ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

ЖОБА ЖҰМЫСЫ
«Тілдік қанығу мектеп жасына дейінгі балаларға тілді оқытудың тиімді технологиясы ретінде»
Павлодар, 2016ж
Дайындағандар
1. Мусабекова Сания Шаймуратовна Павлодар қаласы МҚКК « № 1 Балабақша».
2. Тлеулинова Ризагуль Балгабаевна Ертіс ауданы Майқоңыр ЖОББМнің «Балапан шағын орталығы».
3. Хожа Гудан Солнечный кеңті «№17 Жидек бөбектер бақшасы".
4. Жунусова Ляилым Жанаевна Павлодар қаласы МҚКК « №4 Балабақша».
5. Чаймурат Меруерт Ақсу «Балдырған Балабақшасы».
6. Сарсимбаева Айгуль Барашпаевна Экибастұз ауданы Бесқауға ЖОББМнің «Балдырған шағын орталығы».
Мазмұны
Кіріспе 4
1. ӨТШТ технологиясының негізгі қалаушысы 6
2.Триз технологиясының маңыздылығы 7-8
3. Мектепке дейінгі баларға тілді оқыту триз технологиясының
Әдіс - тәсілдері 8-9
4.Қорытынды 10
Қолданылған әдебиеттер тізімі 11
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Бала тілін дамытуда ӨТШТ технологиясын қолдану аса маңызды, жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отыра, түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын байытады.сонымен қатар баланың ойлау белсенділігі артады, тілдері ширап, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, сөз таптарын меңгереді, өз ойын еркін жеткізеді. ӨТШТ технолдогиясы тез дами бастады.Қазір бұл технология барлық әлемде танымал.Бұл технологияда мұндай мәселелер қарастырылады:
1.Сараптау
2.Диагностика және ұқсастыру
3.Зерттеу
4.Мәселені шешу
5.Жобалау
6.Болжау жасау
Оқу үдерісінде инновациялық технологияларды енгізудің негізгі өзекті мәселесі – жаңа әдістерді қолдана отырып жас жеткіншектердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі заман талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыру. Дарынды мен төмен оқитын балаларға бірнеше әдістері бар. Бұл әдістер өзбетінше білім алу және еңбек ету дағдыларына негіз салу болып табылады.
Жоба жұмысының мақсаты: Балалардың шығармашылық қабылеттерін дамытуда ӨТШТ технологиясын қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге,сөздік қорын молайтуды дамыту.
Міндеттер: Жұмыс барысында келесі міндет шешіледі:
Жан – жақты шығармашылық дамуын қамтамасыз етту және білім беру тәрбиесін құру.
Өзге адамдарға деген сүйіспеншілік және силау қассиеттерімен төзімділікке тәрбиелеу
Ұлттық мәдениетке , ұлттық шығармашылыққа ,салт – дәстүрге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу..
Жоба обьектісі: Мектеп жасына дейінгі балаларға «ӨТШТ» технологиясынын оқу іс-әрекетінің оқыту үдерісі.
Жоба пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуетін арттыру үдерісі.
Жоба болжамы: Егер ӨТШТ технологиясының әдіс- тәсілдерінің маңыздылығын дәлелдей алсақ, онда төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:
- балалардың ақыл-ойы кеңейеді;
- Балалар ӨТШТ ойындары арқылы адамгершілікке,қарапайымдылыққа,кішіпейілділікке,әдептілікке,жанашырлыққа,мейірімділікке,достық,бір – біріне деген суйіспеншілікке тәрбиелеу.
- өзін-өзі бағалай білуі, өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамиды;
- белгілі бір іс-әрекетті орындағанда жігерлі еңбек етуі, шығармашылық тапқырлығы үстей береді.
Жоба әдісі: осы зерттеп отырған мәселеге байланысты психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау. ӨТШТ технологиясының әдіс тәсілдердердің тиімді жолдарын қарастыру..
Жобаның практикалық маңызы: Жоба жұмысымызда қарастырылған балаларды ТРИЗ технологиясының әдіс-тәсілдерді оқу іс-әрекетінде қолдануға болады.
Жобаның теориялық маңызы: Зерттеудің теориялық бөлімі оқу іс-әрекетін өткізу үшін өте қолайлы, балалардың білімін кеңейтеді, балалардың танымдық белсенділігін арттырады.
Жобаның ғылыми жаңалығы:
- Танымдық іс-әрекетінде үздіксіз өткізуді пайдалану арқылы бала жан-жақты дамудың педагогикалық негізі жасалды.
