Бекітемін______________________ Пән мұғалімі:Жалгасбаева Ж
Күні:_______________ Сынып:11__________
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты: Техника қауіпсіздігі ережелерінің маңызын жеткізе отырып, орындалуын қатаң орындауын талап ету.
Сабақ міндеттері:
Білімділік:Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютерлер, SIN.kz бағдарламасы, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Өтілгенді пысықтау
Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі
Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
Бақылау кезеңі
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
II. Өтілгенді пысықтау
Есептеуіш техника кабинетінің басқа кабинеттерге қарағанда қандай ерекшелігі бар?
Есептеуіш техника денсаулыққа зиян келтіре алады ма? Қандай?
III. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстырукезеңі
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
Жалпы
ДК-де жұмысты бастау алдында
Жұмыс істеу кезінде
Авариялық жағдайларда
Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.
Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы кашықтығын (60-70см)
сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.
Келушілер кіргенде окушынардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
жаттығу орындау керек.
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:
Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді өшіру);
Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек
көрсету;
Дәрігер шақыру {мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жакын жердегі емдеу мекемесінен).
Күйгенде көмек керсету:
Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);
Күйген жеріне май жағу (винилин);
Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Талып қалғанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;
2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі токтағанда көмек көрсету:
Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған
болса. қолмен орнына келтіру;
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жакын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан- ауызға) керек.
КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР1-жаттығу
- Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
- Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.
2-жаттығу
- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
- Көздерінді талдырмандар.
- Алысқа қадалын қарандар.
3-жаттығу
- Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалын қарандар.
4-жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА карап, көз тіккен нүктені белгілендер.
- Алысқа қадалып қарандар.
5-жаттығу
- Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.
- Алысқа қадалып қараңцар.
6-жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалып караңдар.
7-жаттығу
- Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.
IV. Жаңа ұғымдарды бекітукезеңі
«Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру» кроссвордын шешу.
V. Жаңа ұғымдарды қолданукезеңі
Көз талғанда жасайтын жаттығуларды орындау.
VI.Бақылау кезеңі
Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру.
Оқу ісінің меңгерушісі_____________________ Пән мұғалімі:Жалгасбаева Ж
Пән аты : Информатика Күні:_______________
Сынып : 11_________
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттарды өңдеу, ақпараттарды іздеу және таңдау,
іздеу әдісі, таңдау критериясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Ақпараттарды өңдеу, ақпараттарды іздеу және таңдау, іздеу әдісі, таңдау критериясы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық – Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: ДК, дәптерлер, таратпа карточкалар, оқулықтар, нұсқау беру
журналы, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.
Барысы:
Ұйымдастыру
-Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар.
-Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Ақпараттану — ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ ақпаратты
жинақтау, сақтау, іздеу, қайта өңдеу, түрлендіру, таратумен және оны адам қызметінің әртүрлі саласында пайдалануға байланысты мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ақпаратты жинастыру, өңдеу және тарату мәселелері адам баласының даму тарихының барлық сатысында көкейкесті мәселелердің бірі болып келді. Жазу мен кітап басу ойлап табылғаннан кейін ақпаратты жинастыру мен таратудың жаңа технологиясы жасалды. 20 ғасырдың басында Бельгия ғалымы П.Отле ғылыми құжаттарды жинақтау, өңдеу, сақтау, іздеу мен таратудың кешенін біріктіруді ұсынды. Дегенмен, олардың ақпаратты өңдеу саласына тікелей қатысы болмады. Кейбір жеке өңдеу операцияларын механикаландыру
ешқандай Ақпараттануға елеулі өзгеріс енгізе алмады. Электронды есептеу машинасының
пайда болуы бұл жағдайды түбірімен өзгертті. ЭЕМ-ды жеке есептерді шығаруға пайдаланудан кешенді автоматтандыруға пайдалануға көшу жаңа, негізгі қадам болды. КСРО-да Ақпараттану дербес пән ретінде 50-жылдардың басында қалыптасты. Ал Ақпараттану Қазақстанда 1957 жылы басталды. Сол жылы Қазақстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жанынан ғылыми-технологиялық ақпарат және техника, экономика ғылыми-зерттеу институты ашылды. Ондағы зерттеулердің негізгі бағыттары:
ғылыми-технологиялық ақпарат мәселелерін зерттеу, ақпараттық қызмет көрсету әдістерін
дамытып жетілдіру, автоматты түрде ақпаратты жинау, өңдеу, іздеу, сақтау, тасымалдау.
1991 жылы Қазақстан ҒА-ның Ақпараттану мен басқару институты ашылды. Оның лабораторияларында іргелі зерттеулер “Ақпараттың, басқарудың және ақпараттық жүйелерді жасаудың теориялық мәселелері” және Республикалық ғылыми-технологилық
бағдарлама саласында “ҚР халық шаруашылығын ақпараттандыру” бағдарламалары бойынша жүргізіліп келеді. Ақпаратты іздеу осы институтта қарастырылған іргелі
мәселелердің бірі болды.
Ақпаратты іздеу – құрылымдалмаған құжаттық ақпаратты іздеу процесі және оны іздеу туралы ғылым. Ақпараттық іздеу терминін 1948 жылы алғаш рет докторлық диссертациясында Кельвин Мур енгізген. Аталған термин 1950 жылдан жарияланып, қолданылып келеді. Алдымен автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесі немесе ақпараттық-іздеу жүйесі ғылыми әдебиетте ақпараттық төңкерісті басқару үшін қолданылды. Бірқатар университеттер және кітапханалар ақпараттық іздеу жүйесін кітапты, журналды және басқа құжаттарды алды қаматамасыз ету үшін пайдаланды. Ақпараттық іздеу жүйесінің кеңінен таралуы Интернет желісінің пайда болуымен тығыз
байланысты болды. Орыс тілді пайдаланушыларда Google, Яндекс және Рамблер іздеу
жүйелері пайдаланылады.
Ақпаратты іздеу процес ретінде. Ақпаратты іздеу ретінде құжаттар жиынында (мәтінінде) барлық көрсетілген тақырыпқа арналған, алдын-ала қойылған шартты қанағаттандыратын және қажетті фактілерді, мәліметтерді қамтитын процесс түсіндіріледі. Іздеу процесі жеке тұлғаға қажетті ақпараттарды өңдеу мен беру, жинақтау мен операциялар тізбегін қамтиды. Жалпы жағдайда ақпаратты іздеу төрт кезеңнен тұрады:
-ақпараттық қажеттілікті анықтау және ақпараттық сұранысты қалыптастыру;
-мүмкін болатын ақпараттық массивтер жиынтығын анықтау;
-ерекшеленген ақпараттық массивтерден ақпаратты іріктеу;
-алынған ақпаратпен танысу және іздеу нәтижесін бағалау.
