Просмотр содержимого документа
«ҰОҚ "Адам тіршілік иесі"»
«Балапан» ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 13.11.18ж
Тәрбиеші: Сатымбаева А.К
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Пән: Қоршаған ортамен танысу
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы: «Адам тіршілік иесі»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Адам тіршілік иесі екенің түсіндіріп тәрбиелеу
2.Дамытушылық: Өзінің адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
3.Оқыту: Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне (басы, қолы мен аяқтары, тері және шаш қабаты, көздері мен шаштарының әртүрлігі) қарап ажырата білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Сырт келбеті ұқсамайтын екі баланың суреті. Түрлі түсті қарындаштар, адамның суреті салынып, аяқталмаған сурет.
Сөздік жұмыс; тіршілік иесі
Үш тілдік компонент: Адам-человек- man. Тіршілік иесі- живое существо- living being
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І.Ұйымдастырушылық кезеңі
1.Өлең оқу
Сары, ақпыз, қарамыз.
Бәріміз де баламыз.
Бір қалада тұрамыз,
Бір бақшаға барамыз.
Ақ, қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз.
Туысқанбыз, татумыз,
Биіктерге өрлейміз.
ІІ.Негізгі бөлім
Тәрбиеші балаларға әлемдегі адамдар туралы сурет көрсете отырып, олардың өмір сүру, еңбек ету ерекшелігіне тоқталады.
Адамдардың ұлтына, жынысына, жас шамасына қарай бөлінетіндігін айта отырып, адамдардың сәбилік шағынан бастап қартайғанға дейінгі кездерді суреттен көрсетеді.
Сергіту сәті:
Қолдарымды созамын,
Суға сүңгіп аламын.
Суда жүрып жүземін,
Оң қолымен бір сермеп,
Сол қолымен бір сермеп,
Шынықтырып денемді
Спортсмен боламын.
Сөздік жұмыс; тіршілік иесі(сөздің мағынасын түсіндіру)
Үш тілдік компонент: Адам-человек- man. Тіршілік иесі- живое существо- living being
2.Сурет көрсету арқылы адамдардың жастары есейген сайын бет әлпетінің, дауысы мен жүріс – тұрысының де өзгеретінін түсіндіреді. Сонымен қатар адамдардың сырт келбеті мен әдеттеріне тоқталып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажыратуға болатындығын айтады. Соңынан екі баланың суретін көрсетіп, ұқсастықтары мен айырмашылығын айтып беруді тапсырады.
Кәне, балалар, оң қолдарыңмен сол жақ кеуделеріңді ұстап көріңдерші. Не байқадыңдар?
Балалар, ол соғып тұрған сендердің жүректерің, барлық адамдарды жүрек болады. Және адамдардың барлығында өкпе, бүйрек, бауыр сияқты ішкі құрылыстары болады. Оларды күтіп ұстау үшін сендер спортпекн шұғылданып, дұрыс тамақтанып және таза ауада көп серуендеулерің керек.
Гүлдер өсіп жетілу үшін не керек деп ойлайсыңдар?
Ал адамдардың өсіп жетілу үшін не керек?
Дұрыс айтасыңдар, сонымен қатар, күтім, әрі демалыс керек екен.
Ал егер адам кешке дейін немесе бірнеше күндер, айлар бойы демелыссыз жұмыс істеп, уақытында тамақтанбай, таза ауада серуендемей, күтінбей жүре берсе не болар еді?
Ондай адамдар аурушаң әрі тез ашуланғаш үнемі көңіл күйі болмай жүретін еді. Сол себепті кез келген адам өзін – өзі күту керек екен.
Кешкісінде сендер ата – аналарыңды көрген кезде қандай сезімде боласыңдар?
Ата – аналарың да сендерді көргенде қуанады. Себебі олар сендерді сағынады, жақсы көреді. Сол себепті сендерді көргенше асық болады.
Ал, сендер ата – аналарыңды қылый қуантар едіңдер?
Міне, көрдіңдер ме балалар, ата – аналарың сендердің тәтті қылықтарың жетістіктеріне қатты қуанады екен. Тек сендердің ата – аналарың ғана емес барлық адамдар жақсы хабарды естігенде қуанады екен.
3.Түсіндіру Тәрбиеші осылайша адамдардың бірдей сезімді сезінетіндігін (қуаныш, ауру, өкініш) түсіндіреді.
Және балаларға ақ парақ бетіне салынған адам бейнесін аяқтауға ұсынады.
4.Жеке жұмыс: Балалар адам бейнесін салып аяқтауға кіріседі.
Балалар жұмыстарын аяқтағаннан кейін дәптердегі тапсырманы тұсіндіреді.
ІІІ қорытынды
Балалардан бүгінгі жиыннан алған ісерлерін, көңіл күйлерін,
немен айналысқандығын, не үйренгендерін сұрау.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтау