СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сәндік қолданбалы өнер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: сәндік қолданбалы өнермен таныстыру Білімділігі: қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы жалпы мағлұматтар беру, олардың түрлерімен таныстыру. Дамытушылығы: оқушыларға ұлттық бұйымдардың адам өміріндегі маңызын айту, олардың қабілеттерін ғылыми негізде дамыту. Тәрбиелігі: оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге, отансүйгіштікке ұлттық өнер ерекшеліктерін сезінуге тәрбиелеу. Түрі: аралас Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, бейнелеу. Көрнекілігі: кітаптар, қолөнер бұйымдары, сөзжұмбақ, домбыраның құрылымы, оның суретін салу. Құрал - жабдықтар: қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, ұштағыш, су құятын ыдыс, сызғыш. т. б. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу ә) құрал - жабдығын тексеру б) назарларын сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. - Балалар, үйге қандай тапсырма берілді? - Автопортрет өзіміздің суретімізді суретке қарап бейнелеп келу. - Олай болса қанекей салған бейнелеріңді көрейік Сұрақтар: Автопортрет дегеніміз не?  

Просмотр содержимого документа
«Сәндік қолданбалы өнер»

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы жалпы мағлұматтар беру, олардың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы: оқушыларға ұлттық бұйымдардың адам өміріндегі маңызын айту, олардың қабілеттерін ғылыми негізде дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге, отансүйгіштікке ұлттық өнер ерекшеліктерін сезінуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, бейнелеу.
Көрнекілігі: кітаптар, қолөнер бұйымдары, сөзжұмбақ, домбыраның құрылымы, оның суретін салу.
Құрал - жабдықтар: қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, ұштағыш, су құятын ыдыс, сызғыш. т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) құрал - жабдығын тексеру
б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- Автопортрет өзіміздің суретімізді суретке қарап бейнелеп келу.
- Олай болса қанекей салған бейнелеріңді көрейік
Сұрақтар:
Автопортрет дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана тәжірибелік жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызы көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындыны айтады. Қазіргі кездегідей бұрынғы өткен заманда да адамдар өз тұрмысын өздері әсемдеуге ұмтылған. Адам өмірінде сәндік қолданбалы өнер шығармалары үлкен орын алады. Қазақ жерінде ХV ғасырда қолөнер қолөнер ұлттық дәстүр тұрғысынан дамыған.
Сәндік – қолданбалы өнерге: алаша, тоқыма бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар, темірден түйілген бұйымдар, барлық адам қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын жатқызамыз.
Әр істің өз шебері болады: кестеші тігінші, тері илеуші, бояушы, музыка аспаптарын жасаушы. т. б. Біз осылардың ішінде музыка аспаптарын жасаушыға тоқталатын болса. Бүгінгі сабағымызға музыка аспаптарының ішінен домбыраны алайық.

IV. Тәжірибелік кезең.
Домбыра – қағып шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Қазақтың ән - күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар. Домбыраның екі ішекті және үш ішекті түрлері кездеседі.

Домбыраның құрылымы:
1. Басы
2. Құлағы
3. Пернелері
4. Мойны
5. Ішегі
6. Ойығы
7. Шанағы
8. Тиегі
9. Түймесі
Домбыраны бейнелеу кезеңдері (күй ойналып тұрады).
1 - кезең. Домбыраның орналасу орнын анықтайды.
Домбыраның бас бөлігі, мойын бөлігі және шанақ бөлігі орналасатын жерін көз өлшемімен белгілеу.
2 - кезең. Домбыра пішініне келтіре отырып, екінші суреттегідей жартылай бөлігін сызып саламыз.
3 - кезең. Домбыраның екінші бөлігін сызамыз үшінші суреттегідей етіп, онан кейін құлағын, пернелерін, ішегін ойығын, тиегін, түймесін белгілеп аламыз да, артық сызықтарды өшіріп бояуға дайындаймыз.
4 - кезең. Домбыраның түсіне келтіріп бояу.
V. Бекіту
Тиіп кетсе ән салған,
Даусына ел тамсанған. (Домбыра)

















Қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері

Жарияланды 3-02-2013, 00:58 Категориясы: Технология

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнердің ерекшеліктерін түсіндіру. Сыр бойындағы қолөнер шеберлерінің шығармаларымен таныстыру және насихаттау.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық қолөнеріне деген қызығушылығын арттыру, ой-қиялын дамыту.
б) Тәрбиелік: Қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнерді түсіндіре отырып, оларға кәсіби бағдар беру. Эстетикалық тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, бейнелеу өнері
Сабақтың көрнекілігі: Қазіргі заманғы қолөнер шеберлері жасаған ұлттық бұйымдар: торсық, қамшы, қалқан, құрақ көрпешелер, зергерлік бұйымдар, аяққап, сандық, т, б.
Типі: Жаңа білімді меңгеру
Түрі: Дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгіме, сарамандық жұмыс, сөзжұмбақ шешу.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) оқушыларды түгелдеу
б) Сабаққа даярлығын тексеру

2. Өткен сабақты пысықтау
- Балалар, өткен сабақта «Қазақ халқының қолөнері мен шеберлері» деген тақырыпта сабақ өткен болатынбыз.
- Қане, айта қойыңдаршы, сәндік қолданбалы өнердің қандай түрлерін білесіңдер?
Ағаш өңдеу
Киіз басу
Тоқыма
Құрақ құрау
Ши тоқу
Тері өңдеу
Сәндік қолданбалы өнер
Тігін өнері
Керамика
Сырмақ сыру
Зергерлік бұйымдар
Ою-өрнек

- Ал осы қолөнерімен айналысатын адамдарды кім деп атаймыз?
Қолөнер
Ұста
Зергер
Ісмер
Шебер
1. Ұста – қару жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен айналысатын адам.
2. Зергер – алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасайтын адам.
3. Шебер – ағаштан ойып әртүрлі бұйымдар жасайтын адам.
4. Ісмер – ұлттық киімдер мен бұйымдар тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адам.

3. Жаңа сабақ
а) Баяндау
Бүгінде халқымыздың қолөнері қарқынды дамып келе жатыр. Ұлттық қолөнер салт-дәстүрімізді жетілдіріп, мәдениетіміздің озық жетістігін көрсетуде. Халық өнерінің бай мұраларын сұрыптай отырып, заманымызға сай сапа, түр беру әдісімен оларды әрі дамыту, оны бүгінгі ұрпаққа меңгерту-игілікті іс. Осы жағынан алғанда ұлттық қолөнердің тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, өйткені ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етеді, қабілеттерінің жетілуіне, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі.
Қолөнер-біздің рухани байлығымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, ол бірнеше ғылымдардың дамуынан пайда болған өнер туындылары.
Қолөнер кәсібі еліміздің экономикасын көтеруге ықпал етеді. Қазақ халқының қолөнері әлем халықтарына мақтанышпен көрсететін көрме. Оған дәлел-біздің киіз үйіміз бен оның ішіндегі көз жауын алатын сәндік қолөнер бұйымдарын тамашалаған шетелдіктер «Киіз үй-қазақ халқының шағын мұражайы» деп бағалаған еді.
Қазіргі кезде қолөнері қарқынды дамып ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Ғасырлар бойы қалыптасқан пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасы негізінде шеберлер қазіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін көрсететін ағаш, металл, керамика, киізден жасалған ерекше шығармаларды дүниеге әкелуде.
Қазіргі заман суретшілері мен қолөнер шеберлері тері, ағаш, сүйек өңдеудегі ескі технологияларды меңгеріп, қайта жаңғыртуда. Солардың арқасында халық қолөнерінің көптеген сырлары белгілі болды. Осылайша көне бұйымдар көркемдігі мен әсерлігін жоғалтпай, қазіргі заманғы шеберлердің қолынан қайта жаңғыртылып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының шеберлері ұлттық дәстүрді жалғастыра отырып, тоқыма және киіз, кілем, алаша, басқұр, баулар тоқиды.

