СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Жеті Жарғы» - «Құқықтану» мамандығының қазақ тілі пәнінен сабағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың түрі: Аралас сабақ;

Қолданылатын әдістер: Сұрақ – жауап, мәтінмен жұмыс, әңгімелеу;

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, құқықтану;

Техникалық оқу құралдары: Интерактивті тақта, компьютер,  слайдтар, «Қазақтың ата заңдары» ҚР Конституциясы, сөздіктер.

 

Мақсаттары:

 

Білімділік: « Жеті жарғы» мазмұнымен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіру, өз ойын тұжырымдап, топта жұмыс жасап, шығармашылыққа үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеп, туған жерін сүюге, қазақ халқының салт- дәстүрлері мен тарихын құрметтеуге баулу;

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісі мен қазақ тілінде еркін сөйлеуін дамыту, сөздік қорын молайту.

Просмотр содержимого документа
««Жеті Жарғы» - «Құқықтану» мамандығының қазақ тілі пәнінен сабағы»

Бактугулова А.Т.

Батыс Қазақстан «АТиСО»

академиялық колледжінің

оқытушысы

«Жеті Жарғы» - «Құқықтану» мамандығының қазақ тілі пәнінен сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ;

Қолданылатын әдістер: Сұрақ – жауап, мәтінмен жұмыс, әңгімелеу;

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, құқықтану;

Техникалық оқу құралдары: Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, «Қазақтың ата заңдары» ҚР Конституциясы, сөздіктер.


Мақсаттары:


Білімділік: « Жеті жарғы» мазмұнымен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіру, өз ойын тұжырымдап, топта жұмыс жасап, шығармашылыққа үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеп, туған жерін сүюге, қазақ халқының салт- дәстүрлері мен тарихын құрметтеуге баулу;

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісі мен қазақ тілінде еркін сөйлеуін дамыту, сөздік қорын молайту.


1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.


3. Ой қозғау: «Қазақстан» - блиц.

  1. Қазақстан Республикасының орталығы?

  2. Қазақстан Республикасының Президенті?

  3. Қазақстан Республикасының даму стратегиясы қалай аталады?

  4. « Қара сөздердің» авторы?

  5. Қазақтың батыр қыздары?

  6. Қазақ хрестоматиясының авторы?

  7. «Тәуелсіздік күні» қай күн?

  8. Қазақстанның алғашқы ғарышкері?

  9. Қазақ қыздарының ұлттық бас киімі?

  10. Жылқы сүтінен дайындалатын сусын?

  11. Төрт түлік малды ата?

  12. Батыс Қазақстандағы ең ірі өзен?

  13. Қазақстан Республикасының соңғы Қонституциясы қай жылы қабылданды?

  14. Қазақтың екі шекті ұлттық музыкалық аспабы?

  15. Қойдың атасы?

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру: « Жеті жарғы».

а) Кіріспе: “Бабамыздың шоқ басқан табанымен

Бірдей екен жақсысы жаманымен:

Бір жаманы – тынымсыз көше берген,

Бір жақсысы – қимаған даланы кең.

Бір жаманы – жел сөзге ерген екен,

Бір жақсысы – тілге ерік берген екен

Бір жаманы – кетпенге орашолақ,

Бір жақсысы – найзагер, мерген екен.

Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан,

Бір жақсысы – күйлері көбік шашқан,

Бір жаманы – қыздарын малға сатып,

Бір жақсысы – сүйгенің алып қашқан.

Бір жаманы – шаруасын маңдытпаған,

Бір жақсысы – қулықпен жанды ұтпаған.

Бір жаманы – үйленіп жеңгесіне,

Бір жақсысы – жесірін қаңғытпаған.

Тату - тәтті көршілер шыр бұзбаған,

Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.

Бір жаманы – сонда да үй салмаған,

Бір жақсысы – абақты тұрғызбаған!...” /Қадыр Мырзалиев/


ә) Сөздік жұмысы:

Жеті тарау – семь разделов;

Әскербасы – главнокомандующий;

Барымта – угон скота вооруженной силой, между враждующими родами, грабеж;

Жанжал шығару – ссора, спор;

Дау тудыру – тяжба, раздор, спор;

Жесір дауы – спор за права женщин-вдов;

Мал мен мүлік дауы – спор за скот и имущество;

Құн дауы – спор за кровь убитых;

Жер дауы – спор за пастбища и земли;

Заңдар жиынтығы – свод законов;

Ұрлықты болдырмау – пресечение воровства.


б) Миға шабуыл:

1. Жеті – қазақ халқының киелі саны. Жеті санына байланысты қандай ұлттық ұғымдарды білесіңдер?