- Алғаш рет таным оқу іс-әрекетінде: әртүрлі тақырыпта әңгімелесуді өткізу, баланың жеке тұлға пікірімен санасу негізінде бала өміріне енгізудің жүйесі жасалды.
Жобалық жұмыстың құрылымы:Жоба кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бес мәселеден,қорытындыдан және қолдаанылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ӨТШТ технологиясының негізгі қалаушысы:
: ӨТШТ технологиясының тиімділігі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім балабақша мен мектеп мұғалімдеріне, өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес және оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, Генрих Саулович Альтшуллер ӨТШТ технологиясын жасаған.
ӨТШТ технологиясының мақсаты – ойындар мен тапсырмаларды пайдалана отырып, ұжымдық әрект, яғни қарым-қатынас жасай білуге үйрету, дағдыландыру.
ӨТШТ технологиясы балаға шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамытып, оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді.
ӨТШТ (теория решение изобретательских задач) технологиясы, яғни тапқырлар тапсырмаларын шешу теориясы (ӨТШТ) балабақшадан бастап мектеп практикасына енуде.
Генрих Саулович Альтшуллер 1946 жылы шығармашылық әдіснама бойынша жұмысын бастады.
Триз атауы кейінірек 70 жылы пайда болады. ӨТШТ технологиясын Г.С.Альтшуллер ойлап тапқан. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады.
Оқу үдерісінде инновациялық технологияларды енгізудің негізгі өзекті мәселесі – жаңа әдістерді қолдана отырып жас жеткіншектердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі заман талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыру. Дарынды мен төмен оқитын балаларға бірнеше әдістері бар. Бұл әдістер өзбетінше білім алу және еңбек ету дағдыларына негіз салу болып табылады. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі-балалық кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен, балалардың ойлауын танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі.
Жаңа дәуірдің жан-жақты дамыған адамын тәрбиелеу оңай емес, ол үшін мұғалімге үлкен ізденудің, оқытуды ізгілендіру аспектілерін пайдаланып жүзеге асырудың мәні зор.
Осыған орай мен сабақтарымда пайдаланып жүрген түрлі жаңа педагогикалық технологиялардың бірі ӨТШТ технологиясының әдістері көрсетілген. Осы әдістер бойынша жүзеге асыру жеке тұлғаны дамытары сөзсіз.
2. ӨТШТ технологиясының маңыздылығы: Балалардың тілін дамытудағы жаңа технологияны қолдану арқылы, ой-өрісі дамыған, тәрбиелі, білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.
Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі – оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең, бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл кезде баланың ақыл-ойы, қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, еңбек, ойын үдерісінде жан-жақты қалыптасады.
Мектепке дейінгі мекемеде ойынның маңызы ерекше.Ойын барысында білім мен біліктілігін арттырамыз. Ойлауға үйрету дегеніміз – дидактикалық қарама – қайшылықты көре білуге, сол арқылы шындықты тануға үйрету деген сөз. Қарама-қайшылық – ой дамуының қозғаушы күші.
Тәрбиенің алдағы міндеттерінің бірі балалардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру болса, ойын – осы мәселенің шешімі. Балада ойлау қабілеті мен сөйлеу қызметі бірге дамиды. Баланы ойната отырып сөйлетуде суретті әңгіме, дидактикалық ойынды сурет арқылы өткізу, шығарманы оқып таныту оң нәтиже береді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту, сурет қарау, заттарды сипаттау, жұмбақ шешу, құрастыру, тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштармен қатар ертегі тыңдау әңгімелесу баланың тілдік құзіреттілігін, қызығушылығын арттырады. Тілдің грамматикалық дұрыс құрамын қолданалы.
Педагогикалық үдерісті қарама-қарсы, ойын, эксперимент, тәрбиеші мен құрдастары арасындағы ынтымақтастықта өткізуге болады.
Бала біткен бәрі де ес білгеннен бастап «білсем, көрсем, естісем, ұстасам, алсам» деп әрекет етуге ұмтылады. Бұл – баланың өзін қоршаған өмірді терең де толық білуге құштарлығы. Бала құмарпаз, әуесқой, тынымсыз зерттеуші.Ұйымдастырылған іс-әрекеттерді ойын түрінде өткізуде сөздік қорын дамытып ауызша сөйлеу машығы игеріледі, таныс белсенділіктері калыптаса түседі.
