Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 25.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Құстар біздің досымыз»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Үй құстары»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Түрлі логикалық топтарға жататын заттарды атай білу
Дамытушылық: Тәрбиешінің ұсынған тақырыбы бойынша әңгіменің жалғасы мен соңын ойлап табуға үйрету.Грамматикалық дұрыс сөйлеуді жетілдіру.
Оқыту: Үй құстары туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып-өсуі туралы түсініктерін кеңейту.
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, Түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Үй құстарының суреттері.
Билингвалдық компонент: үй құстары-домашние птицы.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері: Балалар шаттық шеңберінде турады.
Кел, балалар күлейік,
Күлкіменен жүрейік.
Күлкіңізді күн ғылды,
Гүл өссін деп білейік.
Негізгі бөлім: Тәрбиеші балалардан жылдың қыс мезгілі жайында сұрайды.
-Қыс мезгілінде қанша ай бар?
-Үш ай бар.
-Қане, аттарын айтайықшы?
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Күн суытты, қар жауды, ағаштарды қар басты, құстар жылы жаққа ұшып кетті.
-Иа балалар күн суытып құстар жылы жаққа ұшып кетті. Бірақ бізде ұйде ұстайтын құстар бар , оларды ұй құстары деп атайды. Оларға қаз, үйрек тауық жатады. Оларға күнделікті жем-су беріп асыраймыз. Сондықтан ұй құстары деп атаймыз (суреттер көрсетіледі)
Ғажайып сәт:
Тәрбиеші балалардың назарын топтың шетінде тұрған кішкене тауық күркеге аударып: Балалар, қарандаршы, тауық күркенің есігі жауық тұр. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер шешуін тапсаңдар мына тауық күркенің есігі ашылады.
Ерте тұрады,
Жар шақырады. (әтеш)
Күн бата қонақтап қалқыған
Таң ата жерден жем аңдыған (тауық(
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап. (балапан)
Осы кезде тауық күркенің есігі ашылып, ішінен тауық әтеш балапандарымен шығады.
Әтеш:
Мен-қоразбын, қоразбын,
Жалқаулармен аразбын
Таңды бұрын қарсы алып
Елді оятам жар салып.
Тауық: Мен, ақ тауық, ақ тауық
Жүремін мен мақтанып.
Құс болсамда ұшпаймын,
Балапанды қорғаймын.
Біз сап-сары балапан
Күні бойы шиқылдап.
Жерден дәнді тереміз,
Анамыздан қалмаймыз.
Қорытынды: Үй құстары, жарайсыңдар, балалармен «Ұшты-ұшты» ойынын ойнайық.
«Балапандар» би әуенімен ұйымдастырылған оқу іс әрекеті аяқталады.
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 23.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып: «Құстар біздің досымыз»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Дала құстары»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, аялауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өлең оқу.Мазмұнына, мәнерлеу құралдарына байланысты әдеби шығарманы қабылдауға үйрету
Оқыту: Кейіпкерлерге және олардың іс- әркеттеріне өз ойын айта білу.
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрсету.
Билингвалдық компонент: Құстардың суреттері,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері: Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің сабағымызға қатысуүшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен амандасайық.
Балалар, егер сендердің қолдарына құс ұшып келіп қоңса, не істер едіңдер?
Негізгі бөлім: -Балалар, кім біледі бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
-дұрыс, бүгін біз құстар жайлы әңгімелесетін боламыз.
Балаларды теледидар арқылы құстардың түрлерімен таныстырады.
Балаларға үй құстары және дала құстары жайлы айтып түсіндіреді.
1-тапсырма: құстардың суреттері берілген. Үй құстарын үйдің суретінің қасына жапсырады, ал дала құстарының суреттерін ағаштар мен көлдің маңына жапсыру.
2-тапсырма: орталықтармен жұмыс.
1- ші «Көркем әдебиет» орталығы- құс туралы өлең жаттау.
2-ші «Өнер» орталығы-геометриялық пішіндер арқылы құстарға ұя жапсыру.
3-ші «» орталығы-қиылған бөлшектерден белгілі бір құстың суретін құрастыру.
Қонырау соғу арқылы балаларды жинайды.
Балалар, қазір біз қонақтарға «Шұбар тауық» ертегісін сахналандырып көрсетейік
Жаңа біз үй құстарына байланысты ертегіні көрсеттік, ал енді дала құстарына байланысты Жұлдыз бен Аяулым бізге «Аққу» атты билерін билеп берсің.
Қорытынды: Балалар, бүгін біз нелер туралы әңгімелестік?
Олар қандай топтарға бөлінеді?
Үй құстарының түрлерін ата?
Дала құстарының түрлерін ата?
Құстардың адамға қандай пайдасы бар?
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 22.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Сауат ашу
Өтпелі тақырып: «Құстар біздің досымыз»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Р р дыбысы мен әрпі»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Әдемі, таза жазуға баулу, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сөздерге дыбыстық талдау жасауды дамыту.
Оқыту: Сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратуға үйрету.
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, Түсіндіру, әңгімелесу, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, сөйлем құрастыру.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Кеспе әріптер қалтасы, Р р дыбысы мен әрпінің баспа және жазба түрі, текшелер мен буындар.
Билингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері: Психологиялық дайындық:
Орнымыздан тұрайық,
Амандасып алайық.
Ұқыпты тыңдап сабақты,
Жақсы баға алайық.
Негізгі бөлім: Кіріспе әңгіме арқылы басталады. Балалар күнде бізге қай ата жедел хат тастап кетуші еді?
Балалар Дыбыс ата.
Иә, дұрыс айтасыңдар. Дыбыс атаның мына үйшікте кімі бар еді балалар?
Екі немересі – біреуі қызыл, біреуі көк. Қызыл немересі кім? Көк немересі кім?
Балалар: қызыл немересі дауысты дыбыстар, ал көк немересі дауыссыз дыбыстар.
Иә, балалар, бүгін атамызға қонаққа қай қай немересі келетіні белгісіз. Бізге атасына арнап жедел хат тастап кетіпті. Кәне, бәріміз бірге жедел хатты ашайық. Балалар, мына жедел хатта сендерге арналып жасырылған жұмбақ бар екен. Кәне бәріміз бірге шешіп көрейік.
Атам сүйіп тыңдайды,
Әкем сүйіп тыңдайды
Отбасы болып жиналып,
Ән мен жырды тыңдайды (Радио)
Дұрыс айтасыңдар бұл жұмбақтың шешуі радио екен. Енді осы радио сөзі қандай әріптен басталып тұр, құлақтарыңа қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
«Р»-ға тілің келе ме?
Қырларды құр- деші.
Жайылып жүр - деші,
Біреуді қарауыл,
Қарайлап тұр-деші.
Ал енді өзің-ақ
Р-р-р-р, -деші. (Б.Тәжімбетов)
Р р дыбысы. Бүгін біз сендермен осы Р р дыбысы және әрпімен танысамыз. Яғни бұл дыбыс атамызға қай немересі қонаққа келіпті. Көк түсті дауыссыз немересі. Иә, балалар, р дыбысы дауыссыз дыбыс екен.
ІV. Дәптер және тақтамен жұмыс.
Енді балалар мен тақтаға жаңбыр, қар, таразы, сиыр, радио, трактор суретін ілдім. Осы суреттерге қарап сөйлем құрайық. Дыбыстық және буындық талдау жасайық.
Р дыбысын тақтаға жаздырып көрсету. Оқушылар жазу дәптеріндегі үлгіге қарап, әріпті жазып жаттығады.
Ауада жазу, дәптерге бастыра жазу, жаттығу және дыбыстық талдау жасау.
V. Сергіту сәті
Солға, солға түзу тұр,
Оңға, оңға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым,
Алға қарай бір адым.
Жоғары – төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
2. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны
Р-радио, раушан, райхан. Ғ – ғалым, ғарыш, ғылым. П – пияз, парта, парақ. Т – таға, тал, тарақ. Н – нан, нар, науа. А – ата, аққу, апа
Қорытынды: Радио, ракета, ара сөздерінен сөйлем құра.
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 25.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Орыс тілі
Өтпелі тақырып: «Құстар біздің досымыз»
Топ: ересек топ
Тема: Птицы – наши друзья
Цель: Заучивание стихотворения. формировать умение понимать и применять знакомые слова в повседневной жизни.
Развивающая: развивать речь, внимание, память.
Воспитательная: воспитывать заботливое отношение к птицам.
Педогогические технология : дамыта оқыту технологиясы
Материал и оборудование: ТСО, игрушка ласточка, сюжетная картинка «Птицы на кормушке», предметные картинки с изображением птиц, макет дерева, силуэты птиц, записи звуков птиц, конверты с разрезными деталями на каждого ребенка.
Билингвальный компонент: птицы-құстар.
Мотивационно-побудительный: Здравствуйте мальчики, девочки! Меня зовут Олеся Владимировна. Я ваш учитель русского языка (проводится перекличка) Как тебя зовут? Меня зовут.........
Организационно- поисковый: Круг радости «С добрым утром!»:
Приветствуют друг друга словами:
Утром свежим и румяным птицы весело поют,
Люди просыпаются, птицам улыбаются,
С добрым утром, с добрым утром!
Педагог и дети вспоминают, что птицы бывают зимующие и перелетные. Перелетные птицы на зиму улетают в теплые края, а весной возвращаются.
Игровой момент: прилетела ласточка. Рассказывает, что когда наступает весна, они прилетают и радуются. Прилетев, они вьют гнездо. Ласточка сообщает, что вместе с ними прилетают и другие птицы.
Загадывает загадки:
На шесте – дворец,
Во дворце – певец. (скворец)
Черный, проворный,
Кричит «крак» -
Червякам враг. (грач)
В синем небе голосок-
Будто крохотный звонок (жаворонок)
Дети отгадывают загадки с помощью педагога, называют отгадки.
Педагог рассаживает птиц на макет дерева.
Обобщает, что это перелетные птицы.
Продолжает беседу.
Просит назвать зимующих птиц.
Работа по сюжетной картинке «Птицы в кормушке»:
Показывает и называет птиц: Это воробей. Это синица. Это ворона. Это голубь. Это сорока.
Педагог подводит к пониманию о том, что надо проявлять заботливое отношение к птицам.
Физминутка:
На интерактивной доске демонстрируется видео сопровождающееся музыкой и песней.
Спасибо. Садитесь на свои места.
Игровое упражнение «Узнай по голосу»
Педагог включает запись звуков птиц, дети отгадывают и называют птицу.
Игровое упражнение «Собери птицу»:
Педагог раздает детям конверты с разрезанными деталями, дети собирают птицу, называют.
Рефлексивно- корректирующий: Подведение итогов. Поощрение детей.
- Вы сегодня хорошо работали! Мы с вами выучили несколько новых слов, какие? Вам понравилось? Тогда увидимся с вами еще? До свидания!
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 23.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Шет тілі
Өтпелі тақырып: «Құстар біздің досымыз»
Топ: ересек топ
Тақырып: « Үй құстары -Home birds-»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Үй жануарларына қиянат жасамауға, қамқор болуға тәрбиелеу
Дамытушылық: Күнделікті орындалатын әрекеттерді атай білуге (I get up)үйрету. Құстардың атауларымен сөздік қорды кеңейту.
Оқыту: Балаларға үй құстарын ағылшын тілінде меңгерту. Үйлеріндегі үй құстарын ауызша айтуға үйрету
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, Сұрақ- жауап, ән айтқызу
Ресурстармен қамтамасыз ету: Кітап, тақырыпқа байланысты көрнекіліктер, үй құстары бейнеленген плакат
Билингвалдық компонент: Cock-қораз Chicken- балапан,Goose- үйрек,Duck- қаз,Hen- Тауық, How many…?
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері: Амандасу-Hello,children!-How are you?
Шаттық шеңбер:
Good morning, good morning, Good morning to you!Good morning to sun, Good morning for you!
Let’ s sing a song “Hello!”
Негізгі бөлім: Балалар, бүгінгі оқу іс- әрекетіміз «Үй құстары» туралы. Үй құстарына нелер жатады?
-Дұрыс айтасыңдар!-Үй құстарын немен қоректендіреміз?
-Біз оларға жем берсек , олар бізге не береді?Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетімізде сол атап шыққан құстардың ағылшын тіліндегі атауларын үйренеміз.Соңымнан қайталап отырыңдар.Cock-қоразChicken- балапанGoose- үйрекDuck- қазHen- Тауық
Жарайсыңдар, балалар!Келесі кезек кітапқа көңіл аударайық! 1- тапсырма:Алаңқайда неше балапан, неше тауық, неше қораз, неше үйрек бар екен?Ағылшын тілінде санап шығыңдар!
Қорытынды: Келесі кезек сергіту сәтінде
Сергіту сәті:
Clap your hands, clap your hands, Listen to the music clap your hands,Stamp your feet, stamp your feet,Listen to the music stamp your feet,Turn around, turn around,Listen to the music turn around,Jump up high, jump up high,Listen to the music jump up high,
–Балалар, бүгін біз не істедік?-Сендерге оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?- Good- bye, children!
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 22.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып: «Құстар біздің досымыз»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Тең,тең емес ұғымдарымен таныстыру.Заттарды шартты өлшегіштің көмегімен өлшеп салыстыр»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа сыпайлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шартты өлшемнің көмегімен заттың шамасын салыстыру дағдыларын дамыту
Оқыту: Тең туралы ұғымдарын қалыптастыру, топтағы әртүрлі заттардың тең мөлшерін анықтай білуге үйрету
Педогогикалық технологиялар: көрсету, сұрақ жауап, ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету: Үнтаспадан, сурет мультфильм Леопольд мысық, тышқандар, құлыпқа қілті -пішіндер, шарлар мен текшелер, «Теледидар»- геометриялық пішіндер, «Қанша тышқан болса сонша ірімшік» бала санына, доп
Билингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Үнтаспадан көнілді әуен ойнағаны естіледі.
«Туа сала мұрт өсірген мырза,
Пеш түбінде жатқанына ырза»
-балалар, мен сендерді Леопольд мысықтын үйіне қонаққа шақырамын.
-Сендер, Леопольд мысық туралы мультфильм көрдіндер ме? Ол сендерге ұнайды ма?
-мысық қандай?
-ал, мысыққа нелер зиян жасап жүрді?
Негізгі бөлім: Тышқандар, қалай айтады?
-ал,сеңдер дос болу білесіндер ме?
- Леопольд мысықтын қандай жақсы көретін сөздерін білесіңдер?
Леопольд мысықтын, үйіне қонаққа барғыларың келеді ме?
Ендеше, екі топқа бөлінейік:
І топ- шығармашылық орталығына барып сыйлық жасайды, мысықтың достарын бояйды
ІІ топ- Леопольд мысықтын үйіне қонаққа барамыз
Қазір біз сиқырлы таяқшамен Леопольд мысықтын пәтеріне барамыз
-Мынау Леопольдтің пәтері, шуламаймыз, ақырын кіреміз, мүмкін ол ұйықтап жатқан шығар
Дидактикалық ойын «Құлыпқа қілтін тап»
-Балалар, Леопольд мысықтын пәтерінде жоқ,
бірақта кілттерін тастап кетіпті, олар шатасып қалған,
сендер маған көмектесесіңдер ме?
