Дарынды және талантты оқушылар
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МІНДЕТТЕРІ:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен
ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан-жақты ақпараттандыру;
3. Коммуникативті бейімдеу;
4. Білімнің бағасын арттыру,
5. Математика бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін деткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу,
6. Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру
7. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
Дарындылықты анықтаудың мынадай параметрлері бар.
Оқушының танымдық /білім/ іс-эрекетінің басқа оқушылардан озық дамуы
Психологиялық жоғары дамуы
Дені сау ,жан-жақты толық дамуы
Ойлау қабілетінің озық болуы
Айналадағы құбылыстарды не басқа процесстерді етеңе жақын түсінуі
Туа бітті шығармашылық қабілеттің
Дарындылықтың түрлері
Интеллектуалды
Академиялы
Шығармашылық
Көсемдік /лидер/
Көркем орындаушылық
Дарындылықты анықтау критерийлері
Теориялық материалды толық игеруі
Мартериалды игеруде табандылық көрсетуі/бастап кетпеуі/
Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту
Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану
Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы
Өзіне-өзі талап қоя білуі
Тапсылылған жұмысты сапалы орындауы
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Оқушының тарау бойынша өз бетімен тест құра білдіруі
Тақырып бойынша модель құруға үйрету
Алынған білімдерді әр сабақ сайын дамыту.
Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану
Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы
Өзіне – өзі талап қоя білуі
Тапсырылған жұмысты сапалы орындалуы.
Пәнаралық байланыс.
әдебиет пәнімен байланысы; орыс тілі грамматика салыстырумен байланысы; тарих пәнімен байланысы, есеп пәнімен байланысы; табиғаттану пәнімен байланысы;
Күтілетін нәтижелері.
- оқушы өз біліміне сеніп, оны әрі дамытады, өзіндік ізденіс, шығармашылық деңгейге көтеріледі;
- жұппен, топпен, ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады;
-қазақ тіліндеде еркін сөйлеу дағдылары қалыптасады;
-өз көзқарастарын қазақ тілінде еркін білдіреді;
- сөйлеу дағдыларын меңгереді;
-мәтіндерді түсініп, өз көзқарас негізінде баяндай біледі.
| № | Тақырыбы | С/с | Теориялық әдісі | Практикалық әдісі | Мерзі-мі |
| 1. | Кіріспе сабағы | 1 | Қазақ тілінің сипаттары. | Сөйлеудің, диалогтің, монологтің түрлерін құрастыру | |
| 2. | Сөздің тура мағынасы және ауыспалы мағынасы | 1 | Көп мағыналы сөздердің ауыспалы мағынадағы сөздерден айырмашы-лығы. | Көркем әдеби шығармалар мен газет-журнал бетіндегі көпші-лік мақа-лалардағы ауыспалы мағынадағы сөздердің қол-данылуы. | |
| 3. | Сөздердің мағыналық топтары | 1 | Фразеологизмдер (тұрақты тіркестер) | Синоним,антоним, омонимды салыстыру | |
| 4. | Фонетика | 1 | Үндестік заңы. | Фонетикалық талдау, буын түрлерін ажырату | |
| 5. | Морфология | 1 | Зат есім. Сын есім. | Морфологиялық талдау | |
| 6. | Сан есім. Есімдік. | 1 | Сан есімнің сөз табы жүйесіндегі орны, рөлі, ерекшелігі. | Есімдіктердің құрамдық, тұлғалық ерекшеліктері. | |
| 7. | Етістік. | 1 | Мағыналық бірлігі, жасалу жолдары. | Етістіктің сөз табы жүйесіндегі рөлі, орны | |
| 8. | Етістер | 1 | Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары | жасалу жолдары. | |
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1.Ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Ш. К. Бектұров,А. Ш. Бектұрова. Алматы, 2002.
2. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы.Ж. Дәулетбекова, Г. Махамбетова. «Жеті жарғы» 2003.
3. Грамматикалық анықтағыш. Алматы, 1996.
4. Қазақ, орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Р. Әміренова, Ж. Мұсаұлы. Көкшетау, 2003.
5. Қазақша сөйлесейік. К. Сариева.Алматы, 1992.
6. Қазіргі қазақ тілі. Ж. Мұсаұлы.Алматы, 2004.
7. Қазақ тілін үйренеміз. Н. Оралбаева, Х. Есенов.Алматы, 2000.
8. Тест жинақтары. Талапкер 2002, Алматы, 2005.