Ақпаратты іздеу түрлері. Ақпаратты іздеу түрлері бірнешеге бөлінеді. Атап айтқанда, толық мәтіндік іздеу, метаберілгендер бойынша іздеу, суреттерді іздеу және т.б. Оларға жеке-жеке тоқталайық.
Толық мәтіндік іздеу – құжаттың барлық құрамынан іздеу. Мысалы, толық мәтіндік іздеу – кез келген интернет-іздеуші, мысалы www.yandex.ru, www.google.com. Алдымен толықмәтіндік ізденіс іздеуді тездету үшін алдын-ала құрылымдалған индекстерді пайдаланады. Толықмәтіндік іздеу индекстері үшін кеңінен таралған технология инвертирленген индекстер болып табылады.
Метаберілгендер бойында іздеу – бұл жүйе қолдайтын құжаттың қандай да бір атрибуты бойынша ізденіс, құжаттың атауы, жасалу күні, өлшемі, авторы және т.б. Мысалы реквизит бойынша іздеу – файлдық жүйеде іздеу диалогы (мысалы MS Windows). Суреттерді іздеу – суреттің мазмұны бойынша іздеу. Іздеу жүйесі фотографияның мазмұнын таниды (пайдаланушымен енгізлген және URL бейнесі қосылған). Іздеу нәтижесінде пайдаланушы оған ұқсас суреттер алады. Осылай Polar Rose, Picollator және
т.б. іздеу жүйелері жұмыс істейді.
Ақпаратты іздеу әдістері қолданылуына қарай бірнешеге бөлінеді. Атап айтқанда:адрестік іздеу, семантикалық іздеу, құжаттық іздеу, фактографиялық іздеу.
Адрестік іздеу - сұраныста көрсетілген нақты белгілері бойынша құжаттарды іздеу процесі. Оны жүзеге асыру үшін, келесі шарттар қажет:
-құжаттың нақты адресінің болуы;
-есте сақтау құрылғысында немесе жүйенің сақтау орнында құжаттардың орналасу
ретін қамтамасыз ету.
Құжаттардың адрестері веб-серверлердің және веб-беттер және библиграфиялық жазбалар элементтерінің адресі және сақтау орнында құжаттарды сақтау адрестері болуы
мүмкін.
Семантикалық іздеу - құжаттарды олардың мазмұны бойынша іздеу процесі.
Шарты:
-құжаттардың және сұраныстардың мазмұнын табиғи тілден ақпараттық-іздену
тіліне аудару;
-құжаттар мен сұраныстарды іздеуді құрастыру;
-іздеудің қосымша шарты көрсетілген сипаттамасын құру.
Құжаттық іздеу - сақтау орнында ақпараттық-іздеу жүйесінің алғашқы құжаттары немесе пайдаланушының сұранысына сәйкесінше екінші құжаттардың мәліметтер қоры.
Құжаттық іздеудің екі түрі бар:
1. Кітапханалық, бірінші құжаттарды сақтауға бағытталған.
2. Библиографиялық, библиографиялық жазба түрінде көрсетілген, құжаттар
туралы мәліметтерді табуға бағытталған.
Фактографиялық іздеу. Ақпараттық сұранысқа сәйкес фактілерді іздеу процесі.
Фактографиялық мәліметтерге құжаттардан алынған, алғашқы сонымен қатар екінші
және пайда болу өзегінен алынған мәліметтер жатады.
Екі түрі ерекшеленеді:
1.Құжаттық-фактографиялық, құжаттан мәтіндік фрагменттерді іздеумен
түсіндіріледі.
2.Фактологиялық (фактілерді сипаттау), табылған фактографиялық логикалық
ақпаратты қайта өңдеу жолымен іздеу процесінде жаңа фактографиялық сипаттамаларды
құруға ұсынады.
Бекіту
Бақылау сұрақтары:
1. Ақпараттану дегеніміз не?
2. Ақпараттық іздеу дегеніміз не?
3. Ақпараттық іздеу түрлерін сипаттаңыз.
4. Толық мәтіндік іздеу дегеніміз не?
5. Метаберілгендер бойынша іздеу дегеніміз не?
6. Ақпараттық іздеудің әдістері
Бағалау
Оқушыларды бағалау
Үй жұмысы
Қосымша материалдармен жұмыс
Оқу ісінің меңгерушісі_____________________ Пән мұғалімі:Жалгасбаева Ж
Пән аты : Информатика Күні:_______________
Сынып : 11_________
Сабақтың тақырыбы: Сараптама жүйесі, жасанды интеллект
Сабақтың мақсаты:
Білімділік –
Дамытушылық – Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: ДК, дәптерлер, таратпа карточкалар, оқулықтар, нұсқау беру
журналы, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.
Барысы:
Ұйымдастыру
-Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар.
-Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру
Информатика дегеніміз не?
Информатика нені оқытады?
Ақпарат сөзін қалай түсінесіз?
Ақпараттық процесс дегеніміз не?
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
‘’Сараптамалық жүйе’’ (Экспертная система; expert system) — жасанды интеллект әдістері мен пайдаланушы ұсынатын деректер негізінде жағдайды ұқсастыруға, диагноз қоюға, болжам жасауға, шешімді өзгертуге, әрекетті таңдауға, ұсыныс беруге қабілетті білімдерді қамтитын программалық және аппараттық құралдардың жүйесі.
'Сараптамалық жүйе, әдетте, кейбір пән саласына (мысалы , жүрек-қан тамырлары ауруларына диагноз қою мен емдеудің сараптау жүйесі) бейімделеді және осы саладан білімді алуға, жинақтауға, түзету енгізуге, белгілі білімдерден жаңа білім тудыруға, осы білімдердің негізінде практикалық мәселерді шешу мен шешу барысын түсіндіруге қабілетті болады. Мәліметтер базасы, сақталған деректер, заңдылық пен ережеден басқа сараптамалық жүйеге программа-шешім шығарғыштар, жоспарлау міндетін орындаушылар, мәселе шешуді іздестіру, толық және айқын емес білімдерден логикалық қорытынды шығару механизмі кіреді. Сараптамалық жүйені жасау сараптамалықжүйенің түпнұсқасын — алғашқы нұсқасын даярлаудан басталады. Содан кейін оны ұзақ уақыт көп кезеңді сынақтан өткізіп жетілдіреді. Сараптамалық жүйені программалауға негізінен Лисп,Пролог, Си тілдері қолданылады.
Жасанды интеллект (ЖИ, ағылш. Artificial intelligence, AI) — интеллектуалды компьютерлікбағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым.