Шарты:құлыпқа кілттін қөлеміне, түсіне сай тауып ал.
Жақсы, біз пәтерге қіреміз
Дидактикалық ойын «Шарлар мен текшелер»
(еденде шарлар мен шаршылар шашылып жатыр)
-Балалар, қарандаршы бәрі шашылып, былғып жатыр, тышқандар бүлдірген ғой, олар нені шашып тастаған
-Қане, бәрін орнына қойып, келтірейік
Текшелерді қызыл қорапшаға, ал шарларды көк қорапшаға салайық.
-Шарлар қандай пішінге ұқсайды?
-Текшелер қандай пішінге ұқсайды?
Бәрекелді, сендер жылдам бәрін орнына келтірдіңдер
Сөздік жұмыс: дөңгелек, шаршы, пішіндер.
Саусақпен жаттығу:
Леопольд мысықтын жіп орамасы мен ойнауға жақсы көреді, ал біз саусақтарымыз бен ойнаймыз.
Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай-ақ.
Балалар, Леопольд мысық теледидардыкөруді ұнатады екен, оның теледидары сынып қалыпты, біз оған теледидарын жөндеп берейік.
Дидактикалық ойын «Теледидар»
Мақсаты: Балаларды өздеріне таныс дөңгелек және шаршы, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратып атай білуге үйрету, үлгіге қарап құрастыруға үйрету
Балалар, Леопольд мысықтын үстел жасап қойып алайық
Қарандаршы, тышқандар естіп қалып жүгіріп келіпті, балалар, оларды кешіреміз бе?
- Леопольд мысық оларды кешіріп жүретің, бізде оларға тәтті ірімшік берейік.
Дидактикалық ойын «Қанша болса сонша»
Шарты: канша тышкан болса, сонша ірімшік бер
-Тышқан көп пе? әлде ірімшік пе?
-Тышқан мен ірімшік бірдей болғандай не істеу керек?
-Бір балаға тапсырманы (ірімшікті алып келуге) орындауға талап етеді.
-Ал, енді тышқан мен ірімшік туралы не айтуға болады?
Дұрыс
Себебі, канша тышқан болса, сонша ірімшік болды
Қорытынды: «Ыстық доп» ойынымен іс әрекет желісін бекіте отырып, балалардан қызығушылығын одан ары қарай дамыту.
-қандай жануармен таныстық?
Біз не істедік?
-Ойын қандай ұнады ?
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 23.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: Құрастыру
Өтпелі тақырып: «Құстар біздің досымыз»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Балапан құрастыру.»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: балапанға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. .
Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқыту: Құрастыру бөліктерінің негізгі бөлшектерін қолданып, құрылысты берік етіп құрастыруға үйрету.
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету: балапанның суреті, үлкен және кіші сары түсті қағаз, үй құстарының суреттері.
Билингвалдық компонент: балапан-цыпленок.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Педагог резеңкеден және жұмсақ мақтадан жасалған ойыншық балапандарды көрсетеді. Неден жасалғанына назар аудартады.
Негізгі бөлім:

Педагог осындай балапандарды қағаздан жасауға болатынын айтып, оны қалай жасау керектігін көрсетеді.
Сөздік жұмыс: балапандар.
Алдымен жасыл алаңдағы жалғыз балапанды көрсетіп, балаларға оның көңілсіз екендігін айтады.

Педагог әр баланың алдына балапан жасау үшін үлкен және кіші төртбұрыш қағаз таратып береді. Оның үлкені қайсы, кішісі қайсы салыстырады, үлкені балапанның деңесі, кішісі оның басы болады деп түсіндіреді. Қағазды саусақтарымен басып, алақанға салып умаждап үлкен денесін дайындап Балапаның басын да дәл осылай жасайд, бірақ кішкентай қағахдан көрсе еді. «Балапанға көңілді болу үшін оған дос палапан жасап берейік», -дейді педагог. Дайын болған балапанның дене бөліктерін суреттің үстіне қойып, оның тұмсығын, құйрығын және аяқтарын дайын қиялған бөліктермен толықтырып, педагогтің тапсырмасын орындайды.
Сергіту сәті:
Балапандар жем жеді, су ішті,
Қанаттарын қақты, секірді.
Қорытынды: Қағазды умаждау арқылы балапан жасауда балалардың іс-әрекеті мадақталады, балапан ойыншықтарына қайсысы ұқсас болды деп салыстырып көреді.
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 21.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: Жартылыстану
Өтпелі тақырып: «Құстар біздің досымыз»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Жыл құстары»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: экологиялық тәрбие беру,яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Құстарға қамқорлық жасауға баулу.
Оқыту:. Қыстайтын құстар туралы алған білімдерін жетілдіру
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы,
Ресурстармен қамтамасыз ету: жыл құстарының суреттері.
Билингвалдық компонент: жыл құстары –перелетные птицы,отырғыш- оседлые.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Шаттық шеңбері.
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз
Қонаққа Дімбілмес хат алып келеді.
Оқып беруді өтінеді.
Негізгі бөлім: Құстар туралы жұмбақтар
Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі.
Ұзақ тектес құс
Шіркей жеп.