Өзіміздің Қызылорда облысы бойынша қолөнерімен айналысатын көптеген шеберлер бар. Олардың қолынан шыққан бұйымдары республикалық тіпті шет мемлекеттердің де көрмелеріне қойылған.
2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Қызылорда қаласында Республикалық қолөнер шеберлері мен суретшілерінің симпозиумы болып өтті. Сол кезде де жерлестеріміздің қолөнер бұйымдары тамашалаған қонақтарды тәнті еткен болатын. Мысалы: ұста-Құлмамбетов Құдайберген, шебер-Қалназаров Борис, зергерлер-Абдуханов Зейнолла, Жақыпов Бекзат, ісмер-Рамазанова Гүлнар, т, б. шығармалары. (Слайд)
- Сендер технология сабағынан көптеген қолөнер бұйымдарын жасап үйрендіңдер. Қане соларды көрсете қойыңдаршы.
Оқушылар өздері жасаған бұйымдарын: құрақ көрпеше, су моншақтан жасаған алқалар, теріден жасаған пышақтың қыны, тұмар сияқты заттарды көрсетеді.
- Осы жұмыстарды жасағанда қандай көңіл-күйде болдыңдар?
- Қызығушылығымыз артты, жұмыс нәтижесін көруге асықтық.
- Жұмыс істеу барысында шыдамдылық, төзімділік қажет екенін және де оймен жұмыс істеу керектігін түсіндік.
- Иә, қолөнер бұйымдарын жасау үшін Абай атамыз айтқандай талап, еңбек, терең ой керек екен. Кез келген істі талаппен бастап, талғаммен аяқтасаңдар көңіл қуантарлық әдемі бұйымдарды жасауға болады.

ә) Сарамандық жұмыс.
Мата қалдықтарынан қол сөмке тігу.
Ол үшін қажетті құралдар мен жабдықтар: Мата қалдықтары, ине, жіп, астарлық мата, сызғыш, бор.
Жұмысты бастамас бұрын қол жұмысына арналған техника қауіпсіздігі ережесін еске түсіреміз.
Жұмыстың барысы: Әр түрлі маталарды үш бұрыштап бірдей көлемде қиып аламыз да, оларды түс үйлесімділігіне қарай бір-бірімен қиюластырып көктеп тігіп аламыз. Оны астарлық матамен біріктіріп тігеміз. Дайын болған сөмкенің алдыңғы бөлігін артқы бөлігімен қосып тігеміз де, бау тағамыз. (Оқушыға жұмысты көрсету барысында ретімен түсіндіріледі)
4. Жаңа сабақты бекіту

Сөзжұмбақ беріледі. Әр қатардағы сөздер дұрыс табылса, тігінен «Сәндік қолөнер» деген сөз тіркесі шығады.
1. Ұлттық киімдер мен бұйымдар тігетін адам
2. Қазақ қыздарының бас киімі
3. Суретті тықыр кілем
4. Батырдың бас киімі
5. Жүннен жасалған бұйым
6. Аң терісінен жасалған ерлер киімі
7. Мата қалдықтарынан құрастырылып тігілген бұйым
8. Теріден жасалған сусын құятын ыдыс
9. Төсеніш бұйым
10. Ұста құралы
11. Тоқылып жасалған зат салғыш бұйым
12. Әшекей бұйымдар жасайтын адам
13. Ағаштан ойып әртүрлі бұйымдар жасайтын адам
ісмер
сәукеле
гобелен
дулыға
ішік
киіз
құрақ
тоқыма
алаша
көрік
қоржын
зергер
шебер

а) Оқушылар еңбегін бағалау, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау
ә) Үйге тапсырма беру 1. Жұмысты аяқтау.

5. Қорытынды
«Көнені керек етпесең, жаңа табылмайды» деп Шәкәрім атамыз айтқандай, көнені қадірлеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздердің және жастардың міндеті. Көне бұйымдарды ұмытпай, оларды қазіргі заманға лайықтап, жаңа үлгіде жасап шығару біздің парызымыз және қолөнеріміздің шарықтауына қосқан үлесіміз деп білейік.





Қазақ халқының қолданбалы өнері

Категориясы: Технология

Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік беру
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қолданбалы өнерінің түрлері
Сабақтың мақсаты: Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік беру
Міндеттері: білімділігі: өз бетімен меңгерген білімін тереңдете түсу
Тәрбиелілігі: ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: өнер мен уақыт саясатын ұштастыруға машықтау.
Көрнекіліктер:Қазақтың ұлттық бұйымдары, қоржын, тұскиіз, топтастыру қағазы, бағалау парағы, фишкалар.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап ,әңгіме.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин түгелдеу
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері:киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан. Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік,сақина, бойтұмар. Қазақ халқы «Өнер-өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші өнер өмірмен бірге ұштасып келеді.

1. Төсеніш бұйымдары. Тұскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т.б. маталардан бетіне ою-өрнектер тігіледі. Текемет- бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою-өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады. Сырмақ- киізден сырып оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып жасайды. Қоржын- өрмек құрып тоқылатын бұйым. Ұзындығы 120 см, ені 50 см болады. Ердің артына бөктеріп жүру үшін екі басты етіп жасалған қапшық. Аяққап – ыдыс-аяқ салуға арналған қапшық. Ол көбінесе киізден жасалады. Алаша- әр түрлі жүннен немесе түрлі түске боялған мақта мен жүннен тоқылған төсеніш. Алаша терме және қақпа алаша деп екіге бөлінеді. Төсеніш ретінде қолданады. Тұтқыш- ас пісіретін қазанды оттан көтеріп түсіргенде қолды күйдірмеу, қазанның күйесін қолға жұқтырмау үшін киізден жасалған екі қолғап. Оның ұзын етіп жасалған бауы болады.

2. Ағаштан жасалған бұйымдар. Сандық киім кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым. Кебеже ағаштан жасалған әшекейлі сандық. Оған тамақ, ыдыс-аяқ салып сақтаған. Адалбақан- төрде тұратын киім ілетін өрнектелген бұтақты, не бұтақтарын қолдан жасаған сырық.

3. Зергерлік бұйымдар. Білезік- білекке салынатын сәнді зат. Сырға – әйелдердің құлаққа салынатын сәнді зат, алтын, күмістен, асыл тастардан жасалған.Алқа – алтын, күміс, маржанмен әшекейленген омырауша, өңір, өңірше.
Демек қазақ халқының қолөнер бұйымдарының түрлері өте көп. Олардың шығу тарихы алуан түрлі. Міне осындай өнеріміз «Өнер-өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, өмірмен бірге ұштасып келеді. Енді біз «Бақытты сәт» ойыны (оқыта үйрету ойындары)(модульдік технология бойынша)

Құрал жабдығы:
1. Шарлар салынған қапшық немесе кішкене бөшке.
2. Секундомер (сағат)
3. Ортақ бағалау парағы ( қосымша)
4. Фишкалар
5. Үй тапсырмасы ( әр команда екі сұрақтан)
6.Конкурс тапсырмалары
7.Жауап үлгілері
Ойынның жүру барысы.
Сынып 2 командаға бөлінеді, әр команданың өз капитаны және атауы болады.

І –гейм «Бой сергіту» Командаларға 10 сұрақтан беріліп, оларды талдауға 5 минут бөлінеді. Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады.
Сұрақтарға ең көп жауап берген команда ұтады.

ІІ- гейм « Бөшкеден шыққан бас қатырғылар» Команда мүшелері бөшкеден (қапшықтан) нөмірлері бар шарлар алып шығады. Жүргізуші әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды.Өз ішінде талқылаған соң, команда капитандары жауап береді.

1.Аяққап дегеніміз не?
2. Қоржын дегеніміз не?
3. Тұтқыш дегеніміз не?
4. Түйе баласына байланысты ою? (ботагөз)
5. Магиялық ою қалай аталады? ( тұмарша)
6. Аққу оюы нені бейнелейді?
7. Еңбек туралы мақал айтып бер?
8. Өнер туралы мақал айтып бер?
9. Оқу-білім туралы мақал айтып бер?
10.Жансызда бір жансыз бар жалғыз аяқ
Беліне қыстырғаны шидім таяқ
Келбетіне қарасаң ештеңе емес
Беліне буыныпты аямай-ақ
(ұршық)
11. Кіруге адам батпайды
Төрт бұрышты тақтайды
Затыңды аман сақтайды.
(сандық)
12. Басы да екеу, аяғы да екеу.
(қайшы)

ІІІ – гейм «Жұмбақтас» Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса, команда көк жалаушаны немесе қолын көтереді.
1.Өнерлінің он саусағы тең ....
(Өнерсіздің бір саусағы кем.)
2.Еңбексіз өмір жоқ ...
(Ауырсыз жеңіл жоқ)
3. Шын шеберде …
(мін жоқ)
4. Жаңбырменен жер көгерер ....
(еңбекпенен ел көгерер)
5. Еңбек өмірді ұзартады ...
(ұят бетті қызартады)
6. Байлықтың атасы еңбек ...
(Анасы жер)
7. Еңбегіне қарай құрмет ...
(жасына қарай ізет)
8. Өмір үйретеді ....
(еңбек ширатады)
9. Өрнегі көптің ....
(ермегі көп)

ІV- гейм. «Сен-маған, мен-саған». Командалар бір-біріне 2 сұрақтан қояды.

1.Жасырылған сөзді тап. Бірінші сан бағана нөмірі, ал екінші сан – жол нөмірі
2. Жасырылған сөзге сәйкес мақал- мәтел жаз.
№1 кесте. Кестенің сыры түрінде кілемнің сыры түгінде
Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды.
Қыз еркем, кестесімен көркем, ұл еркем, өрнегімен көркем
№2 шебер. Шебердің қолы ортақ.
Шеберді өнері асырайды.
Шешеннің сөзі мерген, шебердің ісі мерген.
Шеберлік шексіз байлық
№3 ине. Жолды инемен өлшемес болар.
Көк инемен көктеу білмейді.
Білім инемен құдық қазғандай.
Ситуациялық сұрақтар қойылады.

V-гейм. «Көсемдікке ұмтылу» Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады:Ал ең көп дұрыс жауап берген (4-7) балалар өз командасына қосымша ұпай, өздеріне баға:4-5 жауап-4 бал-«4» бағасын, 6-7 жауап-5 балл-«5» бағасын алады
2,3,4,5-ші геймдерге талқылауға бір минуттан беріледі. Егер бірден жауап берілсе, онда осы үнемделген уақытын команда басқа сұрақты талдағанда пайдаланады. Әрбір дұрыс жауапқа команда 1 балл немесе фишка (барлық фишкалар бір түсті алады)
1.Тұскиіз дегеніміз не?
2. Қазақтың қолданбалы өнері неше топқа бөлінеді?
3. Тұтқышты неге пайдаланады?
4. Шашқапты не үшін киген?
5. Қазақтың ұлттық бұйымдары неден жасалады?
6. Алаша тоқитын құрал?
7. Білекке салынатын сәнді зат?
8. Киізден сырып оюлап жасалған төсеніш?
9.Текемет қалай жасалады?
10. Зергерлік бұйымдарды ата?
11.Сандық не үшін қажет?
12. Сырға, алқа деген не?
13.Адалбақан қандай бұйым?
14.Алашаның жасалу жолын түсіндір?
15. Киім –кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым?
16. Ыдыс –аяқ салуға арналған қапшық?
17. Ас пісіретін қазанды оттан түсіргенде қолды күйдірмеу үшін киізден жасалған қолғап?
18. Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі.
19. Түрлі өнімдер салуға араналған жүннен, матадан жасалған үлкен қаптың аты.
20. Бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы?
21. Ердің басына бөктеріп жүру үшін екі басты етіп жасалған қапшық.
22. Әр түрлі түске боялған мақта мен жүннен тоқылған төсеніш.
23. Әйелдердің әшекей бұйымы.
24.Төсеніш бұйымдарын ата?
25.Кебежені не үшін пайдаланған?
26. Наурыз қандай күн? (Ұлыстың ұлы күні)
27. Наурыз туралы тілек. (Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын)
28.Наурыз көже қалай жасалады?
29. Наурыз айында табиғатта қандай өзгерістер болады.
30. Қазақ халқы наурызды қалай тойлайды?
31. Қандай ойын түрлері ойналады?
32. қандай ырымдар жасалады?
33. Қандай тойлар тойланады.?
34. Дастарқанға қандай тағам түрлері қойылады?

Қорытындылау:
Бағалау.
Үйге тапсырма: Қазақ халқының қолданбалы өнерінің түрлері