Жасанды интеллект (искуственный интеллект) – бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін (имитирующий) программалық жүйе.Бұндай жүйені жасау үшін белгілі бір облыста шешім қабылдайтын немесе нақтылы есептерді шешетін адамның ойлау процесін зерттеу қажет және осы процестің негізгі қадамдарын бөліп көрсетіп , оларды компьютерде іске асыратын программалық жабдықтарды жасау қажет.
Адам іс-әрекетінің негізінде ойлау қабілеті жатады.Адам ойлау процесінің соңғы нәтижесі мақсат деп аталады.Әдетте барлық белгілі фактілерді қолдану ережесі негізінде мақсатқа жетеміз.
1-Мысал:
1-Факт.Жанып тұрған плита-ыстық.
1-Ереже.Егер қолыңды жанып тұрған плитаға қойсаң,онда күйіп қалуға болады.
2-Мысал:
2-Факт.Час пик кезінде көшеде машина көп.
2-Ереже.Егер час пик кезінде жолдан өтсең , онда машина астына түсіп қалуға болады.
3-Мысал:
3а-Факт.Тыныш , қараңғы көше қорқынышты.
3б-Факт.Кәрі адамдар әдетте қылмыс жасамайды.
3в-Факт.Полиция адамдарды қылмыскерлерден қорғайды.
3а-Ережесі.Егер тыныш , қараңғы көшеде кәрі адам кездессе , онда онша қорықпауға болады.
3б-Ережесі.Егер тыныш,қараңғы көшеде полицияны көрсеңіз ,онда өзінізді қорғанған адам ретінде сезінуіңізге болады.
Жасанды интеллект жұмысы екі бағытқа бөлінеді.
Сонымен бірінші бағыт адамның интеллектуальды әрекетінің өнімін қарастырады , оның құрылысын меңгереді(есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу ,ойындар) және бұл өнімдерді қазіргі техника көмегімен жасайды.
Жасанды интеллектінің екінші бағыты интеллектуальды іс- әрекетінің нейрофизиологиялық және психологиялық механизмі туралы мәліметтерді , дәлірек айтқанда адамның саналы іс-әрекетін қарастырады.
Жасанды интеллект облысындағы зерттеудің негізгі бағыттары
Нейрон тәрізді желілер – робототехникалық қоңдырғыларды басқару жүйесін тұрғызудың тиімді құралы.
ЖИ бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын ЭВМ көмегімен семантикаға жүгінуді талап етілетін үдерісте есептеу сипатындағы шығармашылық міндеттерлі шешуге мүмкіндік беретін ғылыми¬ зерттеу бағыты. ЖИ саласындағы зерттеу 30 жыл бойы жүргізуде.
ЖИ саласында жұмыстың басталуын эектронды есептеуіш машинаның жасалуынан деп есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісінің қайталауы тиіс болды.
Алпысыншы жылдардың аяғында жасанды интерелектінің міндеттерін әдістемелік шешу өзгерді, яғни адамның ойлау тәсілдері имитациясының орнына адамзат міндеттерін шешуге қабілетті бағдарламалар әзірлеу басталды, бірақ бұл машиналық бағыттаушы әдістердің базасында жүзеге асты.
Бұл кезеңнің сынақ полигоны шешімі қиын түйіндер мен ойындар болды. Бұл шешімдерді іздестірудің тұйықтығымен және шешімді іздестірудің өте күрделі стратегиясын модельдеу мүмкіндігімен түсіндіріледі.
Сонымен, бір мезгілде жасанды интелектіні жасанды ортадан ақиқатқа алып шығуға талпыныс жасалады. Сыртқы дүниені модельдеу проблемасы пайда болады. Бұл интегралды роботтардың пайда болуына әсерін тигізді. Роботтардың пайда болуы жасанды интелектіге зерттеулердің екінші сатысы деп аталады.
Жетпісінші жылдардың басында жасанды интелектіге символдық тәсіл негізінде нақты пәндік салалар шеңберінде шешімдер жасаудың эвристикалық әдістері негізінде кешенді мүмкіндік беретін адам машина жүйелерін жасау қолға алынды. Сол кезде сараптама жүйелері ерекше қарқынмен дамыды. Сараптама жүйелері әртүрлі салалардан білімді анықтауға, жинауға, түзетуге және осы білімдердің негізінде белгілі бір жағдайларда егер оңтайлы болмағанның өзінде барынша тиімді болып есептелетін шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жасанды интелект пайда болуымен байланысты жаңа ғылыми пән инженерлік білім пайда болды, бұл білімдерді беру және қалыптастыру саласында зерттеулермен, оларды өңдеу және жасанды интелект қолданумен айналысады. Жасады интеллектті зерттеу 30 жыл бойы жүргізілуде.
Бекіту
Өткен тақырыптарды бекіту, оқушылардың ойлау, коммуникативтік қабілеттерін белсендету мақсатымен «Миға шабуыл» стратегиясын өткізу. 5 минут
- ‘’Сараптамалық жүйе’’ дегеніміз не?
- Сараптамалық жүйені программалауға қандай тілдер жатады?
- Жасанды интеллект дегеніміз не?
- Жасанды интеллектке мысал келтіру
- Жасанды интеллекттің қанша бағыты бар?
- Оларды ата, мыса келтіру т.б.
Бағалау
Оқушыларды бағалау
Үй жұмысы
Тақырыпты оқу. Реферат «Жасанды интеллекттің даму тарихы»
Оқу ісінің меңгерушісі_____________________ Пән мұғалімі:Жалгасбаева Ж
Пән аты : Информатика Күні:_______________
Сынып : 11_________
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға программалық қамтамасыз ету жайында нақты мағлұматтар беру, оның даму үрдісі туралы баяндау, программалық қамтамасыз ету түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру, сөйлеу қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютер жабдықталуы туралы ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Операциялық жүйелер жайында білімін дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес ойын элементтерін қолдану
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, көрнекі-демонстрациялық әдіс, ойын әдісі.
Көркекіліктер мен құрал-жабдықтар: интеррактивті тақта, компьютер, слайдтар,асықтар ,дорба қазақша ою-өрнектермен
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушыларды сабаққа дайындығын тексеру;
2) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
3) Сабаққа даярлығын тексеру
Үй жұмысын сұрау:
Компьютер қандай құрылғы?
Компьютер сөзі қалай шыққан?
Ақпарат дегеніміз не?
Ақпараттың түрлері?
Ақпаратты алу жолдары?
Ақпараттық үрдістер ?
Ақпаратты өңдеу құрылғысы?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Программа – магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.
Көптеген мәселелер өзара байланыста болатын және бірігіп жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі.
Программалық қамтамасыз ету (ПҚЕ) - компьютерде ақпаратты автоматтандырып өндеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы.