Ауыл маңынан
Ұзап кетпес құс.
Тоқылдап мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Орманды емдейді
Зиянкесті жазалап.
Қолы жоқ, ұя салады. Ол не?
-Балалар, жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар. Бүгінгі сабақта құстар туралы әңгімелесеміз. Енді өздерін білетін құстарды атаңдаршы.
Суретпен жұмыс жүргізу.
-Бұл суретте құстардың қайсысы сендерге таныс?
-Құстар нешеге бөлінеді?
-Жылы жаққа ұшып кететін құстар қалай аталады?
-Жыл құстарын кім атап айтады?
-Олар неліктен ұшып кетеді?
-Ал бізде қалатын құстар қалай аталады?
-Қыс мезгілінде құстар немен коректенеді?
- Біз құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?
-Дұрыс балалар, құстар біздің досымыз, олар табиғатты қорғайды. Табиғатқа көрік береді.
Құстарды қорғау керек.
Қос тілдік: жыл құстары –перелетные птицы,отырғыш- оседлые.
Тиым сөздер жаттау.
Құстың ұясын бұзба
Құсқа тас лақтырма
Құстың жұмыртқасын жарма.
Д/ ойын: «Қай құс қайда мекендейді?
Шарты: Құстардың суреттерін алып, өздерінің мекендейтін жеріне орналастырады.
Құстар туралы білімдерін бекіту мақсатында сұрақтар қою:
Ойын: «Сұрақ-жауап».
Құс патшасы-...
Орман саққұлағы-...
Орман дәрігері-....
Суда мекендейтін құс-...
Бейбітшілік құсы-...
Көктем хабаршысы-...
Жемтік аңдыушы-...
Сергіту сәті.
Қане қанат жазайық,
Қарға болып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық
Торғай болып қонайық.
Суретпен жұмыс. Әңгімелеу.
Қыста құстарға өте қиын. Әсіресе қалың қар жауғанда, боран соққанда, қатты аяздарда азық тауып жеу қиынға соғады.
Құстар қыс кезінде адамдар тұратын жерге жақындай түседі.
-Олар неге адамдарға жақын жерге келеді ойдайсыңдар?
-оларға не берер едіңдер
Ойын: «Құстарды топтастыру»
Қыстап қалатын құстардың суреттерін жемсауыттқа орналастыру, ал жылы жаққа ұшатын құстарды ағашқа орналастыру.
Д/ ойын: «Сөйлемді аяқта».
Құстар ұша алады өйткені-...
Құстар көріктенеді -....
Көктемде келетін құстар-....
Қыстайтын құстар-...
Құстар бір-біріне ұқсайды-.....
Үлетермелі материалмен жұмыс.
Берілген тапсырманы орындайды.
Тақпақ оқу.
Ой, балалар, балалар,
Құстарда да ана бар.
Құстарда да бала бар
Құс ұясын бұзбайық,
Обалына қалмайық.
Қорытынды: -Сабақ не туралы болды?
-Не істеу ұнады?
-Құстарға жемді қалай береміз?
Бізде дайын жемсауытты бар, серуен кезінде оны ағашқа іліп, құстарға жем береміз.
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 21.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Шығармашылық
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Құстар біздің досымыз»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Торғай»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек ете білуге тәрбиелеу. Құстарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту.
Дамытушылық: Құстардың пайдасы туралы түсінік беру.
Оқыту: Құстардың суретін салуда қауырсынына тән бейнелей білуге үйрету.
Педогогикалық технологиялар: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: үнтаспа торғайлардың дауысы, торғай ойыншық, фломастер, торғай бейнесі бейнеленген ақ қағаз.
Билингвалдық компонент: торғай - воробей, жем - корм
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Ғажайып сәт.
- Балалар, тыңдаңдаршы маған торғайлардың даусы естіліп тұрған сияқты.
Бізге торғайлар қонаққа келіпті.Торғайлар кең далада тіршілік ететін әнші құс. Денесі сопақша, басы дөңгелек, тұмсығы үшбұрышты, қанаты ұзын сұрғылт, боз түсті болып келеді. Ол түрлі дәндерді, жәндіктерді жейді.
Торғайлардың қарны ашып қалған сияқты.
-Даладағы торғайлар тоңып,жем таба алмай жүр,өйткені далада күн суық,барлығын қар басып қалған.
Кәнеки, балалар торғайларға жем шашайықшы.
Билингвалдық компонент: торғай - воробей, жем – корм
Негізгі бөлім: Көрсету және түсіндіру.
Тәрбиеші фломастермен нүктелерді тақтадағы қағаз бетіне түсіре тұрып, келесі өлең жолдарын оқиды:
Торғай,торғай торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын,тойып ал,
Суыққа сонда тоңбайсың.
Балалар қараңдаршы, менің торғайымның бөтегесі бұлтиып тойып алды .
Балалардың өзіндік жұмыстары.
- Ендеше, алдымыздағы торғайларымызды тамақтандырайықшы.
-Ал енді өздеріңнің торғайларыңа жем шашыңдар, мен көрейін.
Кәне,торғайларыңа жемді қалай беретіндеріңді көрейін. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын аралап жүріп көреді.
Жеке жұмыс: Малика сен торғайларға жемді көп бересің бе?
