СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Салауатты өмір салты

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» багдарламысында біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңнің міндеттерін өзге келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтындығымыз, сонымен бірге жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеп, дене тәрбиесімен, спортпен айналысуга үгіттеп, еліміздің болашағы жастардың қолында екенін есте ұстауга тиіс екендігіміз айтылған.

Просмотр содержимого документа
«Салауатты өмір салты»

Новоишим қазақ орта мектебі















Баяндама





Тақырыбы: «Салауатты өмір салтын ұстануда денешынықтыру пәнінің маңызы».















Орындаған: Дене шынықтыру

пәнінің мұғалімі Сердалин Р.Е







































Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» багдарламысында біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңнің міндеттерін өзге келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтындығымыз, сонымен бірге жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеп, дене тәрбиесімен, спортпен айналысуга үгіттеп, еліміздің болашағы жастардың қолында екенін есте ұстауга тиіс екендігіміз айтылған. Бұдан егемен елімізде жас ұрпақтың дене тәрбиесіне айрықша көңіл бөлініп отырғаны көрінеді. Ол түсінікті де. Келешекте Азия барысына айналатын елдің іргесін нығайтатын да қазіргі жас ұрпақ. Сондықтан жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырып, денсаулықтарына аса зор көңіл бөлген абзал. Тұлғаны «әдемілік айнасы немесе зор денсаулық»- деп бекерден айтпаған.

Қазақ халқы «тәрбие басы - тал бесік» деп бекер айтпаса керек. Жат әрекеттерге қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Ал одан кейінгі балабақша, мектепте, арнаулы оқу орнында, жоғарғы оқу орнында дұрыс тәрбие бере отырып өмірге бейімдеп қалыптастыруымыз қажет. Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру.

«Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану.» Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл - ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.

Салауатты өмір салты дегеніміз - адамның тұрмыстағы күнделікті қалыптасқан дағдысы мен әдеті бойынша еңбек ету, бос уақытын дұрыс пайдалана білу, өзінің рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, саяси және қоғамдық өмірге белсене қатысуы. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Оның маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыру болып табылады. Оның маңыздылығы жыл сайын артып келеді. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.

Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды дайындаудағы білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейкесті мәселе болып отыр. Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене - қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін - өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды. Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс. Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та дендеп бара жатқандай. Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен істеген істің арты немен тынарын да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін.

Баланың тұлғасы мектептегі денешынықтыру тәсілдері мен амалдары және көптеген жаттығулар арқылы қалыптасады. Баланың жастайынан спортқа қызығушылық танытуы, келешекте оның дені сау тұлға болып шығарына мүмкіндік береді. Дұрыс жетілмеген тұлға көзге бірден түсіп, өз ортасында шектеліп қалады. Тіпті организмі дұрыс жұмыс істемей, кері әсерін тигізуі рас. Тұлғаның дұрыс қалыптасуы дененің бұлшық еттерінің бірдей дамуына байланысты. Омыртқаны ұстап тұратын еттердің әркелкі немесе әлсіз дамуы тұлғаны әрқилы бұзылуына, ал кейбір жағдайда тіпті омыртқаның қисаюына әкеп соғады. Бала тұлғасының бұзылуына әртүрлі аурулар (мешел, жұқпалы аурулар), бұған қоса табаны жалпақ болуы, сондай-ақ, күн тәртібін дұрыс ұйымдастырмау, дұрыс тамақтанбау сияқты себептер жатады. Тұлғаның қалыптасуын түзеуден көрі, оның алдын алған дұрыс. Бала өз тұлғасының дамуын өзі қадағалап тым жұмсақ емес, қайта тегіс, тығыз төсекте шалқасынан ұйықтағаны жақсы, бірақ үнемі бір қырынан (бүктеліп жатып) ұйықтамау керек. Тұлғаның бұзылуы мен омыртқаның қисық бітуінің басты себебі әдетте денені дұрыс ұстамауы, бүкірейтіп жүруі, иық пен бөксені қисық ұстап тұруы, орындыққа дұрыс отырмаудан болады. Баланың бірінші әрекіті – ойын, сондықтан да ойын мән-мәнісі ерекше. Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Баланың әр түрлі қозғалысы ойындарына қатысуы. Гимнастикамен айналысуы. Бұлшық еттер мен көкірек қуысын дұрыс қалыпта дамытуға көмектеседі. Баланың дені сау тұлға болып қалыптасуына гимнастиканың әсері мол екенін жоғарыда айтып өткен едік. Кеңінен тоқталар болсақ, 3- 5 минут бір қалыпты жүгіріспен бастап, дененің бұлшық еттерін босатуға көмектесесіз, содан кейін тартылып, алға еңкейіп, артқа шалқайып, аяқты әрі – бері сермеп, секіру сияқты жаттығуларды орындауға дағдыланған баланың дене бітімі дұрыс қалыптасары сөзсіз. Балалардың бәрі дерлік күшті де епті болғысы келеді. Сондықтан, дене шынықтыру сабақтарында үйретілетін қимыл – қозғалыстарды мұқият орындауға талпынады. Дегенмен, дене шынықтыру сабақтарындағы жаттығулармен шектелу жеткіліксіз. Бұған қоса балалар күнделікті өз беттерімен дене жаттығуларын жасауы тиіс. Сымбатты тұлға кез – келген ортада жақсы әсер қалдырары анық. Сол себепті, жаттығуларды жүйелі түрде жасап өскен бала өз қатарластарынан ерте дамып, ойлау өрісі де кеңейіп, қабілетті де дарынды, сымбатты тұлға болып қалыптасары өмір заңдылығы. Сол себепті, мүмкіндігінше мына екі жаттығуды орындап отырған жан. Біріншіден, денеңізді тік ұстауға дағдылану үшін төбеңе зат қойып жүру және қабырғаға арқамен тұрып жасайтын жаттығуларды игерген абзал. Өйткені, төбеге зат қойып жаттығу жасағанда бас пен иықты дұрыс ұстауға көмектеседі. Ал қабырғаға арқанмен тұрып жасайттын жаттығудың пайдасы денені тұтасынан, басты, мойынды, иықты, арқаны, аяқты түзу ұстауға дағдыландырады. Оқушылардың сымбатты тұлғасын қалыптастыру үшін денені тік ұстауға көмектесетін бұлшық еттерін үнемі шынықтыру қажет. Сондықтан, мектетердегі дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері оқушыларға осы мәселелері жете түсіндіру үшін, алдымен өздері жаттығуларды жүйелі түрде жасап, басқаларына үлгі көрсетуі қажет. Сонда оқушының санасы оянып, дене шынықтыру сабағы тек қана доп қуу пәні еместігін ұғады. Спортқа қызығушылығы оянған әр баланың салауатты өмір салтын сақтап жүруге жетелейтін сөзсіз .

Қорыта айтқанда, өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық - өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан - салалы түрімен айналысуға болады. Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін - өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.



Пайдаланған әдебиеттер :

1. Дене тәрбиесі « әдістемелік нұсқау» Алматы «Мектеп» 2012ж

С.Тайжанов, С.Қасымбекова

2. Мектептегі дене шынықтыру № 3 2012 ж, № 2 2012ж

3. Әдеп «Инабаттылық дәрістері»

А. Ұлықман, Ж.Нұсқабайұлы