Павлодар облысы Ақсу қаласы
«Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі Қызылжар ауылының орта мектебі» КММ
Ашық тәрбие сағаты:
Тазалық – денсаулық кепілі

1 «а» сынып мұғалімі: Жукенова Галия Еркиновна
2018-2019 оқу жылы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі
Мақсаты:
1. Оқушылар тазалықтың адам денсаулығы үшін, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін түсіндіреді, әңгімелей алады.
Көріністі сахналау арқылы тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке бағытталады.
Оқушылар өзара әңгіме құрастырады, өз пікірлеріне тұжырым жасай алады
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд – суреттер, нақыл сөздер,
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге!
Мұғалім:
- Сәлеметсіздер ме, ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің 1 «а» сынып оқушыларының дайындаған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Сабақтың барысы:
Сұрақ – жауап әдісі:
• Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
• Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.
• Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
• Дәрумені мол тағамдарды, жемістер мен көкөністерді жеу керек.
Ендеше балалар, бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ?
«Тазалық – денсаулық кепілі» жайында не білеміз?
Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: « Тазалық – денсаулық кепілі» деп аталады.
Балалар, тәрбие сағатымызға қонақ келді, қарсы алайық. Міне, алғашқы қонағымыз да
келіп қалды (сыныпқа Кірқоймас кіріп келеді).
Кірқоймас:Бекжан
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Кірқоймаспын. Мені сендер жақсы білесіңдер. Күнделікті ертемен жуынасыңдар, үнемі қолдарыңды шаясыңдар.
Ерсұлтан:
- Сәлеметсіз бе, Кірқоймас! Жоғары шығып, төрге отырыңыз.
Мұғалім:
-Тағы да қонағымыз келді. Бұл бала қай бала?(сыныпқа таза, ұқыпты бала кіреді)
Іңкәр:
-Қарашы үстіне, өзіне,
Бір кіршік түсті ме көзіңе?
Ырысты:
-Тап-таза ақ қағаздай,
Киімі мұнтаздай.
Жарайсың, балақай!
Дейміз біз мадақтай.
Хор: Болайықшы осындай
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады
Қиындықты жеңіп кіл
Құшағы гүл толады
Қайырмасы: Еңбекшіл осындай,
Болайықшы осындай
Таза бала мұнтаздай
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай
Жақсы көрер бар адам.
Таза бала (Дидар): -Мен таза баламын. Кірқоймас екеуміз доспыз. Мен үнемі таза жүруді ұнатамын. (Осы кезде есік ашылады, сыныпқа кір қожалақ баланы сүйреп, екі тазалық секторлары кіреді.)
Тазалық секторлары: (Дина, Құдайберген)
-Осы сыныпқа Кірқоймас пен тазалық сүйгіш балалар келді деген соң, біз мына Жалқаубекті ертіп келдік. Бұған не айтасыңдар?
Муслим : -Қарашы үстіңе,
Өзіңе адам ба?
Түсті не көзіңе?
Бет-аузы кір айғыз,
Бес батпан.
Осман: -Мойнына күс қатқан,
Тырнағы сояудай.
Аяқ-қолы жарылған,
Батпаққа малынған.
Айлин: -Ұят-ай, балақай,
Дейміз бе мазақтай.
Көрінбе ешкімнің көзіне
Жүрме енді сен бұлай.
Құдайберген: -Бақа, бақа бақ-бақ,
Сені жүрсем мақтап.
Бақа, бақа бақ-бақ,
Жүру үшін мақтап,
Болу керек аппақ.
Жалқаубек:Айдын -Балалар, мені мазақтамаңдаршы. Мен қателігімді түсіндім. (жылайды)
Мерей:-Тазалық керек басқа да,
Тазалық керек шашқа да.
Шашы таза, келісті,
Болсаңшы анау баладай.
Кірқоймас: - Балалар, Жалқаубек қатесін түсінді. Оған көмектесейік. Ол үшін менің көршілерім керек. Оларды шақыруға қалай қарайсыңдар?
Оқушылар: - Иә, шақырайық.
