СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шәмші Қалдаяқов

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы 

Просмотр содержимого документа
«Шәмші Қалдаяқов»

"ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ "МИРАС" ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ

1-филиалы










Ш.Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттау мақсатында

«Сағынышқа айналған сазгер»

ТАНЫМДЫҚ САҒАТ

Өтілу сценарийі

















Маженов Бакыт Аляскарович



Тақырыбы: «Сағынышқа айналған сазгер»

Мақсаты: Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын жастар арасында насихаттау, әр түрлі тапсырмалар арқылы композитор шығармалығымыен етене таныстыру.

Жетекшісінің кіріспе сөзі:

Ш.Қалдаяқов есімі аталғанда ауызымызға бірден халқымыздың әнұранына айналып кеткен «Менің Қазақстаным» әні түседі. Исі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп жүре беретін әндердің қай қайсысы да халықпен бірге. 1986 жылы желтоқсанда жастар азаттықтың туын көтеріп, Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әнің айтып, орталық алаңға шыққан еді. Шәмшінің көзі тірісінде сол ән ұранға айналды. Сағынышқа айналған Шәмшіні білмейтін кімде –кім.

/ҚР Гимні орындалады/

Халқымыздың рухани азығы болып, ән өнерінің інжу-маржаны аталған шығармалардың авторы – Ш.Қалдаяқов 1930 жылы тамыз айында Шымкент облысы Қызылқұм ауданында дүниеге келген. Әкесі татардың гармонын, қазақтың қобызы мен домбрасын құйқылжыта тартатын сері адам болған.

Шәмші 1956-1962 жылдары Алматы консерваториясында оқып, 1950 жылдан бастап творчестволық жұмыспен шұғылданған. Шәмші Қалдаяқов Қазақстан Ленин сыйлығының лауреаты атағын 1965 жылы алды. Кейін Қазақ ССР-іне еңбек сіңген мәдениет қызметкері деген атақ берілді. Шәмшінің көптеген әндері бар «Арыс жағасында», «Теріскей», «Ақ бантик», «Сыр Сылуы», «Бәрінен де сен сұлу» т.б.

Шәмшінің «Қайықта» әні 1957 жылы демократиялық жастардың бүкіл дүниежүзілік фестиваліне арналған Республикалық байқауға байланысты жазылды. Содан бастап ол халықтың сүйіп тыңдайтын әндерінің біріне айналған.

Шәмші көптеген ақындардың сөзіне ән жазды. Ж.Нәжімеденов, Н.Әлімқұлов, М.Шаханов, Т.Молдағалиев, М.Әлімбаев, Т.Айбергенов, М.Мақатаев. Бұлардың бәрі де халыққа танымал, белгілі ақындар. 1957 жылы Шәмшінің композитрлық тағы шарықтап тұрған кезде анасы ауырып қайтыс болады. Ол анасымен қоштасып тұрып, апа, қарыздармын, сенің басыңа мовзалей орнату қолымнан келе қоймас, бірақ әсем әнмен ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын деген. Сол қағидасын 1961 жылы орындады. «Ана туралы жыр».

Ән туады мұратынан,

Сөз туады сұрақтан.

Небір күлген әуендер,

Басталады бұлақтан

Міне, оқушылар, өте дұрыс айтады. Сөз туады сұрақтан. Шәмші өмірінен сұрақ-жауап алып көрейікші.

  1. Сазгердің әкесінің шын аты? (Әнәпия)

  2. Шәмші қай жылы туды? (1930 жылы тамызда)

  3. Шәмшінің шын аты? (Шәммид)

  4. Шәмшінің атақ алуына араласқан кім? (О.Бодықов)

  5. Шәмшінің анасының есімі? (Сақыпжамал)

Жетекшісінің сөзі:

Жарайсыңдар, оқушылар. Шәмші Қалдаяқов туралы мәліметтер білдік. Енді оқушылар сіздерді мен 2-топқа бөлемін. 1-топ – сазгер, 2-топ- ақын. Екі топқа бірдей тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды дұрыс және тез табуымыз керек. Сіздерге берілетін 1-тапсырма «Жалғасын тап» деп аталады.

1-тапсырма «ЖАЛҒАСЫН ТАП» ойыны

Мен қара сөзбен оқимын, сіздер әуенімен жалғастырасыздар

А) Алдында бір бақыт, Әннің аты: «Арыс жағасында»

Тұрғандай тіл қатып. Әнің жазған: Ш.Қалдаяқов

(Толқынға қарап ойлана, Сөзін жазған: М.Шаханов

Әндеттің жай ғана)

Ә) Балауса қыз едің бір кезде, Әннің аты: «Ақ бантик»

Шашыңа ақ бантик байлаған Әнің жазған: Ш.Қалдаяқов

(Өзгеріп кетіпсің бұл күнде Сөзін жазған: М.Шаханов

Көркіңе көз тастап ойланам)

Б) Жайрандап жазда ағатын еді, Әннің аты: «Сыр сылуы»

Есімде қайран сыр сұлу. Әнің жазған: Ш.Қалдаяқов

(Таңертең сонда баратын еді Сөзін жазған: З.Шүкіров

Толқынға құмар бір сұлу)

В) Аңсаған бақытым сияқтанып, Әннің аты: «Кешікпей келем деп ең»

Ай туып келеді қияқтанып. Әнің жазған: Ш.Қалдаяқов

(Жол жаққа қараймын, Сөзін жазған: М.Шаханов

Сен жоқсың, арайлым.

Кешікпей келем деп ең

Мен тұрмын елеңдеумен)

2-тапсырма «ЖЫЛДАМ ӘРІ ТЕЗ» ойыны

Осы сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.



          Сазгер                                                       өнер

          туған ел                                                   халық

           саз                                                       ұялатады

          дарынды                                                 сезім



3-тапсырма «СҰРАҚ-ЖАУАП» ойыны

Берілген сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беруі тиіс



1-ТОП: «САЗГЕР»

А) Ш.Қалдаяқов кім?                                    

Ә) Шәмші қандай сазгер?                         

Б)Қай әні әнұранға айналды?

2-ТОП: «АҚЫН»

А)Шәмші қай жерде туған?

Ә)Шәмшінің әндері қандай?

Б)Композитор қанша туынды жазды?



4-тапсырма: «ШӘМШІ КІМ?» ойыны

Шәмшіге тәң қасиеттерді параққа жазу

Еңбексүйгіш;

туған жерге деген махаббат;

өмірге құштарлық;

әнұранның авторы;

мейірімділік;

қарапайымдылық;

жомарттық.





5-тапсырма: «ДҰРЫС НҰСҚА» ойыны

Сөйлемдерді көшіріп, төл сөздің тыныс белгілерін қояды және төлеу сөзге айналдырады

/қарамен жазығаны дұрыс нұсқасы/



1. Мұғалім  былай деді: «Шәмші Қалдаяқов – қазақ халқының дарынды перзенті».

Мұғалім балаларға Шәмші Қалдаяқовтың қазақ халқының дарынды перзенті екенін айтты.

2. Шәмшінің «Ана туралы жырында  кім туралы айтылған» - деп сұрады мұғалім.

Мұғалім Шәмшінің «Ана туралы жырында» кім туралы айтылғанын сұрады.

3. «Шәмшінің әндерін атап бер»,- деді мұғалім.

Мұғалім Шәмшінің әндерін атап беруін сұрады.

4. Менін досым: « Маған Шәмшінің әндері ұнайды», -деді.

Менін досым Шәмшінің әндері ұнайтынын айтты.



6-тапсырма: «ВЕН ДИАГРАММАСЫ»

Екі әннің ортақ мағынасын шеңберге жазу қажет


«Ана туралы жыр» «Анаға сәлем»


7-тапсырма: «ТОПТАСТЫРУ ӘДІСІ »

Жетекшісінің қорытынды сөзі:

«Өмірде ақындардың бәрі жалғыз»,-деп Мұқағали жырлағандай, таланттардың бәрі жалғыз, Шәмші де жалғыз. Тамаша әндер шығарып, өзі елеусіз де аянышты тірлік еткен, тер төккен еңбегі ескерілмеді. Бірақ, оның әні өлмейді. Артына өшпестей ескерткіш қалдырған, көзі тірісінде құрмет көрмеген Шәмші 1992 жылы 22 ақпанда мәңгіге көз жұмды. Шәмшінің әндерінің қай ұрпаққа да берері мол. Ендеше, «ҚАЙРАН ШӘМШІ» деректі фильмді тамашалайық.