-Жемді көбірек шашсаңдар,торғайлар тез тояды. Алдарыңдағы фломастерлерді пайдаланып, қағазға нүктелер салыңдар.
Балалар жұмыстарын аяқтаған кезде тәрбиеші мынадай ұсыныс айтады.
-Кәне,балалар енді маған торғайлар қалай ұшатынын көрсетіңдерші.
Сергіту сәті:
Кәне, қанат жазайық
Құс боп желмен ұшайық
Ұшып-ұшып алайық
Ұямызға қонайық.
Қимылды ойын: «Торғайлар мен автомобиль»
Мақсаты: Балаларды дыбыс бойынша тез жүгіруге, бірақ бірін – бірі соқпай, қимылды қозғалыс жасауға және тәрбиеші белгісі бойынша оны өзгерте алуға , өз орнын табуға үйрету.
Қорытынды: Балалар біз бүгін торғайларға қандай көмек бердік?
Балалар, торғайдың дене құрылысына сипаттама беріңдерші.
Торғай немен қоректенеді?
Балалардың суреттерінен көрме ұйымдастыру.
Мадақтау.
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 25.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Шығармашылық
Пән: Аппликация
Өтпелі тақырып: «Құстар біздің досымыз»
Топ: ересек топ
Тақырып: Жемсауыттағы құстар.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Ұқыптылықты, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптастыру,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқыту: Құстардың ұялары туралы түсініктерін қалыптастыру;.
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы,
Ресурстармен қамтамасыз ету: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш,аудиоқұрылғы арқылы құстар үні
Билингвалдық компонент: құстар-птицы.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Жылулық шеңбері.Балалар мен бірге шаттық шеңберін жасайды.
Шаттанып тұрайық жылы жұзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Балалар құстардың үнін тамашалайық.
Аудиоқұрылғы арқылы құстар үні қойылады.Балаларға сұрақтар қойылады.
Негізгі бөлім: -Балалар,бұл ненің даусы?
-Сендер қандай құстарды білесіңдер?
-Қыстыгүні мекен ететін құстарды білесіңдер ме?
Қыста құстар аш қалмас үшін жемсауыттарға жем салып қою керек.
-Балалар, сендер жемсауыттағы құстардың бейнесін жапсырғыларың келе ме?
Үлгі суретпен жұмыс:
Жапсыру жолымен жасалған ұяның үлгі суретін көрсетіп,сипаттайды.
Сөздік жұмыс: Жемсауыт.
-Негізгі бетте (фонда) жемсауыт
Және жем берілген.Осы бетке құстарды жапсырамыз.Алдымен бір құстың денесін жапсырамыз.Сосын қанатын және құйрығын жапсырамыз.
-Қанаты қандай пішіннен жасалған?
-Екінші құсты да дәл осы сияқты жапсырамыз.
Қостілдік:құстар-птицы.
Сергіту сәті:
Торғай,торғай,торғайсың.
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал.
Шашылған нан қоқымын,
Шоқып-шоқып жиғайсың,
Сонда аязға тоңбайсың.
Тәрбиеші іс-әрекет барысында қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп талдайды.
Ұшты-ұшты ойыны арқылы қорытындылайды. Ойын ережесін түсіндіреді: ұшатын құс, жәндік
атауын естігінде, ұшқандай қимыл жасау керек, ал ұшпайтын заттардың атын естігінде, қозғалмау керек.
Тәрбиеші бастайды:
Ұшты,ұшты
Қарға ұшты.
Ұшты, ұшты
Ағаш ұшты.
Осы ретпен балаларға жалғастыруды ұсынады.
Қорытынды:
-Балалар, бүгін құстарға не жасадық?
-Балалар құстарға неге жем шашады?
-Құстарды жапсыру сендерге қиын болды ма?
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін балаларды мақтап, мадақтап қортындылайды
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 22.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Шығармашылық
Пән: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып: «Құстар біздің досымыз»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Торғай»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Балаларды шығармашылыққа, ұқыптылыққа, құстарды қорғауға, мейірімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сулы шүберекпен пішіннің үстінен тегістеуді және кескішті қолдануды жетілдіру.
Оқыту:. Бүтін кесектен мүсіндеу дағдыларын жетілдіру.
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы,
Ресурстармен қамтамасыз ету: құстардың суреті, ермексаз, тақтайшалар
Билингвалдық компонент: торғай-воробей
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері: Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басын ұстап қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді
Болып кетер сонда бәлкім жан жағым
Негізгі бөлім: Тәрбиешінің түсіндіруі:
Балалар Қазақстандағы қандай құстарды білесіңдер ме?
Ендеше балалар, біздер торғай деген құспен танысамыз және оны ермексаздан жасап үйренеміз.
Құстар туралы бейне ролик
Жер шарына кең тараған 27 түрі бар. Африка, Еуропа мен Азияда кең таралған, кейбір түрлері жерсіндіру мақсатымен Америка, Австралия мен Жаңа Зеландияға апарылған. Қоразы мен мекиенінің сыртқы түсі әртүрлі: қораздарының тамақ асты қара түсті болады. Көпшілігі – отырықшы, кейбіреулері – жыл құстары. Ұзындығы 12 – 15 см. Ағаш қуыстарын, індерді, үй-жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады. Қорегі – дәнмен; балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен, кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді. Шөл торғайлар сирек кездесетін құс ретінде «Қызыл кітапқа» енгізіліп, қорғауға алынған.