Осыган орай балабақшадағы тәрбиешілерде балаларға ақын-жазушылардың тақпақ, өлең, жаңылтпаштарын үйретуде, олардың мәнерлеп айтуда қиындықтар кездеседі.
«Қатынас» саласындағы мақсат жан-жақты қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін ойын технологиясымен қатар ӨТШТ әдісін қолданудың тиімді жолдарын тауып, әрбір іс-әрекетті тиімді ұйымдастыруда балалардың қиялын, логикалық ойлау, сөзге сурет ойлап табу, ойлау қабілеті ұшталады.
Балаларды жаңа әдіспен ойын арқылы ӨТШТ технологиясын қолдану барысында біз кері жол жүреміз, тақпақ, жаңылпаштарды біз суретке айналдыру арқылы жаттаймыз. Бұл әдісті бес сала бойынша қамтуға болады: шығарманы мәнерлеп оқу, автормен таныстыру, әр сөзге, сөйлемге теңеп сурет ойлап табу, қиын сөздерге тоқталу, қайталау.
Сурет толық салынып болған соң «Қай сурет жоқ?», «Қай сөз, сөйлем жоқ?» ойындары ойналады. Тақпақтар тез, буындап, суретке қарап жатталады. Сергіту сәті осы тақпаққа қимыл ойлап табу арқылы тағы қайталанады. Жеке, топтасып қайталанады. Сызбамен салынған сурет ең бірінші тақпақ жаттап алған балаға сыйланады. Көркем салынған сурет-тақпақ топта бір апта бойы ілініп, жаттап қойған балалардың көмегімен басқа балалар да қайталау арқылы тез жаттап, алуға бейімделеді.
Сызба, тақпақ, жаңылтпаш, ертегілер балалардың іс-әрекетке қызығушылығын арттырады. Жаңадан шыққан әдіс-тәсіл қолдану арқылы балалардың жаттауға, есте сақтауға деген ынталарының дамуына, тілдерін машықтандырғанына көз жеткізеді.
Күнделікті жаңа ҰОІӘ-де тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Ал біз әр тақпақ пен жаңылтпаштарға сызба-сурет салып көрнекілік ретінде пайдаланамыз.
Ойын түрінде өткен бұл әдіс бала тілінің дамуына ықпал тигізіп, таным, қатынас, шығармашылық, әлеумет, денсаулық салаларындағы белсенділіктерінің дамуына, қолдануына жол ашады. Ойын баланың ойлау, есте сақтау, салыстыру, қиялдау, еркін сенінуге, еркін сөйлеуге, жеке тұлға болып табылуына көмектеседі. Тәрбиешілерге шығармашылық жұмыс жүргізуге, жинақтауға, жеке жұмыс өткізуге, есте сақтауға көмектеседі.
3. Мектепке дейінгі баларға тілді оқыту ӨТШТ технологиясының әдіс тәсілдері:
ТРИЗ технологиясы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдіс-тәсілдер төмендегідей:
Жүйелі жақындау. Компоненттік, құрылымдық фунционалды және генетикалық жақындау элементтері негізінде қоршаған ортаның жүйелі көрністерінің бастауларын қалыптастыру, бір-бірімен тығыз байланыста болатын бөлімдерден құралған жүйені біртұтас ретінде түсінік беру обьектінің осы шақтағы, өткен шақтағы және келер шақтағы жағдайын бөліп ала отырып, уақыт және кеңістік туралы түсінік қалыптастыру.
Каталог әдісі. Балалардың кез- келген тандалған сөздің белгілелрін екінші бір кез-келген басқа кітаптан алған сөзге ауыстыруға үйрету.
Қарама-қайшылықты шешу әдісі- ұсынылған заттармен құбылыстарды әр қырынан қарау;
Сиқырлы обьектілер әдісі- балаға таныс обьектінің сипаттарын екінші бір обьектіге таңып айтту, қолдану;
Салыстыру әдісі- заттармен обьектілердің ұқсастық ерекшеліктерін анықтау.
Осы әдістерді жүзеге асыру үшін келесі ойындарды қолдануға болады. 1-10 дейінгі өткен және өтетін сандарды бекітуде «Не жетпейді?», «Ертегі түстері», «Бейне құрастыр» ойындары кең қолданады. Балаларға математикалық бой жазарлар, соның ішінде цифрлар туралы да ойсергектер қызықты болады. Мысалы : мұрны таяқ. Қандай сан ? (1) Қай цифр жүйрік (3) Қай сан көтергіш кранға ұқсайды?(7) Оқу жылында балалар заттар қасиетін: түсін,пішінін, өлшемін ажытатуды үйренеді. Ол үшін ұқсас және өзге ше қасиеттерін анықтауға жаттығурардың мәні зор: «Фигуралар несімен ұқсас және қандай айырмашылықтары бар?» «не өзгергенін анықта?» «Фигураларды аяқта?» «Артық затты тап?» «Нүктелер жаттығуы».
