СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Просмотр содержимого документа
«Түбір мен қосымшаның жазылуы»

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:


Сабақтың атауы

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: Түбiр мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын қайталау. Түбiр сөзден қосымшаны айыра отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру;
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, өз ойын жеткiзе бiлу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды мәдениетті қарым – қатынасқа, әдептілікке, тәрбиелеу.
Сабақтағы көрнектіліктер:, жүрекшелер, карточкалар, күн көзі мен бұлт суреті, семантикалық карта.
Сабақтың типі: Өткендi қайталау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам – досым, сыныптасым, 
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. 
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, 
Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау


Эдвард де Боно “6 ойлау шляпасы”технологиясы бойынша өтілген сабақты қорыту.
Ақ қалпақтың сұрағы Түбір дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не?
Сары қалпақтың сұрағы: Мына сөздерге қосымша жалғап айт. Етік, егін, қар.
Қызыл қалпақтың сұрағы Мақалды оқы қарамен жазылған сөздерді салыстырып
ерекшелігін айт.
Еңбек ер атандырады.
Еңбектің түбі - рахат.
Жасыл қалпақтың сұрағы Өлеңді мәнерлеп оқы.
Мен ғарышкер боламын
Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын!
Ғарышкер сөзінің түбірі мен қосымшасын тап.
Қандай ғарышкерлерді білесің?
Көк қалпақтың сұрағы Түбірге қосымша не үшін жалғанады? Мысал келтір.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Түбір дегеніміз - сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігі.
Мыс: қала, орман, көше, жұлдыз
Түбір сөздің белгісі -.
Түбірге қосылған бөлшекті қосымша дейміз: қала - ға, орман - да, көше - мен, балық - шы
Кубизм әдісімен. Оқулықтағы жаттығулар орындалады

1-жаттығу

Дәурен өлең жолдарын дұрыс жазды ма? Қалай қателесті?

2-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап. Сөздерді қай дыбыс өзгерген?

3,4-жаттығу тақтада орындау

Сергіту сәті

«Тунак-тунак» биі

Оқушылар билейді

Ой толғаныс

“Доп лақтыру” ойыны арқылы
1 – қатар
“Ай” сөзінен басталатын қыз балалар есімдерін ата.
2 – қатар
“Ер” сөзінен басталатын ұл балалар есімдерін ата.

Үй тапсырмасы

5-жаттығу

Күнделіктеріне жазады


Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Оқушылар толтырады