Бесқауға жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырып: «Ұстаз – ұлағатты тұлға»
Сынып жетекші:
Б.Е. Ибраев
2019-2020 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Ұстаз – ұлағатты тұлға»
Мақсаты: бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету; жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру; ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, сурет, гүлдер, шарлар.
Барысы:
І. Тәрбие сағатын ашып, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтау.
ІІ. Ұстаздарға арнау (өлеңдер оқу).
ІІІ. Пікір алысу.
ІV. Ұстаздар құрметіне өнерлерін көрсету.
V. Қорытынды.
Жүргізуші: Құрметті Ұстаздар, қымбатты оқушылар! «Ұстаз – ұлы тұлға» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық дей отырып, Қадірлі Ұстаздар, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін демекпіз!
5-сынып оқушысы Жарқынбаева Мөлдірдің «Ұстаздар бар ардақты» атты өлең шумақтарын тамашалаңыз.
Ұстаз деген, уа шіркін, атың қандай,
Балаға пейілің кең, тілің балдай.
Сіздермен мына мектеп мерейленіп,
Мың-мың шәкірт ұшады қарлығаштай.
Бұл мектепте ұстаздар бар ардақты,
Бәрі ақылды,білгірлер ғой жан-жақты.
Ұстазым деп мақтана алам әрқашан,
Жалғыз сіз ғой бұл өмірде салмақты.
Біз сіздерді ұстазым деп сыйлаймыз,
Ешқашан да біз сіздерді қимаймыз.
Әрқашан да ұстазым деп жырлаймыз,
Бұл әнді тек сіздерге біз арнаймыз.
Ән: «Ұстазым».Орындайтындар: Хор
Жүргізуші:
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күншуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы, - деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздарға байланысты. «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Олай болса ендігі кезекті оқушылардың өлеңдеріне берейік.
Сұрақтар: Сұрақтар:
Жазғы күн тоқырау күні қашан? (22 шілде)
Ертеде жіп иіруге қандай құралды пайдаланған? (Ұршық)
Қазақстанда “Қызыл кітап” тұңғыш рет қай жылы шықты? (1978)
Шәкәрім Құдайбердіұлы орыс әдебиетінің қай классигімен пікірлес болған (Л.Толстой )
Үндістер қай құрлықтың байырғы тұрғындары? (Американың )
«Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Чарлз Бэбэдж)
Бұл термин тіл ғылымы саласында, математикада, биологияда кез-деседі. Сөзде, өсімдікте және теңдеуде болтын бұл қай сөз. (Түбір)
Адамдар санауды ежелгі кезден бастап үйренген. Сандарды бейнелеу үшін ағашқа, тасқа таңбалар қалдырған. Күрделі есептеулер жүргізу қажеттілігінен цифрлар пайда болған.
Адамдар сандарды бірінші рет не арқылы бейнелеген және алғашқы санау құралы не? (Саусақ)
Жұмадан кейін 4 тәуліктен соң қандай күн келеді? Жексенбіден 3 тәулік бұрын қандай күн келеді? (Сәрсенбі, Бейсенбі)
Қаздар ұшып келеді. Алдында бір қаз және оның артында екі қаз. Ең соғы қатарда бір қаз және оның алдында екі қаз. Екі қаздың ортасында бір қаз және барлық қаз бір қатарда ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
Жауап Үш қаз
Еліміздің рәміздерін және олардың авторларын ата (
Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? (1941-1945ж)
Сіздерге рахмет айта отырып мына өлең жолдарды арнаймыз:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін.
Құрметтейміз мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
Келешекке- алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап
Ұстаз атты ұлы есім!
Жүргізуші:
оқушылары атынан ұстаздарға арналған сәлемдемесін қабыл алыңыздар. (видео ролик көрсетіледі)
Келесі тамашалайтындарыңыз «Үнді биі». Алдарыңызда биші қыздарыңыз
Жүргізуші: Жүрегі кең, ұстаздар, данасың ғой!
Қамқор болған біздерге баласындай.
Сынып жетекшілері, ыстық ықыласымызды
Қабыл алыңыздар,
Аялаған біздерді баласындай.
Келесі ән, «Ұстазым» Орындайтындар:
Дария судың ағыны,
Құрметтеген шәкірті.
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
Осымен «Ұстаз – ұлы тұлға» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды, уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет, сау – саламатта болыңыздар!