СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Деформация7 сынып

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Деформация7 сынып»

Сабақ жоспары 7-2-7

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Тығыздық

Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Еслямгазиева Б.Ж

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Деформация

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.11 пластикалық және серпімді дефморацияларды ажырату, мысалдар келтіру;


Сабақ мақсаттары

пластикалық және серпімді дефморацияларды ажырату, мысалдар келтіру;

Жетістік критерийлері

пластикалық және серпімді дефморацияларды ажырату, мысалдар келтіреді;

Тілдік мақсаттар


Пластикалық, серпімді, дефморация, серпімділік күші, қатандық коэффициенті, ұзаруға тәуелділік графигі

Құндылықтарды дарыту




  • Академиялық әділдікке тәрбиелеу;

  • Жауапкершілікті дамыту;

ЖА білу және түсіну:

  • Жаһандылық және тәуелсіздік

ЖА құндылықтары:

-Қоршаған ортаға қамқорлық және орнықты дамуға ынта

ЖА дағдылары:

Өз-өзіне сенімділік жіне рефлексия дағдылары

Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты жинақтау

Бастапқы білім


Күш

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сыныппен жұмыс. Үй жұмысын тексеру

§ 25 сұрақтар 4,5,6 бет 105

4. Күш денелердің әреккетесуімен сипатталады.

5. Графикалық түрде күш бағытталған сызық ретінде белгілінеді.

6. 1 Н


Жұптық жұмыс.

Партада тұрған ермек саз және сорғышты оқушыларға қолдарына алуды ұсынады. Енді оқушылар заттарды қолда майыстырады да, пішінің өзгертуге тырысады.


Көрген құбылыс бойынша оқушылармен талқылау және сабақ тақырыбын және мақсаттарын қою.

Оқулық, ермексаз, резенке, ағаш білеуше, серіппе, сым, пластмасса, сорғыш



Cерпімділік күші.ppt

Сабақтың ортасы





































Оқушыларға шаблон-карта таратылады. Шаблон картамен қалай жұмыс жасайтынын мұғалім түсіндіріп кетеді.

Осы шаблон картамен оқушылар екі сабақ жұмыс жасайтын болады. Осы сабақта оны толтыруды бастайды, «Гук заңы» тақырыбы сабағында аяқтайды. Шаблон карта үш бөліктен тұрады: «Менің ойым», «Кітаптің ойы», «Қолдану».

Бірінші «Менің ойым» бөлікте оқушылар өз ойларын, білімдерін көрсетеді. Екінші «Кітаптің ойы» бөлігінде оқулықты қолданып жаңа тақырыпты меңгереді. Соңғы үшінші «Қолдану» бөлігінде оқушылар алған білімдерін тапсырмаларды орындап қолданады.

Мұғалім сабақ бойы оқушыларға нұсқау беріп алға қарай жетелейді.

«Менің ойым» бағанасын толтыру.

  1. Күш анықтамасын өткен сабақтан еске салып, шаблонға жазу керек.

  2. Партада тұрған денелерді екі топқа бөліп кестені толтырады.


  1. Эксперимент жасандар.

Ермексазды қолдарыңа алып майыстырындар. Не байқағандарынды шаблонға жазып қойындар. Дәл солай сорғышты майыстырындар. Көрген құбылысты сипаттап шаблонға жазындар.


Екі парта топқа бірігіп нәтижелерін талқылайды және бірін-бірі бағалап, кері байланыс береді.


«Кітаптің ойы» бағанасын толтыру.

§26,27 кітапта ашып, екінші бағананың бірінші бөлігін оқушылар жұпта талқылап толтырады.

Оқушылар шаблондармен артқы партады отырған оқушылармен ауысып, бір-бірінің жазғанын тексеріп, толтырады. Бір-бірден шығып дұрыс жауаптарын презентацияға жазады.


Сыныппен жұмыс. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды:

  1. Үй салу неден басталады? – іргетастан, сосын қабырғаларды және шатырды тұрғызады.

  2. Үйдің іргетасы және қабырғалары қандай деформацияға ұшырайды? – сығылу.

  3. Үй салу үшін кірпіш тасыған трактор мен арбаны байланыстыратын арқан қандай деформацияға ұшырайды? – созылу.

Оқушылар бір-бірімен талқылап жауапты орынан тұрып айтады, мұғалім жауапты толтырып, оқушыларға кері байланыс береді.


Жұпта жұмыс. defor.swf – сайтпен жұмыс жасау.

Оқушылар осы сайтқа кіп келесі кестені дәптерге толтырады.

Деформация түрі

Молекулалар арасындағы қашықтықтың өзгеруі

созылу


сығылу


бұрау


иілу


Екі жұп топқа бірігіп, бірін-бірі тексереді. Содан кейін мұғаліммен талқылау.


Жеке жұмыс. Келесі тапсырмаларды оқушылар жеке жасайды.

А) Мысалдарға деформация түрлерін сәйкестендір

Мысал

Деформация түрі



А. орындық аяғы

1. Созылу

Б. орындықтың бет жағы

2. Сығылу

В. Ет тартқыштың винті

3. Ысырылу

Г. Гитараның бұралған ішектері

4. Иіліс

Д. Бұрғы

5. Бұрау













Б) Сөйлемдерді толтырындар.

Вертикал орналасқан жіпке ауыр шар бекітті. Шарды қолдан жібергеде жіптің бөлшектері орын ауыстыруды бастады (қай жаққа) _________, молекулалар арасындағы қашықтық (қалай өзгерді?) _________.


Оқушылар топқа бірігіп, бірін-бірі тексереді. Мұғаліммен бірге талқылау және дұрыс жауаптарды тексеру.

Шаблон-карта.doc

Сабақтың соңы

5 минут

Екі жақты рефлексия. Сабақтың мақсаттарына оралу. Оқушылардың пікірлерін тындау



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Оқушылардың барлығы

Деформация түрлерін ажыратады

Оқушылардың жартысы деформация түрлеріне мысалдарды келтіре алады

Өзін-өзі бағалау және бір-бірін бағалау

Партаны тазалық пен тәртіпте ұстап, керек емес заттарды алып тастау.

Шыныдан жасалған құралдармен жұмыс істегенде, оларды абайлап қолға ұстап, партаның үстіне қою

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?