Торғайды мсіндеу үшін денесін сопақша етіп есіп аламыз, мойнын сәл созып шығару. Басын домалақтап жасап алып, мойнына әкеліп біріктіріп жабыстырамыз, сайсақтармен тегістейді. Берік орналасуына мән беруіміз керек. Тұмсығын басынан шымшып созып шығарады. Қанаттарын таяқшамен екі жақ бүйіріне сызып бедерлеп түсіру.
Сергіту сәті:
Бойымызды ұзартып
Биікке қол созайық
Бармақ басын қозғалтып
Беске жұмыс жасайық.
Балалар көрсетілген үлгімен торғайдың мүсінін жасайды.
Қорытынды: Қорытынды жасайды.
1.Қазақстанда қандай құстар мекендейді екен?
2.Торғайды мүсіндеу үшін қандай заттар керек?
Мадақтау.
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 24.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Әлеумет
Пән: Өзін-өзі тану
Өтпелі тақырып: «Құстар біздің досымыз»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Менің сезімдерім».
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Бала бойындағы жақсы қасиеттерін дамыту
Оқыту:. Адамның сезімдері туралы түсінік беру;;
Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Ресурстармен қамтамасыз ету: түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.
Билингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: 1.Шаттық шеңбері:Балалар шеңбер құрып, төменде берілген Ө. Тұрманжановтың «Кел, балалар күлейік» өлеңін үнтаспаға қосылып тәрбиешімен бірге айтады.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді болып жүрейік!
Негізгі бөлім: Әңгімелесу
-Бүгін көңіл күйлерің қандай?
-Адамның неліктен көңіл-күйі өзгереді?
Балалардың жауаптары
-Балалар бүгін біз сендермен адамның көңіл күйі, сезімдер жайлы әңгімелесеміз.Адам сезімдері арқылы айнала қоршаған ортадағы дүниелер мен құбылыстардың адамға әсерін сезініп, байқап, қабылдайды.Адамның сезімі оның көңіл-күйіне, ниетіне байланысты әр түрлі көрініс береді.Яғни, адамның сезімі өзіне, басқа адамдарға,айналасындағы дүниеге қатынасын бейнелеп тұрады.
Әңгімелеу
Әдептілік әлемі.
Қарсы ал ерте күн көзін
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты......
Ойын «Көкпар» қимылды ойыны
Сахналау
«Жақсы көңіл-күй сыйлаймыз»
Балалар төмендегідей жұптасып тұрады:
-үлкен мен кіші
-ата мен бала
-әже мен бала
-ана мен бала
-әке мен бала
-іні мен қарындас, т.б. болып бір-бірінің көңіл-күйін көтеру үшін бір-бірін мадақтап,жылы сөздер айтады.
Қорытынды: Ғажайып сөздер
-Көңіл-күйінді басқара біл!
-Сезімтал бол!
-Жақсы көңіл-күй жанды жадыратады.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып,шаттық шеңберде айтқан Ө.Тұрманожановтың «Кел, балалар, күлейік»өлеңін үнтаспаға қосылып тәрбиешімен бірге айтады.
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 22.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Денсаулық
Пән: Дене шынықтыру
Өтпелі тақырып: «Құстар біздің досымыз»
Топ: ересек топ
Тақырып: Түрлі қарқында бір қатармен, қозғалыс бағытын өзгертіп, заттар арасымен жүру, «жыланша» ирелеңдеп, кедергілер арасымен жүгіру.
Мақсаттары: Ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап секіру.Қырынан қойылған сатының тақтайшалары арасынан еңбектеп өту.
Білімділік: Бөрене үстінде жүруді үйрету.
Дамытушылық: Доп лақтыру және допты екі қолмен қағып алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Педогогикалық технологиялар: денсаулық технологиясы, көрсету, үйрету, түсіндіру, сұрақ-жауап,
Ресурстармен қамтамасыз ету: әрбір балаға доп, текшелер немесе кегельер 5-6 дана, жіп бөрене.
Билингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шеңбер бойы бірінің артынан бірі жүру ; баяу жүру, теріс қарап алға қарай жүруді алмастыра, педагогтің тапсырмасын орындай жүру. Екі шеңбер құру; бір орында тұрып жан-жаққа секіре бұрылу. Бір – біріне қақтығыспай, бірінің артынан бірі, жұптасып, «жыланша» ирелеңдеп жүгіру. Жеңіл жүгіру, жұптасып айналу. Аяқты тарсылдатып жүру.
Негізгі бөлім: II-бөлім.
Доппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
1. «Доптар бірге» б.к.: н.т., қол доппен төмен. 1 – қолды жоғары көтеріп, доптарды 1 рет соғып, оған қарау; 2 – қолды шетке соза, бастапқы калыпқа оралу.
2. «Допты құшақтап алу»б.к.: н.т., қол доппен шетке созулы. 1 – доптарды құлатпай кеудені құшақтап алу;
2 – бастапқы қалыпқа: оралу.
