СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары Тұрақты тіркес

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары Тұрақты тіркестер  5 сынып қазақ тілі пәніне арналған   

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары Тұрақты тіркес»

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тұрақты тіркестер туралы тірек білімдеріне сүйене отыра синонимдік, антонимдік түрлеріне,тіліміздегі қолданылу аясы, ерекшеліктері жайында мағлұмат беру;
Дамытушылық: Оқушыларды еркін сөйлеуге, терең ойлауға, әдеби тіл байлықтарын дамытуға, сыни тұрғыдан өзіндік пікір қалыптастыруға,тұрақты тіркестерді қолдануға үйрету, білім,білік,дағды қалыптастыру;
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, достыққа, сөз өнерін құрметтеуге баулу.
Сабақтың міндеті:
Мазмұнға байланысты міндет:
жазбаша жұмыстарын орындай отырып, тұрақты тіркестердің синонимдік, антонимдік түрлерін ажыратуға, табуға үйренеді.
Сыни тұрғыдан ойлауға байланысты міндет:
тұрақты тіркестерді өзінің сөздік қорында қолдана біледі.
Сыныптық немесе тәрбие әрекетіне байланысты міндет:
сыныппен жұмыс барысында сыныпта айтылған барлық пікірлермен санасу арқылы бір- бірін сыйлауға үйренеді.
Күтілетін нәтиже: оқушылар тұрақты тіркестердің ерекшеліктерін біледі, түрлерін ажырата алады, сөйлем ішінде жүйелі қолдана алады.
Оқытудың әдісі: ой шақыру,әңгімелеу,түсіндіру, сұрақ – жауап,толықтыру, өз бетінше іздендіру,ойын,салыстыру, сәйкестендіру.
Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: өзін – өзі тану, әдебиет
Көрнекілігі: тапсырмалар, суреттер, плакаттар, оқулық
Техникалық құрал: телевизор, компьютер
Сабақтың барысы.
Психологиялық дайындық.
Бүгінгі оқу іс – әрекетімізді ізгі ниетпен, жақсы тілекпен, жылы лебіздермен бастау. Мұғалімнің оқушыларға тілегі, оқушылардың бір – біріне тілегі.
СӘТТІЛІК сөзіндегі дыбыстардан басталатын тілек сөздер айту
С – сабырлық, сөзшеңдік
Ә – әдептілік,әдепті бол, әдемілік
Т – талапты, тапқырлық
Т – татулық, төзімдік
І – ізгілік
Л –заманға лайық
І – ізеттілік, іскерлік,іздену
К – көңілді күн
І. Қызығушылықты ояту.
Күн сияқты барлығымыз жадырап,
Әрқашанда қуанышты көңілмен,


Бар білімді ортаға кеп тастайық. Олай болса іске сәт.
1.Үй тапсырмасын тексеру.

1.«Кім тез табады?»
Тапсырма. Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркестерін теріп жазыңдар.
Жүрек жұтқан, жүректі емдеу, су жүрек, көзді ашып- жұмғанша, көзі ауырды, қас қаққанша, қасы жуан, жерге кіріп кете жаздады, жер қазу,нәр сызбау,құлақ асқан жоқ, сызба жасау, көз ілмеді.
ІІ. Мағынаны тану.
Сабақтың мақсаты хабарланады. Сабаққа қойылған міндеттермен таныстырылады.
Балалар, тұрақты тіркестерді еркін сөз тіркестерінен ажырата білеміз, енді бүгінгі сабақта сендердің міндеттерін тұрақты тіркестердің түрлерін яғни баламаларын табуға үйрену. Олай болса, мониторға қараймыз.
2. Мұғалімнің қосымша ақпарат беру, түсіндіру сөзі.
Тұрақты тіркестердің бір қызықты тұстары бар екен. Соны бірлесе отыра тауып көрейік.
«Кім тапқыр?»
1. Көзі алақандай болу, екі көзі шарасынан шығу - қорқу
2. Көз ілмеді, түн ұйқысын төрт бөлді, кірпік қақпады - ұйықтамады
3. Жүрегінің түгі бар, жүрек жұтқан - батыр
4. Ит өлген жер – таяқ тастам жер - алыс - жақын
5. Екі езуі екі құлағына жету – қабағын кірбің тартты, бармағын тістеді - қуану– өкіну,ренжіді
6.Қолы ашық – пейілі тар – жомарт – сараң
3. Сергіту сәті.Суретіне қарап сөзін тап.Суреттер бойынша тұрақты тіркестер құрастыру.
4. Оқулықпен жұмыс.
116 – жаттығу .
1. Мәтіннен тұрақты тіркестерді теріп жазыңдар.
Мәтінде суреттелген тұлға сендерге таныс па? Ол кім?
Кенен Әзірбаев туралы слайд.
2. Осы үлгіге қарап, өзіңнің досыңа мінездеме жаз.
Түрін, бойын, сымбатын суреттеп бер. ( осыған ұқсас үйге берілген тапсырма жеке оқушымен жұмыс берілген)
5. Сөзжұмбақ шешу.
Тұрақты тіркестердің мәнін ашып сөзжұмбақтың кілтін ашу
1. тепсе темір үзеді - мықты
2.Күн тигізбей өсіру – мәпелеу
3.көзге түртсе көргісіз – қараңғы
4. іші пысу - зерігу
5.Бармағын тістеу - өкіну
6.Жүзіктің көзінен өткендей - сұлу
7. Қара қылды қақ жару – әділ
8. Ат салысу - көмектесу
9. Тіл қатқан жоқ – үндемеді
10. қас пен көздің арасында – лезде
Балалар, сөзжұмбақтың кілтін аштық па, қандай сөз шықты?
«Мәңігілі Ел – Мәңгілік тіл» идеясын жүзеге асыру үшін біз не істей аламыз?
Елбасын құптаймыз ба? Біздің қолымыздан не келеді.
- Білім алу, оқу .....
Олай болса, Ел басының тапсырмаларын орындайық ( слайд, тапсырмалар беріледі)
ІІІ.Ой толғаныс: 1.«Сауаттылық хат» Елбасына арнау хат жазамыз.
2.«Тест - интервью»
Тұрақты тіркестердің өзіне тән белгілері
Тұрақты тіркесті сөздер ұнады ма, жоқ па? Неліктен?
Тұрақты тіркестерді сөйлеу тілінде қолдана отыра нені байқадың?
тұрақты тіркестер арқылы сөздік қорына не жинадың?
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың? Сабақ саған ұнады ма? Несімен ?
2. Үйге тапасырма: – жаттығу
3.Бағалау. Сынып басшысының бағалау парағы бойынша