Жүйелік (жалпы) программалық қамтамасыз етулер:
1 Операциялық жүйелер мен олардың пайдалану интерфейсі
2 Утилиталар
3 Сервистік бағдарламалар
4 Драйверлер
Қолданбалы программалық қамтамасыз етулер:
- Жалпы (әмбебап) мақсаттағы бағдарламалар
-Арнайы мақсаттағы бағдарламалар
Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа.
Операциялық жүйелерді жіктеу.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:
• Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
• Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немесе графикалық (немесе екеуі
бірге) көп терезелі интерфейсі болуы мүмкін. Анығырақ айтқанда, мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режимде бір программаны және фондық деп аталатын режімде көмекші тағы бір програманы іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндер редакторын, ал фондық режимде басу программасын іске қосуға болады. Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді. Мысалы, бір программа адаммен шахмат ойнағанда, басқасы басқа компьютерлермен бірге модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін.
Бір міндетті жүйелер қарапайым, жинақы, қуатты аз компьютерлерде жұмыс істеу қолайлығы жағынан көп міндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтан да біртіндеп әрине, дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады. Кейбір бірнеше адам пайдаланатын жүйелер, мысалы, UNІХ, бір компьютерде бірнеше пайдаланушының қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнына терминал орнатылуы керек. Терминал ретінде не арнайы жасалған құрылғылар (пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес компьютерде іске қосылған арнайы программа болуы мүмкін. Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы өз терминалымен, бір-біріне кедергі келтірмей, бір компьютерде қатарласа жұмыс істей алады.
Соңғы жылдары графикалық көптерезелі интерфейс қажетті әрекеттер мен объектілердің сипаттамалары мәтін түрінде енгізілмейді, маустың көмегімен менюден, файлдар тізімінен және т.с.с. таңдалады.
Интерфейс (inter—өзара, face—бет жағы) – программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.
Утилита (лат. сөзі Utilitas - пайда) - пайдаланушыға енгізу-шығару, ақпарат тасымалдауыш құрылғыларымен, қосымша жұмыстарды орындау мүмкіндігін беретін программалар. Мысалы: антивирустік, архивтеу бағдарламалары.
Драйверлер - бұл операциялық жүйелер мен перифириялық құрылғыларды басқаратын және олардың арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, құрылғылардан өтетін мәліметтер ағынын бақылап отыратын программалар.
WINDOWS -ТЫ баптау
Windows ХР операция жүйесін орнатқанда жүйе пайдаданушылардың көпшілігіне есептелінген белгілі бір стандартқа сәйкес бапталуы керек. Біз енді Windows –тың кейбір баптауын ғана қарастырайық. Бас меню мен Міндеттер панелінен баска Windows-тың барлық баптауы дерлік Басқару панелі деп аталатын жүйелі қапшық арқылы орындалады. Бұл қапшыкты ашу үшін, мына әрекеттер тізбегін орындаңдар:
Пуск - Настройка - Панель Управления Баскару панелі қапшығын іске қосу.
Үйге тапсырма:
Программалық қамтамасыз ету туралы оқып келу. Жүйелік программалық қамтамасыз ету түрін оқып келу. Программалық қамтамасыз етуді орнату және жою. Операциялық жүйенің параметрлерін баптау
Оқу ісінің меңгерушісі_____________________ Пән мұғалімі:Жалгасбаева Ж
Пән аты : Информатика Күні:_______________
Сынып : 11_________
Сабақтың тақырыбы: Программаны орнату және оны жою. Операциялық жүйені баптау және қалпына келтіру.
Сабақтың мақсаты: Операциялық жүйені баптау және қалпына келтіру тәсілдерін үйрету
Оқушылар білуі тиіс: - программаны орнату/жою тәсілдерін;
Оқушылар үйренуі тиіс: Windows операциялық жүйесінде программаларды орнату мен жоюды, жүйені қайта қалпына келтіру нүктесін құруды және жүйені баптауды іске асыруды.
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, үлестірме қағаздар, тест сұрақтары, т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысын қадағалап өту.
Өткен сабақтар бойынша қайталау:
программалық жабдықтама дегеніміз не? /бұл кез келген есептеу жүйесінің бөлігі/
программалық жабдықтама қандай белгілерге байланысты жіктеледі? /тағайындалуына (жүйелі, қолданбалы, аспапты), сатып алу тәсіліне (еркін және проприетарлық), тасымалдау(кроссплатформалық, платформаға тәуелді)/
процессордың разрядтылығы нені көрсетеді /мәліметтердің көлемі қалай, қандай жылдамдықпен өңделгенін/
Жаңа сабақ: Программаны орнату
Программаларды орнату есептік жазбадағы әкімшіліктің рұқсатымен, дискіден, интернет желісінен немесе жергілікті желі арқылы жасалады.
Егер дискіні дискіжетекке салсақ авто іске қосу жүреді, егер бұл орындалмаса, онда дискіжетектегі дискіні ашып, ондағы setup.exe немес install.exe файлдарын басу арқылы іске қосамыз. Программаны іске қосқаннан кейін Шебердің нұсқауымен жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар кез келген жағдайда орнатушы лицензиялық келісіммен келісуді талап етеді және программаға кілттің қажетілігі туындайды.
Программаны жою
Программаны жою жолдарының бірнеше түрін қарастырайық:
өзімізге қажетті программаны орнатқаннан кейін ол Іске қосу мәзірінде орналасады, онда программаны жою жарлығыда болады;
орнатылған программалардың көпшілігі Program Files бумасында орналасады. Бұл буманың ішінен жоятын программаны тауып оны іске қосуға болады.
Windows операциялық жүйесінде программаларды орнату, өзгерту, қалпына келтіру және жою әрекеттері Басқару панелі арқылы жүзеге асады. Ол үшін:
Іске қосу → Басқару панелі → Программаны өшіру әрекеттерін орындасақ, программа мен компоненттердің тізімі шығады. Осы тізімнен жойғалы отырған программамызды табамызда Жою/Өзгерту (Удалить/Изменить) батырмасын басып, одан әрі шебердің нұсқауымен әрекет етеміз.

Ескерту: программаны орнатсақта немесе жойсақта компьютерді қайта жүктеуіміз керек.
Операциялық жүйені (ОЖ) орнату
Біз кез келген мезгілде Windows операциялық жүйесімен жұмыс жасаймыз, ол бүкіл құрылғылар мен программалардың жұмысын басқарып отырады.
Егер компьютерде кездескен ақауды жою мүмкін болмаса, онда ОЖ-ні қайта орнатуға тура келеді немесе ОЖ-нің жаңа топтамасы шығып жатса оны қайта жаңартуға болады. Жаңартқан кезде алдыңғы ОЖ жаңа нұсқаға ауыстырылып, бұрынғы барлық мәліметтер мен баптаулар сақталады.
