СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Жемістер мен көкөністер»

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

урок в первом классе по обновленному содержанию образования

Просмотр содержимого документа
««Жемістер мен көкөністер»»

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ:

«Жемістер мен көкөністер»

Мектеп:

Өскемен қаласы әкімдігінің "№8 орта мектебі" КММ

Күні:

Мұғалім: Айтқалиева Айнаш Айдарбекқызы

Сынып: 1

Қатысқандар:12

Қатыспағандар:0

оқу мақсаттары:

Тыңдалым

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау);

Айтылым

1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3-сөйлем құрастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады

Сөздерді қатесіз айтып, естерінде сақтай алады, жеміс және көкөніс атауларын ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

Жаңа сөздерді қолдана алады, сұрақтарға жауап бере алады, Жемістердің тәтті, ащылылығын ажырата алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Тақырыпқа сай сөздерді түсінеді, зиянды, пайдалы тағамдарды ажырата алады және 2-3 сөйлем құрастыра алады.

Тілдік мақсат


Оқушылар орындай алады:

Сөздерді қатесіз айтады, материалдар негізінде сұрақтарға жауап бере алады, қарапайым сұрақтар қоя алады, сөйлем құрастыра алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

ұнайды, піседі, тәтті, қышқыл, зиян, пайдалы

Өз ойын жазуға арналған қажетті тіркестер: жегім келеді, тәтті емес, қышқыл емес, денсаулыққа зиян, денсаулыққа пайдалы

Ишара: Оқушыларға көмек көрсету, «жарайсың», «бәрекелді» деген сияқты сөздермен оқушыларды қолдап отыру.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жемістер мен көкөністер пайдалы ма?

  • Не себепті деп ойлайсың?

Алдыңғы оқу

Күзде не піседі?

Осыған дейін меңгерілген білім

Жеміс, көкөніс атауларын біледі және ажырата алады

ЖОСПАР

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы











  1. минут











































1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу

«Шаттық шеңбері» оқушылар бір-біріне тілек тілейді.

«Мен саған... тілеймін!»

2. Топқа бөлу және тақырыпты ашу: «Пазл» әдісі

Берілген суреттер 4- ке бөлініп, қиылады. Оқушылар қиылған суреттерді таңдап алады және оларды біріктіреді. Құрастырылғын сурет бойынша 3 топқа бөлінеді.

1-топ. лимон

2- топ. алма

3- топ алмұрт

-Неге топқа осы суреттер арқылы бөліндік? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?

Тақырыпты ашу:

Құралған суреттерінің атауын сұраймын.

Топта оқушылар қандай жемістің суреті екенін анықтайды және сол жеміс туралы білетін мәліметтерін айтады.








Тақырыпқа ену: Жеміс пен көкөністердің суретін көрсете отырып, жетелеуші сұрақтар қою

-Суреттен нелерді көрдіңдер?

-алма, алмұрт, картоп, сәбіз

-Бүгін біз не туралы оқып, білеміз?

-Жемістер мен көкөністер туралы

Мағынаны тану кезеңі

Оқушылар сөздікпен танысады

тәтті, қышқыл, піседі, жегім келеді, зиян, пайдалы (сөздерді хормен қайталау)

Сөз тіркестерін құрастыру:

тәтті піседі


қышқыл

жегім келеді


пайдалы


Денсаулыққа зиян

Денсаулыққа пайдалы

Сөздерді қатесіз айтып, естерінде сақтай алады



А4 форматында аталған суреттер



















Сұраққа жауап берген оқушыларға сый ақы стикерлер үлестіру

Сабақтың ортасы

5 минут


Оқушының «тәтті, қышқыл» сөздерін орынды қолдана білуіне бағытталған. Алдымен оқушыларға лимон мен кәмпит көрсетіледі



Кәмпитті көрсете отырып, «тәтті» деген сөзді бірнеше рет қайталайды. Лимонды көрсетіп «қышқыл» деген сөзді бірнеше рет қайталайды.

Оқушылардың алдына суреттер беріледі. Бір-бірінің қолындағы жемістің суретіне байланысты топтың ішінде сұрақ қойып, жауап беруді үйренеді.

