| Пән: Әдебиеттік оқу Күні: Сынып: 3-сынып | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: 26 Қатыспағандар саны: 0 |
| Сабақ тақырыбы | Атқа міну – өнер |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.1.2 – шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу; 3.2.8.1 – эпизодтарды салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау. |
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. |
| Бағалау критерийлері | мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. |
| Құндылықтарды дарыту | Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. |
| Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, қазақ тілі. |
| АКТ қолдану дағдылары | Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
| Ресурстар | Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б |
| Бастапқы білім | 5-тарау өткен төрт тараудан(1-4) алынған білім мен дағдыларға сүйенеді. Оқушылар алдыңғы өткен құрылымды (шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, жоспар құруды үйрену) ұстанып, әңгімелерді жоспарлап, мазмұнын айта және өз ойын жаза алуы керек. |
| Сабақтың барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| Сабақтың басы | Ширату «Сәлемдесу» ойыны Оқушыларға белгі берілгенде бір -бірімен амандасады. Көзбен,қолмен, иықпен, тіземен, арқамен амандасады. Қимылды тез жасаулары керек Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… тіземен… арқамен Топтарға бөліну Балалардың түрлі түсті қалпақ таңдау арқылы топтарға бөлінеді. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстырылады. Бағалау критерийін бірлесе құрастырады. | Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер. |
| Сабақтың ортасы | Алан Маршалл (1902-1984)-ағылшын жазушысы және публицист.Алты жасынан бастап сал ауруына шалдығып, мүгедек болып қалған. Соған қарамастан жүзуді, атқа мінуді үйренген. «Мен шалшықтан секіріп аттай аламын» деп аталатын кітап жазды. 1-тапсырма (Т,Ұ) «Мәтінмен жұмыс» әдісі Топтарға тапсырма беру -Мәтінді оқып, бірнеше бөліктерге бөлу.Әр бөлікке тақырып беріп, жоспар құру; -Әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау; - Оқиғада болған өзгерістерді атайды; Дескриптор: Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. ҚБ «Жарайсың! Өте жақсы! Керемет!» марапат сөздері арқылы бағалау. 2-тапсырма (Ж,ЖЖ) «Қағаздағы сұрақтар» әдісі Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді -Алан нені армандаған? -Боб неге өз атын берді? -Аланның әкесі туралы сен не ойлайсың? -Аланның іс-әрекетінен нені үйренуге болады? Дескриптор:Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. ҚБ «Қол шапалақтау» 3-тапсырма (Т) «Ақылдың алты ойлау қалпағы»әдісі Ақ қалпақ-Әңгіме қалай аталады? Ол кімге қатысты айтылған? Әңгімені жазған кім? Қара қалпақ-Аланның өмірінде қандай қиындық болды? Сары қалпақ-Аланды сипатта. Ол алдына қандай мақсат қойды? Нені армандаған? Қызыл қалпақ-Аланның әкесінің соңғы сөзінде қандай мән бар? Жасыл қалпақ-Аланның әкесінің ақылы туралы сен не ойлайсың? Көк қалпақ-Аланның іс-әрекетінен не үйрендің? Дескриптор: Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсетеді, таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі артады. ҚБ « Смайликтер» 4-тапсырма (Т) «Сурет сал» әдісі Әр топқа 7 минутта аталған тақырыпқа сәйкес бірлесе отырып сурет салу ұсынылады. Жұмысқа берілген қысқа уақыт шағын топтардың тез және үйлесімді жұмыс жүргізіп, кенеттен пайда болған ойларын суретке түсіруге жұмылдырады. Шағын топтардың салған суреттері бойынша ортада жалпы пікір алысады, оларды түсіндіреді. Дескриптор: Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады.Өзіне сенімділігі аз оқушыға қолдау көрсетіледі.Барлық оқушылар бағаланады ҚБ «Бір-бірін бағалау» Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.. Дескриптор: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау | Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырмала ры. |
| Сабақтың соңы | Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Аялы алақан» кері байланыс. | |
| Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
| Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылат ын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. |
| Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
| |
| Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |