Сабақ мақсаты: Оқушыларға өзінде, өзгелерді де аялай білу керектігін айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1.Оқушыларға аялау сөзінің мәнін аша отырып мейірімді болуға үйрету; 2.Өз бойларыннан жанашырлыққа жетелейтін қасиеттерді дамыту; 3. Балаларды өз өміріне, қоршаған ортаға қамқорлықпен, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. | Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) |
Сабақ барысы: Ұйымдастырукезеңi. Амандасу,5Т кестесі,оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену Үй тапсырмасын тексеру №10 сабақ «Жанашыр» әңгімесін оқу. 43-45 бет 1.Дастанның қызға аяушылық сезімін неден аңғаруға болады ? 2.Дастанды балалар не үшін мақтан тұтты деп ойлайсыңдар ? 3.Сүйіспеншілік дегеніміз не? | Ескерту: Баяу әуен қосылып, балалар көздерін жұмады.Мұғалім сөйлейді.Шаршағандарын басып, өз ойларын жинақтайды. |
Дәйексөз. “Аялауды табиғаттан үйрен” Халық даналығы 1.Аялау деген сөзді қалай түсінесіңдер? 2.Сендерді кімдер аялайды? | |
Оқиғаларды әңгiмелеу. Ананың сүйіспеншілігі Өсиет әңгіме Бір күні балалары өзара дауласып, әрқайсысы бір-біріне өздерінің дұрыстығын дәлелдеп, аналарына «Ол кімді бәрінен де жақсы көреді?», деген сұрақты қоя келеді. Анасы үндеместен шырақты алды да, оны жағып: -міне, шырақ – бұл мен! Оның жалыны – менің сүйіспеншілігім! – деді. Содан кейін ол тағы бір шырақты алды да, оны да өз шырағынан тұтандырып жақты. -Бұл менің тұңғышым, мен оған өз жалынымды, өз сүйіспеншілігімді бердім! Менің бергенімнен менің шырағымның жалыны азайып қалды ма? Менің шырағымның жалыны сол күйінде қалды, - деп, ол қанша баласы болса, сонша шырақ жақты, алайда оның шырағының жалыны сол қалпында қала берді... 1.Осы өсиет әңгімеде қандай сүйіспеншілік байқадыңдар? 2.Ананың сүйіспеншілігі неліктен жанған шыраұқпен салыстырған? 3.Өз отбасыңда жақындарынның мейірі мен сүйіспеншілігін неге теңер едіңдер? | Ой толғау |
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. 1топ Табиғатқа деген сүйіспеншілік суретін салу 2топ Әңгіме құрастыру.«Анаға деген аяушылық» 3топ Өз бойындағы жақсы қасиеттерді жазу 4топ Жағдаятты шешу Мұхит сабақтан келе жатып,шөп арасынан қыбырлаған бір нәрсені байқап қалды.Қараса,кіп-кішкентай мысық,үсті-басы су-су.Мұхитқа аянышты көзбен қарап,мияулап тұр.Мұхит мысықты аяп,үйіне алып келді.Оны орап,пештің жанына жатқызды.Жылы үйге кірген мысық маужырап ұйқыға кетті.Сәлден кейін есік қоңырауы сылдырады.Ашса,көршісі Асылхан екен.Ол мысығын жоғалтып,таппай Мұхитқа келген еді.Пештің түбіндегі ораулы өз мысығын көріп,Мұхитқа күдікті көзбен қарап,мысығын құшақтап шығып кетті. 1.Сендер Асылханның орнында болсаңдар не істер едіңдер? 2. Мұхиттың орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер? | «Ойланайық, пікірлесейік» |
Топпен ән айту Аяулы анашым. Әділет Саматұлы 1.Кішкентайдан мені мәпелеп өсірген Осы күнге мені енбекпен жеткізген Осы күнге мені ұйқысыз жеткізген Аяулы анашым. қ-сы Аяулы анашым ак сүт берген маған, Бұл өмірде жоқ қой сеннен артық адам. Анам бар деп мәңгі ән айтып мақтанам, Аяулы анашым. 2.Міне, менде өстім Осы жаска келдім. Анамның ақ сүтін, Ақтар жасқа келдім. Ұлым өссе егер Бір қайтарар деген Аяулы анашым. Қ-сы Аяулы анашым ак сүт берген маған, Бұл өмірде жоқ қой сеннен артық адам. Анам бар деп мәңгі ән айтып мақтанам, Аяулы анашым. | Топпен ән орындалады. |
Үй тапсырмасы. №11 сабақ 48 бет «Сүйіспеншілік» мәтінің оқу. | Берілген әңгімені оқып, ой бөлісу |
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет. Көздеріңізді ашуға болады. | Шаршағандарын басу ,сабақтан алған әсерлерін сезіну. |