3. «Тізе артында» б.қ.: аяқ бірге, қол доппен шетке созулы. 1-2 алға қарай еңкею, тізенің артынан доптарды тигізу- дем шығару; 3-4 бастапқы қалыпқа оралу.
4. «Доптар бірге» б.к.: аяқ бірге, қол доппен шетке созулы. Денені оңға, солға бұрып, доптарды біріктіру.
5. «Тізе астында»б.к.: н.т. қол доппен иықта. 1 – тізеден бүгілген оң аяқты көтеру, тізенің астынан доптарды соғу; 2 – бастапқы қалыпқа оралу; 3-4 – сол аяқпен орындау.
6. «Секіру» б.к.: н.т., қол доппен төмен. Аяқты бірге қою, алшақ ұстап секіру.
Доптарды соғып орында тұрып жүру. (3 рет). Сапқа тұру. Допты артта ұстап жеңіл жүгіру. Жай жүру. Демалужаттығуларын орындау.
Қорытынды: Балалар, бүгін қандай оқу қызметін өттік?
Сендерге бүгінгі өткен сабағымыз ұнадыма?
Бөрене үстімен жүру.
40 см биіктікке бекітілген арқанның астынан еңбектеу. 1-2 рет
Мұрын – дем алу және иіс сезу мүшесі» тақырыбында әнгіме құру.
Еркін тыныс алу
Қолды жоғары көтеріп, демді ішке тарту, қолды босаңсытып,алға қарай еңкейіп,дем шығару.
Негізгі қимылдарды көрсетіп балаларды жаттықтыру және жаттығу кезінде қателер жіберілсе, оларды түзеу.
Оқу іс-әрекетін қорытындылап қимылды ойын ойнату. «Алысқа лақтыр». 2-3 рет
Ойын ережесін түсіндіріп, ойын барысында қақтығысып қалмай, өзінің орнын табуын қадағалау.
Жарайсыдар.
Балаларды мақтау ,мадақтау.
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 23.01.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: Жартылыстану
Өтпелі тақырып: «Құстар біздің досымыз»
Топ: ересек топ
Тақырып: Заттардың арасымен, аяқтың ұшымен жүру, түрлі жылдамдықпен жүгіру.
Мақсаттары: Допты бір қатарға қойылған заттар арасымен домалату. 2-2,5 м арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты дәлдеп лақтыру.
Педогогикалық технологиялар:денсаулық технологиясы,
Ресурстармен қамтамасыз ету: доп, еңкейтілген басқыш, гимнастикалық қабырға, гимнастикалық орындық, жіп.
Билингвалдық компонент: жіп - веревка, канат; доп - мяч; . гимнастикалық қабырға- гимнастическая стенка.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Қол ұстасып шеңбер бойы жүру, жүгіру, бір-бірден сапқа тұруға жаттықтыру. Педагогтің белгісі бойынша бір орында тұрып оңға, солға бұрылу; қысқа және кең адыммен «ізді» баса жүру; шашырап, заттардың арасымен жүру; жұптасып, бағытты өзгерте жүгіру.
Негізгі бөлім: Өрілген жіппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
1. «Өрілген жіпті арқаға сал!» Б.қ.: аяқ сәл алшақ,
өрілген жіпті ұстап, қолды төмен түсіріп тұру, 1-өрілген жіпті соза жоғары көтеру, оған қарау,. 2- қолды түзу ұстап, арқа жаққа түсіру. 3- жоғары созу. 4-б.қ келу.
2. «Гамак». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, өрілген жіптің екі шетінен алып, төмен ұстау. 1-7- аяқты бүкпей алға, артқа гамак тәрізді тербеу. 8- б.қ. келу.
3.«Аяқты артқа соз!» Б.қ.: н.т., өрілген жіпті ұстап,
қолды төмен түсіріп тұру. 1- өрілген жіпті соза жоғары көтеру, бір мезгілде оң аяқты артқа созып, аяқтың ұшын еденге тигізіп, демді ішке тарту. 2- б.қ. дем шығару. 3-4 –осы қимылды сол аяқпен орындау.
4. «Тізеңе қой» Б.қ.: н.т.,өрілген жіпті соза жоғары көтеріп тұру. 1- тізені бүгіп, оң аяқты көтеру. 2-өрілген жіпті бүгулі тізеге қою, алақанды жоғары қаратып,қолды артқа тығу, бір аяқта тұрып 10-ға дейін санау . 4-б.қ.. Келесі аяқпен орындау.
5.«Секіру» Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол белде, өрілген жіп еденде созылып жатады. Өрілген жіп үстімен алға, артқа секіру және бір орында жүру. Цигун гимнастикасының тыныс алу жаттығулары.
Негізгі қимылдар
1.Бір-біріне 1 м арақашықтықта қатар қойылған 5 заттың арасынан доп домалату.
2. 40 см биіктікке бекітілген арқанның астынан еңбектеу және 5 м арақашықтықта төрт тағандап еңбектеу. Тыныс алу жаттығулары
Қорытынды: Оқу іс-әрекетін қорытындылап қимылды ойын ойнату.
« Шарлар мен діңгектер
».