«Сылдырмақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 21.11.2019ж.
Тәрбиеші: Ахметші Д.Д
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып: «Ғажайыптар әлемінде»
Тақырыбы:Менің мысығым
Мақсаттары:
Тәрбиелік:Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Орналастыру заңдылықпен мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту: Дайын пішіндерден мысықтын бейнесін жасауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар:Дамыта оқыту технолгиясы, ойын технологиясы
Просмотр содержимого документа
«"Менім мысығым"»
«Сылдырмақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 21.11.2019ж.
Тәрбиеші: Ахметші Д.Д
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып: «Ғажайыптар әлемінде»
Тақырыбы:Менің мысығым
Мақсаттары:
Тәрбиелік:Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Орналастыру заңдылықпен мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту: Дайын пішіндерден мысықтын бейнесін жасауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар:Дамыта оқыту технолгиясы, ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету:Сурет, мысық қиындылары, ермексаз
І.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Мысық туралы тақпақ:
Мысығым менім мысығым,
Екі көзді қысығым.
Ол ақылды, ол батыр,
Көрдім талай қызығын.
Балалар тақпақ не туралы айтылған?
ІІ Негізгі бөлім
Балалардың назарын тақтаға аударту
Балалар біз тақтада не көріп тұрмыз?
Кімнің үйінде мысық бар?
Валерия сен мысықта не көріп тұрсын?
Иа дұрыс айтасын оның лүпілдеген жүні болады.
Балалар тағы мысықта не бар екен?
Мысықтың екі көзі,екі құлағы, төрт аяғы болады
Мысық ол жануар үй жануарына жатады, ол үйде өмір сүреді.
Балалар бүгін біз сендермен Мысықты мүсіндейміз.
Бірінші бөлігі үлкен болсын, ол денесі болады.
Екінші бөлігі орташа ол басы мен құйрығына кетеді
Мүсіндеуді денесінен бастаймыз.
-Алдымен дөңгелек шар жасаймыз, содан кейін сұқ саусақпен шардың ортасынан басамыз, міне денесі дайын болды.
-Екінші бөліктен бас болатындай бөліп алып, дөңгелетіп бас пішінің шығарамыз. Үш саусақ көмегімен тұмсығын шымшып шығарамыз, басы да дайын болды.
Үшінші бөліктен мысықтың аяқтарын созамыз. Аяғы төртеу, сондықтан бөлікті тең төртке бөліп созып, жарты доға етіп иеміз. Аяқтары дайын. Қалған кесек ермексаздан құйрығын созамыз.
Сергіту сәті:
Мысық сүтке тояды,
Қарнын сипап қояды.
Жүрісі оның баяу,
Дейді мысық мияу-мияу.
Жасалған мүшелерді бір-бірімен біріктіреміз.
Қарандаршы бізде мысық бейнесі шықты.
Балалар қарандар біз бірінші мысықтың қай дене мүсінің жасадық?
Екінші қай жерін домалақ қылып жасадық?
Соныңда не жасадық?
ІІІ.Қорытынды
Балалар бүгін қандай жануармен таныстық?
Мысық туралы не білеміз?