ОЖ-ні орнатар алдында дербес компьютердің талапқа сай болуын қадағалауымыз керек. Мысалы, Windows 7 операциялық жүйесін орнату үшін мынадай компоненттер сәйкес келуі керек.
ДК компоненті
Windows 7 операциялық жүйесінің талаптары
Процессор
32-дәрежелі (х86)
64-дәрежелі (х64)
Ырғақты жиілік
1 ГГц, одан да жоғары
Жедел жад
1 Гб
2 Гб
Қатқыл дискідегі орын
16 Гб
20 Гб
Графикалық қондырғы
Виртуалды жад жедел және үстемелеу файлынан тұрады. Үстемелеу файлына жедел жадқа сыймай қалған мәліметтердің бір бөлігі жазылады, соның ішінде ОЖ-ге қажетті мәліметтерді жедел жадқа көшіреді.
ОЖ-і жоқ компьютерге оны орнату үшін дискіжетекке орнату дискісін салып жұмысты жалғастырамыз. ОЖ-ні орнатқан кезде, ол жүрмесе онда BIOS баптауын өзгертуіміз керек. BIOS баптауына өту үшін Ғ11 пернесін немесе Delete пернесін басуымыз керек. BIOS-та бірінші қондырғы ретінде DVD-дискі жетегін таңдаймызда, компьютерді қайта жүктейміз.
Орнату аяқталған соң Windows-ті белсенді етеміз ол үшін компьютер интернетке қосулы болуы керек және кілті қажет болады. Сонымен қатар программалық жабдықтардың драйверлерін орнатамыз.
ОЖ-мен жұмыс кезінде ақаулар жұмыстың тоқтап қалуына себепші болады. Жиі кездесетін ақаулар:
Ақауларды жою әдісі
Іске қосудағы ақаулар – жүктелу басында Ғ8 батырмасын басып жүктеудің ерекше нұсқасын таңдаймыз.
Жүктеу нұсқасы
Қолданылатын жағдайлар
Әрекеттер
Қауіпсіз режім
Минималды баптаулар тобы мен драйверлер. Мысалы: желі, басып шығару қызметі істемей қалғанда
Күмәнді программаларды жойыңдар, жүйенің баптау-ларын өзгертіңдер.
Соңғы сәтті конфигурация
Егер баптаулар өзгеріп кетсе және қауіпсіз режим жүктелмесе. Жаңа драйверді орнату барысында ақаулар шықса немесе өте қажетті драйвер өшіп қалса.
Жүйеге кірмей жатып, компьютерді жүктеп және соңғы сәтті жүктелген конфигурацияны таңдаңдар.
Компьютердегі ақауларды қалпына келтіру.
Дискіні орнату арқылы немесе жүйеде орнатудан кейін
Қондырушы дискіні қойып, компьютерді қайта қосыңдар.
Жүйені баптау – бұл Ож іске қосқан кезде ақауларды анықтайтын программа. Оны қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз:
Іске қосу → Басқару панелі → Жүйе мен қауіпсіздік →Басқару → Жүйе конфигурациясы
Барлық программалар тізімінен қызметтерді біртіндеп өшіріп, кезекпен қайта іске қосамыз. Әр өзгертуден кейін компьютерді қайта жүктеп отырамыз.
Жүйенің ақырын жұмыс істеуі келесі себептерденде болуы мүмкін: автоматты жүктеу программаларының көптігі, қуатты үнемдеу режимі қосылғанда, программалар автоматты түрде жүктелсе, т.б. орнатылған болса. Бұл жағдайда келесі әрекеттерді орындап, ішінен қажет еместерін алып тастауға болады:
Іске қосу → Басқару панелі → Ақауларды жою бұйрығын орындап, бұдан Жүйе және қауіпсіздікбөлімінде ақауларды Іздеу пункітін тауып, нұсқаулық бойынша әрекет жасаймыз.

Баяу жұмыс жасағанда тағыда мынадай әрекеттерді жасауға болады: қолданылмайтын программаларды жою, дискіні дефрагментациялау және тазалау, вирусқа қарсы тексеру, жадты кеңейту, т.б.
Жүйені қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтіру – ОЖ-нің ақауларының алдын алу әдістерінің бірі болып табылады. Құжаттардың және мәліметтердің жоғалуына жол бермейді. ОЖ-і сол кездегі қалпына белгілі бір уақытта келтіреді.
Сабақты қорытындылау: Оқушылардың дәптерлеріне Түйінді жазғызу. Сонымен қатар сыныпта оқулықта берілген тапсырмаларды және тәжірибелік жұмыстарды орындаймыз.
Үйге тапсырма және бағалау:
Оқулықтан «Программаны орнату және оны жою. Операциялық жүйені баптау және қалпына келтіру.» тақырыбын оқып келу.
Оқу ісінің меңгерушісі_____________________ Пән мұғалімі:Жалгасбаева Ж
Пән аты : Информатика Күні:_______________
Сынып : 11_________
Сабақтың тақырыбы: Реляциялық деректер қоры, деректер қорын басқару жүйесі.
ДҚБЖ прораммасының интерфейсі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: MS Access бағдарламасында деректер базасы мен кестелер құрудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін меңгеру;
Дамытушылық: Жаңа мәліметтер арқылы білім қорын көбейту, ой-өрісін дамыту, «білсем» деген дағдыларын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, жұмысты жүйелі жасауға, жасаған іс-әрекетті нақты жеткізе білуге және компьютерді еркін меңгеруге баулу.
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Жаңа сабақ
IV Сабақты қорытындылау
V Үйге тапсырма беру
І Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу, жоқ оқушылардың себебін білу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
MS Access бағдарламасын іске қосу жолын ата
MS Access терезе элементтерін ата
MS Access саймандар панелі қандай қызмет атқарады?
ІІІ Жаңа сабақ
Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат). Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді. MS Access реляциялық деректер қоймасын басқару жүйесі болып табылады. Реляциялық деректер қоймасы – қазіргі уақытта едәуір кең тараған және ақиқат өнеркәсіптік стандарт. Реляциялық деректер қоймасында барлық деректер тіктөртбұрышты кесте түріндесақталады әрі деректер қоймасында орындалатын барлық операциялар кестелерде қолмен жасалып беріледі. MS Access деректер қоймасы ақпаратты енгізу, сақтау, қарау, таңдау және басқару үшін арналған құралдар жиынынан тұрады. Бұл құралдарға кестелер, пішіндер, есеп берулер, сұратулар жатады. MS Access деректер қоймасын құрудың екі тәсілібар. Бос деректер қоймасын құрып алып, оған кестелерді, пішімдерді, есептерді және объектілерді қоуға болады.
