерінің ерекшеліктерін көрсету; киім үлгісіндегі ою-өрнектердің қарапайым түрлерін қағаз бетіне түсіріп, ұлттық киімдерін дайын шаблон арқылы әшекейлеуге үйрету

Сабақтың міндеті: оқушылардың шығармашылық ой қабілеттерін арттыру, эстетикалық тәрбие беру; жұмыс барысында оқушыларды қайшымен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау керектігін ескерту.

Оқушылардың сабаққа қажетті құрал –жабдықтары:

түрлі –түсті қатты қатырма қағаз, жұмсақ қағаз, фольга,

қайшы, желім, жылтыр желім, қол сүртетін орамал.







Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру бөлімі:

а) амандасу

ә) оқушыларды орналастыру

б) журнал бойынша тексеру.

2. Негізгі бөлім:

а) кіріспе

ә) сергіту жаттығуы (ойын)

б) сұрақ –жауап

в) тәжірибелік жұмыс, оқушылардың жұмыстарын

тексеру

д) қорытындылау.





Сабақтың барысы:



Кіріспе. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақтың ұлттық киімін әшекейлеу». Осы жұмысты дайын шаблон арқылы жасаймыз.

Бейнелеу өнерінің бір түрі –сәндік қолданбалы өнер. Бұл өнерде халық қолданатын заттарды – ыдысты, киімді, киізден жасалған бұйымдарды, жиһазды әдемілеуге, әшекейлеуге тырысқан. Қазақтың ұлттық киім –кешектеріне келсек, оның да ұлттық өзгешеліктері бар. Киімдерді алдымен көшіп –қонуға арнап тіккен. Ұлттық киімдер екі бағытта тігілген - әйел адам және ер адам киімдері.

Біз киімдердің бір қатар түрлеріне тоқталамыз. Ұлттық киімді бірінші таңдаған түрлі –түсті қатырма қағазға бастырып, үлгісін қиып аламыз да, үстіне кимешек, камзолды үйлестіріп жапсырып дайындаймыз. Содан соң оларды түстері келетін фольга немесе жылтыр қағаздан қарапайым ою -өрнек ойып әшекейлейміз.



Сергіту жаттығуы.

Ал, қазір балалар, жұмысқа жақсы кірісіп кету үшін денемізді шамалы қозғалтып, шынықтырып алайық. «Қыз қуу» ойынын ойнап жіберейік. Ол үшін бір қыз бала және бір ер баладан тұратын екі жұп керек. Мына ағаш атымызға мінген қыз бала мен ер бала белгілі арақашықтықта бір мезетте шабады. Ойын шарты бойынша қыз бала бұрылысқа бірінші болып жетуі тиіс. Егер ер бала бұрылысқа дейін қыз баланы қуып жетсе, жеңімпаз атанады, ал қуып жетпеген жағдайда қыз бала оны қамшымен ұрады. Екеуі де осы жарыста өздерінің тапқырлықтарын, шабандоздық шеберліктерін таныта білуі керек.

(Ойын ойналады, біткен соң балалар орындарына отырады.)



Сұрақ –жауап.

Бәрекелді, жарайсыңдар. Енді мұқият тыңдап, мынадай сұрақтарға жауап берейік:

Ерте заманда қыздар мен әжелердің қандай бас киімдері болған, олар қалай аталған?

Жауап : сәукеле, кимешек, шарқат, жаулық, орамал, тақия.

Ер баланың киімдері қандай болғанын атаңыз

Жауап: шапан, тон, мәсі, кебіс, т.б.

Ұлттық киімдерді бүгінде қай күні киеміз? Қандай мереке келе жатыр?

Жауап: Бүгінде Наурыз мерекесінде киеміз. Наурыз мерекесі келе жатыр.

Ұлттық ою -өрнек түрлерін білесіңдер ме?

Жауап: қошқар мүйіз, жұлдызша, ирек, түйе табан, т.б.





Сонымен, балалар, біз ұлттық киімдер түрлерін айқындадық. Сол киімдерге ата- бабаларымыз ою -өрнектің көптеген әсем түрлерін орналастырды. Біз енді жасымызға қарай қарапайым ою -өрнек түрлерін ойып, түстік шешімін табу арқылы қиып орналастырып, таңдаған ұлттық киімімізді әшекейлейміз. Кең тараған қошқар мүйіз, қызғалдақ, жұлдызша, ирек оюларын үлгілерге қарап, киімдеріміздің үстіне, ортасына, шетіне орналастырамыз.



Оюдың әр түрін көрсету, атауы жазылған.

Киім үстінде орналасқан үлгісін, орналасқан жерлерін көрсету.

Тәжірибелік жұмыс.

Жұмыс алдында балаларға қайшымен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын сақтау керектігін ескерту.

Оқушылардың ұлттық киімдердің түстік шешімдерін, оюды үйлесімділікпен орналастыруды дұрыс орындауын қарап шығу, жеке көмек көрсету.



Қорытындылау.

Сабақ соңында балалардың жұмыстарын бағалау.

Жақсы жұмыс істегендері үшін алғыс айту, қоштасу.





    1. Киімді әшекейлеу.



Өресі биік, өрісі кең өнер атауының қай саласынан болсын, жер

жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Ал қандай да болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан да біз оларды халықтық дейміз. Міне, сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де зәулім ғимараттар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім. Сол сияқты, қазіргі бізге келіп жеткен «Құстұмсық жүзік», «Құдағи жүзік», алтынмен апталып, күміспен күптелген алқалар мен өңіржиек, өңірше, үзбелі сырға, тоқым әбзелдері мен үй мүліктерінің сирек кездесетін үлгілері кейінгі ұрпақтар үшін аса бағалы мұра болып табылады. бірақ мұндағы өкінішті жай, сол халық шеберлерінің көпшілігінің есімдері тарихта қалмағандығы. Бұл әрине, ертеде өз жазу-сызуы болмаған қай халықтың болса да басынан өткен жайлар. Дегенмен, сол халық ортасынан шыққан шеберлердің көркемдеп, сәндеп жасаған бұйымдарының әсемдігіне, шебер жасалғандығына, қазір де қарап көз тоймайды.

Ал сол халық өнері шығармаларын жинап, зерттеуде, оларды насихаттауда Қазақстан музей қызметкерлерінің, ғалымдарының, археологтарының да еңбегі зор. Солардың тырнақтап жинаған асыл бұйымдары қазір республикамыздың тарихи-өлкетану және өнер зерттеу музейлерінде жинақталған. Осы музейлердің бәрінде де қазақ халқының тарихы, этнографиясы, ою-өрнектері жөнінде бағалы дүниелері бар.

Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылар мен коллекционерлердің ғана емес, ғалым-этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келген. Қазақ қолөнерінің өткендегісі мен бүгінгі жағдайын, оның өзіне тән методологиясын зерттеу, қазірдің өзінде де күн тәртібінен түспей жүрген мәселенің бірі.

ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан-ақ басталған бірқатар жұмыстар негізінде методологиялық жағынан зерттеудегі жіберілген кемшіліктер қазақ қолөнерінің творчестволық даму мүмкіншілігін дұрыс бағаламады. Мәселен, қазақ ою-өрнектерінің құрылысын, заңдылықтарын алаш рет байқауға ат салысқан С.М.Дудин, күнделікті сауда орындарына, фабрикаларда жасалып түсуіне байланысты қазақ өнері жақын уақыттың ішінде мүлде жойылады-мыс, қажетсіз болады-мыс деді.

Кейбір зерттеушілер мен творчество қызметкерлері қазақтың қолөнерінің идеялық маңызын көтеріп, қолөнердің ою-өрнек сияқты негізгі ұлттық қорын жоққа шығарды. Мәселен, С.МДудин, Е.Р.Шнейдер: «Қазақ ою-өрнегі иран мәдениетінің тек бір бөлігін ғана көрсетеді. Қазақ халқының ұлттық өнеріне жатпайды», - деп топшылады.

Бірақ халықтың қолөнері өзінің тарихы, теориясы мен кейбір ұйымдастыру мәселелерінің жеткілікті элементтеріне қарамастан, күнделікті тұрмысқа қажетті қоршаған затты, көпшілік тұтынатын бұйымды әсемдеуге бейім өнер ретінде, социалистік қоғам кезінде де жалпы мәдени дәрежені де жоғары көрсетуге тән дамып келе жатыр.

Біз жоғарыда көрсеткендей көне заманнан келе жатқан қолөнері өзінің өсу жолында өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалды. Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырды. Қолөнерінің қазіргі дәуірдегі дамуы күрделі де аса бай. Онымен бірге ол күнделікті тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді жан-жақты бейнелеуде, халықты эстетикалық жағынан тәрбилеуге қызмет етеді.

Ерте кездегі авторлардың айтуы бойынша Қазақстан топырағын мекендеп, тіршілік еткен сақтар мен массағаттардың барлық заттары әшекейленген, киімдерінің өзіне тән үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі шошақ бас киімі, ұзын шапаны мен көннен жасалған жұмсақ аяқ киімдері әшекейленген.

Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан жасалған. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан істелген. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіктер де мыстан соғылып, жүген-сулығы, ауыздығы, т.б. бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген», - деп жазады.

Сол дәуірдегі халық шеберлерінің қалыптасқан ою-өрнек үлгілері скифтердің мал шаруашылық мәдениеті жайында болғандықтан Алтайдағы Келес даласынан қазылып алынған заттар.

Ою-өрнектермен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар және төсек-орын, киім-кешек, ыдыстар, ер-тұрман тағы басқалар әшекейленген. Кесте тігу, тоқымашылық, өру, құрақ құрау өнері, ағаш бетіне күйдіріп ою салу немесе зергерлік, керамикалық, т.б. кең түрде қолданылды. Мұндай алтыннан айрақша күрделі өрнектер салынып жасалған заттар үстем таптың пайда бола бастауын, таптық қауымның өзгере бастауын көрсетеді. Алтыннан нәзік өрнектермен істелген диадема, аңшылықты бейнелейтін көріністер, адам бейнесі, жыртқыш аңдар мен мифтік жанды заттардың өрімделген, ою-өрнектелген күрделі композициясының барлығы, сол кездің өзінде-ақ өнердегі шындық негізді салыстырып қарағанда, техникалық және көркемдік жағынан жоғары қолөнершілікке қолы әлдеқайда ерте жеткендігі байқалады.

Демек, ою-өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік қандай уақытта болмасын халықтың дәстүр негізінде сақталды.

Егер бұрыңғы замандарда жүген, белдік, пышақ сабы және осы сияқты заттардың кейбір бөлшектері хайуанаттардың дене бітімдерімен бейнеленетін болса, ІХ-ХІІ ғасырлардан, ислам дінінің үстемдік құрған кезеңінен бастап, тірі жәндікті бейнелеу тәсілі қолөнер кәсібі саласынан мүлде алысталып тасталды. Бәлкім заттарды әшекейлеуде бірден бір белгілі тәсілмен салынған ою-өрнектер ғана қалуы мүмкін.

Халық шеберлері ою-өрнек салу тәсілін белгілі бір ізбен қалыптастыруда өз өнерін үздіксіз жетілдіру жолымен кейбір ою-өрнектердің композициясына, әшекейлейтін заттардың түріне қарай табиғи байланысты бейімдеп түрлендіріп отырды. Қазақстанда моңғол шапқыншылығы (ХІІІ ғ.) салдарынан елдің мәдениеті мен өндіргіш күштің дамуы тежеліп, тұтас бір ғасыр артқа шегеріліп тасталды. Қолөнері тек дін басылары мен дәулетті адамдарға ғана қызмет етіп, жекелеген дәулеттілердің байлығын көрсетуге, семья мүшелерінің киім-кешегін әшекейлеуге бағытталды. Жоқшылықта өмір сүрген көпшілік халық өзінің күнделікті үй тұрмымысындағы заттарын әшекейлей де алмады.

Тек қана ХІХ ғасыр ортасында қазақ халқының Россияға қосылуымен қазақ мәдениетінің орыс мәдениетіне қоян-қолтық араласуы, қазақ қолөнерін қайта өрлетіп, жаңа элементтермен байытты. Түрі жағынан қолөнерінің бейнелеу амалы байыды. Кестелеуге алтын, күміс түсті жіптер мен өрнектеу тәсілі еңгізілді. Күнделікті тұрмыста өндірістік бұйымдар пайда болды. Халық творчествосын шабыттандырып, кестелеудің әр түрлі әшекейлі әдістеріне көңіл аударыла бастады.

Жасампаз халқымыздың архитектуралық сәндік, күнделікті тұтынатын жасау жиһаздары мен алуан түрлі әшекейлі бұйым нақыштарына қарай отырып, халық шеберлерінің ою, өрнек өнерін өмір мүддесіне, тұрмыс қажетіне, асқан зейінділік, сезімтал творчестволық тәсілмен тамаша пайдаланғанына көзіміз жетеді.

Қазақ халқының талай ғасырлық ұзақ, тарихына бойласақ, ел іші он саусағынан өнері тамған өнерпаз саңлақтарға кенде болағанын көреміз. Олар жасаған өнер туындылары айналадағы табиғат құбылысы, күнделікті кәсібіне, қоғамдық құрылысына қарай не замандар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, уақыт озса да өшпей, ізі жоғалмай бүгінгі күнге жетті.

Қазақта «ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» деп киімді айтатын болса, киімнің жарасты да, келуіне киім әшекейлерінің атқарар ролі жоғары болған. Ер адам киімінің негізгі әшекейі – белдік болып табылады. Киімді буынуға арнауының сыртында белдіктің ырымдық, салттық қырларына байланысты, киім әшекейінің бұл түрі де сақ, ғұн, түрік замандарындағыдай күмістеліп, тас орнатылып сәнделеді. Белдіктің қазақ арасында «кісе», «деумент», «күміс белдік», «келер белдік» деген т.б. түрлері кең тараған. Белдбеу (бел+бау+бағ – көне түрікше байлау деген сөзден туындаған) деп негізінен ұзын матадан жасалған белді таңып байлайтын киімнің құрамдас бөлігін атайды. Кісе белдікке дәндәку, пышақ қылымен және керек-жарақтар іліп тағып жүретін болған. Хан-сұлтандар жалпақ келген тас мүсіндердей бейнеленген кескіндерінен қалған тас мүсіндерде бейнеленген кескіндерден көре аламыз. Көне түркілерде әйелдер белдік тақпаса, қыпшақ дәуірінен бастап әйелдер де белдік тағатын болған. Осы тұрғыда ер адамда белдікті күш-қуаты меңзейтін символикалық мәнінің астарын байқауға болады. Ілкіде қару – жарақтың адам мәртебесін айқындайтынына байланысты қарусыз адам топ-жиынға қатыстырылмайтын болған болса, осы ретте қамшы да ер адамның жанынан тастамайтын негізгі құралының бірі болған. Қамшы да ерекше сәнделетін-ді, өйткені ол иесін пәле-жаладан сақтап, қорғайды. Ал қазақтың ұлттық киімінде киім өңірін ұстап тұратын тікелей өз қызметінен гөрі күмістеліп, тас қондырылып жасалған сәндік мақсаты көбірек, үлкенді-кішілі түйме де негізгі атрибут болып келеді.

Белдік - әйелдердің барқыттан әшекейленген Қашар белбеуі. Қазақ әйелдерінің өңір әшекейлері алуан түрлі. Батыс Қазақстанның ұзатылатын қыздарына арналған әшекей бұйымдарының жиынтығы өзінің ерекше салтанаттылығы және салиқалылығымен ерекшеленеді. Кеудеге тағатын әшекейлердің басты құрамдас бөлігі - өңіржиек. Өзара бір-біріне шашбау етіп үзбелеп бекітілген әлденеше үленді-кішілі өрнекті шытыралармен безендірілетін бұл бұйым кейде салсыз салпыншақтарымен күрделене түседі. Күміс шытыралар оюлармен, бүршіктермен зерленіп, асыл тастар қондырылады. Аса көп еңбек пен шеберлікті талап ететін бүршікті зерлеу тәсілі ХІХ-ғасырдың соңында кең тараған қалыптау әдісімен жиі ауыстырылады. Басқа өңір әшекейлері алқа, түйреуіштер, салпыншақтар, бойтұмарлары Батыс Қазақстанның әшекейлерінің кешеніндей басқа бұйымдар сияқты, осы тәсілдермен жасалады, оларда даралық мәнер сирек кездеседі. Қазақ әйелдерінің киім үлгілерінде киімді сан алуан өрнекті шытыралармен бедерлеу арқылы көрінетін көптеген мәдениеттерге тән ежелгі дәстүр басқалардан гөрі мол сақталған. Яғни, шытыралармен әшекейленіп камзолдар, бешпеттер және шапандар сияқты киімдердің екі өңіріне қапсырма – бастырмалар немесе ілгектер тағылған. Аса салтанатты жағдайда тағылатын әйел белдіктері ерлердікі сияқты көлемді емес. Көп жағдайда олар бстырманы шытырамен бекітілетін кездеме мата түрінде қолданады. Бұл салтанат білезіктермен, сақиналалармен және сырғалармен олықтаралады. Ол бұйымдар б.з.б. ІІІ ғасырда Қазақстан аумағында белгілі болған полихрамдық дәстүрді жалғастырған біртектес мәнерде жасалған. Бірақ ХҮІІІ ғасыр шеберлерінің қолданатын басты шикізаты күміс болды. Қазақтар күмстің қарығыңқы реңін алтын реңмен тең көрген. Көпшілік әшекейлердің ақшыл сұрғылт өңі қазақтардың ұлттық киімдерінің түсіне үйлесіп келіп отырады. Салмақты және көлемді бұйымдарды Батыс Қазақстандық шеберлер құйып жасамаған, оларды қапталған күмістен соққан. Оның бетіне қалыпты өрнектер мен бедерлерді зерлеу жеңіл болған. Әшекейлердің тегістеу бетіне бедерлер шекіліп, ол бұйымның жоғары бөлігіне алдын ала шекіліп дайындалған пластинкалар бекітілген. Зерлеу мен бүршіктеу сияқты әшекейлеудің күрделі техникасы қалтқысыз меңгерген Батыс Қазақстандық зергер-шеберлер сірә, Қазақстандағы жеке дара құбылыс болса керек. Бұл әдістермен, әдетте, көркемдік тұрғыдан аса бағалы және қымбат әшекейлер дайындалған.

Ақық (сердолик) – қазақ зергерлерінің сүйікті тасы. Ақық сөзінің өзі қазақтарда әрдайым сақтаушы түсінігін берген. Лағылдан кейінгі кең қолданылатын тастар – маржан мен көгілдір ақық. Егер жалтыратылған ақақ тасы құнды әшекейлердің дәл ортасына орнатылса, ол ұсақ моншақтар көгілдір ақықтан және маржаннан әшекейленген көп жағдайда сәндік әшекейлер киімнің негізгі композициялық түйіндерін ашып, қосалқы өң береді. Адамды залалды әсерлерден қорғайтын сиқырлы күші бар материалдар ғана ардақталып қойған жоқ. Пішіні мен өрнек әшекейлері жануарлар текті болып келетін кейбір бұйымдар да киелі саналған. Көне наным-сенімнің сарқыншағы болып табылатын бойтұмарлар мен басқа бұйымдар - салтанат киімдерінің біртұтас кешенінің эстетикалық, тұрмыстық және қорғаушылық қызметіне ие құрамдас бөлігі. Қазақ шеберлері зергерлік бұйымдарды жасаудың сан алуан техникалық тәсілдерін жетік меңгерген. Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстік-шығысындағы киім үлгілері мен әшекейлерінде кейбір өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Қыздардың бас киімдері тақия мен бөрік - әр түрлі сәнді жапсырма маталармен інжу, маржанмен, күміс шытыралармен, тана мен төбесін шоқ үкі қауырсынымен әшекейлейтін болған. Оларды бұйымға қосып өрілетін маржан мен шытыра шашбаулар тағылған күміс шытыра шолпылар ажарландыра түседі. Оңтүстікте көршілерінің, әсеріне байланысты бұйымның ұшына таралған қара жібектен металл араласқан шашақ тағу дәстүрі болған. Оңтүстік Қазақстан сәукелесі, негізінен, Батыс және Солтүстік-Шығыс Қазақстан сәукелелеріне ұқсас. Тек қана кейде оның етегіне маржан моншақтардан торша тігіледі. Жетісу сәукелесінің екі жағына қатарластыра маржан тігілген желек бар. Бұл сән-салтанатты бас киімнің екі жағын жаңбарға ұқсас күміс бұршақтай бетмоншақ толықтырып жүр. Көз тартатын бұл дара нұсқа коллекцияның көркі десе болғандай. Оңтүстік Қазақстанның дәстүрлі өңір әшекейлерінде кестелі әшекейлер өте мол. Қыздардың мойын әшекейі тамақша – мата өрнекті кестелермен, шытыралармен сәнделген матадан тігіледі. Камзолдың және көйлектердің белі мен жағасы маржан теңгелер қадалған тізбемен және күміс шытыралармен безендіріледі.