Айқын: -Ертемен күнде сен,
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
Дидар: -Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолын да,
Сипайды жонын да. Бұл не? ( Сүлгі)
Кірқоймас: - Жалқаубек, міне сенде тазалыққа керекті заттардың бәрі болды. Енді не істейсің?
Жалқаубек: -Мен жуынып, тап-таза болып жүремін. Кір болып жүру шынында да ұят екен. (Жуынуға кетеді)
Ералы: Күнде бетін жумайды,
«Жу» десең-ақ тулайды.
Өз-өзінен өкпелеп,
Жатып алып тұрмайды.
Дейді ақырып:-Жолама!
Сондай бала бола ма?
Беті қандай кір еді!
Айниды адам жүрегі.
Көрсе осы бір кескінін
Күледі-ау жұрт күледі.
Сондай бала бола ма?
Сен де оған жолама! А.Шамкенов
Дина: Салақ, салақ, салақсың!
Өз үйіңе қонақсың:
Таза емессің, кір-кірсің;
Ақ емессің, жолақсың;
Кейде қара күйесің;
Кейде қызыл далапсың;
Әй, салақсың, салақсың! Қ.Мырза Әли
Айдын: Микроб жақсы көреді,
Кәмпит-сәмпит шайнасаң.
Жылдам өсіп-өнеді,
Ауызыңды шаймасаң. С.Қалиев
Ырысты: Бетті, қолды сабындап,
Жиі жуу пайдалы-ақ.
Тұра алмайды дамылдап,
Микробтар тайғанап. С.Қалиев
Ералы: Нан ұстасаң, қол жумай,
Нанға жұғып, ішке еніп,
Микробтар көңілі жай
Отырады түстеніп. С.Қалиев
Іңкәр: Микробтар қаскүнем,
Көрмесем де білемін.
Ішер кезде асты мен,
Қолды жуып жүремін. С.Қалиев.
Мерей: Сия-сия портфелі,
Шимай-шимай дәптері.
Күнделік – кіл «екілік»,
Өзі ойнап жүр секіріп. Д.Байбеков
Бейнежазба көрсетіледі. Талдау: «Денсаулық»
Би: «Жалқаубек»
Мұғалім:- Балалар, тазалыққа, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтелдер білеміз?
Тазалық – денсаулық кепілі.
Теледидар қарама
Көзің талар
Сағыз шайнама.
Аузың тозар.
Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
Әуелгі байлық – денсаулық.
Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық егізі.
Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса, аузыңды тый.
Көрініс: «Қоянның ауруы»
Қоян: Ой, тісім қақсап барады
Жанымды қоярға жер жоқ
Мұғалім: - Балалар, қараңыз мына бір сұмдықты
Қоянға не болған?
Қоян жылама, жылама.
Қасқыр: - Не болды жасырма, айтшы өзің
Неліктен ісінген бас – көзің?
Қоян: - Енді не істеймін?
Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
Қасқыр: - Онда дәрігер шақырайық
Дәрігер дәрімен емдейді
Ауырса адамды, аңды да емдейді
Кәдімгі мейірімді дәрігер
Шақырсақ қалай келмейді.
Дәрігер: - Кәне, аузыңды аш көрейін,
Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не жесең де күніне
Екі рет жу тазалап.
Қоянға ұқсап тістерің ауырмас үшін
Тістеріңді күнде жуып, күтіп жүріңдер.
Мұғалім:
Спорт Денсаулық дене шынықтыру
Күннің көзі Су Таза ауа
Слайдтармен жұмыс жүргізіледі.
Әңгімелесу
Спортпен шұғылдану адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Өздеріңе спорттың қандай түрі ұнайды?
Сендер қандай спорт түрімен шұғылданасыңдар?
Спортпен айналысқан адам қандай болады?
Тазалықты сақтамаған бала қандай болады?
Тазалықтың достарын ата.
Қорытынды:
-Балалар, деніміз сау болу үшін, таза болып жүрумен бірге тағы таңертеңгілік жаттығу жасап,
спортпен шұғылдану керек. Адамдар әрқашан қимыл- қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан
жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын дос та, қастар да бар. Соларды ажырата білейік. Үнемі тап-таза болып, тазалықты сақтасақ қана, бізге ауру жоламайды.
ӘН: « Дос болайық бәріміз»