ӨТШТ технологиясын қолдану бала тілін дамытуда, қоғамдық және әлеументтік түсінігін кеңейтуде, сөздік қорын молайту, үғымын байыту мен қатар ойлау балсенділін арттыру, өз бетімен жұмыс жүргізуге баулуға, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыруда тиімді.
Мектепке дейінігі уақыт адам зат өміріндегі ең шешуші кезең болып табылады. Өйткені, осы кезеңде баланың бойындағы табиғи дарындылығын жан-жақты дамиды. Сондықтан да, осы шақтағы бала мен ана ғұрлым жан-жақты дамытуылық әрекеттер жүйелі жүргзілсе , соншалықты жұмыс нәтижелі болады. Міне, осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытудың «Тақырыптық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын қолданудың маңыздылығы зор. ӨТШТ – ны ұзақ қолданса өнертапқыштық қасиет баланың ойлау қабілетін барынша жетілдіреді . Кейбір психологтар шығармашылықты былай деп бағалайды: ол яғни, алғырлық, білімпаздық, жүйелік, түп нұсқалық. Ал тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының мақсаты- ойлау стилін жетілдіру, ереже шығара білу.
Яғни, адамның өмірге деген көз- қарасынан шығармашылық туындайды, ол өмірдегі өзгерістерді, дамуды қабылдауына байланысты болады. Баланың шығармашылық потенциялының тұлға ретінде даму мәселелері білім философиясындағы негізгі ұғым.Балалардың шығармашылық қабілеттерінің даму түрлі бағыттағы қызметті болжайды. Бұл жұмыс балалмен педагогтың бірлескен шығармашылық саласын және құрдастарымен араласуды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар ӨТШТ – ақылдылардың, құрастыушылардың, ізденушілердің символы, яғна балалардың қаншалықты абстрактылы ойлауын , қиялдауы мен бақылағыштығын, зейіндерін ертерек дамытудың жолы. Бұл теорияның тілдік қабілеттерді дамытудағы өте бір мағызды орын алатыны айқын.
Бала тілін дамытуда ӨТШТ технологиясын қолдану аса маңызды. Аталмыш технологияны жүйелі пайдалана білген әр-бір педагог, тәрбиеші баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтеді, сөздік қорын мүлайтып, ұғымын байытады. Сонмен қатар баланың ойлау белменділігі арытады, тілдері ширап, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, сөз таптарын меңгереді, өз ойын еркін жеткізеді.
Әрине, аталған мақсат- мүдделерді орындауда педагог кадырлардың рөлі зор. Сондықтан балабақша педагогтарымен қатар мектептердегі мектепалды дайындық сыныптары мұғалімдері мен аталған жұмыстарды жүргізу тәсілдерін арнайы жоспарланған оқыту семинарлары мен біліктілігін арттыру курстары бойынша ұйымдастыру керек деп ойлаймын.
Қорытынды
Қорыта келгенде ӨТШТ технологиясының тиімділігі бала тілін дамытуда, қоғамдық және әлеументтік түсінігін кеңейтуде, сөздік қорын молайту, үғымын байыту мен қатар ойлау балсенділін арттыру, өз бетімен жұмыс жүргізуге баулуға, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыруда тиімді. Жаңа ҰОІӘ-де барысында баланың оқу мақсатын шешу кезіндегі іс-әректіне қолдау көрсетіп мақтау, сыйлық беру сияқты әдістер қолданылады. Бұл әдіс бұрын балабақшада қолданылмаған ең жаңа оқу формасы болып есептеледі.
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі – бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуға үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрижеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор.
Олай болса педагог тәрбиешінің алдындағы басты міндет – ХХІ ғасыр білім ғасырының есігін еркін ашып кіретін, дүниежүзілік мәдениетті танып, ұлттық бай, ой-өрісі дамыған, тәрбиелі, білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Солнышко» С.В. Железнова, Н.Р.Богомолова
2. Программа развития, обучения, и воспитания детей дошкольного возраста на
основе ТРИЗ иРТВ. Г. Обнинск 1997
3. Г.С.Альтшуллер Найти идею. Новосибирск Наука, 1986г
4. Триз для детского сада В.А. Ломова
13