Бос деректер қоймасын құруMS Access іске қосқандаоңжақтан «приступаяк работе» есептер аймағы ашылады да оның төменгі бөлігінде Открыть тақырыбындағы бас деректер қоймасын ашу немесе Создать файл арқылы жаңа деректер қоймасын құру ұсынылады.
Создать файл өрісін таңдау Файл-Создать командася сияқты немесе саймандар панелінен Создать батырмасын басу арқылы «Создание файла» есептер аймағын ашуға алып келеді.
MS Access- те кестелер құрмас бұрын ДБ-сын жасалады. ДБ-сын жасаудың екі түрін қарастырайық. Бос деректер қоймасын құрып алып, оған кестелерді, пішімдерді, есептерді, және басқа да объектілерді қосуға болады. Екінші түрі шебердің, яғни MS Access ұсынған ДБ-сын қолдануға болады. «На моем компьютере» екі рет түртсек төмендегі терезе шығады.
Осы терезеде «Новая база данных» белгісіне барып 2 рет шертсек, немесе экранның оң жағынан «Новая база данных» екі түртіп «Файл новой базы данных» терезесіне көшеміз
Файл аты өрісіне ДБ-на «Информатик» деп ат беріп «Создать» түрту керек.
Яғни біз Информатик деген атпен жаңа ДБ-сын құрдық.
MS Access –те кестелер құрудың үш түрі бар:
1)Кесте шеберімен
2)Конструктор көмегімен
3)берілгендерді енгізу арқылы.
№1 тапсырма Деректер базасын жасау
командасын орындаңдар.
Шыққан «Новая база данных» терезесінде файл аты өрісіне « Информатик» деп создать командасын түртіңдер.
ДБ-сының жасалғанына көз жеткізіңдер.
№2 тапсырма . Шебер арқылы кесте құру.
Жасалған ДБ-сы терезесінде Кесте шеберін екі рет шертіңдер.
«Создание таблиц» терезесінде Образцы таблиц тізімінде кестелердің біреуін таңдаңыз,бұл жағдайда таңдап алынған кестенің өрістері Образцы поля тізімінде пайда болады. Осы тізімнен қажетті өрістерді мына ( -бір өріс жылжыту, Поля новой таблицы тізіміне қарай жылжытыңыз.
Қандай да бір өрістің атын өзгерту керек болса, оны Поля новой таблицы тізіміне апарып, Переименовать поле командасын түртіңдер, шыққан диалогтік терезедегі Имя поля өрісіне кестеңіздің бағанына беретін жаңа атыңызды енгізіңіз да «ок»-ді түртіңіз. Жаңа кестенің өрістерінің өзгеріп жазылып жатқанына көз жеткізіңіз. Далее командасын орындаңыз.
Создание таблицы терезесінде кестеге ат беріп сақтаңыз.
Келесі кестеде кестелер шебері құрылған және құрылатын кестелер арасында байланыс орнатуды ұсынады. Құрылатын байланыстар ақпаратты тізім ретінде беріледі.Байланысты түзету үшін тізімнің сәйкес қатарын таңдап Связи батырмасын басыңыз.
Дайын кестені уақытқа қарай 3-5 жолын толтырыңыз.
IV Сабақты қорытындылау
Деректер базасын дегеніміз не?
Бос деректер қоймасын құру жолдарын ата
MS Access –те кестелер құрудың неше жолы бар және қандай?
V Үйге тапсырма беру. Реляциялық деректер қоры, деректер қорын басқару жүйесі.
ДҚБЖ прораммасының интерфейсі
Оқу ісінің меңгерушісі_____________________ Пән мұғалімі:Жалгасбаева Ж
Пән аты : Информатика Күні:_______________
Сынып : 11_________
Сабақтың тақырыбы: Көп кестелік деректер қорында кестелерді байланыстыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта өтілген тақырыптар бойынша өзіндік жұмыс жасадық Ал бүгін жаңадан көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың ерекшеліктері деп аталатын жаңа тақырып өтеміз.
Жаңа сабақ
Реляциялық деректер қоймасы теориясында негізгі ұғымдар мыналар: кесте, қатынас, жол(строка), баған, бастапқы және сыртқы кілттер.
Кесте жол мен бағаннан тұрады, деректер қоймасында бірегей атқа ие. Деректер қоймасы арасындағы байланыс дәл келетін өрістердің көмегімен орнатылатын көптеген кестелерден тұрады. Кестелердің бір типтегі (топтағы) қандай да бір объектілер жайлы ақпарат бар. Мысал ретінде сатып алушылардың тапсырыстарын есепке алуға арналған, екі кестеден тұратын деректер қоймасына назар аударайық: Клиенттер және Тапсырыстар.Клиенттеркестесінде сатып алушылар жайлы ақпарат бар.
Клиенттер кестесінің құрылымы
«Бір-бірге» қатынасы
Бұл қатынас бір кестедегі әрбір жазба басқа кестедегі тек бір ғана жазбаға сәйкес екенін білдіреді.
Жеке тұлғалар кестесінің құрылымы
«Бір-көпке» қатынасы
Қатынастың бұл типін сипаттау ретінде бұрын қарастырылған Клиенттер және Тапсырыстар кестелерін қарайық. Кестелер арасындағы байланыс Клиент коды сәйкес өрістері мәндерінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда екі кестедегі сәйкес өрістер аттас атауға ие.
«Көп-бірге» қатынасы
Бұл қатынас қарастырылған «бір-көпке» қатынасына ұқсас. Объектілер арасындағы қатынасы типі өзіңіздің көзқарасыңызға байланысты. Мысалы , егер жасалған тапсырыс пен клиенттер арасындағы қатынасты қарастырсаңыз, онда «көп-біргең қатынасын аласыз»
«Көпке-көп» қатынасы
Аталмыш қатынас екі кесте арасында мынадай жағдайларда туындайды:
Бірінші кестедегі бір жазба екінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы мүмкін.
Екінші кестедегі бір жазба бірінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы мүмкін.
Үйге тапсырма.
Көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың ерекшеліктері
Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Оқу ісінің меңгерушісі_____________________ Пән мұғалімі:Жалгасбаева Ж
Пән аты : Информатика Күні:_______________
Сынып : 11_________
Сабақтың тақырыбы: Деректерді іріктеу және сүзгілеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Excel-де мәліметтер базасымен жұмыс істеуді, деректерді іріктеуді және сүзгілеуді үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ой – өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, тәртіпке, компьютерді жетік
меңгеруге және осы алған білімдерін өмірде пайдалана білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ой қозғау.
Білімдіге биіктен орын. (жаңа сабақты меңгерту)
Ой толғаныс. (жаңа сабақты бекіту.)
Қорытынды.
Ой қозғау.
Білімдіге биіктен орын. (жаңа сабақты меңгерту)
Деректерді іріктеу.