Мысалы: -Алма қышқыл ма?

  • Жоқ, алма қышқыл емес.

  • Алма тәтті.

  • Сен не жегің келеді?

  • Мен алма жегім келеді.

Одан кейін топтар бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.

Дұрыс сұрақ қойған және дұрыс жауап берген топқа стикерлер беріледі.



Сергіту сәті

3 минут

Қарбыздай дөңгелек боламыз,

(Екі қолын біріктіріп, дөңгелек шар жасайды)

Қиярдай сопақ боламыз,

(Екі қолын алдына қарай біріктіріп созады)

Өріктей кішкентай боламыз,

(Саусақтармымен кішкентайды көрсетеді)

Жүзімдей көп боламыз.

(Балалар бірігіп ортаға отыра қалады)









шапалақ соғу, қолдау


Сабақтың соңы

10 минут




Топтық жұмыс «Таңдауыңды жаса» стратегиясы

(3 топ та тақырыпқа қатысты суреттерді теріп алып, постер құрайды):

Мұғалім өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру мақсатында, оқушыларға кластер құруды тапсырады.

3 топқа біркелкі суреттер: жемістер, көкөністер,

тағамдар. Плакатта жемістер мен көкөністердің, тағамдардың суреттерін топтастырады және пайдасы не зияны туралы айтады. І топ жемістерді, ІІ топ көкөністерд, ІІІ топ зиянды тағамдарды іріктеп теріп алып, жабыстырады. Постер бойынша 2 сөйлем құрайды.

Үлгі: Жеміс-пайдалы тағам. Себебі жемістерде витамин көп. Күш береді.

(3 топ та тақырыпқа қатысты суреттерді теріп алып, постер құрайды):

Мұғалім өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру мақсатында, оқушыларға дастарқан жасауды тапсырады.

Постер қорғау (топ көшбасшылары қорғайды).

Кері байланыс

5 минут

Балалар, сабақ ұнады ма?

«Бас бармақ» стратегиясы арқылы сабаққа баға беру.


Табыс баспалдағына қай топ көп кәмпит жинады сол топ ең жоғарғы сатыға көтерілді.



Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспар-лайсыз? Қабі-летті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіп-сіздік, АКТ-мен байла-ныс. Құнды-лықтармен байланыс (тəрбие элементі).

Мультфильм, «Белгілі мерекелер» коллажын көрсете отырып, оқушыларды жаңа тақырыппен, сөздермен таныстырдым. Сабақтың мақсаты мен кезеңдері толық орындалды. Табысты оқушылар орта деңгейдегі оқушыларға көрсете білді.

Сабақ бойы әрбір орындалған тапсырмаға сыйлық беру арқылы, қолдау, «жарайсың», «бәрекелді» сөздері арқылы мадақтау.

Сабақ мақсатына жеткен, жетпегенін кері байланыс арқылы байқаймын.


Орыс тілі, музыка АКТ көмегі арқылы денелерін шынықтыруға арналған сергіту сәті.

Дастарқан әдебімен таныстыру.

Рефлексия: Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?


Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттерін орындадым.

Оқушылар сөзді зейін қойып тыңдай отырып, түсініп, жəне оған сəйкес дұрыс əрекет жасады.



Оқушылар жаңа сөздерді жаттап алды, постер құрастырды, сұрақтарға жауап беріп, сұхбаттасым әрекетіне түсе алды.


Жоспарда берілген мақсатыма берілген тапсырмалар түрі сәйкес келді.








Уақытты тиімді пайдаландым.


Әр тапсырма соңында уәждерін арттыру мақсатында ынталандыру үшін кәмпиттер таратып отыру.


Қысқаша бағамдау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. «Белгілі мерекелер» коллаж көрініс.

2. Оқушылар «Мен саған ... тілеймін!» әдісі бойынша бір-біріне шынайы тілектер айта білді.

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

Әр тапсырма соңында уәждерін арттыру мақсатында смайл, жұлдызша т.б. таратып отыру.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

«Қазақы дастарқан»әнінің сөзін жаттаттамын. Орташа деңгейдегі оқушылардың деңгейін жоғарылату бағытында жұмысты түрлендіремін.