а\ “Жеті ата” - Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата;

б\ “Жеті жұт” – Құрғақшылық, өрт, оба /ауру/, соғыс, топан су, зілзала, жұт;

в\ “Жеті жоқ” – Жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, жылқыда өт жоқ, аққуда сүт жоқ, Аллада бауыр жоқ;

г\ “Жеті қазына” – Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, жүйрік тазы, қыран бүркіт, берен мылтық;

д\ “Жеті ғашық” – Ләйлі – Мәжнүн, Фархад – Шырын, Таһир – Зуһра, Арзу – Қамбар, Уәлик – Ғарра, Уәки – Күлшаһ, Жүсіп – Зылиқа.

в)«Жеті Жарғы» - ның мағынасын ашу

«Жеті Жарғы» - ХҮІІ ғасырдағы қазақ құқығының ескерткіші. Тәуке хан тұсында құқық қорғау мен мемлекет құрылғысының негізгі қағидаларын белгіленген салт-дәстүр құқығының жинақ нормасы “Жеті жарғы” құрастырылды.

Жеті Жарғы”. Саяси құрылымның өзгеруі қазақ қоғамының құқық базасын қайта қарастырудың қажеттілігін тудырды. Бұл жұмыс XVIІ ғасырдың басында жүрді де Тәуке хан тұсында “Жеті Жарғы” заңдар жинағында бекітілді. Бұл жинақ XVIІІ ғасыр басындағы белгілі билердің қатысуымен әзірленді және мынадай жеті негізгі тараулардан тұрды:




г) Мәтінмен жұмыс:

Жеті жарғы”

1680 жылы Жәңгірдің баласы-Тәуке хан болды. Тәуке ханның бастауымен Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би “Жеті жарғыны” қабылдады. “Жеті жарғы” – жеті тараудан тұратын негізгі заңдар жиынтығы.

Бірінші – жер дауы. Жер – атадан балаға қалатын енші. Оны сатуға болмайды. Екінші – отбасындағы қарым-қатынасқа байланысты құқық ережелері. Онда үлкенді сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге көңіл бөлінеді. Үшінші тарау – ел қорғау, әскер құруды қарастырады. Ел мен ел, халық пен халық арасындағы жанжалдарды шешу бесінші тарауда қарастырылады. Алтыншы және жетінші тарау құн мен жесір дауына арналған.

Тапсырма №1. Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қойындар, сөз таптарын анықтаңдар.

Тапсырма №2. Мәтінді орыс тіліне аударыңдар.

Тапсырма №3. Түсінгендеріңді өз сөздеріңмен айтып беріңіз.


д) Рөлдік ойын « Дау – таласты шешу жолдары»

Қазыбек биге, бір балаға таласып, екі әйел келеді. Әйелдердің бірі – Мынау баламды мен жас күнімде жоғалттым. Бүгін танып сұрасам, “өз балам” деп бермейді, - дейді. Екінші әйел тұрып: - Бала өзімдікі, өзім таптым, - дейді. Қазыбек би ойланып қалады. Сонан соң баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып: - Екеуіңе қара қылды қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма? – дейді. Сонда баланы таныған әйел: - Ойбай биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсы, шаба көрмеңіз, - деп жылайды.

Тапсырма. Үзіндіні рөльге бөліп ойнаңдар.

Сұрақ №1. Бұл оқиғада қандай даудың түрі берілген?

Сұрақ №2. Қазыбек би қандай шешім айтты?

5. Бекіту.
№ 1. Кестені толтыр.

Не?

Қашан?

Қайда? Не істеді?

?

1680 жылы

Қазақ хандығында қабылданды

Не?

Неше?

Неден? Не істейді?

«Жеті жарғы»

?

тараудан тұрады

Не?

Не істеген?

Кімдер?

«Жеті жарғы»

Заңдар жинағын құрастыруына қатысқан

?


№ 2. Сөйлемдерді «дұрыс» және « бұрыс» екі бағанға бөліп жаз.


Дұрыс

Бұрыс








1. «Жеті жарғы» ІХ ғасырда дүниеге келді. 2. «Жеті жарғыны» Шыңғысхан қалыптастырды. 3. «Жеті жарғы» қазақ мемлекетін басқару үшін қажет болды.

4. «Жеті жарғы» - әдет құқығының жинағы 5. «Жеті жарғыны» халық шығарды.

6. «Жеті жарғы» - қазақ халқының « Дала Конституциясы.

№ 3. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді, сөз тіркестерді жазыңыз. Әр сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

1.“Жеті жарғыда” үлкенді сыйлауға, ............................ құрметтеуге көңіл бөлінеді. /ата-ананы/


2. “Жеті жарғыда” ........................, жауға қарсы әскер құру мәселелері айтылды. /ел қорғау/

3. Елді қорғау - әрбір .................................. парызы. /азаматтың/

6. Бағалау және үйге тапсырма:

1.“Егер мен Тәуке хан болсам...” тақырыбына шығарма жазып келу.