Кестеге енгізілген деректерді қайта реттеп орналастыру жиі қажет болады. Мысалы, тізімді алфавитті ретімен немесе сандарды өсу (не кему) ретімен орналастыру. Іріктеуді тура осы мақсатта қолдануға болады.
Іріктеуді орындау үшін:
• кестенің іріктеуді орындау қажет болатын бөлігін ерекшелейміз;
• Деректер/Іріктеу (Данные/сортировка) командасын береміз;
• Пайда болған сұхбат терезеде іріктеуге қажет бағананы (яғни деректері сұрыпталатын бағананы) таңдаймыз;
• Бұдан соң іріктеу нұсқасын (өсуі не кемуі бойынша) таңдаймыз және егер қажет болса, бірінші таңдалған баған бойынша іріктеу орындалып болған соң – қосымша іріктеу үшін екінші (тіпті үшінші бағанды да) бағанды көрсетеміз;
• Ок батырмасын шертсек – кесте қайта реттеліп шығады.
Егер бастапқы түрге қайта оралу керек болса, - әдеттегідей «Стандартты» тақтасындағы Болдырмау (Отменить) батырмасын шерту жеткілікті.
Деректерді сүзгілеу.
Кез келген мәліметтер базасымен негізгі жұмыс істеу дегеніміз – белгілі бір ақпараттарды іздеу болып табылады. Мәліметтер базасы ұлғайған сайын іздеу қиындайды. Excel осындай қиындықты мәліметтерді сүзу арқылы қарапайым түрге келтіреді.
Сүзу (Фильтрация) – мәліметтерді тез тауып, олармен және тізім бойынша жұмыс істеу әдісі.
Сұрыптауға қарағанда, сүзгі тізімдегі жазбалар ретін бұзбайды. Сүзгілеу кезінде көрсету қажет емес жолдар уақытша жасырылады.
Microsoft Excel-де сүзгілеу кезінде іріктеліп алынған жолдарды олардың ретін өзгертпей және орындарын ауыстырмай өңдеуге, пішімдеуге, оларға негізделген диаграммалар жасауға, басып шығаруға болады.
Өзсүзгі әмірін пайдалану кезінде сүзгіленетін тізімдегі бағандар атауларының оң жағында көрсеткілері бар батырмалар пайда болады. Microsoft Excel сүзгіден өткен элементтерді көгілдір түспен белгілейді.
Microsoft Excel-де сүзудің екі түрі бар: сүзудің қарапайым шарттары үшін автосүзгі және сүзудің недәуір күрделірек шарттарына арналған кеңейтілген сүзгі. Сүзудің қарапайым шарттары үшін көп жағдайда автосүзгі жабдықтары жеткілікті болады.
Тізімді автосүзгі көмегімен сүзу үшін:
сүзгіден өткізетін тізімдегі ұяшықты белгілеңіз;
Мәліметтер (Данные) менюінде Сүзгі (Фильтр) бөлімін таңдап, Автосүзгі (Автофильтр) бұйрығын орындаңыз;
сүзуді қажет ететін мәліметтері бар қатардың батырмасын басыңыз;
қажет мәнді таңдаңыз:
Мысалы:
алғашқы 10 (первые 10...) - әмірін таңдасаңыз тізімнің алғашқы 10 қатары қалады;
шарт... (условие...) – әмірін таңдасақ тұтыну автосүзгісі диалогтік терезесі шығады.
Пайда болған сұхбаттық терезеде тізімнің бір немесе екі шартқа байланысты сүзуі орындалады. Автосүзгіні қолдану үшін тізім қатарының тақырыбы болуы шарт.
Бірінші шартты орындау үшін салыстыру операторын таңдау қажет.
Екінші шартты орындау үшін ауыстырғышты «ЖӘНЕ» не «НЕМЕСЕ» қалпына қойып, салыстыру операторы және салыстыру мазмұны таңдалады.
Сүзгіні алып тастау (барлық деректерді экранға қайтадан шығару) үшін сол сілтеуіші бар батырманы (ол енді көк түсті) шертіп, Бәрін (все) бөлімін таңдау керек. Сүзгіні мүлдем алып тастау үшін Деректер/Сүзгі (Данные/Фильтр) командасын орындап, Автосүзгі (Автофильтр) қанатша белгісін алып тастау керек.
1. Excel-де деректерді сұрыптау және іріктеу командасы менюдің қай бөлімінде орналасқан?
2. Сүзгіні мүлдем алып тастау командасы?
3. Мәліметтерді тез тауып, олармен жұмыс істеу әдісі... деп аталады.
4. Excel кестелерінде іріктеу қалай орындалады?
Ой толғаныс. (жаңа сабақты бекіту.)
Компьютерде тапсырмалар.
1. “Сұрыптау” құжатының 1 парағында екпінді оқушылардың тізімін анықта.
2. Сүзгіленген мәліметтерді алфавит бойынша ретте.
3. “Сұрыптау” құжатының 2 парағында Есенәлі Жеңісбек Нурланұлының
мекен-жайы мен сымтетігін анықтаңыз.
4. “Сұрыптау” құжатының ұлты ұйғыр оқушылар тізімін шығар.
ҮІ. Қорытындылау.
Рефлекция. (Қайтымды байланыс)
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін таратылған смайликтер арқылы білдіреді.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: Деректерді іріктеу және сүзгілеу оқып келу
Оқу ісінің меңгерушісі_____________________ Пән мұғалімі:Жалгасбаева Ж
Пән аты : Информатика Күні:_______________
Сынып : 11_________
Сабақтың тақырыбы: Көп кестелік деректер қорында кестелерді байланыстыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
Сабақтың барысы:
ұйымдастыру
сабақ сұрау
жаңа сабақ
бекіту
үйге тапсырма
қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта өтілген тақырыптар бойынша өзіндік жұмыс жасадық Ал бүгін жаңадан көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың ерекшеліктері деп аталатын жаңа тақырып өтеміз.
Жаңа сабақ
Реляциялық деректер қоймасы теориясында негізгі ұғымдар мыналар: кесте, қатынас, жол(строка), баған, бастапқы және сыртқы кілттер.
Кесте жол мен бағаннан тұрады, деректер қоймасында бірегей атқа ие. Деректер қоймасы арасындағы байланыс дәл келетін өрістердің көмегімен орнатылатын көптеген кестелерден тұрады. Кестелердің бір типтегі (топтағы) қандай да бір объектілер жайлы ақпарат бар. Мысал ретінде сатып алушылардың тапсырыстарын есепке алуға арналған, екі кестеден тұратын деректер қоймасына назар аударайық: Клиенттер және Тапсырыстар.Клиенттеркестесінде сатып алушылар жайлы ақпарат бар.
