Просмотр содержимого документа
«Шығармашылық Сурет салу "Тоқаш нан"»
Екінші кіші «Құлыншақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізі күні:14.03.19ж
Тәрбиеші:Оразова Г.Т
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Жер-Ана»
Тақырыбы: Тоқаш нан
Мақсаты:
Тәрбиелік: Нанды қастерлеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Дөңгелек пішінді салу қабілеттерін дамыту.
Оқыту: Тоқаш нан бейнесін салуға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндір, көрсету,сұрақ-жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең:
Шаттық шеңбері:
Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
2.Негізгі бөлімі:
Балалар бізге қонаққа тышқан келді
Кәне амандасыңдар!
Сәлеметсіңбе тышқан
-Тышқан:Қараңдар тышқанның қолында бір уыс бидай бар екен
-Тәрбиеші: бізге бере ме екен?
Тышқан:Ия мен бұл бидайды сендерге алып келдім
Тәрбиеші: Олай болса балалар біз бұл бидайды егейік
-Тәрбиеші: Тышқан сіз бізге бидайды бересіз бе?
Көп рахмет
Ол үшін ыдыстарға қара топырақты толтырамыз, сосын үстіне бидайды шашамыз да топырақты қопсытамыз
Ерасыл сен қопсытыта гой
Енді бидайға су құйамыз
Хадия сен құйя гой
Енді балалар біз бұл бидайды қандай жерге қоямыз?
Дұрыс айтасыңдар жылы әрі жарық жерге қоямыз да күнде бақылылап отырамыз.
Бір күні дән бүршік жарып шығады. біз бұл бидайдың өсіп шығуын күнде бақылап отыратын боламыз.
Сендер күнде қарап қамқор болуға уәде бересіңдер ме?
Жақсы балалар. Сендер бидайдың қалай өсетінін білдіңдер.
Біздің еңбекқорлығымызға тышқан рахмет айтып, енді үйіне қайтамын дейді
Сау бол тышқан.
Сергіту сәті: "Бес саусақ" жаттығуы
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Беске бесті қосқанда болады екен он саусақ
3.Қорытынды: Бізге қонаққа кім келді?
Тышқанның қолында не бар екен?
Біз бидай мен не істедік?
Балалар сендер жақсы жұмыс жасадыңдар көп рахмет