Клиенттер кестесінің құрылымы
«Бір-бірге» қатынасы
Бұл қатынас бір кестедегі әрбір жазба басқа кестедегі тек бір ғана жазбаға сәйкес екенін білдіреді.
Жеке тұлғалар кестесінің құрылымы«Бір-көпке» қатынасы
Қатынастың бұл типін сипаттау ретінде бұрын қарастырылған Клиенттер және Тапсырыстар кестелерін қарайық. Кестелер арасындағы байланыс Клиент коды сәйкес өрістері мәндерінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда екі кестедегі сәйкес өрістер аттас атауға ие.
«Көп-бірге» қатынасы
Бұл қатынас қарастырылған «бір-көпке» қатынасына ұқсас. Объектілер арасындағы қатынасы типі өзіңіздің көзқарасыңызға байланысты. Мысалы , егер жасалған тапсырыс пен клиенттер арасындағы қатынасты қарастырсаңыз, онда «көп-біргең қатынасын аласыз»
«Көпке-көп» қатынасы
Аталмыш қатынас екі кесте арасында мынадай жағдайларда туындайды:
Бірінші кестедегі бір жазба екінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы мүмкін.
Екінші кестедегі бір жазба бірінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы мүмкін.
Үйге тапсырма.
Көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың ерекшеліктері
Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Үйге тапсырма: Көп кестелік деректер қорында кестелерді байланыстыру
Оқу ісінің меңгерушісі_____________________ Пән мұғалімі:Жалгасбаева Ж
Пән аты : Информатика Күні:_______________
Сынып : 11_________
Сабақтың тақырыбы: Форма
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға мәліметтер қорындағы форма ұғымын тісіндіру, формамен жұмыс жасауды үйрену;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын дамыту, тәжірибелік жұмыстар арқылы жұмыс істеу қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, информатика кабинетіндегі техникалық құралдармен жұмыстар жасап танысқан кезде және практикалық жұмыстар жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, тапсырмалар.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру. Сабаққа дайындығын қадағалап, түгендеу;
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Сұранысты ұйымдастыру тақырыбы бойынша сабақ сұрау.
Білімді өзектендіру
Сұрақтар
1.Сұраныс дегеніміз не?
2.Қатар тұрған бірнеше көрсеткішті ерекшелеу үшін қандай перне қолданылады?
3.Басқа көрсеткіштер арқылы тізімде тұрған бірнеше көрсеткішті ерекшелеу үшін қандай перне қолданылады?
4. Символдардың кез келген тобы үшін шаблон ретінде қандай символ қолданылады?
5. Қандай функциялар кездеседі және қандай қызмет атқарады?
6. Шеберді қалай шақырамыз?
Жаңа сабақ
Бүгін біз МҚБЖ-да форма құру тақырыбына тоқталмақпыз. Бүгінгі сабақта қарастыратын тақырыптарымыз
Access программасының 6 объектісі: кесте, сұраныс, форма, есеп, макрос, модуль бар. Форма деген нысан. Формаларды мәліметке рұқсатты басқару қолданылуы мүмкін. Олардың көмегімен мәліметердің қандай көрсеткіштері, қатарлары көрсетілетінін анықтауға болады. Форма құру кесте немесе сұраныс негізінде Құру -Форма бұйрығы арқылы құрылады. Ұсынылған 3 форманың 1 құруға болады: қалыпты форма, бөлінген форма, бірнеше элемент формасы.
Бөлінген форма access-тің 2007 жылғы нұсқасында шықты, бұрынғы нұсқаларында болған жоқ. Ерекшелігі бір мезгілде 2 режімді көрсетуге мүмкіндік беруі-форма және конструктор. Бірнеше элемент формасы сырт тұрпаты кестге ұқсас. Кесте секілді бұл формада мәліметтер баған жіне жолдан тұрады. Бірнеше жазбаларды көру мұмкіншілігі бар. Бқл форманың кестеден айырмашылығы онда графикалық және басқару элементтерін қоюға болады. Мысалы, батырма орнатуға. Авто пішім бұйрығы жалпыны безендіруге арналған, оның көмегімен түстік сұлбаны таңдауға болады.
Формадағы басқару элементтері
Формадағы басқару элементтерін құру үшін конструктор режімінде форма конструкторының формалары-конструктор-басқару элементтері жолақ бұйрығының қосымша бетін қолданады.
Форма режіміндегі жұмыс
Форма режімі тікелей қор мәліметтерін толтыруға арналған.
Форма қалып-күй жолында көрсетілген басқарудың стандартты элементтері берілген жазбалары бойынша өтуге мүмкіндік береді.
- кестенің 1-ші жазбасына ауысу;
- алдыңғы жазбаға ауысу;
-келесі жазбаға ауысу;
-соңғы жазбаға ауысу;
-жаңа жазба құру.
егер бір форма төңірегінде бірнеше кестеге және сқраныс мәліметтеріне қол жеткізу қаже т болса, онда бағыныңқы форманы пайдаланамыз. Бұл жағдайда бір-біріне салынған екі форма аламыз. Басты форма деп бірінші форманы, ал оған енгізілген форманы бағыныңқы деп атайды.
Мәліметтер қорының бірінші терезесініңмтүсініктілігі мен қолжетілімдігін қамтамасыз ету үшін негізгі батырмалы форма деп аталатын және қосымшаның қызметтерін және ішкі жүйесін таңдауға мүмкіндік беретін арнайы форма жасайды. Батырмалы форма диспетчері деп аталатын арнайы шеберді қолданады.
Жаңа сабақты бекіту
Деңгейлік тапсырмаларды орындау
А деңгейлік ақпаратты шығаруға ыңғайлы форма құрыңдар.ол үшін фйорма шеберін шақырып, қажетті жолды енгіз.
Кесте
Көрсеткіш
Бағалар
Пән
Баға
Оқушылар
Тегі
Аты
Пәндер
Мұғалім
В деңгейлік «Емхана» мәліметер қорымен жұмыс.медицинга қызметкері үшін үлгі
бойынша форма құрыңдар.
Код
Тегі
Сурет
Туған күні
Жынысы
Балалар
Бақылау сұрақтары
1.Бөлінген форма деген не?
2.Форманы қалай дұрыс құру керек?
3.Формада сүзгіні қалай орнатады?
4. Негізіг басқару элементтерін ата?
5.бағыныңқы форма ерекшелігі?
6. Кесте мен формада айырмашылық бар ма?
Қорытындылау. Жалпы форманың түрлері қалыпты форма, бөлінген форма, бірнеше элементті форма. Форма кесте немесе сұраныс негізінде Құру-Форма бұйрығымен құрылады. Форма режімі қорды мәліметтермен тікелей толтыруғаи арналған.
Үй тапсырмасы : Форма